Connect with us

IN-THE-NEWS

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында өнер көрсететін спортшылар анықталды

Published

on

By

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында сынға түсетін қазақстандық зілтеміршілер белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ҰОК

2024 жылы ауыр атлетикадан әлем чемпионаты 6-15 желтоқсан аралығында Бахрейннің Манама қаласында өтеді. Қазақстанның ерлер командасы бұл чемпионатқа толық құрамда қатысады. Қазіргі уақытта Қазақстандық зілтеміршілер Алматы облысының жаттығу базасында дайындалып жатыр. Назарларыңызға дүбірлі додада ел намысын қорғайтын спортшылардың тізімін ұсынамыз:

1.Ақмолда Сайрамкез (67 келі дейін)

2.Александр Уваров ( 81 келіге дейін)

3.Алексей Чуркин ( 81 келіге дейін)

4.Денис Уланов ( 89 келіге дейін)

5.Денис Полубояринов ( 89 келіге дейін) READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

6.Кирилл Староверкин ( 96 келіге дейін)

7.Нұрғиса Әділетұлы ( 96 келіге дейін)

8.Артем Антропов ( 102 келіге дейін)

9.Андас Самарқанов ( 109 келіге дейін)

10.Мейрам Сұлтан ( 109 келіге дейін)

Айта кетейік,өткен әлем чемпионатында Қазақстан командасы толық құрамда өнер көрсетпей, жүлдесіз қалған еді. Бұған бірқатар қазақстандық спортшының допинг ережелерін бұзғаны себеп болды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жамбыл облысында 250 оқушы оқу жылының ортасында мектепсіз қалды

Published

on

By

Жамбыл облысында 250 оқушы оқу жылының ортасында баратын мектеп таппай сабылып жүр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: istockphoto.com

Оған жыл басында ашылған жеке мектептің құжаты жоқ болып, аяқ-асты жабылуы себеп. Ал жұмыс істеуге рұқсаты жоқ делінген мектептің оқушыларын ешбір мектеп қабылдамаған. Өйткені оқушылардың бұған дейін оқығандары туралы деректер ортақ базада жоқ. Ата-аналар балалардың оқығаны туралы құжат бере алмай отырған білім ордасына наразы. Сондай-ақ ата-аналар ай сайын сапалы білім алуға қомақты қаражат төлеп келгендерін айтады. 

“Балаларымыз бір тоқсан бойы базада жоқ. Мектеп базасында жоқ. Табельда да жоқ. Үш ай бойы балаларымыз қайда жүрген сонда, білмейміз. Талабымыз — құжаттарамызды берсін. Балаларды мектепке кіргізу керек. Бұл мектепті қалай ашты?! Біз сеніп қалып баламызды бердік. 250 баланың тағдырын шешіңдер. Бір тоқсан балалар далада жүр”, – дейді оқушының анасы Нұргүл Сатаева.

Ата-аналардың айтуынша, мектеп ұжымы мектепте мұндай олқылықтың барын еш ескертпеген. Жиналғандар мектептің құжаты жоқ екенін баласын басқа мектепке ауыстырмақ болған ата-анадан білген. Ата-аналардың кейбірі тіпті жылдық оқу ақысын төлеп қойған.


“Мектебімізден ауылдағы мал қора әдемі”: Түркістанда 60 жыл бұрын салынған мектеп әлі күрделі жөндеу көрмеген (видео)


“42 мың теңге төйлейтін едік, кейбір атана 46  мың төйлейді. Сол жеңілдік сіздерге үш айға, 36 мыңнан төлеңіздер деп. Кейбірі бір жылын төлеп тастады 36 мың деген, кейін алты айлығын, үш айлығын төлеп тастады. Бірақ ақшамыз да жоқ. Ақшамызды қойшы, лицензиясы да жоқ қой”, – дейді оқушының анасы Айсұлу Хасанова. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ал білім бөлімінің мамандары оқу орталығына тексеріс басталғанынан бейхабар. Айтуынша, білім сапасын бақылау департаменті лицензияның жоқ екенінін ескертіп, алдын ала хат жолдамаған. Білім бөлімінің басшысы мектепсіз қалған оқушылар басқа мектепке ауыстырылады дейді. Ол үшін әр мектепке  оқушылардың мәліметі жеке-жеке берілмек.

