Connect with us

IN-THE-NEWS

Aviata іссапарларды ұйымдастырудың автоматтандырылған жүйесін іске қосады

Published

on

By

2024 жылдың 1 қарашасында Aviata және Chocotravel Business командалары корпоративтік клиенттерге арналған іс-шара өткізіп, іссапарларды ұйымдастыру қызметінің жаңартылған нұсқасын ұсынды. Компаниялар Freedom Holding Corp. құрамына кіргеннен кейін өздерінің қызметтері мен технологиялық мүмкіндіктерін біріктіріп, нәтижесінде Chocotravel Business іскерлік саяхаттарды ұйымдастыруға арналған инновациялық шешім Aviata Business-ке айналды. Платформадағы ауқымды жаңартулар іссапарларды жоспарлау барысының автоматтандырылуы мен ыңғайлылығын түбегейлі жаңа деңгейге шығарады.

Саяхат-саясатын автоматты басқару және барлық қызметтер үшін бірыңғай интерфейс

Көптеген компанияның өз саяхат-саясаты бар. Бұл – тұруға рұқсат етілетін қонақүйлердің деңгейі және қызметкердің лауазымына байланысты ұшақтарда ұшу класы. Егер бұған дейін саяхат-саясатының сақталуы жауапты қызметкерлердің тұрақты қол бақылауын талап етсе, қазір бұл процесс толығымен автоматтандырылды. Қызметтің жаңа нұсқасында іссапарлар үшін корпоративтік ережелерді орнату жүйесі жеке кабинетке енгізілді. Қызметкерлердің әртүрлі санаттарына арналған параметрлерді бір рет баптау жеткілікті, осыдан кейін жүйе сәйкес сүзгілерді автоматты түрде қолданады. Мысалы, жүйе тек рұқсат етілген ұшу класстарын, қолайлы қонақ үй санаттарын және қолжетімді трансфер түрлерін ғана көрсетеді. Осы жүйенің арқасында енді іссапарлардың корпоративтік стандарттарға сәйкестігін қадағалау үшін әрбір іссапарды қолмен тексерудің қажеті жоқ. 

Жаңартылған қызмет кешенді шешімді ұсынады: іссапарға қажетті барлық қызметтер бір интерфейсте қолжетімді. Пайдаланушылар әуе және пойыз билеттерін өз бетінше таңдап, біріктіре алады, сондай-ақ қонақүйлерді брондап, трансферлерге тапсырыс бере алады. Бұл қызмет өзінің бұған дейінгі нұсқасымен салыстырғанда түбегейлі жақсартылған. Бұған дейінгі нұсқада пайдаланушы тек ұшақ және пойыз билеттерін ғана өзі сатып алып, ал қонақүйлер мен трансферлерді брондау үшін арнайы қызмет өкіліне хабарласуға мәжбүр еді. 

Барлық іссапарды бір рет басу арқылы рәсімдеу және құжаттарды автоматты түрде жасап шығару

Бұрын қызметкерлер әр қызметті бөлек рәсімдеп, іссапарға бару үшін қажетті барлық құжаттарды өз бетінше жинауы керек еді. Енді барлық қажетті қызметтерді бір тапсырысқа: әуе билеттері, қонақүй, трансферлерді біріктіріп, мақұлдау үшін бірден жетекшіге жіберуге болады. Бекітілгеннен кейін іссапар бір батырманы басу арқылы рәсімделеді. Бұған қоса, жүйе бұрын көп уақытты қажет ететін тәуліктік төлемдерді есептей отырып, іссапар туралы бұйрықты автоматты түрде жасайды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Платформаның жаңа нұсқасы автономды болғанына қарамастан, Aviata Business клиенттері әлі де жаңа платформаның функцияларымен таныстыруға дайын менеджерлердің жеке қолдауына жүгіне алады. Сондай-ақ қызмет бизнес клиенттеріне жан-жақты қолдау көрсете отырып, тасымалдаушылармен, қонақүйлермен және басқа да қызмет көрсетушілермен корпоративтік келісім-шарттар жасауға көмектеседі.

