Connect with us

IN-THE-NEWS

Елордалық полиция тұрғынның шағымына әрекетсіздік танытқаны үшін жарты миллион теңге төлейтін болды

Published

on

By

Орал тұрғыны 2022 жылы 59 миллион теңгеге алданып қалғанын айтып, полицияға шағымданған. Бірақ полиция іс бойынша мүлде әрекет етпеген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

Тұрғынның сөзінше, ағасының ауруына байланысты хабарласқан биоэнергетикалық дәрігер оны 59 миллион 587 мың теңгеге алдап кеткен. Алаяқтық фактісі бойынша іс қозғалған. Дегенмен арызданушы полицейлердің жұмысына мүлдем риза болмаған.



Ол Астанадағы Есіл ауданының полиция бөлімін сотқа берген. Дегенмен сот оның арызын бірнеше рет қанағаттандырмай тастаған. Тергеу органдарының бұл әрекетінен шаршаған ол полициядан моральдық шығынды өтеуді талап етіп, сотқа шағымданған. Оның арызы Ақтөбедегі азаматтық істер жөніндегі сотта қаралды.

Ақтөбе қалалық сотының судьясы Әбубәкіров алаяқтық істі тергеу барысында елордалық полицейлердің іс жүзінде Қылмыстық іс жүргізу кодексінің нормаларын бұзғанын хабарлады. Олардың заңсыз әрекетсіздік танытқанын, полиция департаменті тарапынан қарамағындағы қызметкерлерге ведомстволық бақылау жүргізілмегенін мәлімдеді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сот талапкердің пайдасына шешім шығарып, Есіл аудандық ішкі істер бөліміне моральдық шығын ретінде 500 мың теңге өндіруді міндеттеді.

Айта кетейік, бұған дейін Ақтөбеде көмек сұраған әйелдің қоңырауын жауапсыз қалдырған 112 қызметкері сотталған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Танымал блогер Сабина Мовлаеваны көпшілік порнофильмге қатысы бар деп айыптады

Published

on

By

Қазақстандық блогер Сабина Мовлаева белгісіз қыздың интимді видеосынан кейін өзіне нақақтан-нақақ жала жабылғанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/sss.sabina

Әлеуметтік желіде Сабинаға ұқсайтын қыздың интимді видеосы тарады. 1 миллионнан астам оқырманы бар блогер сол видеоға қатысты жекесіне толассыз хаттар келіп жатқанын айтты. Сабина видеодағы қыздың өзі емес екенін дәлелдей алмай әлек.

“Қанша рет айттым, видеодағы қыз мен емеспін. Адамдар мазақ етуін тоқтатар емес. Бұл менің намысыма тиеді. Екі апта бұрын Наурызбай аудандық аудандық ішкі істер басқармасына арзы жаздым. Адамдарның маған жазған ерсі хаттарын скрин жасап, соларға бердім. Бірақ полиция әлі ол адамдармен сөйлеспепті. Олар әлі ұсталмаған. Сол себепті алаңдаулымын. Бұл істі өзім қолыма алмасам, жабулы қазан жабулы күйінде қалады. Сіздер бұл видеоның соңы неге апарып соғатынын білмейсіздер. Бұл менің болашағыма әсер етеді. Ар-намысыма тиеді. Мен – анамын. Неге олай етесіздер? Бұл видеоны менің қызым көрсе не болады”, – дейді ашынған блогер. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Алматы қаласының полиция департаменті блогердің ар-намысына тиген адамдардың ұсталмауына қатысты пікір білдірді.

“Бұл жағдайға байланысты жеке өмірге қол сұғылмаушылық пен жеке деректерді қорғауға қатысты бап бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта істің объективті мән-жайларын анықтау бойынша жедел-іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр”, – делінген полицияның NewTimes порталына берген жауабында. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Бокстан Олимпиаданың алтын жүлдегері Иман Хелифтің медициналық құжаты жарияланды

Published

on

By

2024 жылы Париж олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған Алжир боксшысы Иман Хелифтің медициналық қорытындысы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sportbox басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: sport.ru

Ұсынылған медициналық қорытындыларға сәйкес, спортшының жатыры мен аналық бездері жоқ болып шықты. Сонымен қатар шап өзегінде аталық бездердің және үлкейген клиторға ұқсайтын микропенис бары анықталды.



Басқа сынақ нәтижесіне сәйкес, Хелифте қалыпты еркек 46 XY хромосомалары жиынтығы бар екені расталды. Гормоналды зерттеу нәтижесінде алжирлік боксшыдан 14,7 нмоль/л “ерлердегі тестостеронның әдеттегі деңгейі” анықталды. Бұл әйелдердегі ең жоғары тестостерон деңгейінен бірнеше есе жоғары.

Еске салайық, 2023 жылы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Хелифті Үндістандағы әлем чемпионаты кезінде жарамдылық критерийлеріне сәйкес келмегендіктен ойыннан уақытша шеттеткен. Гендерлік тест нәтижесінде спортшының XY хромосомалары бар екені дәлелденген.

Фото: Скрин READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада Хелиф 66 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған. Ол Олимпиада ойындарының финалында қытайлық Ян Люден басым түскен еді. Төрешілер бірауыздан жеңісті алжирлік боксшыға берді.

Айта кетейік, Иман Хелифтің Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған болатын, өйткені итальяндық Анджела Карини жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жартылай финалда Хелиф 5-0 есебімен тайландтық Джанджай Суваннапхенгті жеңді.

Хелифтің Олимпиадаға қатысуының өзі сан алуан пікір туындатты, өйткені ол 2023 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында гендерлік тест сынағынан өте алмай, жарыстан шеттетілген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстан президентінің атынан мемлекеттік награда таратқан алаяқ енді абақтыға қамалады

Published

on

By

Алматы соты өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырған алаяқ Арнұр Әпсейітовті  бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Бұған дейін ол алаяқтық үшін шартты түрде сотталған еді.

Қазанда Илон Масктың анасы Мэй Маск, Wildberries негізін қалаушы Татьяна Ким және журналист Ксения Собчак сөз сөйлеген Орталық Азия әйелдерінің “BeWoman” форумы өтті. Ер адам жақында форумда олигарх Сергей Канның әйеліне медаль табыстады.

Ол өзін “Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жәрдемдесу орталығы” төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы деп таныстырады. Сөйтсе ол президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының жоқ марапаттарын бірнеше рет тапсырған. Берілген “мемлекеттік белгі” де жалған болып шықты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Басылымның мәліметінше, 2022 жылдың мамыр айында Арнұр Әпсейітов өзін “жастар ісі жөніндегі сенатор” ретінде таныстырып, “Evergreen” ЖШС жоба жетекшісінен алаяқтық жолмен 20 миллион теңге алған. 2023 жылдың қарашасында Әпсейітов Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

4 қарашада Түрксіб аудандық соты пробация қызметінің Апсейітовтің шартты жазасын нақты жазаға ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

“Оның уәкілетті органды ескертпестен, әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерлерге шығып, ол жерде ойын-сауық мекемелеріне барғаны және өзін “Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жәрдемдесу орталығы” АҚ төрағасының кеңесшісі ретінде таныстырғаны анықталды. Іс-шараларға қатысып, телеарналарға сұхбат берген”, – деп мәлімдеді Алматы соты.

Еске салсақ, бұған дейін алаяқтықпен сотталған азамат Қазақстан президентінің атынан мемлекеттік награда таратқаны айтылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!