Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматыда әйел көршісінің баласын сабап тастады

Published

on

By

Алматылық келіншек 11 жастығ ұлын көк ала қойдай етіп сабап тастаған көршісінің үстінен шағым түсірді. Жасөспірім жарақат салдарынан ауруханаға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Никита/Видеодан скрин

Жанжал екі баланың арасындағы түсініспеушіліктен басталған. Никитаның айтуынша, қатарласы оның телефонын сындырған. Бұл жағдайдан кейін ортаға жасөспірімнің анасы түскен. 

“Төбелестен кейін мен кетіп қалмақ болдым. Телефонымды қолыма алдым. Ол телефонымды бір теуіп, жерге түсірді. Телефоным сынып қалды. Сөйтіп оның анасы келіп “Никита деген кім?” деді Басымнан ұрып, шашымды жұлды, қолымды тырнады”, – дейді ересек адамнан зардап шеккен жасөспірім.

Никитаның анасы Евгения Ряшенцева көршісінің ұлын ұрып-соққан сәті бейнекамераға түсіп қалғанын айтады.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Әйел көлігінен түсіп, ұлыма шабуыл жасады. Ол оның шашын жұлып, саусақтарын сындырып, басынан ұрды. Мұның бәрі дәл осы жерде болды. Бас миының жарақаты, денесі көгерген жерлер, жаралар бар. Мұның бәрі видеода көрсетілген. Бұл әйел өзін ұстай алмайтынын көрсетті: полицияның алдында балағат сөздер айтты”, – дейді Евгения Ряшенцева.

Сондай-ақ оның айтуынша, әйел жасөспірімнің самокатын тартып алып, жерге ұрған. Баланың денесі қанталап, басы жарақатымен ауруханаға жатқызылды. Жасөспірім қазір үйде емделіп жатыр, мектепке барып жүрген жоқ. Никитаның анасы полицияға арызданды.

“Аталған факті бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімі баланың денесіндегі жарақаттың ауырлығын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Кешенді шаралардың нәтижелері бойынша заңға сәйкес шаралар қабылданады”, – деді Алматы полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Зардап шеккен баланың анасының айтуынша, полиция екі тарапқа татуласуды ұсынған. Бірақ жәбірленушілер айыпталушыларға кешірім беруден бас тартты. Олар балаға шабуыл жасаған әйелді жазалауды талап етіп отыр. Сот сараптамасының қорытындысы сәйкес оның қандай жауапкершілікке тартылатыны белгілі болмақ.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Антикор бірнеше жалған спортшыларды атақтарынан айырды

Published

on

By

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бірнеше жалған спортшылардың спорттық атақтарынан айырылғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ресми өкілі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, 17 облыста жаттықтырушылық, оқытушылық және спорттық қызметпен айналысатын тұлғалардың жалған дипломдарды пайдалануының 260-тан астам фактісі анықталған.

“Спортшы Арман Әшімовтің жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын заңсыз алған бірнеше адам туралы айтқан ақпаратына тоқталдық. Тергеу қорытындысы бойынша бұл тұлғалар аталған атақтарынан айырылды, оларға бұл атақты берген тұлғалар сотталды”, – деді Биғайдаров.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Биғайдаровтың хабарлауынша, барлық материалдар ішкі істер органдарына өткізіліп, 180 адаммен еңбек шарты бұзылған.

Еске салсақ, бұған дейін “Астана” футбол клубы соңғы 6 жылда мемлекеттен 50 миллиард теңге алып, Дубай мен Түркиядағы сапарларға миллиардтап қаржы жұмсағаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада студенттер фестивалінің жеңімпаздары анықталды

Published

on

By

Елордада JASTAR JALYNY-2024 студенттік шығармашылық-спорттық фестивалінің қорытындысы шығарылды. Халықаралық студенттер күні қарсаңында жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.

Фестивальдің мақсаты жастардың шығармашылық әлеуетін ашу және дарынды студенттер мен ұжымдардың дамуына жағдай жасау болды.

Іс-шара барысында студенттер спорт пен өнердегі жетістіктерін көрсетіп қана қоймай, командада жұмыс істеуге, өз ойын білдіруге және көшбасшылық қасиеттерін көрсетуге үйренді.

“Студенттік өмір – бұл мәңгі есте қалатын уақыт, оны ұмыту мүмкін емес. Жастар – қоғамның қозғаушы күші, одан әрі дамудың негізі және әр елдің болашағы. Бүгінгі таңда елордада қаламыздың дамуына үлес қосып, болашағымызды қамтамасыз ететін 450 мың жас тұрады. Құрметті жастар, Сіздерді мерекелеріңізбен құттықтаймын! Жарқын естеліктерге толы жастық сіздерге тек жетістіктер мен қуанышты сәтке толы болсын”, – деді фестиваль жеңімпаздарын құттықтаған Астана қаласы әкімінің орынбасары Есет Байкен.

