Connect with us

IN-THE-NEWS

Атырауда 70 жастағы зейнеткер TikTok арқылы бір жылда 10 млн теңге табыс тапқан

Published

on

By

Атырауда TikTok-тың жұлдызына айналған зейнеткер бір жылда 10 миллион теңге табыс тапқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скрин

70 жастағы Хадиша Аймұхамбетова желіде “Батыстың әжесі” лақап атымен танылған. Әлеуметтік желіге кіріп, батл ойнау 70 жастағы Хадиша Аймұхамбетованың күнделікті жұмысы. Бір жыл бұрын желіге тіркелген зейнеткер бір жыл ішінде 10 миллион теңге табыс тауып, жаңа баспана алған. Қарияға телефонның тілін ұлы үйреткен екен.

“Қай бос уақытым болса балалармен жарысып TikTok қараймын. Әрбір қызықты рилстарды қараймын. Ұлым айтты, мама сен стрим аш деп. Құрсын не айтамын дедім. Қазақшаға жақсымын. Сосын бір жылда батл ойнап, ақша тауып отырмын. Бүкіл шетелмен ойнаймын. Жалпы қазақтармен көп ойнамаймын”, – дейді блогер әже Хадиша Аймұхамбетова. 


“TikTok-та үш рет рекорд орнатқан”: Түрмеден шыққан Мұрат Әбділда бір күнде миллионер атанды


Қазір “Батыстың әжесі” лақап атымен көпке танған зейнеткердің қазір TikTok-тағы оқырмандарының саны 100 мыңға жақындап қалған. Оқырмандарының көпшілігі шетелдіктер екен. Қария өзінің құрбыларын да осы әлеуметтік желіге тартып жүргенін айтады. Алайда қатарластары эфирге шығуға ұялады екен. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Шетелден көп дос таптым. Тәжікстаннан, Армения, Украинадан. Басқа оқырмандарымда сол жақтан. Бәрі мені қолдайды. Қазақтар да осал емес. Қазақта үлкенді, әжені сыйлайтындар бар ғой. Бәрі сыйлайды ғой. Барлық тілін меңгеріп алдым. Сауатым бар. Өз замандастарымды да осыған баулып жүрмін”, – дейді блогер әже. 

Хадиша Аймұхамбетова TikTok-тан тапқан ақшасын үш немересіне жұмсайды екен. 40 жыл бойы еден жуушы болып жұмыс істеген әже қазіргі кәсібім өзіме ұнайды дейді. Тіпті, ол эфирге кіру үшін арнайы орын дайындап, бөлме жабдықтап та қойған.

Еске салсақ, бұған дейін Астанада көлік жүргізушісі TikTok-тағы видеосы үшін қамауға алынған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Легионер спортшыларды мемлекеттің ақшасына қаржыландырмайды

Published

on

By

Енді өзге елден келген легионерлер спортшыларды мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландыруға тыйым салынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Туризм және спорт министрілігінің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Orda.kz

Елімізде кәсіби спортты мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қаржыландыруға қатысты жаңа ережелер ұсынылды. Заң жобасы бойынша, кәсіби клубтарды ұстауға мемлекет тарапынан қаржыландыру лимиттері белгіленетін болады. Бұл шара бюджеттік шығыстардың тиімділігін арттырады. Заң жобасында тағы да бір маңызды өзгеріс бар: ҚР азаматтары болып саналмайтын спортшыларды мемлекеттік бюджет және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландыруға тыйым салу. Бұл шара ел азаматтарының спортта да, қаржылық қолдауда да басымдыққа ие болуын қамтамасыз етеді.

“Бұл өзгерістер спорттық саладағы басқаруды оңтайландырып, қаржылық ресурстарды тиімді пайдалануға мүмкіндік береді. Біз жоғары жетістіктер спортына ерекше көңіл бөліп, кәсіби спорттың қаржыландыру жүйесін тұрақты әрі әділ етуді мақсат етіп отырмыз”, – деп атап өтті Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Заң жобасының қабылдануы еліміздегі спорттық жүйені жетілдіруге, мемлекеттік қаражаттың тиімді пайдаланылуына және спорттың кәсіби деңгейде дамуына серпін береді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбеде алаяқ адамдарды медициналық университеттің грантына түсіремін деп алдап кеткен

Published

on

By

Ақтөбеде алаяқ медицина университетінің грантына түсіруге уәде етіп, халықтан ақша алған. Ол үш жылдық жазасын бостандықта жүріп өтейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Ақтөбе қаласының №2 сотында Қылмыстық кодекстің “Алаяқтық” бабы бойынша іс қаралды. Айыптау актісіне сүйенсек, 2024 жылдың қаңтар айында сотталушы өзінің таныстарына “барлық жерде таныстарым бар” деп алдап, медицина университетінің грант бөліміне оқуға түсіруге уәде еткен. Бұл қызметі үшін ақша сұраған. 

“Жәбірленушілердің сеніміне кіріп, өз қызметінің ақысын айтып, қаражатты қолма-қол және анасының есепшотына аударып алған. Салдарынан 3 жәбірленушіге жалпы 5 млн теңге мөлшерінде материалдық залал келтірілген. Сот отырысында сотталушы айыпты толық мойындап, жасаған іс-әрекетіне өкінетінін, жәбірленушілерге келтірген залалды толық өтегенін айтты. Сот үкімімен сотталушы кінәлі деп танылып, оған 3 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Жылына 100 сағаттан мәжбүрлі еңбекке тартылады”, – деп хабарлады  соттың баспасөз қызметі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, осыған дейін алаяқтар желі арқылы жоқ брендтік заттарды миллион теңгеге сатқан.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Үйінен 129 млн теңге ақша табылған: Астанада салық қызметкері сотталды

Published

on

By

Астана қаласында мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкеріне қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Қалалық соттың шешімі бойынша, жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасы бөлімінің басшысы Р. Төлегенов пара алғаны үшін кінәлі деп танылып, 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Сонымен қатар, оған мемлекеттік қызметте белгілі бір лауазымдарды атқаруға өмір бойы тыйым салынды.

“Сот анықтағандай, Төлегенов жеке компания директорынан қосымша құн салығының (ҚҚС) артық төленген сомасын қайтару үшін 3,6 миллион теңге көлемінде пара алған. Бұл сома қайтарылуға тиісті 36 миллион теңгенің 10 пайызын құраған. Тергеу барысында антикор қызметкерлері оның үйін тінту кезінде 129 миллион теңге көлемінде қолма-қол ақшаны тәркілеген”, – делінген хабарламада 

Төлегеновтің адвокаттары сотқа шағым түсіріп, жазаны жеңілдетіп, айыппұлмен алмастыруды сұраған. Алайда апелляциялық сот бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды. Сот қызметкердің жасаған әрекеті салық органдарының беделіне нұқсан келтіріп, мемлекеттік қызметке деген сенімді әлсіреткенін атап өтті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұл іс мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестегі қатаң ұстанымын тағы да көрсетті және мемлекеттік қызметкерлерге жауапкершілік жүктелетінін ескертті.

Үкім заңды күшіне енді.

Еске салсақ, Батыс Қазақстан облысында мас күйде жол апатын жасаған әкімдік қызметкері жұмыстан шығарылмаған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!