Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстан ағылшын тілін меңгеру бойынша әлемдік рейтингте 103-орынды иеленді

Published

on

By

Ағылшын тілін меңгеру бойынша әлемдік рейтингте Қазақстан 103-ші орынға ие болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі EF English Proficiency Index басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Freepik

EF English Proficiency Index жаһандық зерттеуіне сәйкес, ағылшын тілін меңгеру бойынша Нидерланды елі бірінші орында. Екінші орынды Норвегия, ал үшінші орынды Сингапур иеленді.

Қазақстан бір жыл ішінде бір сатыға көтеріліп, рейтингтегі 116 елдің ішінен 103-орынға тұрақтады. Бұл көрсеткіш 2,1 миллион адамның деректеріне негізделген

Биыл Қазақстан ағылшын тілін меңгеру деңгейі төмен елдер тобында (EF EPI индексі 427). Африканың батысындағы Сенегал елі 102-орында. Ал Таяу Шығыстағы мемлекет Иордания 101-орында. Бұл санаттағы көшбасшылар қатарында 93 және 95 орындарға жайғасқан Мьянма мен Ауғанстан бар.

Фото: ef.com

EF Education First мәліметінше, Қазақстанда ағылшын тілін жақсы меңгерген қалалар бойынша Алматы 476 индексімен көш бастап тұр. Екінші орында 469 ұпаймен Астана. Ақтөбе 451 ұпаймен үшінші орында. Рейтингі жоғары қалалардың бестігіне Ақтау (433) мен Шымкент (360) те кіреді.

Биыл Қазақстан өңірлерінің индексі 320-дан 475-ке дейін ауытқиды. Бір жыл ішінде Алматы облысы 8-ші орыннан (427) көтеріліп, ағылшын тілін меңгеру бойынша көшбасшы атанды. Ақмола облысы екінші орында болса, Қостанай үшінші орынға жайғасты. Одан кейінгі 4-орынды Павлодар (453) мен Шығыс Қазақстан облысы (453) бөлісті. Ал Ақтөбе 451 ұпай жинап, бір жыл ішінде екі позицияға көтеріліп, алғашқы бестікті түйіндеді. 

“Қазақстан әлемдік қауымдастыққа ену үшін белсенді әрекет етіп жатыр. Сондай-ақ ағылшын тілін үйренуге үлкен көңіл бөлуді жалғастырып отыр”, – деді ТМД елдері бойынша English Proficiency Index директоры Дмитрий Федоров.

Дмитрий Федоровтың сөзінше, қазақстандық жастардың халықаралық аренадағы бәсекеге қабілеттігін арттыру үшін білім беру бағдарламаларын одан әрі дамыту керек.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“21 мен 30 жас аралығындағы жасдардан оң тенденцияларды байқаймыз. Бұл жоғары оқу орындарының білім беруге қосқан үлесінің зор екенін көрсетеді. Дегенмен, студенттердің университетті бітіргеннен кейін де ағылшын тілін меңгеруін қамтамасыз ету керек. Ағылшын тілін меңгеру деңгейі бойынша Алматы Бангкок, Баку және Мехико сияқты қалаларды басып озып, Қазақстанда көш бастап тұр. Анкара, Тегеран, Бейжің сияқты қалалардың деңгейіне жету үшін әлі де жұмыс істеу керек”, – дейді ол. 

Федоровтың айтуынша, Қазақстанға көршілес Бішкек ағылшын тілін меңгеру бойынша басқа қалаларға қарағанда оқ бойы озық тұр. Олардың тілді меңгеру деңгейі орташа дейді.

“Келесі жыл Қазақстан үшін бетбұрыс кезеңі болатынына және EF EPI-де жақсы көрсеткіштерге жете алатынына сенімдімін. Өйткені, ағылшын тілін меңгерудің ғаламдық ландшафты үнемі өзгеріп отырады. Биыл Таяу Шығыс пен Африкада тілді меңгеру оң нәтиже көрсеткенімен, басқа аймақтардағы ересектер арасында ағылшын тілін білу деңгейі баяу екенін байқап отырмыз”, – дейді ол. 

EF EPI 2024 негізгі қорытындылары

Бүкіл әлемде тілді меңгеру деңгейінің төмендегені байқалады. Елдердің 60%-ы өткен жылмен салыстырғанда төмен нәтиже көрсетті. Жағымды түсы, биыл 18-20 жас аралығында ағылшын тілін меңгеруге ұмтылған жастардың қатары көбейді.  

Гендерлік алшақтық сақталады. Әйелдердің ағылшын тілін білу деңгейі өткен жылдан бері тұрақалып қалды. Ал ерлердің ағылшын тілін білу деңгейі төмендеп, гендерлік алшақтықты қысқартты. Дегенмен, 40 елде ерлер әйелдерге қарағанда тілді анағұрлым жоғары деңгейде меңгерген. Ал Африка ағылшын тілін әйелдер ерлерге қарағанда жоғары деңгейде меңгерген  жалғыз континент. 