Aviata Business жаңартуы іссапарларды ұйымдастырудағы сапалы серпілістің көрінісі. Қызметтің жаңа нұсқасы компанияларға іссапарларды жоспарлауға кететін уақытты айтарлықтай қысқартуға, күнделікті процестерді автоматтандыруға және корпоративтік стандарттардың толық сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Басқа компаниялар бұрынғыша іссапарларды жоспарлаудың дәстүрлі әдістерін қолданып жүрсе, Aviata Business клиенттері заманауи автоматтандырылған платформамен жұмыс істеуде. Бұл шешім іскерлік саяхатты ұйымдастыруды қарапайым, жылдам және тиімді үдеріске айналдырып, бизнес үшін құнды уақытты үнемдейді.

Жарнама құқығында

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Әлемдегі саяси жаңалықтарға апталық шолу

Published

on

By

Байден мен Трамптың кездесуі

АҚШ-тың жаңадан сайланған президенті Дональд Трамп пен президент Джо Байден Ақүйде кездесті. Бұрыннан келе жатқан саяси бәсекелестер кездесуде Украина мен Таяу Шығыс мәселесін талқылаған.

“Олар ұлттық қауіпсіздік пен ішкі саясат мәселелерін талқылады. Мазмұнды кездесу болды”, – деді Ақүйдің баспасөз хатшысы Карине Жан-Пьер.

Кездесу шамамен екі сағатқа созылған.

Фото: Reuters

Байден Украинаны қолдау АҚШ-тың ұлттық қауіпсіздігі үшін пайдалы екенін айтып, Еуропадағы тұрақтылық Американы соғыстан алшақтататынын айтқан.

Ал Трамп Ресей-Украина соғысын тез арада тоқтатуға уәде берді. Трамп New York Post газетіне сұхбатында Байден екеуі “Таяу Шығыс туралы көп сөйлескенін” мәлімдеді. 

Кездесу барысында билікті ауыстыру бейбіт түрде өтетіні де айтылды.

“Жоспарлы түрде жасалатын биліктің ауысуын асыға күтеміз. Сізге қажеттінің барлығын қамтамасыз етуге дайынбыз. Қайтадан қош келдіңіз!” – деді Байден.

Дональд Трамп 20 қаңтар күні билікке келуі тиіс. 

Байденннің жұбайы Джилл Байден күйеуімен бірге Трампты қарсы алған. Джилл Трамтың әйелі Мелания Трампқа қолжазба құттықтау хатын жіберіп, командасының ауысуына көмектесуге дайын екенін жеткізген.

Трамптың жаңа үкіметі

Дональд Трамп өзінің жаңа әкімшілігін құруда маңызды тағайындаулар жасауда, олардың арасында танымал тұлғалар мен сенімді жақтастары бар. Бұл тағайындаулар оның “Әуелі Америка” ұранын іске асыру және бюрократияны қысқарту бойынша мақсаттарына сәйкес келеді.

Илон Маск және Вивек Рамасвами: Үкімет тиімділігі департаменті

Дональд Трамп Илон Маск пен Вивек Рамасвамидің жаңадан құрылған үкімет тиімділігі департаментін басқаруға шақырды. Бұл жаңа орган мемлекеттік шығындарды қысқартып, мемлекеттік аппаратты оңтайландыруға, артық ережелерді жоюға және федералды агенттіктерді қайта реттеуге бағытталған. Трамптың айтуынша, бұл екі тұлға бюрократиямен күресіп, федералды жүйені жаңартуға көмектеседі.

Пит Хегсет: Қорғаныс министрі

Трамп қорғаныс министрі қызметіне Fox News арнасының танымал тележүргізушісі және әскери ардагер Пит Хегсетті ұсынды. 44 жастағы Хегсет Ауғанстанда, Иракта және Кубадағы Гуантанамода қызмет еткен. Оның Трамптың көзқарастарымен сәйкес келетін консервативті ұстанымдары бар, бұл оның әскери және саяси шешімдерінде маңызды рөл атқаруы мүмкін. Трамп Хегсетті “күшті әрі ақылды адам” ретінде сипаттап, оның басшылығымен АҚШ әскери күштерінің жаңарып, бұрынғы күш-қуатын қайтаратынына сенім білдірді.

