Connect with us

IN-THE-NEWS

Оралда әйел өзінің бұрынғы күйеуін өлтіру үшін 2 миллион теңге беріп адам жалдаған

Published

on

By

Оралда 40 жастағы әйел өзінің бұрынғы күйеуін өлтіру үшін 2 миллион теңге беріп адам жалдаған. Полицейлер қылмыстың алдын алды. Алайда сотта оның күйеуі арызданудан бас тартып, әйелді босатуды өтінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Астана арнасынан

Іс Орал қаласының мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында қастандық жасау әрекеті бойынша қаралды. 

40 жастағы Эльвира Еркебаева күйеуі Ербол Еркебаевты өлтіргісі келген. Кейін өзінің 33 жастағы танысы Максим Кузнецовтан қару қолданып, кісі өлтіре алатын адам тауып беруін өтінген. Ол бұл қызметке 2 миллион теңге ұсынған. 

Ал Кузнецов бұрын сотталған досы Галиевке осы ұсынысты айтқан. Ол келіскенімен барлығын полицияға айтып отырған. 

“Кісі өлтіру” Ақсайдағы “Бейбарыс” спорт кешенінің аумағында жоспарланады. Кузнецов Галиевке 1,3 миллион теңге, терезе жақтауын бұзуға арналған бұрағыш, қолғап, медициналық маска мен көзілдірік береді. Ал 26 ақпанда Галиев Ербол Еркебаевты өлтіргендей жалған әрекет жасайды. Содан кейін полицейлер Эльвира Еркебаева мен Кузнецовты ұстайды.

Алайда сотта әйелдің күйеуі өзін жәбірленуші деп санамайтынын мәлімдеді және бұрынғы әйелін жіберуді өтінді. Тіпті оған өтініш жазбағанын атап өтті.

“Мен жәбірленуші емеспін. Әйеліме ешқандай шағымым жоқ. Жалпы, сот оларды дәл қазір босатсын. Ажырасу – бұл жай ғана қағаз. Мен үшін бұл ештеңе білдірмейді. Эльвира менің әйелім және солай болып қалады”, – деді Еркебаев. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еркебаев Эльвирамен арасында мүлікке талас сияқты шағымдардың болмағанына сендірді. Сондай-ақ ол бір жылдан бері бұрынғы жарын көрмегенін мәлімдеді. 

“Ол таблетка ішіп, өз-өзіне қол жұмсағысы келді. Жедел жәрдем оны аман алып қалды. Бірақ ол үйге оралмады”, – деді жәбірленуші.

Бұдан кейін сотталушы жылады. Эльвираның анасы да көз жасын ұстай алмады. Ол бұрынғы күйеу баласының қызын жиі ұрып-соғатыны, бірақ қызының мұны туыстарынан жасырғанын жеткізді.



“Біз бір подьезде тұрамыз. Тек олар үстіңгі қабатта. Мен олардың пәтерінен қатты шуды естіп, не болып жатқанын білу үшін үйлеріне бардым. Эльвира есікті ашты, бәрі жақсы екенін айтты, күйеуі бір таныстарына ұрысып жатқанын айтты. Бірақ қатты шу тағы қайталанғасын бір күні учаскелік бөлімшелерді шақырдым. Өйткені мен қызым мен немерелерім үшін қатты қорқып кеттім. Олар келді, бірақ көмектесе алмады. Тек сөйлесіп, кетіп қалды. Ол мүгедек болса да, (екі аяғы жоқ) өте күшті. Өйткені ол спортпен айналысады”, — деді Элвираның анасы.

Сотталушының әпкесі де Элвираның күйеуінің бұрын қылмыспен байланысы болғанын хабарлады. Ол өте қатыгез және ашулы адам.

“Соңғы рет өз-өзіне қол жұмсап, әпкем аман қалған кезде кетіп бара жатқанында күйеуі көліктің дөңгелектерінің астына жүгірді. Оны уақытында тоқтатты”, – деді Эльмираның әпкесі Еркебаева.

Сот жалғасады. Сотталушылар 99-баптың 2-бөлігінің 7-тармағы бойынша – “адамдар тобы алдын ала сөз байласу арқылы жасаған “кісі өлтіру” бойынша айыпталады. Олар 20 жылға немесе тіпті өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстанда колледждер онлайн оқытуға ауыса алады – Министр Ғани Бейсембаев

Published

on

By

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев мәжіліс отырысында елімізде колледж студенттері онлайн оқуы мүмкін екенін атап өтті. Алайда бұл өзгеріс барлық мамандыққа қатысты емес деді ол. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі

Министрдің сөзінше,  онлайн оқыту форматын енгізудің негізгі мақсаты – колледждерге білім беру бағдарламаларын икемді бейімдеу, ал студенттерге жұмысты үзбей-ақ нақты жағдайларда практикалық дағдыларды қалыптастыруға жағдай жасау. Экономиканы цифрландыру жағдайында ерекше сұранысқа ие IT-мамандықтарға басты назар аударылмақ.

Ведомство басшысы мұндай тәжірибе АҚШ, Канада, Қытай, Австралия және Ұлыбританияда оң нәтиже бергенін айтты. Бұл елдердегі онлайн оқыту білім беру процестерінің тиімділігін арттырған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бүгінде еңбек нарығының талаптарына жауап беретін мамандарды сапалы даярлауды іске асыру үшін колледждер жүйесіне онлайн-оқытуды енгізу ұсынылады. Бұл өзгеріс өндірістен қол үзбей кадрларды даярлау мәселесін шешуге бағытталған және студенттерге оқу мен еңбек қызметін үйлестіре отырып, жеке бағдарламалар бойынша оқуға мүмкіндік беру болып отыр”, – деді министр.

