Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматыдағы “Тау самалы” тұрғындары көшкін астында қаламыз деп қорқып отыр

Published

on

By

Биыл жыл басында лай көшкіні кезінде төрт адам қайтыс болған “Тау самалы” ықшам ауданының тұрғындары апат тағы қайталана ма деген үреймен жүр. Қазір тау бөктерін қопарып кәріз жүйесіне жөндеу жүргізілгелі жатқан көрінеді. Ақпанда болған апатқа да кәріз құбырларының дұрыс тартылмауы себеп болған еді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Бойын үрей билеген жергілікті тұрғындар мұндағы құрылыс жұмыстарына үзілді-кесілді қарсы. Тау бөктерінде кәріз жүйесі жүргізіліп жатыр. Десе де құрылыс жұмыстары әлі аяқталмаған.

“Біріншіден, үйге рұқсат береді. Екіншіден, техникалық жағдайы, суға, кәріз жүйесіне қалай рұқсат береді? Кім беріп жатыр? Табиғат сақтау аймағын кім қарап жатыр? Алма бақтың ішіне кәріз жүйесін істеуге қалай беруге болады? Мүлде ондай заң жоқ. Табиғаттың жері. Оны құртуға болмайды”, – тұрғындардың бірі Байбақы Біләлов.

Төбедегі үйлер жергілікті халықтың мазасын қашырды. Кәріз жүйесі үш гектар аумақты алып жатқан алма бақтың астымен, өзеншіктің үстімен жүргізілмек. Ал бұл таудан аққан суды жергілікті жұрт күнделікті тіршілікте, тіпті ауыз су ретінде пайдаланады. Егер алда-жалда құбыр жарылатын болса, жоғарыдан аққан бүкіл адамның нәжіс суы мына тіршілік нәріне төгілгелі тұр.

“Қазір тапсырыс беруші алма бақты қопарып, құбырлардың бір бөлігін төсеген. Жүргізгенде де талаптарға сай келмейді. Еңістігі тым үлкен. Негізі мұндай жерге қандай да бір инженерлік желілер мен құрылыс жүргізуге тыйым салынады. Біз қазір аяқ асты көшкін жүріп кете ме қорқып жүрміз”, – дейді Дмитрий Бузинский. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, Алматыдағы Медеу ауданында 8 ақпанға қараған түні сел жүріп, екі үй зақымдалған еді. Оқиға орнына келген құтқарушылар үйде болған 4 адамды іздестірген. ТЖД құбырдың жарылуы селдің алдын ала себебі болуы мүмкін екенін айтқан. Бұған дейін лай көшкіні салдарынан қираған үй астынан 1984 жылғы ер адамның, 1980 жылғы әйелдің және 2007 жылғы егіз жасөспірімдердің денелері табылған еді.

Бірақ құрылысқа жауапты адамдар тиісті құжаттардың түгел, барлық құрылыс жұмыстары заң жүзінде жүргізіліп жатқанын айтады.

“Бұл кәрізге ешкім қосылмайды. Тұрғындар айтып отыр ғой “Таун хаус салады, 10 үй бар” деп. Ешкімді қоспаймыз. Жұмысты бастамас бұрын біз ГАСК-тан талон алдық. Келесі күні жұмысты бастадық. Бізде құжат бар. Ол жоба сараптамадан өткен. Сараптамадан кейін техбақылаумен келісімшартқа отырдық. Жұмыс бастауға лицензиясы бар”, – дейді тапсырыс беруші тараптың өкілі Олжас Асқаров.

Алайда құрылыс туралы жергілікті тұрғындарға ешкім ескертпеген. Енді әкімдіктегілер тәртіп сақшыларын шақырып айыппұл салып, тексеру жұмыстарын жүргіземіз деп отыр.