Конкурстық бағдарламаға елорданың 15 ЖОО-ның 100 мыңға жуық студенті қатысты.

Фестиваль қатысушыларын кәсіби мәдениет, өнер және спорт қайраткерлері, сондай-ақ белгілі әртістер, хореографтар мен видеографтар бағалады.

Студенттер футбол, волейбол, шахмат, үстел теннисі, эстрада, домбыра, ұлттық және заманауи би, театр және мобилография сияқты өнер және спорт түрлері бойынша бақ сынасты.

“Жеңіс жақсы дайындық пен өз қабілеттеріне деген сенімділіктің нәтижесі болды. Фестивальде жаңа адамдармен араласу мені шабыттандырды. Студенттердің шахматқа қызығушылық танытып, өздеріне қолдау көрсетіп жатқанын көру қуаныш пен мотивация береді”, – деді әлем чемпионы, Қазақстан мен Азияның бірнеше дүркін чемпионы, Қазақстан әйелдер құрамасы құрамасындағы Олимпиаданың күміс жүлдегері, дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясының студенті Меруерт Камалиденова.

Гран-при барлық номинациялардың қорытындысы бойынша ең көп балл жинаған Қазақ ұлттық өнер университетіне берілді. Фестивальдің бас жүлдесі 500 000 теңгені құрады. Екінші командалық орынға дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, үшінші орынға С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті ие болды.

Әр номинацияның жеңімпаздары ақшалай сыйлықтарға ие болды. Бірінші орын үшін 100 000 теңгеден, екінші орынға 70 000 теңгеден, үшінші орынға 50 000 теңгеден табыс етілді.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Номинациялар бойынша жеңімпаздар:

Шахмат: I орын – дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, II орын – Astana IT University, III орын – Назарбаев Университеті.

Ұлттық би: I орын – Қазақ ұлттық хореография академиясы, II орын – Esil University, III орын – Astana International University.

Мобилография: I орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, II орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, III орын – Қазақ ұлттық хореография академиясы.

Ұлттық аспап (домбыра): I орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, II орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті, III орын – Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті.

Эстрада: I орын – “Тұран-Астана” университеті, II орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, III орын – Esil University.

Театр: I орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, II орын – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, III орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.

Футбол: I орын – дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, II орын – Назарбаев Университеті, III орын – С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті.

Үстел теннисі: I орын – Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, II орын – дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, III орын – Назарбаев Университеті.

Волейбол: I орын – дене шынықтыру және бұқаралық спорт академиясы, II орын – Назарбаев Университеті, III орын – Мақасұт Нәрікбаев университеті.

Заманауи би: I орын – А.Қ. Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты, II орын – Қазақ ұлттық өнер университеті, III орын – Astana IT University.

Фестивальдің соңғы рәсімі нағыз шоуға ұласты. Іс-шарада танымал AYREE және QARAKESEK әртістері өнер көрсетті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Түркістан облысында алаяқ 80-нен астам адамды алдап, 337 миллион теңге шығын келтірген

Published

on

By

Түркістан облысында 80-нен астам тұрғынды алдап, 337 миллион теңге шығын келтірген күдікті ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: polisia.kz

Түркістан облыстық полиция департаментінің мәліметінше, облыс аумағындағы интернет алаяқтық қылмыстарына қатысы бар күдікпен 34 жасар ер адам ұсталған.

Күдікті ер адам жәбірленушілерге ақшалай қаражаттарыңызды көбейтіп беремін деп сенімдеріне кіріп, онлайн-несие рәсімдеткен. Алаяқтық жолмен тапқан қаражатты жеке басының пайдасына жаратып отырған.


“Шығын 54 миллион теңгеге ұлғайды”: Алаяқтарға алданып қалған Роза Рымбаева мен Дәулет Тұрлыхановқа қатысты тың дерек шықты READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Тексеру кезінде күдіктінің жалпы 87 жайтқа қатысы бар екені анықталды. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі 337 миллион теңгеден асқан. Күдікті қамауға алынды”, – делінген полция хабарламасында. 

Сонымен қатар полиция облыстағы интернет алаяқтық қылмыстарына қатысы бар 22 жастағы жігітті анықтаған. Күдікті әлеуметтік желіде жиһаз құрастыру бойынша жалған парақшалар ашып, жәбірленушілердің тапсырысын қабылдап, ақшаларын иемденіп отырғаны анықталды. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтөбеде алаяқ адамдарды медицина университетіне грантқа түсіремін деп алдап кеткені туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!