Джон Рэтклифф: CIA директоры

Трамп өзінің алғашқы президенттік мерзімінде ұлттық барлау қызметінің директоры болған Джон Рэтклиффті қайтадан осы қызметке тағайындауды шешті. Ол енді Орталық барлау басқармасының (CIA) директоры қызметін атқарады. Рэтклифф 2019 жылғы Трамптың импичменті кезінде президенттің басты қорғаушыларының бірі болған, бұл оның Трамптың сенімді адамдарының бірі екендігін көрсетеді.

Майкл Уолтц: Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші

Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші лауазымына өкілдер палатасының республикалық мүшесі Майкл Уолтц тағайындалды. Ол Ауғанстандағы әскери әрекеттерге қатысып, Ақ үй мен Пентагонда саяси кеңесші қызметін атқарған. 

Кристи Ноем: Ішкі қауіпсіздік министрі

Оңтүстік Дакота штатының губернаторы Кристи Ноем Ішкі қауіпсіздік министрлігін басқаратын болады. Ноем 2019 жылдан бері Трамптың сенімді жақтаушысы ретінде танылып, заңсыз иммиграцияға қарсы қатаң шараларды қолдаған. Ол сондай-ақ пандемия кезінде бетперде кию сияқты қауіпсіздік шараларына қарсылық танытуымен есте қалды.

Майк Хакаби: АҚШ-тың Израильдегі елшісі

Израильдегі АҚШ елшісі қызметіне Арканзас штатының бұрынғы губернаторы Майк Хакабиді тағайындалды. Хакаби бүкіл мансабында Израильдің мүдделерін, соның ішінде оның Батыс жағалауға деген талаптарын белсенді түрде қорғаған. Бұл тағайындау АҚШ-тың Израильге қолдауын күшейтуді көздейтінін көрсетеді.

Ли Зельдин және Том Хоман: Экология және иммиграция мәселелері

Нью-Йорк конгресінің бұрынғы өкілі Ли Зельдин қоршаған ортаны қорғау агенттігін басқаруға шақырылды. Ал бұрынғы иммиграция қызметкері Том Хоман иммиграция және кедендік бақылау департаментінің директоры болады. Бұл тағайындаулар Трамптың экологиялық және иммиграциялық саясатты қатаң бақылауға алуға ниетті екенін білдіреді.

Трамптың тағайындаулары оның жаңа әкімшілігінің алдағы кезеңдегі саяси бағыттарын айқындайды. Бюрократияны қысқарту, ұлттық қауіпсіздікті күшейту және сыртқы саясаттағы консервативті қадамдар – Трамптың басты мақсаттарының бірі болып отыр.

АҚШ-тың жаңа билігі: Сарапшылар не дейді

Фото: Reuters

Сарапшылардың айтуынша, Трамптың тағайындаулары сенімділік тудырмайды. Корнелл университетінің үкімет профессоры Ричард Бенсельдің айтуынша, кадрлық тұрақсыздық бірінші кезекте тәжірибесіз тұлғалардың таңдалуымен байланысты. Ол жаңа әкімшіліктің алғашқы айларында кадрлық өзгерістер мен әкімшілік қателіктер жиі болатынын айтты. Сонымен қатар, ол қорғаныс министрі Пит Хегсет пен ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесші Майкл Уолцтың тағайындалуы тәжірибенің аздығы мен саясаттағы біліктіліктің жеткіліксіздігіне байланысты алаңдаушылық тудыратынын атап өтті.

“Бақылаушылардың көпшілігі Трамптың тағайындауларына күмәнмен, қорқынышпен және жиіркенішпен қарады. Оның кейбір кандидатуралары Сенат тарапынан бекітілмеуі мүмкін, бірақ Трамп бұл мәселені шешудің жолдарын табатыны сөзсіз. Тәжірибелері аз Хегсет пен Уолцты негізгі лауазымдарға тағайындауы алаңдаушылық тудырады. Олардың тәжірибесі болмаса да саяси идеяларға адалдығы ескеріліп отыр. Бұл қателіктерге алып келуі мүмкін”, – дейді Ричард Бансель.