“Қазір жұмыс толық тоқтатылды. Негізі құрылыс басқармасы бар. Толықтай жұмыс сапасына, жүргізілуін қадағалайтын орган. Жұмыс бүгін басталған болып тұр ғой. Қазіргі уақытта құдықтарды жинап қойған. Кәріз желілерінің жабдығына 505 бап бойынша шара қабылдаймыз”, – дейді Медеу ауданы инженерлік және жол бөлімі басқармасының басшысы Көбеген Сейтжанов.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (видео)

Published

on

By

Астанада аспаннан жойғыш ұшақтар ұшып өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Куәгерлер ұшақты видеоға түсіріп алған. Желіде тараған кадрлардан ұшақтың соңынан түтінді байқауға болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі 23 және 24 қарашада Астанада қарулы күштер авиациясының жоспарлы ұшулары өтетінін мәлімдеген еді. Министрлік мәліметінше аталған іс-шара кезінде арнайы түтін қолданылады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Іс-шара Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ”, – дейді министрлік өкілдері. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ресейге соғысқа аттанған қазақстандық уәде етілген азаматтықты ала алмай жүргенін айтты (видео)

Published

on

By

Қазақстанның 50 жастағы тумасы Олег Соколов Украинаға соғысқа кетіп, уәде етілген Ресей азаматтығын алмағанына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ер адамның үндеуін журналист Лұқпан Ахмедьяров жариялады. Ресейге соғысуға кеткен қазақстандық бір жылдан бері уәде етілген Ресей төлқұжатын ала алмағанын айтты.



“Есімім Олег Георгиевич Соколов. 1974 жылы дүниеге келгенмін. Қазақстан азаматымын. Солтүстік әскери округте жүргеніме бір жыл болды. Әлі азаматтық ала алмай жүрмін”, – дейді ол.

Ер адам енді Қазақстанға орала алмайтынын, өйткені оған жалдамалылық бабы бойынша айып тағылатынын айтты.

“Ресей қауымдастығына өтініш білдіргім келеді. Өйткені мен Қазақстанға, өз үйіме орала алмаймын. Өйткені “Арнайы әскери операция” мүшесі ретінде жалдамалылығы үшін бірден түрмеге жабылады. Бірақ азаматтығым жоқ, Ресейде тұра алмаймын. 2023 жылы келісім шартқа отырғанымда, азаматтықты еш қиындықсыз алатынымды айтты. Біреуі үш айдан кейін аласың деді. Енді бірі мемлекеттік наградаларды алғаннан кейін беріледі деп айтты”, – деді ол.

Желіге ер адамның үндеуі жарияланған соң ол қатаң сынға ұшырады. Көпшілік бұған оның өзін жазғырды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қалай бермейді? Сен Ресейдің батырысың ғой”, “Елімізде біреуі болса да азайғаны жақсы!”, “Үйім Қазақстанда деп, өзі Ресей үшін соғысып жатыр ма? Болды досым, енді сенің үйің Ресей”, “Олар тарихи отанына кетсін. Бізге олардың қажеті жоқ!”, – деп жазды олар. 


Айта кетейік, бұған дейін Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасағаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сарапшылар Қазақстанда ең арзан пәтерлері бар қалаларды атады

Published

on

By

2024 жылдың қарашасында Қазақстанның төрт қаласында тұрғын үй құны еліміздің басқа елді мекендеріне қарағанда арзанырақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, бұл тізімде Қызылорда көш бастап тұр. Сонымен қатар бұл барлық форматтағы пәтерлерге қатысты, яғни бір бөлмелі пәтерлерден үш бөлмелі пәтерлерге дейін.

  • 1 бөлмелі – 7,5 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 12 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 16 миллион теңге.

Сондай-ақ ең қолжетімді жылжымайтын мүліктер Тараз, Талдықорған және Жезқазған қалаларына тиесілі.

“Бұл өңірлерде бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 9,5 миллионнан 10,5 миллионға дейін. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 21 миллионнан 23 миллионға дейін барады”, –делінген хабарламада.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сарапшылардың пікірінше, елде әртүрлі бөлмелі пәтерлердің бағасы 13-тен 25 миллионға дейін өзгереді.

  • 1 бөлмелі – 13 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 19 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 25 млиллион теңге.

Ал еліміздегі ең қымбат баспана Алматыға тиесілі. Онда бір бөлмелі пәтердің құны орта есеппен 24 миллион теңге. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 36 миллион және 44 миллион теңге. 

Тұрғын үй бағасының қымбаттығы бойынша Астана екінші орында. Ал Шымкент үшінші орында.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending