Connect with us

IN-THE-NEWS

Шығын – 114 миллион теңге: Алаяқтық үшін халықаралық іздеуде болған қазақстандық әйел Грекия аралынан табылды

Published

on

By

Алаяқтық бойынша іздеуде болған қазақстандық әйел Грекия аралында ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: ҚМА

Грекия аумағында орналасқан Хиос аралында ішкі істер министрлігінің интерполы шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып, халықаралық іздеуде жүрген алаяқты ұстады.

Қазақстанда “Thefiniko” қаржы пирамидасының басшысына халықаралық іздеу жарияланды “Қылмыстан тапқан табысы 3,8 миллиард теңге”: 1WIN онлайн-казино ұйымдастырушыларына халықаралық іздеу жарияланды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

2021 жылы Алматыдағы ЖШС-нің бірінде есепші әйел жеке шотына 230 мың АҚШ долларын (114 миллион теңге) заңсыз аударған.

Қазіргі уақытта ұсталған азаматты Қазақстанға экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Еске салсақ, бұған дейін Қарағандыда майнинг құрылғысын ұрлағаны үшін іздеуде болған полицей бір жылдан кейін өз үйінде ұсталған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Синоптиктер еліміз бойынша алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады

Published

on

By

Синоптиктер алдағы демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамын жариялады. 16-18 қарашада елдің көп аймақтарында қар жауып, боран  болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: freepik.com

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы үш күнде Қазақстанның батысына, солтүстік-батысына және солтүстік өңірлеріне солтүстік-батысына циклон әсер етеді. Осыған орай елдің батысында жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ болады. Ал солтүстік-батыста және солтүстікте боран болып, қар жауады. 

Республиканың қалған аумағында кең антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжануда. Республика бойынша тұман болып 15-25 м/с жел соғады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Қазақстанның батысында температуралық фон күндіз 2, -10 градусты, солтүстік-батысында 5, -5 градусты, солтүстігінде, шығысында және орталығында 5, -2 градусты, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында 5-15 градусты көрсетеді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Отандық “Бауырына салу” фильмі Оскар сыйлығының үміткерлер қатарына енді

Published

on

By

Режиссер Асхат Кучинчирековтың “Бауырына салу” фильмі Оскар сыйлығына үміткерлер қатарына кірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/baurynasalu.film/

Туынды Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Ұлттық киноны қолдау орталығының қолдауымен түсірілген.

Отандық фильм Оскардың “Шетел тіліндегі ең үздік фильм” номинациясы бойынша үміткерлер қатарынан табылды.

Айта кетейік, фильм жақында “Тұлпар” ұлттық сыйлығын иеленген еді. Кейін Оскар комитетіне “International Feature Film” номинациясы бойынша Қазақстаннан ұсынылған болатын. 

Кинода бауырына салу дәстүріне сәйкес әжесінің тәрбиесіне берілген баланың бастан кешкені баяндалады. Әжесі дүние салғаннан кейін бала биологиялық ата-анасына қайтарылады. Алайда бала үшін олар бөтен адамдар сияқты әсер етеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Еске салайық, Америка академиясының дауыс беруі үш кезеңде өтеді. 9-13 желтоқсан аралығында академиктер шортлист жасақтайды, ол 17 желтоқсанда жарияланады. Дауыс беру 2025 жылдың 8-12 қаңтары аралығында өтеді. Оның қорытындысы бойынша 17 қаңтарда барлық санаттағы номинанттар белгілі болады. Үшінші, соңғы кезең 11-18 ақпан аралығында өтеді.

Жеңімпаздардың есімі 2025 жылдың 2 наурызында Лос-Анджелесте конверттерді ашу салтанатында жарияланады. Егер фильм номинант ретінде ұсынылса, режиссер шақырту алады. “International Feature Film” санатындағы статуэткада мемлекет пен фильмнің атауы және режиссердің есімі жазылады. ‎

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Иран билігі хиджаб кимейтін әйелдерді мәжбүрлі түрде емдейтін клиникалар ашпақ

Published

on

By

Иран мемлекеті хиджаб кимей, міндетті заңдарға қарсы шыққан әйелдерді жындыханаға жатқызбақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Guardian басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Мартин Поуп/ZUMA Press Wire

Ирандағы ізгілікті насихаттау және жамандықтың алдын алу штабының әйелдер және отбасы бөлімінің басшысы Мехри Талеби Дарестани енді хиджаб кимейтін әйелдерді мәжбүрлі түрде емдейтінін хабарлады. Сөзінше, клиника “хиджаб шешетіндерге арналған ғылыми және психологиялық емдеуді” ұсынады.

Ирандық әйелдер мен құқық қорғау ұйымдары бұл мәлімдемеге наразылық білдірді.

Иранда қастандыққа ұшырап, Ұлыбританияға көшкен Иран журналисі Сима Сабет бұл әрекетті “масқара” деп атады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Орамал тақпайтын әйелдерді “емдеу” үшін емханалар құру идеясы қорқынышты. Адамдардың билеуші ​​идеологияға ой сәйкес келмегендіктен ғана оларды қоғамнан оқшауламақ”, – деді ол.



Ирандық адам құқықтары жөніндегі заңгер Хоссейн Раиси бұл Ислам заңына да, Иран заңдарына да сәйкес келмейді деді. 

“Бұл емхана емес, түрме болады. Біз күнімізді әрең көріп жатырмыз, электр, энергия жетіспеушілігі бар, бірақ бұл мемлекетті бір шүберек қана алаңдатады”, – деді ирандық әйел.

Еске салсақ, бұған дейін Иранда хиджабқа қарсылығын білдіріп, көшеде жалаңаш жүрген қыздың ұсталғаны туралы хабарлаған едік. Кейін ол мәжбүрлі түрде жындыханаға жатқызылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!