Калифорния технологиялық институтының саясаттану профессоры Родерик Кивиет те осыған ұқсас пікір білдірді. Ол Трамп әкімшілігінде кадрлардың жиі ауысуы бұрынғыдай жалғасатынын айтты.

Марко Рубионың мемлекеттік хатшы ретінде тағайындалуы ең “дәстүрлі” шешім ретінде қабылданды, бірақ сарапшылар оның Трамптың саясатын ұстануы тиіс екенін атап өтті. Бұл жағдайдың Рубио мен Трамп арасында келіспеушілікке әкелуі мүмкін деген болжам жасалуда.

Илон Маск пен Вивек Рамасвамидің жаңа департаментті басқаруы жұртшылық арасында қызығушылық туғызды, бірақ олардың саяси әсері айтарлықтай болмауы мүмкін. Бенсельдің айтуынша, Масктың үкіметтік жұмыста шыдамдылығы жеткіліксіз болуы мүмкін, дегенмен ол федералды үкіметтің бюрократиясын шектеу мәселесінде белгілі бір табыстарға қол жеткізуі мүмкін.

“Маск – тамаша кәсіпкер және тәжірибелі шоумен. Бірақ бұл ол үкіметтің жұмыс істеу жүйесін түсіне алады дегенді білдірмейді”, – деді Бенсель.

Трамптың жаңа әкімшілігі бірқатар маңызды өзгерістерге дайындалып жатқанда, сарапшылар кадрлық тұрақсыздық пен басқарудағы қателіктер саяси сахнада айтарлықтай қиындықтар тудыруы мүмкін екенін айтады. 

АҚШ Украинаға уәде етілген көмектің барлығын жеткізбек

Фото: pixabay.com

АҚШ қорғаныс министрлігі АҚШ-тың қазіргі президенті Джо Байден кеткенге дейін Киевке Конгресс мақұлдаған 7,1 миллиард долларлық көмекті жеткізу үшін Украинаға тұрақты түрде қару-жарақ жөнелтпек. Бұл туралы Пентагон баспасөз хатшысының орынбасары Сабрина Сингх мәлімдеді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Президент конгресс рұқсат еткеннің барлығын қызметінен кеткенге дейін жіберетін айтты”, – деді ол мәлімдемесінде.

Сабрина Сингх бұл Байден қабылдаған міндеттеме екенін және Пентагон оны орындауды жалғастырып, Украинаға апта сайын көмек пакеттерін жіберіп отырғанын атап өтті. 

“70 күннен де аз уақытымыз бар. Департамент қысқа уақыт ішінде жақсы жұмыс істеуі қажет. Киевке жіберілетін қарулар елдің қорғаныс қабілетіне әсер етпеуі үшін қоймалар үнемі толықтырып отыратын болады”, – деді Сабрина Сингх.

АҚШ-тың қазіргі әкімшілігі жаңадан сайланған президент Дональд Трамптың инаугурациясынан кейін, яғни 2025 жылдың 20 қаңтарында толығымен ауысатын болады.

НАТО бас хатшысы Рютте: Украина жеңіліп, өз аумақтарынан айырылып жатыр

Фото: АР

Украина қазіргі майдандағы жағдайларда өз аумақтарынан айырылып жатыр, сондықтан оған қолдау көрсетуді жалғастыру қажет деп мәлімдеді НАТО бас хатшысы Марк Рютте Варшавада өткен баспасөз мәслихатында.

“Алдағы қыста және қажет болған жағдайда ұзақ мерзімде Украинаға қорғаныстық көмекті жалғастыруымыз керек. Біз оларға аумақтарын жоғалту жағдайынан шығуға және жағдайды тұрақтандыруға көмектесуіміз қажет. Алдыңғы шепте жағдайды тұрақтандырып, содан кейін ресейліктерден жоғалтқан жерлерін қайтарып алу қажет,” – деді Рютте.

НАТО бас хатшысы сондай-ақ әскери операцияларда жаңа бетбұрыс байқалғанын атап өтті. Ол Солтүстік Корея әскерлері Ресей аумағына жіберілуі туралы пікір білдірді. Рюттенің айтуынша, Ресей президенті Владимир Путин бұл үшін Солтүстік Кореяға ақша мен зымыран технологияларын береді. Ол мұны “қауіпті қадам” деп атады. 

