Connect with us

IN-THE-NEWS

Бюджет қаражатын ескерткіш салуға көбірек жұмсайтын өңірлер анықталды

Published

on

By

Алматы Мәдениет басқармасы cоңғы алты жылда ең көп бюджет қаражатын ескерткіш жасауға жұмсаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Adata.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: gov.kz

Өңірдің мәдениет басқармасы алты жыл ішінде барлығы 336,8 миллион теңгенің мемлекеттік келісімшарттарын жасасқан. Бұл ақшаға оңтүстік астанада Ататүрік, Ыбырай Алтынсарин және Роза Бағлановаға ескерткіштер орнатылып, Ермек Серкебаевтың ескерткішіне мердігерлерге тапсырыс берілген.

Өткен жылы құны 68,7 миллион теңге болатын Алтынсарин ескерткішінің төңірегінде жанжал шықты. “Әділдік жолы” қоғамдық қорының белсенділері мүсіннің техникалық шарттарға сәйкес келмейтінін анықтады. Олар, ескерткіш пен тұғырдың биіктігін, қорытпаның құрамын талқылады. Нәтижесінде осы жазда сот мердігерге  төленген соманы түгелдей қала үкіметіне қайтаруға міндеттеді.

2019 жылдан бері жасалған келісім-шарттар көлемі бойынша тапсырыс берушілер арасында екінші орында Талдықорған қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі. 

Бірнеше жыл бұрын қалада коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне құны 31,7 миллион теңге болатын мүсіндік композиция орнатылды. Сондай-ақ биыл олар 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын еске алуға арналған ескерткішті жасап шығуға келісімшартқа отырды. Оның құны 181,9 миллион теңге.

Ең жомарт мемлекеттік мекемелердің үштігін Астананың Біріккен мұражайлары дирекциясы түйіндейді. Екі мемлекеттік келісім-шарт құны шамамен 200 миллион теңге. Қыркүйек айының соңында елордада Мұхтар Әуезовтің ескерткіші салтанатты түрде ашылды. Екіншісі, келісім шартта арзанырақ бағамен көрсетілген. Ол “Құлпытас” еркерткіші. Бірақ оның ашылғаны, тұсаукесері өткені я өтпегені белгісіз. 

Мемлекеттік тапсырыс бойынша ескерткіш жасаушылар арасында кім көш бастап тұр

Соңғы жылдары ең көп бюджет қаражатын Айдос Бүркітбаев алған. Мүсіншінің 2023-2024 жылдары мемлекеттік сатып алу аясында 507 миллион теңгеге жуық лот ұтып алған өзімен аттас компаниясы бар. Ол Мұхтар Әуезовтің, Ататүріктің, Ермек Серкебаевтың, Бердібек Соқпақбаевтың ескерткіштерін, марқұм өрт сөндірушінің бюстін және Семей-Чернобыль мемориалын жасаған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

34 жастағы мүсінші жеке кәсіпкер ретінде тіркелгіп, мемлекеттік сатып алуларға да қатысып жүр. Ол жасасқан келісім шарттардың құны 117,5 миллион теңге. Ол 2023-2024 жылдары генерал Сағадат Нұрмағамбетовтың құрметіне ескерткіш орнатқан. Сонымен қатар Астанада “Құлпытас” мүсінін жасауға бірнеше келісім-шарттар жасасқан. 

Екінші орында, бюджеті 230 миллион теңге болатын “BauKen Construction” ЖШС. Компания Талдықорған қаласында “Желтоқсан желі ызғарлы” ескерткіші мен Жалаңтөс Баһадүрдің ескерткішін орнатқан 37 жастағы Бауыржан Кененбайға тиесілі. Дегенмен ескерткіш өндірісіне байланысты Кененбайдың үстінен Қызылорда облысының мәдениет басқармасының басшысына пара (1 млн. теңге) бергені үшін қылмыстық іс қозғалды. Алайда сот оны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, 15 миллион теңге айыппұл салды.

Дегенмен ол жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік сатып алуларға әлі күнге дейін қатысады. 

Ескерткіштерді салуға мемлекеттік тапсырыстарды жиі ұтатындардың үштігін “Қазақстан Көркем комбинаттары “ҚазАрт” ЖШС аяқтайды. Компания 52 жастағы Айман Қализатоваға тиесілі.

2019 жылдан 2022 жылға дейін компания 459 миллион теңгеге мемлекеттік келісім-шарттар жасаған.

“ҚазАрт” компаниясы Астанадағы Жұмабек Тәшенов, Жақсылық Үшкемпіров, Талғат Бигелдинов ескерткіштерін, Қарағандыдағы Нұркен Әбдіровке арналған ескерткішті салуға атсалысқан. 

Бір қызығы, аты, тегі және әкесінің аты ұқсас адам осыдан он шақты жыл бұрын дәстүрлі медицинада жұмыс істеген көрінеді. Ашық деректерге сүйенсек, 2014 жылы Қализатова Денсаулық сақтау министрлігінен гирудотерапия саласындағы маман ретінде сертификат алған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

“Қазмұнайгаз” басшылығы Жаңаөзендегі ереуілшілерді жұмысқа кіруге шақырды

Published

on

By

“ҚазМұнайГаз” АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов “Өзенмұнайгаз” кәсіпорнындағы жағдайға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Қазмұнайгаз

Хасенов Жаңаөзендегі ереуілдің компанияға келтірген шығынын атады.

