Connect with us

IN-THE-NEWS

Депутат квадроберлердің қаупін айтып, дабыл қақты

Published

on

By

Депутаты Дәулет Мұқаев квадроберлердің қаупін айтып, депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттегі хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz

Депутат премьер-министр Олжас Бектеновке сауал жолдап, Қазақстандағы квадроберлерге қатысты мәселені жан-жақты зерттеп, алдын алу шараларын қабылдауды сұрады.

“Квадробер деген кім? Олар адам болудан бас тартып, күнделікті өмірде төрт аяғын басып, жануарлар кейпіне еніп, соларға ұқсауға тырысады. Олар ит пен мысық сияқты өмір сүреді. Бұл еліміздегі балалар мен жасөспірімдерге қауіп төндіреді. Сондай-ақ олар сыртқы түрлерін өзгертіп қана қоймай, адамдарды тырнап-тістеп шабуыл жасайды. Мұндай оқиғалар көршілес Ресей мен Өзбекстанда да тіркелген”, – дейді депутат.


Діни басқарма квадробер болудың күнә екенін мәлімдеді


Мұқаевтың айтуынша, әлеуметтік желілерде квадробер болуды үйрететін арнайы топтар мен жабық арналар бар. Олар үшін арнайы сабақтар да ұйымдастырылады екен. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бір қарағанда, бұл баланың мінез-құлқы сияқты көрінгенмен, ол баланың психологиясы мен әлеуметтік дамуына теріс әсер етеді. Мысалы, батыс елдерінде балалар сабақта сөйлеуден бас тартып, жануарлардың дыбыстарын шығарады. Сондай-ақ квадробер болу үшін қажетті заттарды сату бизнестің жаңа көзіне айналып, интернетте қымбат бағамен сатылуда”, – дейді Дәулет Мұқаев.

Депутаттың айтуынша, квадроберлікке құмар балалар “бұл ойыннан психологиялық зардап шегеді және адам болудан қалады”.

Еске салсақ, бұған дейін Өзбекстанда квадроберлерге айыппұл салынатыны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Депутат еңбек министрін сынға алды

Published

on

By

Депутат Айдос Сарым еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыповаға сауал жолдап, министрді күмәнді мәлімдемелер жасамауға шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Депутат өз сауалында еңбек министрлігінің жұмыс істейтін зейнеткерлерге зейнетақы төлемдерін тоқтату туралы ұсынысының халық арасында алаңдаушылық тудырғанын айтты. 

“Мұндай шара азаматтардың еңбек ету және әлеуметтік қамсыздандыру құқығына кепілдік беретін конституцияның бабына қайшы келеді. Әрбір қазақстандықтың зейнеткерлік жасқа жеткенде де адал еңбек етуге құқығы бар, әйтпесе кәсіби ұстаздар, дәрігерлер және басқа санаттағы мамандар тапшылығын қалай шешуге болады?”, – дейді Айдос Сарым.


Зейнетақы жинақтарын шоттан шешіп алу қартайғанда алатын төлемге қалай әсер етеді


Депутат республика көлемінде экономиканың барлық саласында өткір кадрлық дағдарыс бар екенін атап өтті.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Тағы бір тенденция – Қазақстаннан шетелге жұмыс күшінің, негізінен жастардың кетуі байқалады. Мұндай тенденциялар жұмыс орындарының жоқтығынан емес, жалақының төмендігінен, еңбек жағдайларының тартымсыздығынан болып отыр”, – деді депутат. 

Депутаттың айтуынша, сараптамалар буындар арасында айтарлықтай алшақтық барын көрсеткен, бұл еңбек нарығы үшін қосымша тәуекелдерді тудырады. Бұл мәселелер елдегі кадр даярлау жүйесін терең реформалау және еңбек жағдайын жақсарту қажеттілігін көрсетеді.

“Мұндай бастамалар буындар арасында алауыздық тудырып, зейнеткерлерді жастарға қарсы қояды. Зейнеткерлер жастардың жұмысын “тартып алып жатыр” деген пікір орынсыз. Осыған байланысты алдағы уақытта әлеуметтік шиеленіс тудыратын мәлімдемелерге жол бермеуге шақырамын”, – деді депутат.

Еске салайық, бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов еңбек министрін жұмыс істейтін зейнеткерлерді зейнетақыдан айыруы туралы ұсынысынан кейін сынға алған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Published

on

By

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турниріндегі соңғы кездесуінде әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен жолығып, үш сетте 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ қатарынан екі ойында жеңіліске ұшыраған Рыбакина жартылай финалға жолдама ала алмады. Осылайша, Рыбакина маусым нәтижелері бойынша іріктелген әлемнің ең мықты деген сегіз теннисшісі қатысқан турнирді сәтсіз аяқтады.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Елена бірінші кездесуінде италиялық Ясмин Паолиниден (#4) ұтылса, сосын қытайлық Чжэн Циньвэньге 6:7, 6:3, 1:6 есебімен жол берген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жасөспірім қыздарда генетикалық аурудың бар-жоғы тексеріледі

Published

on

By

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жасөспірім қыздарда генетикалық аурудың бар-жоғы тексерілетін болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, жыл сайын елімізде 4,5 миллионға жуық бала профилактикалық тексеруден өтеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында 3,8 миллион бала тексерілді.

“Сонымен бірге, 2025 жылдан бастап 16-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздарды жұлын бұлшықет атрофиясы тасымалдаушыларына скринингтік тексеру енгізіледі”, – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, балалардағы мүгедектіктің алдын алу мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында 1500 бала дамыту кабинеті және босану ұйымдарында 50 бақылау кабинеті жұмыс істейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік: Бұл көрсеткіш бойынша қай аймақ көш бастады


“Соңғы 7 жылда біз санат бойынша мүгедектіктің азайғанын байқадық. Туа біткен ақаулар, деформациялар және хромосомалық ауытқулар 5,2 пайызға, жүйке жүйесі аурулары 1,7 пайызға, сонымен қатар жүйке-психикалық аурулар алдыңғы қатарға шықты. Бұл аутизмді ерте анықтау үшін диагностикалық скринингті енгізу, аутизм спектрінің бұзылуын диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық хаттаманы бекітумен байланысты”, – деп толықтырды Әлназарова.

Еске салайық, қыркүйекте Қазақстанда адам папилломавирусына (HPV) қарсы қыздарды жаппай егу басталды.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда бала тууды жоспарлаған әрбір әйел тексеруден өтуге міндеттелетінін жазғанбыз. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!