Connect with us

IN-THE-NEWS

President Tinubu To Depart Abuja For Lagos

Published

on

By


President Bola Ahmed Tinubu

President Bola Ahmed Tinubu is set to depart Abuja on Friday, for Lagos State ahead of the Eid-el-Kabir festival. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

The President will observe Eid-el-Kabir in Lagos, where he will also spend the Sallah holidays.

This was made known in a statement to journalists by the Special Adviser to the President on Media and Publicity, Ajuri Ngelale.



“The President will mark the occasion in prayers and reflection on advancing the transformation of Nigeria in line with his Renewed Hope Agenda,”
he said.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ақмола облысында бұрынғы мешіттегі жарылыстың себебі анықталды

Published

on

By

Ақмола облысындағы бұрынғы ауыл мешітінде жарылыс болып, 3 адам қаза тапты. Оның ішінде екі ересек және 10 жастағы бала бар. Полиция жарылыстың себебін анықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Отбасы түстің кезінде газ баллондарын пайдаланып, марқұмды еске алып, дастархан дайындап жатқан. Олар аязда тұрған газ баллонын жылы үйге кіргізген. Жойқын жарылысқа осы жағдай себеп болған.

Жарылыс салдарынан 16 адам жарақат алды. 

“Газ баллонын ыстық жерге кіргізгеннен ондағы қысымжоғарылып, газ көлемі ұлғайған. Жарылысқа да сол себеп болған. Бұл газ баллонын 1985 жылдан бері пайдаланып келеді, ал газ баллондарын қолдану мерзімі 30 жыл. Яғни бұл газ баллонын пайдалану мерзімі 2015 жылы өткіп кеткен”, – дейді Ақмола облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі Ерсайын Қойшыбаев.

Қайғылы жағдай тұрғындар құдай тамақ беретін Сабынды ауылының бұрынғы мешітінде болған. Осыдан 25 жыл бұрын дүниеден өткен отағасына берген асқа әулеттің жақындары жиналған. Түнгі сағат бір жарым шамасында бауырсақ, басқа да тағамдар пісіріліп жатқан асханада жарылыс болған. Үйінді астынан 46 жастағы ер адам мен 41 жастағы әйелдің мәйіті шығарылды. Алдын ала мәлімет бойынша, олар ерлі-зайыпты. Қарағандыдан жиынға келген 10 жасар бала да үйінді астында мерт болды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Ғимарат толығымен қирады. Үйінді астынан алты газ баллоны шығарылды. Астанадағы ауруханаға зардап шеккен 16 адам жеткізілді. 13 пен 16 жас аралығындағы үш баланың жағдайы ауыр. Олардың денесінің 40 пайызын күйік шалған. Алты ересек адам да жансақтау бөліміне жатқызылды.

“Жансақтау бөлімінде жатқан алты науқастың төртеуі ем қабылдады. Жағдайы тұрақталған соң мамандандырылған бөлімшеге ауыстырылды. Тағы екі әйел жансақтау бөлімінде жатыр, олардың жағдайы ауыр. Қазір 11 науқас мамандандырылған бөлімшеде, қажетті ем-дом қабылдап жатыр. Олардың жағдайы орташа және ауырға деп бағаланып отыр”, – дейді Астана қаласының №1 көпсалалы қалалық ауруханасы директорының орынбасары Жеңісбек Бапанов.

Дәрігердің айтуынша, барлық 13 науқастың бас терісі, беті, аяқ-қолы күйіп қалған.

Бұған дейін Астанада тұрғын үй өртеніп, төрт бала қаза тапқан еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мамандар доллар құнының не себепті шарықтап кеткенін түсіндірді

Published

on

By

Доллар бағамы 500 теңгеге жетті. Бірінші Астанадағы ақша айырбастау пункттері тақталарындағы нөмірлерді ауыстырды. Артынша Алматыдағы және басқа қалалардағы валюта айырбастау пункттері ілесті. Мамандар доллар неге қымбаттағанын түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Теңге бағамы мұнайдың құнына тәуелді делінгенімен, іс жүзінде ұлттық валюта негізінен рубльмен паритетке жауап береді. Қазір ресейлік валюта 1 доллар үшін 100 рубльге тең. Ал 1 рубль 5 теңгенің бағасын ұстап тұру үшін теңгенің долларға шаққандағы бағамын әлсіретуге мәжбүрміз. Рубль бестен арзан болса, олардың тауарлары қазақ өндірісін арзан өніммен басып тастайды.