“Бір тоқсан бойы оқымаған. Біз мына кісілерге өзіміз сұратып, әрқайсысын бағалатуға мүмкіндік жасаймыз. Енді қазір жекеменшіктен мемлекеттікке береміз десеңіздер, ол да өз құзырларыңызда. Оны біз қабылдай аламыз”, – дейді Тараз қаласы білім бөлімінің басшысы Раушан Қожамжарова.

Жауапты мекеме мамандары лицензиясыз жұмыс істеп келген мектепті сотқа берген. Қазір іске қатысты сот процесі басталды. Олардың айтуынша мектептің заңсыз жұмыс істеп келгені дәлелденсе, бұған дейін мемлекеттік бюджеттен берілген қаражат кері қайтарылмақ. Қазір өңірде оқушыларға білім беретін 24 жекеменшік мектеп жұмыс істейді. Тексеріс кезінде аймақтағы үш жеке мектептің рұқсат қағазы жоқ екені анықталды. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы мектептің ата-аналары мұғалімнің жұмыстан кеткеніне наразылық білдірген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ұлыбритания Қазақстанның бірнеше компаниясына санкция салды

Published

on

By

Ұлыбритания Қазақстанның бірнеше компаниясына санкция салды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: freepik.com

Ұлыбритания үкіметінің ресми сайты Украинадағы әскери әрекеттерге байланысты Ресейге қарсы санкциялар аясында 56 жеке және заңды тұлғаға қатысты шектеулер енгізілгенін хабарлады.

Бұл 2023 жылдың мамыр айынан бергі ең үлкен санкциялар пакеті, оның ішінде Қазақстан, Қытай және Түркия компаниялары, сондай-ақ Кремльмен байланысты жеке әскери топтар да бар.

Ұлыбритания Қазақстандағы мынадай компанияларға санкция салған:

– “TawKZ” ЖШС (өнеркәсіптік мойынтіректерді, құралдар мен жабдықтардың бөлшектерін шығарумен айналысады);

– “Рабадазия” ЖШС (көтерме сауда, компания шетелдік жеке тұлғаға тиесілі); READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

– “CPS Energy” (қалалық электр энергетикасы кәсіпорны);

– “Запчаст-Трейд” (автомобиль бөлшектерін көтерме саудамен айналысады);

– “Kazstanex” ЖШС (машина жасау саласында әртүрлі тауарлар мен қызметтерді өндірумен және жеткізумен айналысады);

– “Stanex Group” (өнеркәсіптік жабдықтарды, құрылыс материалдарын жеткізеді).

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Маңғыстау облысында билікті сынаған 11 баланың анасы сотталды

Published

on

By

Маңғыстау облысында билікті сынаған 11 баланың анасы сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скрин

Жаңаөзендік Жадыра Досекеева қылмыстық кодекстің “телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, әлеуметтік алауыздықты қоздыру” бабы бойынша кінәлі деп танылып, үш жыл шартты жазаға кесілді. Сондай-ақ, белсенді қоғамдық жұмыстарға тартылатын болады. Және тұрғынға үш жыл бойы әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынды.

Сот жаңаөзендік тұрғынның биыл сәуірде “Tik-Tok” әлеуметтік желісінде жариялаған бейнежазбасын” әлеуметтік және ұлттық алауыздықты қоздыруды негіздейді” деп бағалаған. Белсендіге қатысты қылмыстық іс биыл маусымда қозғалған болатын. Сот барысында прокурор оның бас бостандығын 4 жылға шектеу жазасын тағайындауды сұраған. Ал сот айыпталушының кәмелетке толмаған балалары барын ескеріп үш жыл шартты жаза кескен. Сондай-ақ, белсенді жазаны өтеу кезінде жыл сайын 100 сағатқа мәжбүрлі еңбекке тартылады.


“Экс-полицей үйлеріне баса көктеп кіріп, пышақпен қорқытқан”: Алматы облысында 19 жастағы жігіт анасына араша түскені үшін 3 жылға сотталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Сотталушы Жадыра Досекеева өзінің кінәсін мойындамай соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады. Жадыра Досекееваның кінәсі куәлердің жауаптарымен, психологиялық-филологиялық сараптама қорытындысымен, істің басқа да құжаттарымен дәлелденді. Сот, Жадыра Досекеева-ға жаза тағайындау барысында асырауында кішкентай балаларының болуын қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән-жайлар деп таныды. Ауырлататын мән-жайлар анықталмады”, – делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстандық тұрғын Tiktok-тағы тікелей эфирі үшін сотталды.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!