Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматыда V Өңірлік жарнама форумы (RAF) өтеді

Published

on

By

Алматыда 6 қарашада V Өңірлік жарнама форумы (RAF) өтеді. Форумның негізгі тақырыбы – “Коммуникация стратегиясы 4.0”.

Қазіргі таңда қоғамдағы көріністерге қарап, тұтынушының таңдауларының түбегейлі өзгергенін көруге болады. Бүгінде маркетингтік коммуникацияға көбірек мүмкіндіктер берілгенімен маркетологтар мен жарнама мамандарына кейбір қиындықтар тудыратын мынадай сұрақтар бар:

  • тұтынушы үшін не маңызды және оның таңдауын қандай үлгілер ынталандырады;
  • қолданыстағы байланыс арналары қазіргі уақыттағы талаптарға жауап бере ала ма және болашақта қалай өзгереді;
  • User Experience және Data-driven маркетингін қалай тиімді біріктіруге болады? Қандай маркетинг ережелер өзгереді және қайсысы мықты болып қалады;
  • бізде табысты тұтынушылық тәжірибені қалыптастыру үшін қандай жаңа құралдар бар немесе жақын арада қандай шараларды қабылдауымыз керек.

Осы және басқа да өзекті тақырыптарды форумға қатысушылар екі залда өтетін 23 рет сөз сөйлеу мен 4 пікірталас аясында талқыланбақ. Ал лаундж-аймақта осы салада мамандар даярлау мәселесі бойынша дөңгелек үстел өтеді.

Орталық Азия жарнама қауымдастығы (ОАА) ұйымдастырған іс-шара Қабылдау үйінде өтеді. Мұнда жарнама-медиа және маркетинг салаларының топ-тұлғалары: жарнама агенттіктерінің, сатылым үйлерінің, диджитал-платформалардың өкілдері, сыртқы жарнама операторлары, БАҚ, компаниялардың басқарушы және маркетингтік директорлары, маркетинг жөніндегі тәуелсіз мамандар қатысады.

Форум спикерлерінің сөйлеген сөздерін онлайн режимінде де көруге болады.

2-залдан трансляцияны мына сілтемеден қарауға болады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Іс-шараның соңында дәстүрлі түрде ең жақсы 4 спикер таңдалып, MARWIN, Меломан дүкендер желісінен сыйлықтар ұсынылады.

Форумды ұйымдастырушы – Орталық Азия жарнама қауымдастығы.

RAF 2024 ресми серіктестері – Admixer Media, Yandex Ads.

Серіктестер – Forte, Success Market, Bidease, GEOMOTIVE, Media nova.

Ивент серіктесі – EZ Solutions.

Креативті серіктес – Catharsis Group.

Сонымен қатар іс-шараны LeGracio және ASU Vo сауда маркаларымен RG Brands қолдады.

Ақпараттық серіктестер: Tribune.kz, КТК, Almaty.TV, BES.media, Exclusive.kz, Бизнес Номады, MarCom Club, Optimism.kz, Digital Business, BIZ Media, NUR.kz, Weproject, Zakon.kz, marketing.uz.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстандық балуан әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастады

Published

on

By

Жақында ғана әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанған Ержет Жарылқасын әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастады.  Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Грек-рим күресінен Албаниядағы олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында күміс жүлдеге қол жеткізген Ержет Жарылқасын әлемнің ең үздік балуандарының көшін бастады. 63 келі салмақта өнер көрсететін отандасымыз Біріккен күрес әлемінің (UWW) жаңартылған әлемдік рейтингінде ең үздік балуандардың алдында тұр. Ержет 47000 ұпаймен әлем чемпионатының финалында ұтылған әзірбайжандық Нихат Маммадлиді артта қалдырған. Ал үздік үштікті 31000 ұпаймен армениялық Карен Асланян қортындылап тұр.

. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, бұған дейін әйелдер күресінен Қазақстан құрамасының үздігі Жәмилә Бақбергенова 72 келі салмақ дәрежесінде өз позициясын жақсартып, төртінші орыннан екінші орынға көтерілгенін жазған едік.  

.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Павлодар облысында қатты желден әйелдің үстіне ағаш құлап қайтыс болды

Published

on

By

Павлодар облысында қатты жел соғып салдарынан әйелдің үстіне ағаш құлады. Көптеген жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Естай көшесіндегі үйдің ауласында 67 жастағы әйелді ағаш басып қалды. Оқиға орнына жеткенше 6 минут уақыт кетті. Өлімге әкелетін жарақаттар алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның екі аяғы, кеудесі, жамбас сүйектері мен омыртқасы сынған. Сондай-ақ ішкі ағзаларына зақым келіп, 3-4 дәрежелі травматикалық шок алған”, – делінген хабарламада.

Жедел жәрдемге 7 қараша күні сағат 9.37-де қоңырау түскен. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Синоптиктердің хабарлауынша, 7 қарашада Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жел екпіні 23-28, кей жерлерде 30 және одан да көп болады.

Айта кетейік, Павлодарда бірінші және екінші ауысымдағы мектепке дейінгі білім беру, 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мақпал Жүнісова күн режимін баяндап берді

Published

on

By

Танымал әнші Мақпал Жүнісова бір күнінің қалай өтетінін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: жеке парақшадан алынды

Өнер иесі үнемі тойға шығатынын жасырмады. 

“Қызылордадағы Әділет деген інімде жеке нөмерім бар еді. Сол хабарласып, “тағы бір тойға жеңілдікпен кіріп беріңізші” деп өтініш айтты. Күні бойы тойда жүремін. Құдайдың бұйыртып тұрғаны шығар деп өтінішін жерге тастай алмадым. Той құтты болсын! Әлі тамағымды да ішкен жоқпын. Кеше тамақ та дайындамадым. Таңертең 10.30-да үйден шыққам, күндіз құранда аста болдым. Екі сағат ұйықтап, содан тойға екі сағат жиналып, екі тойға барып, үшінші тойға кіріп тұрғаным ғой”, – деп күлдірді әнші. 



Халық әртісінің шынайы болмысына көпшілік риза болып, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қызымның есімін Мақпал деп қойдым”, “Қаншама сынаққа шыдаған төзімді адам”, “Шынайы болмысы бәрінен биік етіп тұр”, “тарс еткізіп қойып қалатыны ұнайды”, “Аллам мықты денсаулық пен ұзақ мұңсыз, бейнетсіз ғұмыр берсін иншалла! Халқыңызға еркелеп, жарқырап жүре беріңіз”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, 59 мыңға жеке билет сатып алған Мақпал Жүнісова домбыраны бортқа кіргізбеген әуе компаниясына шүйліккен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!