“Зақым әртүрлі, негізі күніне шамамен 100 тоннаны жоғалтып жатырмыз, бірақ негізгі техника мен негізгі бригадалар қазірдің өзінде жұмыс істеп жатыр. Сол үшін көлемі ұлғаяды”, – деді Хасенов брифингте.



Компания басшысы “ҚазМұнайГаз” басшылығы ереуілшілермен диалогқа дайын деп сендірді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біз барлығын жұмысқа шығуға шақырамыз. Екіншіден, адамдар дұрыс емес ақпарат алып жатыр. Ақпарат дұрыс жеткізілсе, рұқсат етілмеген әрекеттерге мүлдем негіз жоқ деп есептеймін. Біз диалогқа дайынбыз”, – деп атап өтті ол.

Хасенов қанша адам әлі де ереуілде екенін хабарлады.

“Бүгінгі күні 141 адам жұмысқа шықпады, қалғандары жұмыс орнында”, – деді Асхат Хасенов.

Бұған дейін ереуілге шыққан “Өзенмұнайгаз” қызметкерлері зейнеткерлердің балалары мен денсаулығынан айырылғандардың балаларын жұмысқа алуды, Жаңаөзендегі жұмыссыздықты шешуді және 2013 жылғы ұжымдық келісімдегі тәуелсіз еңбекақы жүйесіне қайта оралу мен жүргізушілер мен операторлардың мәртебесін көтеруді талап етті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Монополистер қазақстандықтарға жылу үшін 768 миллион теңгеден астам қаражат қайтарады

Published

on

By

Монополистер 2023/2024 жылдарда жылу энергиясы үшін төлеген артық ақшаны қазақстандықтарға қайтарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pexels.com

Қазақстанның табиғи монополиялар туралы заңнамасына сәйкес табиғи монополия субъектісі сыртқы ауаның нақты температурасын ескере отырып, жылу энергиясын беру бойынша реттеліп көрсетілетін қызмет құнын қайта есептеуге міндетті.

Жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша қалыпты түрде көрсетілетін қызметтің құнын тікелей тұтынушыларға қайта есептеуге міндетті. Ал тұтынушының тұрған жерін анықтау мүмкін болмаған жағдайда, жылу ақысын жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша қалыпты түрде көрсетілетін қызмет ақысын төлеген кезде тарифті төмендету жолымен қайта есептейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Осылайша, жылумен жабдықтау саласында қызмет көрсететін ТМС есептеу құралдары жоқ тұтынушыларға 2023/2024 жылдарда жылу энергиясы үшін төленген төлемақыны қосымша құн салығын ескере отырып, жалпы сомасы 768,2 млн теңге мөлшерінде қайтарды.

“Ең көп қайтарылған сома (354,5 млн теңге) ШҚО-да тіркелді. Содан соң Алматы (95,4 млн теңге) және Маңғыстау облысы (60,9 млн теңге) тұр. Қызылорда (38,6 млн теңге), Ақтөбе (37,7 млн теңге), Ақмола (33,5 млн теңге) және Қостанай (32 млн теңге) облыстарында да қомақты қаражат қайтарылды”, – деп жазды басылым.

Ал Ұлытау және Қарағанды облыстарының тұтынушылары үшін өзге тәсіл қолданылады, себебі жылу энергиясымен қамтамасыз ету бойынша қалыпты түрде көрсетілетін қызмет құны сыртқы ауаның нақты температурасы ескеріліп есептеледі.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы сынға қалды

Published

on

By

Танымал продюсер, актриса Жұлдыз Әбдікәрімованың сән апталығындағы образы ел талқысына түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/zhuldyzabdukarimovaofficial/

Қайрат Нұртастың келіншегі көпшілікке еліміздегі танымал дизайнердің жаңа топтамасын таныстырды. Актриса подиумға жылан терісіне ұқсас матадан тігілген көйлекті киіп шығып, ел назарын өзіне аударды. Бірі мақтап, енді бірі даттап та үлгерді. Оған қоса сән көрсетілімінің соңында өнер иесі модельдердің шеруін бастап шықты. 



Алайда көпшілікке актрисаның киген көйлегі ұнамай қалды. Бірі жақтаса, енді бірі қазақ келіндеріне жараспайтын киім деп даттады. 

“Осындай да көйлек бола ма?!”, “Жартылай жалаңаш көйлекті ешкім кимейді”, “Қазақ келіндеріне жараспайтын киім”, “Өте сұлу да өзіне сенімді ару”, “Қадамдары нық деп осындайда айтады екен. Кәсіби модельден еш жері кем емес”, “Не деген фигура, 4 баланың анасы деп кім айтады”, “4 бала туған әйел де жас қыздай көрінетінін тағы да дәлелдедің”, “Мүсінінде бір мін жоқ”, “Жоғары деңгейде жүріп өтті. Не деген харизма, энергия”, “Сөз жоқ, сұлусыз. Қарай бергің келеді”, – деп жазды оқырман қауым.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, жақында актриса Түркияға кетіп, емделіп келген болатын. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!