Connect with us

IN-THE-NEWS

“Қазақфильм” алдағы уақытта жабылуы мүмкін бе – Министр Аида Балаева жауап берді

Published

on

By

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мәжіліс кулуарында “Қазақфильмнің” болашағына қатысты сауалға жауап беріп, мекеменің жабылу мүмкіндігі жайлы баяндады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Cosmo

Аида Балаева өз сөзінде “Қазақфильмнің” тарихи мекеме екенін айта келе, жабылмайтынын мәлімдеді. 

“Әлбетте, жабылмайды. Мұны министр ретінде айтамын. Бұл – біздің тарихымыз, киноның дамуы “Қазақфильммен” тікелей байланысты. Сондықтан біз мекемені сақтап, дамытуға міндеттіміз. Бұған дейін де айтқанмын, мәдениет және ақпарат министрлігі заң бойынша “Қазақфильмді” қаржыландыра алмайды, ондай құқығы жоқ”, – деді ол. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Министрдің сөзінше, қазіргі таңда “Қазақфильмді” министрлік тарапынан қаржыландыру мәселесі заңдық негізде реттеліп жатыр. 

“Заңға “Қазақфильмге министрлік тарапынан тура қаржыландыру алуға мүмкіндік беру жөнінде норма енгізіледі. Қазір ол қаржы ала алмайды, сондықтан бұл уақыттың мәселесі. Бүгін тағы да “Қазақфильмнің” жағдайы өте қиын екенін айтқым келеді. Инфрақұрылымы да, барлығы да. Қаржыландыру болмаса, осы жөнінде айтудың да керегі жоқ”, – деп түсіндірді ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Әмір Маймұратов Бүкіләлемдік жағажай ойындарының жеңімпазы атанды

Published

on

By

Спорттық жартасқа өрмелеуден Париж олимпиадасының қатысушысы Әмір Маймұратов Сауд Арабиясында өткен турнирдің жеңімпазы атанды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Спорттық жартасқа өрмелеуден Қазақстан құрамасының көшбасшысы Әмір Маймұратов Сауд Арабиясында өткен Бүкіләлемдік жағажай ойындарының чемпионы атанды.Әр бағдарлама бойынша әлемнің ең үздік 25 спортшысынан 100 споршы ғана шақырылған дүрмекте отандасымыз “жылдамдық” бағдарламасы бойынша үздік шықты. Әр бағдарламадан олимпиадағы ең үздік нәтиже көрсеткен 10 спортшы мен рейтинг бойынша 15 адам ғана жарысқа қатысуға мүмкіндік алған. Әмір финалда финалда корей, жапон, америкалық спортшы және қазақ жігітімен шыққан. Нәтижесінде ол әлем және олимпиада рекордын ұстайтын, америкалық Самуэль Уатсонды 0,05 секундқа жеңіп кетті. Әмір 5,09 уақытты көрсетсе, қарсыласы 5,14 секунд тіркеді.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, бұл Әмірдің олимпиададан кейінгі төртінші жарысы. Ол алдыңғы үш жарыстың үшеуінде де күміс жүлде жеңіп алса, маусымдағы соңғы жарысында алтыннан алқа тағып отыр.     

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Батыс Қазақстанда алаяқтар адамды сан соқтырды

Published

on

By

Батыс Қазақстан облысында үш адамнан құралған алаяқтық топ адамдарға өзін баласы деп таныстырып, бар ақшасын ұрлап кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Polisia.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Polisia.kz

Күдіктілер WhatsApp қосымшасы арқылы педагогтердің іс-шарасын өткізу үшін құрылған жалпы чатқа кірген. Чаттың мазмұны мен хаттарды зерттегеннен кейін ол ондағы адамдардан ақша аударуды сұрап, жекелеріне шыққан.

“Олар өздерін адамдарға баласы ретінде таныстырған. Телефоны сөніп қалды деп сылтауратып басқа нөмірден шыққан. Күдіктілердің сөзіне сеніп жәбірленушілер карта деректері мен CVV-кодтарын жіберген. Содан кейін алаяқтар қаражатты қолма-қол ақшаға алмастырған”, – дейді Қаратөбе полиция бөлімінің тәртіп сақшылары.



“Қате шығып тұр, мама. Басқа карта бар ма?”, “Хабарлама келді ме, мама?”, “Менің жаңа нөмірім, сақтап қойыңыз”, “Осы нөмірде боламын” деп жазған алаяқтар.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: Polisia.kz

Қазір алаяқтықтың 17 фактісі бойынша полиция тергеу жүргізіп жатыр. Алданғандар арасында басқа өңірдің тұрғындары да бар болып шықты. Келтірілген залалдың жалпы сомасы шамамен 10 миллион теңгеге жеткен.

Полиция азаматтардан бөгде адамдармен телефонмен сөйлесу кезінде ғана емес, жалпы чаттарда хат алмасу кезінде де абай болуды ескертеді.

Бұған дейін ақшасын алмаз өндірісіне салған мыңдаған маңғыстаулықтар 9 миллиард теңгеге алданған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Cаясаткер 30 жастан асқан әйелдерге босануға тыйым салуды ұсынды

Published

on

By

Жапонияның консервативтік партиясының жетекшісі Наоки Хякута 30 жастан асқан әйелдерге босануға тыйым салуды ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NDTV басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: NDTV

Сондай-ақ саясаткер 25 жастан асқан жапондық әйелдерге тұрмысқа шығуға, ал 18 жастан асқан қыздарға университетке түсуге тыйым салуды ұсынды. Оның сөзінше, 30 жастан асқан әйелдердің жатырын алып тастау керек. 

“Бұл ұсыныс жас қыздарды ерте жаста ана болуға ынталандырады. Сондай-ақ Жапонияның демографиялық мәселесін шешуге көмектеседі. Ерте некеге тұру және ұзақ мерзімді білім беруден бас тарту әйелдерге отбасы құруға және бала тууға көбірек уақыт бөлуге мүмкіндік береді”, – дейді ол.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Саяси мансабына дейін жазушы болған Хякутаның бұл сөзі қоғамда да, БАҚ-та да қызу талқыға түсті. Көбі оның көзқарасын мизогинистік және радикалды деп санайды. Жұртшылықтың сынынан соң саясаткер өз сөздері үшін кешірім сұрауға мәжбүр болды. Ол бұл тек “гипотетикалық болжамдар” екенін түсіндірді. 

Дегенмен саясаткердің ұсынысы қоғамда әлі талқыланып жатыр. Олардың басым көпшілігінің сөзінше, мұндай ұсыныс қоғамдағы әйелдерге қысымды күшейтуі мүмкін.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!