Аймақтық өзгерістер. Өткен жылы Азияда ағылшын тілін меңгерушілер саны азайған. Бұл көрсеткіш негізінен Үндістан мен Қытайға байланысты. Еуропада ағылшын тілін білу деңгейі де аздап төмендеген. Латын Америкасында тілді меңгеру деңгейі жылдан жылға өсіп келеді. Ал ағылшын тілін меңгеру деңгейі біртіндеп жақсарып келе жатқан елдер қатарында, Таяу Шығыс, әсіресе Сауд Арабиясы бар. 

EF Education First – 1965 жылы Швецияда құрылған халықаралық білім беру компаниясы. EF қызметінің негізгі профилі – академиялық шет тілін оқыту бағдарламалары (орта, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім) және білім беру туризмі. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Путин Украинадағы қақтығыстың жаһандық деңгейге өткенін мәлімдеді

Published

on

By

Ресей президенті Владимир Путин шұғыл мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kremlin.ru

Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыс “жаһандық сипаттағы элементтерге” ие бола бостады.

Путин 19 қарашада Украина қарулы күштері Брянск облысындағы нысаналарға алты ATACMS зымыранымен және 21 қарашада Курск облысында Storm Shadow жүйелерімен шабуыл жасағанын айтты.

Путин Украинадағы қақтығыс осы шабуылдардан кейін жаһандық сипаттағы элементтерге ие болғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ресейге соққы жасау үшін ұзақ қашықтықтағы снарядтарды олар жасалған елдердің мамандарынсыз ұшыру мүмкін емес.

“Біз өзімізді қаруларын бізге қарсы қолдануға мүмкіндік берген елдердің әскери нысандарына қарсы шабуыл жасауға құқылымыз деп санаймыз. Ал агрессивті әрекеттер күшейген жағдайда біз де батыл жауап береміз”, – деді Путин.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ Путин Мәскеудің орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды одан әрі орналастыру мәселесі АҚШ пен серіктестерінің әрекетіне байланысты шешілетінін мәлімдеді.

“Орешник” сияқты жүйелермен соққы жасалатын нысанлаларды таңдағанда, біз бейбіт тұрғындарға алдын ала хабарлап, сол жақта жүрген достас мемлекеттердің азаматтарынан қауіпті аймақтардан кетуді сұраймыз”, – деді Путин.

Сонымен қатар Путин ең жаңа орта қашықтыққа ұшатын “Орешник” зымыранының сәтті сынақтан өткенін хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі заманғы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бұл зымырандарды ұстай алмайды, өйткені олар нысанаға секундына 2,5-3 шақырым жылдамдықпен шабуыл жасайды.

“Орешник” зымыран жүйесі НАТО елдерінің Ресейге қарсы агрессивті әрекеттеріне жауап ретінде ұрыс жағдайында сынақтан өткізілген. Путин соңғы зымырандық жүйелерді одан әрі сынау кезінде соққы жасалатын нысаналар Ресейге төнген қауіп-қатерлерге байланысты анықталатынын баса айтты.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Роман Скляр жеке тұлғалардың елге көлік әкелу ережелеріне қатысты пікір білдірді

Published

on

By

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеке тұлғалардың елге көлік әкелу ережелеріне қатысты мәселеге пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Роман Скляр кейбір блогерлердің ақпаратты бұрмалап жатқанын атап өтті. 

“Біз кейбір блогерлер айтып жатқандай, баждар мен салықтардың мөлшерлемелерін көтеру туралы айтып отырған жоқпыз, біз бірінші кезекте техникалық және кедендік процедураларды 2015 жылдан бері қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеп жатырмыз”, – деді Скляр.

Ол қазіргі заңнамаға сәйкес автокөлікті кедендік рәсімдеудің екі нұсқасы бар екенін атап өтті.

“Бірінші. Жеке тұлғаның жеке пайдалануы үшін әкелу кезінде – бұл жағдайда автокөлікке көлік құралының конструкциясының қауіпсіздік сертификаты беріледі, бірақ жылына бір автокөлікке ғана. Сонымен қатар 48%-дан аспайтын және қозғалтқыш көлеміне және автомобильдің жасына байланысты өзгереріп отыратын бірыңғай баж салығы төленеді. Жеке мақсаттар үшін екенін ескеру керек. Ауыр жүк көліктері мен сыйымдылығы 12 жолаушыдан асатын автобустарды жеке мақсатта, әсіресе жолаушылар мен жүктерді коммерциялық тасымалдау үшін пайдаланылатын көліктерді әкелуге болмайды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Екінші. Заңды тұлға әкелген кезде көлік құралын іскерлік мақсатта әкелген кезде көлік құралына көлік құралының түрін растау құжаты берілуі керек. Мұнда кедендік баж салығы 15%, ал импортқа ҚҚС 12%. Тағы да қайталап айтамын, бұл жаңалық емес, бұл Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан бері, яғни 2015 жылдан бері қолданылып келе жатқан талаптар”, — деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Роман Скляр көліктердің жеке мақсаттар үшін деп көрсетіп, іскерлік мақсатта пайдалатындарға мысал келтірді. 