Бұған дейін Рютте Франциядағы конференцияда Батысты Украинаға көмекті арттыруға және қақтығыстың “траекториясын өзгертуге” шақырған болатын. Ол Ресей, Иран мен Солтүстік Кореяның бірлескен әрекеттері НАТО-ға қауіп төндіретінін айтты.

Еске салсақ , 6 тамызда Украина қарулы күштері Курск облысына басып кіргеннен кейін, Ресей қорғаныс министрлігі Донбасстағы шабуылдардың қарқынының артқанын хабарлады. Содан бері Украинаның бірқатар елді мекендері Ресейдің бақылауына өтті. Сонымен қатар, 2024 жылдың маусымында қол қойылған Ресей мен Солтүстік Корея арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес, солтүстік кореялық әскерилер Курск облысына әкелінген.

Израильдің Сирияға шабуылы

Фото: EPA/UPG

Бейсенбі күні Израиль Сирия астанасы Дамаск қаласының батысындағы ауданға және қала шетіндегі аумаққа екі әуе шабуылын жасады. Салдарынан 15 адам қаза тауып, 16 адам жараланған.

SANA ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Дамасктің Маззе ауданында және астананың солтүстік-батысындағы қала маңындағы әуе шабуылдары екі ғимаратқа соққы берген.

Маззедегі оқиға орнынан зымыран соққысынан бес қабатты ғимарат зақымдалған.

Израиль әскерлері Сириядағы “Исламдық жиһад” содырларының басқару орталықтары мен инфрақұрылымдық нысандарына соққы бергенін және “террористік ұйымның басқару орталығы мен оның жедел қызметкерлеріне үлкен шығын келтіргенін” мәлімдеді.

Дамаск пен оның маңындағы әуе шабуылдары Иранның рухани жетекшісі Әли Хаменеидің кеңесшісі Әли Лариджанидің Сирия астанасында Палестина фракцияларының өкілдерімен кездесуінен бұрын жасалған.

Палестиналық исламдық жиһад тобының ресми өкілі Маззедегі шабуыл олардың кеңселерінің бірін нысанаға алғанын және топтың бірнеше мүшесінің қаза тапқанын мәлімдеді.

Сирияның SANA мемлекеттік ақпарат агенттігі елдің әуе қорғанысы орталық Хомс қаласының оңтүстігіндегі “дұшпандық нысанаға” қарсы іске қосылғанын хабарлады. 

2011 жылы Сириядағы азаматтық соғыс басталғаннан бері Израиль Сирия әскері мен Иран қолдайтын күштердің әскери нысандарына бірнеше рет шабуылдар жасады. Израиль Сириядағы нысандарға осыған дейін де соққы жасаған. 

Израильдің Бейрутты атқылауы

Фото: ВВС

Израиль Ливан астанасы Бейруттің оңтүстігінде орналасқан Дахия ауданына төрт әуе шабуылын жасады.

Ливан ақпарат құралдарының хабарлауынша, шабуылдар Хезболла қозғалысының тірегі саналатын Дахия ауданы Губейриге бағытталған.

Бұған дейін Израиль армиясының өкілі X әлеуметтік желісінде Губейридегі екі нысананың белгілері бар карталарды жариялап, шабуылдар туралы ескерткен.

Абхазияда оппозиция наразылыққа шықты

Фото: ТАСС

Абхазия парламенті маңында оппозиция жақтастары мен Халық ассамблеясы ғимаратын күзетіп тұрған қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс болды.

Оппозиция жетекшісі Адгур Ардзинба шерушілердің парламент отырысын өткізуді және Ресей Федерациясымен инвестициялық келісімді ратификациялаудан бас тартуды талап етіп отырғанын айтты. Шерушілер қоршаудың бір бөлігін жүк көлігімен бұзып, парламент ғимаратына басып кірді.

Наразылық акциясына қатысушылардың алдына мемлекеттік күзет қызметінің басшысы Дмитрий Дбар шыққан. Ол оппозицияның талаптарын республика президенті Аслан Бжанияға жеткізуге уәде берді.