“Басқа елдермен салыстырғанда Қазақстанда ішкі инфляция өте жоғары. Қазіргі уақытта валюта бағамы тауар өндірушілеріміздің бәсекеге қабілеттілік деңгейін арттырмай отыр”, – деді R-Finance қаржылық талдаушысы Арман Байғанов. 

Дональд Трамп GSM бағасын төмендетуге уәде берді және осы ақпараттан кейін америкалық валюта көтеріліп кетті. Өз кезегінде Сауд Арабиясы ОПЕК елдері белгіленген өндіріс шегін сақтамаса, мұнай бағасын 72 доллардан 50 долларға дейін түсіреміз деп қорқытады. Қазақстан үкіметі алдағы үш жылда бюджетті долларға 470 теңге бағамымен есептеді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Ұлттық қор мен республикалық бюджетке түсетін түсімдерді қамтамасыз ету үшін 2025 жылға арналған бюджет бір баррель үшін 75 доллар болып белгіленген. Сондықтан барреліне 50 доллар болған жағдайда табыстың апатты түрде төмендеуі мүмкін екенін айтуымыз керек”, – деді мемлекеттік саясатты зерттеу орталығының директоры Меруерт Махмұтова.

Сарапшылар алдағы айларда теңге бағамы 480 долларға қайта оралатынына сенімді. Үкімет пен Ұлттық банк доллардың өсуіне жол бермеу үшін шара қолдануы мүмкін.

Айта кетейік, бұған дейін елімізде доллар бағамы 500 теңгеге жеткен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Бір топ қазақстандық жалпыға бірдей декларацияға қарсы шықты

Published

on

By

Қазақстандықтар келесі жылы декларация тапсырмауы мүмкін, себебі бәрі цифрландырылмақ. Халықтың табысы туралы деректерді онлайн да алуға мүмкіндік бар. Өткен аптада мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке жалпыға бірдей декларациялаудың келесі кезеңін өткізуді тағы бір пысықтауды тапсырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Pixabay.com

Қазақстандықтар жалпыға бірдей декларацияға қарсы петициға қол жинап жатыр. Яғни, жеке және заңды тұлғалардың кірісі мен шығысын есептеуге еш негіз жоқ дейді. Петиция авторлары халық онсыз да табысының жартысынан көбін ішер асына жұмсайды дейді. Сондықтан жалпыхалықтық декларацияның үшінші және төртінші кезеңінен бас тарту керек. Немесе өзгерістер енгізу үшін бес жылға кейінге қалдыру керек деп отыр. Тұрғындардың пікірі де осыған саяды.

“Қарапайым халықтың жасыратын несі бар? Ешқандай өзінің кіріп жатқан, шығып жатқан табысы туралы ешкім бірдеңені жасыра қоймайды деп ойлаймын. Керісінше, әкімдер, билікте отырған басқа адамдар шығыстары мен кірістері жайлы ашық көрсетсін”, – деді тұрғын.

“Бай адамдарға кіріс-шығысын көрсетсін, ал қарапайым адамдар нені жариялайды? Асып-тасып жатқан ештеңеміз жоқ. Тығатынымыз жоқ”, – деді қазақстандық. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Петиция авторлары алдымен салық заңнамасына түзетулер енгізу қажет деп отыр. Өйткені декларациялау талабы мен қолданыстағы салық заңнамасы бір-біріне қарама-қайшы екенін айтады. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке ел азаматтарын декларация тапсыруға міндеттеу мәселесін қайта қарастыруды тапсырған еді. Мемлекет басшысының айтуынша, цифрландыру ісі дамыған заманда қазақстандықтардың құжат толтыруы орынсыз. 

“Қазіргі таңда мемлекеттік органдар және уәкілетті ұйымдардың барлық қызметі цифрландырылған. Елдегі қолма-қолсыз ақша қаражат айналымы 86%-ға жетті. Шетелдік ұйымдармен де келісімдер бар. Сол арқылы жеке тұлғалардың есепшоттарындағы деректерді ала аламыз. Мемлекеттік кірістер комитеті президентіміздің 4 кезеңдегі декларациядан босату жөнінде тапсырмасын орындауға дайын”, – деді мемлекеттік кірістер комитетінің бас сарапшысы Ерсайын Көптілеуұлы.

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап жалпыға бірдей декларацияның соңғы кезеңі басталады. Онда серіктестік басшылары, заңды тұлғалар мен кәсіпкерлерден өзге барлық азаматтар табысы бойынша есеп беруі тиіс. Қазір петицияға бес жүзге жуық адам қол қойған. Ал құжат елу мыңнан астам қол жиналған жайдайда ғана қаралады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!