“Тексеру барысында биылғы жазда 80 жастағы бір әйелге 10-нан астам “Еуро-2″ экологиялық класындағы жүк көлігі тіркеліп, жеке пайдалану үшін әкелінгені анықталды. Немесе біздің жолдардағы танымал “Альфардтар”. Жолдарда құрбан болғандар мен қайғылы оқиғалар өте көп. Бұлар да біздің азаматтар. Сондықтан қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң бақылауды күшейтіп жатырмыз”, – деді Скляр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап көлік әкелу ережелері өзгеретіні туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әскерде соққыға жығылып комаға түскен сарбаздың ісі бойынша сот басталды

Published

on

By

Алматы гарнизоны әскери сотында әскери борышын өтеп жүріп комаға түскен қостанайлық Нұржігіт Әбділпаттаға қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Нұржігіт Әбділпаттаның жеке мұрағатынан

Оқиға 2024 жылдың маусым айында Отардағы әскери бөлімде болған. Айыптаушы тараптың айтуынша, жігітке әлімжеттік көрсетілген. 

Сот жәбірленушінің, сондай-ақ куәгерлер, Нұржігіттің төрт әріптесі мен әкесі Тимур Жаналиннің айғақтарын тыңдады.

Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли баланың ата-анасының видео үндеуінен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев істі тексеруді тапсырғанын мәлімдеген еді.

Жәбірленуші өзін кіші сержант Дастан Тұрланның сапта тұрған кезінде тамақ дәрісін қолданғаны үшін асқазан тұсынан ұрғанын айтты.

“Сержант байқамайды деп үмітпен, дәріні тамағыма шашып жібердім. Бізді әскери бөлімге апарар алдында военкоматта түнеп, аздап салқын тигізіп алған едім. Бірақ Тұрлан мұны байқап қалып, ішімнің оң жағынан ұрды, менің тынысым тарыла бастады”, – дейді жәбірленуші.

Сонымен қатар сержант сарбазды қатарластарының көзінше балағаттап, көпшілік алдында масқаралаған. Жәюірленуші бұл оқиғадан кейін өзін ұзақ уақыт өте нашар сезінгенін айтты, сарбазда бас айналу, мұрыннан жиі қан кету, жүрек айну және тәбетінің жоғалуы басталған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бір күні мен асханада ауыра бастадым. Дәретханаға жүгіріп барып, құстым, содан кейін әріптестерім мені медициналық бөлімшеге апарды. Сол жерден мені ауруханаға жіберді. Одан кейін ешнәрсе есімде жоқ, тек Қордайдағы аурухананың жансақтау бөлімінде оянғанымды білемін”, – дейді Нұржігіт.

Сотқа куәгер ретінде жәбірленуші сарбаздың әкесі Тимур Жаналин де келді. Оның айтуынша, әйеліне әскери бөлімнен телефон соғып, Нұржігіттің Қордайдағы ауруханада жатқаны хабарланған, ол кезде ұлдарыңызда бәрі жақсы, алаңдауға негіз жоқ деп сендірді. Алайда бірнеше сағаттан кейін олар қайта телефон соғып, сарбаздың жағдайы өте ауыр екенін айтқан.

Жәбірленушінің әкесі әйелі екеуі ауруханаға баласын көруге келгенде, оларды ұзақ уақыт бөлмеге кіргізбегенін айтты. Сонымен қатар Нұржігіт комада жатқанда әкесі оны өз бетінше тексеріп, Нұржігіттің ішінің көгергенін анықтаған. Мұны алғашқы сот-медициналық сараптамасын жүргізген сарапшы да растады. Сараптаманы бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот отырысында сөз сөйлеген белгілі Тахир Халимназаров жүргізген.

Жәбірленуші сержанттың соққысынан ауырып қалғанын соңғы сәтке дейін әскери бөлімде ешкімге айтпағанын да атап өтті. Оның айтуынша, ол буллингтен қорқып, сондықтан болған оқиға туралы ешкімге айтқысы келмеген.

Сарбаз екі айға жуық комадан соң есін жиды. Сотта ол тіпті клиникалық өлімді бастан өткергенін айтты. Оның үстіне Қостанайда ата-анасының бақылауында бір айға жуық үйде болып, тек мүгедектер арбасы арқылы ғана қозғалған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!