Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстан дәрі-дәрмектің қағаз рецептерінен бас тартатын болды

Published

on

By

Денсаулық сақтау вице-министрі Ербол Оспанов еліміздің дәрі-дәрмектерге арналған қағаз рецептерден бас тартатынын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Денсаулық сақтау вице-министрінің айтуынша, 18 қарашадан бастап Қазақстанда бірнеше ақпараттық жүйелерді интеграциялау процесі басталады. Соның арқасында ведомство дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету процесін ашық етуді және қағаз рецептілерге тыйым салуды жоспарлап отыр.

“Бүгінде шыны керек интеграция жоқ. Сол себептен амбулаториялық-дәрілік қамтамасыз ету шеңберінде, яғни тегін рецепттер шеңберінде дәрілік заттармен қамтамасыз етуді ашық көрсетуді жоспарлап отырмыз”, – деді ол.

Сондай-ақ, вице-министр қазақстандықтарға дәріханаға қағаз рецептер әкелу қажет болмайтынын нақтылады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



“Мен өз баяндамамда әлеуметтік әмиян туралы айттым. Мемлекет басшысының бастамасымен әлеуметтік әмиянды енгізу тапсырылды. Осының аясында QR-код арқылы 470 мың рецепт берілді. Бұл тек алғашқы қадам”, – деп қосты ол.

Ербол Оспанов болашақта динамикалық бақылауда болатын және тегін рецепт алатын пациенттерге де жаңа рецепт алу үшін дәрігерге барудың қажеті жоқ екенін жеткізді.

“Дәрігер рецептті қашықтан ұзарта алады. Бұл eGov-та пациенттің жеке кабинетінде, әлеуметтік әмиянда көрсетіледі, хабарлама келеді. Науқас жай дәріханаға барып сол дәрілерін ала алады. Біз мұны жыл соңында әлеуметтік әмиянды жасаушылармен бірлесіп аяқтаймыз”, – деп қорытты ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Мейіржан Шермаханбет Қазақстан кубогінің чемпионы атанды

Published

on

By

Мейіржан Шермаханбет Таразда күрес түрлерінен өтіп жатқан Қазақстан Республикасының кубогінде топ жарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Фото: UWW

Әлем чемпионатының қола жүлдегері және Азия чемпионы Мейіржан Шермаханбет Қазақстан кубогінің жеңімпазы атанды. Грек-рим күресінің шебері 67 келіде бақ сынап, қарсыластарының бәрінен басым түсті. Ол жартылай финалда былтырғы ҚР кубогінің финалисі Мерей Бекеновке қарсы күресіп, тартысқа толы өткен белдесуде 7:6 есебімен жеңіске жетті. Ал финалда астаналық Бағдат Сабазды айқын басымдықпен ұтты. 

. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, бұған дейін грек-рим күресінен Қазақстан кубогінің алғашқы жарыс күнінде топ жарғандар анықталғанын жазған едік. 

.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтаудағы психикалық денсаулық орталығының емделушілері аштық жариялады

Published

on

By

Әлеуметтік желіде Ақтаудағы психикалық орталықтың наркология бөлімшесінің емделушілері медициналық мекемедегі жағдайдың нашарлығына байланысты аштық жариялағаны туралы видео жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі

Lada.kz басылымына сілтеме жасап

Видеодан скрин

Облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Мәди Тоқановқа мән-жайды түсіндірді.

Видеода психикалық денсаулық орталығының нашақорлық бөлімшесінде емделушілер емдеу мекемесіндегі жағдайдың нашарлығына байланысты бесінші күннен бері аштық жариялап жатқандары айтылған. Олар облыс әкімдігінің, Қазақстан президенті мен адам құқықтары жөніндегі уәкілдердің назарын қазіргі жағдайға аударуды талап етуде.

Мекемеде ішімдік пен есірткіге тәуелді 33 науқас бар. Олар тамақтанудың, төсек-орын мен киімдерінің нашарлығына шағымданған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Кеше бізді адам құқықтары жөніндегі уәкіл тексерді, оған аурухана мәзірін де, палаталардағы жағдайды да көрсеттік. Біздің мекемеде науқастарды емдеуге қажеттінің бәрі бар. Арнайы әзірленген ас мәзірі бар. Бәрі стандартқа сай. Бүгін бізге прокуратурадан тексеру келеді, мен бәрін көрсетуге және айтуға дайынмын”, – деді Мәди Тоқанов.

Еске салайық, 2022 жылы психикалық денсаулық орталығының алкогольдік және нашақорлықтан емделіп жатқан емделушілер медицина қызметкерлерінің қорлауы, физикалық және психологиялық қысымы туралы хабарлаған болатын. Медициналық мекеме зорлық-зомбылық фактісін жоққа шығарды. 

2023 жылы психикалық денсаулық орталығында емделушілер медициналық мекемеде қорқыту және олардың құқықтарының бұзылғаны туралы хабарлады. Олар наразылық ретінде аштық жариялаған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ислам даму банкі Қазақстандағы су ресурстарын дамыту жобасын қаржыландырмақ

Published

on

By

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам даму банкінің президенті Мұхаммед Сүлейман әл-Жасерді қабылдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

“Қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыру мәселелері және одан әрі ынтымақтастық перспективалары талқыланды. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы бірлескен жобаларға, оның ішінде климаттың өзгеруінің салдарын жұмсартуға және жасыл энергетикаға көшуге бағытталған шараларға ерекше назар аударылды. Қасым-Жомарт Тоқаев бұл бастамалардың жаһандық экологиялық сын-қатерлер мен Қазақстанның тұрақты дамуға деген ұмтылысындағы маңыздылығын атап өтті”, – делінген хабарламада.

Тоқаев ағымдағы жылдың қыркүйек айында Астанада өткен Араб үйлестіру тобының дөңгелек үстелінің қорытындыларын жоғары бағалады. Бұл іс-шара стратегиялық жобаларды жүзеге асырудағы көпжақты ынтымақтастықты тереңдетуге екі жақты ниеттілігін көрсетті.

Мемлекет басшысы “Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту” жобасы бойынша қаржылық-техникалық келісімнің бірінші кезеңіне қол қойылуын құптады. Бұл жобаны жүзеге асыру Қазақстанның жеті облысында жалпы ұзындығы 3 450 шақырым болатын сегіз су қоймасын, контррегуляторды және 115 каналды салуға және жаңғыртуға мүмкіндік береді, бұл аудандағы ауыл шаруашылығы алқаптарын тұрақты сумен қамтамасыз етеді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Тоқаев ИДБ-ға Қазақстанның тұрақты экономикалық дамуында маңызды рөл атқаратын үздіксіз қолдауы үшін алғыс айтты.

“Келіссөздер нәтижесінде қол қойылған құжат алмасылды. Келісім құны 1,153 млрд доллар, оның ішінде 3,5 млн доллар грант. Бұл банктің 51 жылдық тарихындағы қаржыландыру көлемі бойынша ең үлкен жоба”, – делінген хабарламада.

Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров Қазақстан үкіметі мен Ислам даму банкі арасында су ресурстарын дамыту жобасын қаржыландыру туралы келісімге қол қойылғанын айтты.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда исламдық ипотека енгізу жоспарланып отырғанын жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!