Жұма күні таңертең халық ассамблеясының спикері Лаша Ашуба депутаттар күн тәртібін бекіте алмағандықтан, парламент отырысының өткізілмейтінін хабарлады.

Оппозиция ресейлік заңды тұлғалардың республика аумағында инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы туралы келісімді ратификациялауға қарсы.

Оппозиция жетекшісі Адгур Ардзинбаның айтуынша, наразылық білдірушілер парламент отырысын өткізуді және ресейлік заңды тұлғалардың республикада инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы туралы келісімді ратификациялаудан бас тартуды талап етіп отыр.

Президенттің отставкасы талап етілді

Абхазия оппозициясы республика президенті Аслан Бжанияның отставкаға кетуін талап етуге ниетті екенін мәлімдеді.

“Біз енді Абхазияның қазіргі президентінің отставкаға кетуін талап етеміз. Бүгінгі оқиғалардың Абхазия мен Ресей арасындағы қарым-қатынасқа еш қатысы жоқ екенін ерекше атап өткім келеді. Біздің республикада Ресейге қарсы көзқарастағы бірде-бір адам жоқ”, – деді ол.

Парламенттегі келіссөздерден кейін шерушілер алдына шыққан оппозиция жетекшілерінің бірі Темур Гулия шерушілерге Ресеймен инвестициялық келісімнің күшін жою туралы келісімге қол жеткізілгенін, қазір тиісті құжат дайындалып жатқанын айтты.

Абхазия президентінің әкімшілігі “Абхазия үкіметі мен Ресей Федерациясының үкіметі арасындағы ресейлік заңды тұлғалардың инвестициялық жобаларды жүзеге асыруы туралы келісімді ратификациялау туралы” заң жобасын парламенттен қайтарып алу туралы құжаттың дайындалғанын растады.

Абхаз президентінің баспасөз қызметі Интерфакс агенттігіне “бұл шешім республикадағы жағдайды тұрақтандыру мақсатында қабылданғанын” мәлімдеді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Күдіктілердің туыстары Шерзаттың әкесін жауапқа тартуды сұрады (видео)

Published

on

By

Талғардағы 16 жастағы Шерзат Болаттың өліміне қатысты күдікті деп танылғандардың туыстары Шерзаттың әкесін жауапқа тартуды сұрайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Коллаж Stan.kz 

Әлеуметтік желіде Шерзат Болаттың өліміне қатысты іс бойынша күдіктілердің туысы екендерін айтқан бір топ адамның видеоүндеуі жарияланды. 

“Елімізден, халықымыздан кешірім сұраймыз. Балаларымыздың әрекеті үшін. Бірақ әділ болсын. Нұрқанат та (Шерзаттың ағасы), Қаржаубай да (Шерзаттың әкесі) жауапқа тартылсын. Біз соны тілейміз. Екі жақты бірдей қараңыздар”, – дейді күдіктілердің туыстары. 

Олардың айтуынша, қаруды алғашқы болып Шерзаттың ағасы Нұрқанат алып шыққан екен. Сондай-ақ олар Шерзаттың сол жердегі жігіттердің бірінің жағын сындырғанын айтады. 

“Қаруды бірінші Нұрқанат көлігінен алып шыққан. Балаларға қарай оқ атқан. Балалар тыныш тұрған жерінен Шерзат марқұм бір баланың жағын сындырды. Ойламаған жерден ұрып жіберген. Өздері мылтық пен пышақ алып шыққан. Содан жігіттер көтеріліп кеткен. Кешірім сұраймыз балаларымыз үшін. Біздікі дұрыс емес. Бірақ балаларды арандатпаса барлығы тыныш шешіліп, барлығы үйіне кететін еді. Олар Шерзатты өлтіреміз деп барған жоқ”, – дейді видеоүндеу жолдаған әйел. 


“Ұлым оқиға орнында болмаған”: Шерзат Болаттың өліміне қатысты ұсталғандардың бірінің анасы әділ тергеу жүргізуді сұрайды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Күдіктілердің туыстары барлығына Дархан есімді жігіттің кінәлі екенін айтады. Оқиға орнына жігіттерді Дархан деген жігіт жинаған көрінеді. 