Еске салайық, бұған дейін депутат Асхат Аймағамбетов жоғары сынып оқушыларына мектеппен қатар колледжде білім алуға рұқсат беруді ұсынғанын жаздық. Оның айтуынша, 10 және 11-сынып оқушыларына өз таңдауы бойынша колледжде қатар білім алуға рұқсат берген. Ол мұл мектеп түлектеріне 11-сыныпты аяқтаған соң аттестат пен нақты мамандық бойынша диплом алуға жол ашатынын айтты. Сондай-ақ базалық пәндері қайта оқудың алдын алып, түлекті экономика қажеттіліктеріне бағыттауға мүмкіндік береді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Solva компаниясының жарғылық капиталы финтехтің ЕДБ-ға айналу процесі барысында 22,7 миллиард теңгеге жетті

Published

on

By

Бас кеңсесі Алматыда орналасқан Қазақстандағы жетекші финтех-компания Solva  жарғылық капиталының компания акционерлері тарапынан 2024 жылдың қыркүйек-қазанында 7,4 миллиард теңгеге толықтырылғандығын хабарлады. Қосымша капитализациядан кейін капиталдың жалпы көлемі 22,7 миллиард теңгеге жеткен. Solva-ның негізгі акционерлері өзгермеді. 

Бүгінгі таңда Solva-ның жарғылық капиталы банк капитализациясына қойылатын минималды талаптардан екі есе артық және 22,7 млрд теңгені құрайды, Solva капиталының көлемі Қазақстандағы бірқатар екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) жарғылық капиталымен салыстырмалы деңгейге жетті, кей жағдайда асып түседі. Қосымша капитализацияның соңғы раундын есепке алумен, Solva акционерлері жыл басынан бастап жарғылық капиталды 11,8 миллиард теңгеге толықтырды. Нәтижесінде 2024 жылы жарғылық капитал екі есе өсті. Осы жағдайда ШОБ (микро және шағын кәсіпорындар) кредиттік портфелінің көлемі 2024 жылдың 30 қазанында 65 миллиард теңгеге жетті, 10 айдағы өсім 28% құрады. Барлығы кредиттік портфель гросс 113 миллиард теңгеге жетті.  

Константин Барабанов, Solva Group Ltd. бас директоры:

“Капиталды толықтырудың мақсаты – Solva-ның ЕДБ-ға айналуы қарсаңында капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету. Solva-ның негізгі акционерлері – компанияның негізін қалағандар Борис Батин мен Александр Дунаев, сонымен қатар Савиристер отбасының мүддесіне өкілдік ететін Neo Crystal компаниясы небәрі бір аптада шешім қабылдап, жарғылық капиталды арттырды. Елеулі өтімділікті жедел шоғырландырып, қаражатты Қазақстандағы қаржы институттың дамуына жұмсау негізгі акционерлердің Solva-ның ЕДБ мәртебесінде жұмыс істеуіне дайын екендігін көрсетеді”. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жарғылық капиталдың өсуін халықаралық институционалдық кредиторлар – Solva серіктестері жақсы қабыл алды. Компания төрт импакт-қормен жалпы сомасы 25 млн доллардан асатын мәмілелерді аяқтау үстінде. Бұл қаражат Қазақстандағы микро кәсіпкерлерді қаржыландыруды одан әрі дамытуға бағытталады.  

Solva туралы

2023 жылы Қазақстанда “Жыл финтехі” атанған, Solva (“ОнлайнҚазФинанс” МҚҰ АҚ) – кепілсіз банктік емес қаржыландыру нарығында көшбасшы, ол микро, шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жеке тұлғаларға арналған цифрлық қаржылық өнімдерді ұсынады. Компания машиналық оқытуды және заманауи data science құралдарын қолданып, микро, шағын және орта бизнеске (“МШОБ”) айналымдағы капиталды толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға қаржыландыруды ұсынады. Бұрынғы инвестициялық банкирлер Борис Батин мен Александр Дунаев негізін қалаған, Solva Қазақстандағы ШОБ клиенттеріне жалпы алғанда 85 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыру жасады. 2023 жылдың соңында Solva $20 млн көлемінде инвестицияларды тарту бойынша мәмілені жапты. Негізгі инвесторлар – ZCP қорынының серіктестерімен бірлесіп, Orascom халықаралық конгломератының иелері Савиристер.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қарағанды облысында ауыл медицинасының даму әлеуеті жақсарды

Published

on

By

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары үшін медицина қолжетімді бола бастады. Биыл ауылдарда 14 жаңа медициналық нысан ашылды.

Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев баяндады.

“Президент медициналық қызмет көрсету сапасы арттырып, әр науқасқа ерекше көңіл бөліп, денсаулық сақтау жүйесін қайта құру міндетін қойды. Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 27 медициналық нысан ашылады. Ал келесі жылы 51 денсаулық сақтау мекемесі бой көтереді. Теміртау мен Балқаш қалаларындағы екі аурухана қайта жаңғыртылғаннан кейін ауданаралық ауруханаға айналады. Бұл облыс тұрғындарына медициналық көмек қолжетімді болады деген сөз”, –деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Аймаққа білікті медициналық кадрларға қолдау көрсетіліп жатыр. Соңғы екі жылда 236 медицина қызметкер баспаналы болды.  Мемлекет тарапынан берілген жәрдемақы көмегінің мөлшері 1,5 миллионнан 8,5 миллион теңгеге дейін артты. Бүгіне 63 маманға қолдау көрсетілді. Жыл соңына дейін тағы 20 медицина қызметкерге көмек көрсету жоспарланып отыр.

Пульмонология, комбустиология және кардиологияға арналған құрал жабдықтар сатып алу үшін   “Қазақстан халқына” қоры қаржыландырады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!