Connect with us

IN-THE-NEWS

Баян Мақсатқызы “Қазақ аруына” қатысты күтпеген мәлімдеме жасады

Published

on

By

Танымал продюсер Баян Мақсатқызы “Қазақ аруына” қатысты тың деректі бөлісті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Айта кетейік, продюсер байқаудағы дауыс беру жүйесі істен шыққанын мойындады.

Ол провайдерлердің жарты миллионға жуық дауыс берушілерді көтере алмай, Telegram ботының дауысты қабылдамай қалғанын айтты. Сол себепті де “Қазақ аруы-2024” байқауының жеңімпазы қайтадан анықталатын көрінеді. 

“Қазақ аруы” байқауына қатысты үлкен хабарлама жасағым келіп тұр. Біздің провайдерлер артылған жүкті көтере алмады. Бұл біздің кінәміз емес. Телеграм арна барлық дауыс берушілерді көтере алмады. Жарты миллионға жуық адам дауыс бергісі келген екен. Бұл байқаудың үлкен танымалдылыққа ие екенін білдіреді. Ұйымдастырушы ретінде провайдерлердің кінәсін мойнымызға алып, ертеңгі телеарнаға шығатын эфирде дауыс беруді қайта жасағымыз келіп отыр”, – деді жоба жетекшісі.  



Оның сөзінше, эфир қалай жазылды сол күйінде беріледі. Тек дауыс беру үшін 2,5 сағат беріліп, сілтеме жаңартылады. Телекөрермен тікелей эфир барысында қайтадан дауыс бере алады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Тарихта бірінші рет қайтадан дауыс беру болайын деп тұр. Біз қашан да әділдік үшін шырылдаймыз. Бұл атаққа қайтадан Ақкербез лайық болуы мүмкін немесе Ақкербез болмауы да мүмкін. Бәрі халықтың еншісінде”, – деді Баян Мақсатқызы.  

Еске салайық, “Қазақ аруы-2024” байқауының жеңімпазы қызылордалық ару Ақкербез Ысқаққызы атанған еді.

Алайда қатысушыларға дауыс беру кезінде техникалық ақаулар туындап, көпшілік өз таңдауларын жасай алмағандарына наразылығын білдірген.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ақтөбе облысында әйел туған анасын ұрып өлтірді

Published

on

By

Ақтөбе облысында әйел анасын ұрып өлтірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Мой Город басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: istockphoto.com

Ақтөбе облысының Мәртөк ауылында 14 қараша күні 73 жастағы әйелдің мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша, әйелдің өліміне ішкі ағзалардың зақымдануы себеп болған.

Полицейлер кісі өлтірді деген күдікпен марқұмның 48 жастағы қызын ұстады. Полицияның мәліметінше, бірге ішімдік ішіп отырған күдікті мен анасының арасында жанжал шыққан. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.


“Ұрып, алдыңғы тістерін сындырған”: СҚО-да анасын өлтірді деп күдікке ілінген ер адамға қатысты сот отырысы басталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Облыстық полиция департаменті “денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру” бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады. 

Еске салсақ, бұған дейін Солтүстік Қазақстанда ер адам анасын өлтіріп, мәйітін өртеп жібермек болғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Атақты Майк Тайсон блогер-боксшымен болар жекпе-жек алдында көз түйістіру рәсімін жасады

Published

on

By

Супер ауыр салмақтағы әлемнің бұрынғы абсолютті чемпионы Майк Тайсон танымал америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полмен жекпе-жек алдында көз түйістірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Boxingscene.com

Майк Тайсон танымал америкалық блогер әрі боксшы Джейк Полды көз түйістіру рәсімінде шапалақпен салып жіберді. 57 жастағы спортшы мен 27 жастағы блогердің бокс кеші 20 шілде күні, АҚШ-тың Арлингтон қаласындағы “AT&T” аренасында өтуі керек еді. Бірақ белгісіз себептерге байланысты жекпе-жектің уақыты 16 қарашаға ауыстырылды. Қос спортшы бұл жолы да АҚШ-тың Арлингтон қаласында өтетін бокс кешінде жұдырықтасады. Жекпе-жек 2 минуттан, 8 раундқа жоспарланған. Шетелдік БАҚ құралдарының мәліметіне сәйкес, “Темір” Тайсон бұл жекпе-жек үшін 20 млн АҚШ долларын иеленсе, Джейк Пол одан екі есе көп алады.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік,  Майк Тайсон соңғы рет шаршы алаңға 2020 жылы Рой Джонсқа қарсы қойылым ретінде жекпе-жек өткізген. Ал Джейк Пол шаршы алаңда 10 жекпе-жек өткізіп, 9 кездесуде жеңіске жетсе, 1 рет жеңіліске ұшыраған. Ол Тайрон Вудли, Найт Диас, Бен Аскрен, Андерсон Сильва сияқты UFC-дің атақты спортшыларымен жұдырықтасып, жеңіске жеткен. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әлеуметтік желілердегі “әдемі өмірдің” жарнамасы жастарға зиянын тигізеді

Published

on

By

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев әлеуметтік желілердегі “әдемі өмірдің” жарнамасы туралы айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: akorda.kz

Президенттің айтуынша, әлеуметтік желілердегі әдемі өмір және “успешный успех” культі адамдарда бәріне оңай және қарапайым жолмен қол жеткізуге болады деген ой тудырады. Президент жастардың осыған сеніп, уақыттарын босқа өткізіп жатқанын атап өтті. 

“Бүгінде әлеуметтік желілердегі әдемі өмір мен “сәтті жетістік” деп аталатын агрессивті жарнама адамдарда бәріне қол жеткізу оңай және қарапайым деген ой тудырады. Кейбір жастар осыған сеніп, қымбат уақыттарын босқа өткізеді. Шыны керек, кез келген жетістіктің артында тынымсыз еңбек жатыр”, – деді Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбекерлерінің бірінші форумында сөйлеген сөзінде.

Президент еңбекқорлық пен жауапкершілік “ұлтымызға тән қасиетке” айналуы тиіс екенін атап өтті.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Мен еліміздің әрбір азаматының өмірлік мақсатының адал әрі жауапты еңбек арқылы табысқа жету болғанын қалаймын. “Жауапкершілігі мол азамат – адал еңбек – адал табыс” қағидасының мәні де осында”, – деді президент.

Президент жастарға сенетінін баса айтты. Сондай-ақ мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы саласы жастардың өзін-өзі дамытауына кең мүмкіндіктер аша алатынына сенім білдірді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!