“Кафеде өз бетімен отырған балалар. Барлығы бір қоңыраудан басталған. Барлығын Дархан деген бала бастаған, ол жерде Дарханды танымайтын балалар да бар. Ол қазір үндемей отыр. Ол Қаржаубай мен Нұрқанаттың танысы. біз де соңына дейін барамыз. Дархан да жауапқа тартылсын. Өйткені бәрін шақырған Дархан”, – дейді олар. 

Видеоүндеу жасағандар Шерзаттың әкесін халықты дүрліктіріп, жалған ақпарат таратты деп айыптайды. 

“Қаржаубай басынан бастап өтірік айтты. Қаржаубай пышақ алып келді ме, жігітше мойындасын. Біз баланың қырқына дейін үндемей отырдық. Қаржаубайды да қамасын. Қаржаубайдың әйелі ме, қарындасы ма Нұрқанат атқан оқтарды жерден теріп алған. Ол да жауапкершілікке тартылсын. Ашық сот болса бәріне бірдей болсын. Біз соны талап етіміз”, – дейді күдіктілердің туыстары.  

Еске салсақ, бұған дейін Талғарда жаппай төбелес болып, салдарынан 16 жастағы Шерзат Болат көз жұмған еді. Жанжал жасөспірімнің отбасы жұмыс істейтін дүкенде басталған. Жасөсіпірімнің өлімінен кейін Шерзат Болаттың үйін белгісіз біреулер өртеп кетті. Ішкі істер министрлігі Шерзаттың өліміне қатысты 10 адам күдікті деп танылып, бес қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді. Сондай-ақ министрлік жасөспірімді өлтірді деп айыпталған күдіктілер арасында бұрын сотталғандар бар екенін де растады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Абхазияда шерушілер үкімет ғимараттарын басып алды

Published

on

By

Абхазияда шерушілер үкімет ғимараттарын басып алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ТАСС

Абхазия республикасында Ресеймен жасалған жаңа инвестициялық келісімге қарсы наразылықтар жалғасуда. Шерушілер үкіметтік ғимараттар кешенін қоршап алып, Грузиядан бөлініп шыққан республиканың парламентіне басып кірді.

Абхаз билігі келісімді парламенттен қайтарып алуға уәде берді.

Абхазия парламенті Ресеймен жаңа инвестициялық келісімді қарастыруы керек еді.  Республикада ресейлік бизнестің кеңеюі жергілікті тұрғындарды туризмнен түсетін табысынан айырады дейді абхазиялықтар.

Абхазияда парламент ғимараты жанында шамамен 2,5 мың адам жиналған. Наразылық білдірушілер Ресей мен Абхазияның туларын әкеліп, бұл екі елдің достығын қолдау белгісі деп атады.

Артынша шерушілер мен қауіпсіздік күштері арасында қақтығыс басталды. Шерушілер жұмыртқа мен бөтелке лақтырып, парламент аумағына кіруге тырысты. Қауіпсіздік күштері көзден жас ағызатын газ қолданды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, сегіз адам ауруханаға жеткізілді. Абхазия президентінің жеке қауіпсіздік басқармасының басшысы Аслан Бжания және басқа да жоғары лауазымды тұлғалар шерушілердің талаптарын президентке жеткізуге уәде етті. Кейбір қауіпсіздік күштері наразылық білдірушілерге қосылды. Жиналғандар “дезертир”, “отставкаға кет” және “Ресей” деп ұрандады. 

Наразылық білдірушілер парламент маңындағы, одан кейін президент әкімшілігінің жанындағы қоршауды толығымен бұзды. Нәтижесінде олар бүкіл үкіметтік ғимараттар кешенін қоршап алып, кейін парламентке басып кірді.

Президент әкімшілігі Ресеймен жаңа келісімді парламенттен қайтарып алу туралы құжат дайындап жатқанын хабарлады.

Абхазия егемендігін қорғау комитетінің басшысы оппозициядан президент отставкаға кеткенше Сухумдағы үкімет ғимараттарынан шықпауды сұрайды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!