Connect with us

IN-THE-NEWS

Сейфуллин Жолбарыс жеке өміріне қатысты жазба жариялады

Published

on

By

Танымал әнші Сейфуллин Жолбарыс екінші жары Екатеринамен ажырасып кеткенін растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/s_zholbarys_official/

Өнер иесі жеке өміріне қатысты сұрақтың нүктесін қойды. 

“Өзара ортақ шешімге келіп, біз екеуміздің екі жыл бұрын ажырасқанымызды растаймыз. Еш өкпесіз, бір-бірімізге алғыс айта отырып, қыздарымызға жақсы әке мен жақсы ана болуға тырысамыз. Журналистер және өзге адамдардың артық сұрақ қоймауын сұраймыз”, – деп жазды әнші. 



Еске салайық, әншінің екінші жары өзінен 15 жас кіші еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біз танысқанда ол кісі бұрынғы отбасымен ажыраспаған еді. Маған көңілін білдіргенде мен бірден: “отбасылы адамсыз, мен сіздің әйеліңіз бен балаларды біле тұра, аттап кетуге намысым жібермейді” дедім. Бірақ ол кісі сол кезде-ақ отбасымен ренжісіп, қарым-қатынастары дұрыс болмай жүр екен. Сен жолықпағанда да мен онымен ажырасатын едім. Біздің арамызда ештеңе жоқ. Сезім суып, көңіліміз қалды. Оның іздегені басқа әлем, менікі басқа. Екі әлемде өмір сүріп, бір отбасы болып тұра алмаймыз” деді. Содан кейін бұл тақырыпты қозғамадық. Өйткені Сейфуллиннің айтқысы келмейтін тақырыптың бірі”, – деген еді Екатерина. 

Еске салайық, әнші Бақыт Шадаева әріптесі Сейфуллин Жолбарысқа не үшін ренжіп жүргенін жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

9 айдағы кіріс 9%-ға артты

Published

on

By

“Кселл” жетекші мобильді операторының жалпы табысы 3-тоқсанда өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 7,5 пайызға өсіп, 60,5 миллиард теңгеге жетті. Бұл туралы компания өкілдері Қазақстан қор биржасы алаңында өткізілген дәстүрлі “Эмитент күні” барысында мәлімдеді. Ұсынылған есеп бойынша, оператор 9 ай ішінде негізгі қаржылық-экономикалық көрсеткіштердің барлығында дерлік өсім көрсетті.

Атап айтқанда, компания ағымдағы жылдың 9 айында табысты 180 миллиард теңгеден асырып, өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 9 пайызға арттырды. Бұл клиенттік базаның өсуін, сату көлемінің ұлғаюын және маркетингтік стратегиялардың табыстылығын көрсетеді. Оператордың сервистік табысы шамамен 6,5 пайызға өсіп, 149,4 миллиард теңгені құрады. EBITDA 63 миллиард теңге шамасында болса, таза пайда 8,07 миллиард теңгеге жетті. Компания сапалы байланысты қамтамасыз ету үшін мықты іргетасқа айналатын инфрақұрылымды салуға және жаңартуға бағытталған ірі инвестициялық циклды бастады. Бұл радиожиілік спектрін пайдалану және кеңейтілген базалық станциялар желісіне қызмет көрсету шығындарының өсуіне әкеп соқтырды. 

“Сіздер білетіндей, соңғы 2 жылда біз 5G желілерінің құрылысын белсенді түрде жүргізіп келеміз, бұл, әрине, ауқымды капиталдық шығындарды қажет етеді. Жалпы алғанда, 9 айда біз желіні дамытуға шамамен 65 миллиард теңге инвестиция салдық. Сонымен қатар, биыл біз желіні салу және дамыту қарқынын арттырдық, бұл қаржылық көрсеткіштерге әсер етті. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 3-тоқсанында компания республика бойынша 5G стандарты бойынша 129 базалық станцияны және 100-ден астам 4G “сайтын” іске қосты. Осылайша, қыркүйек айының соңында Қазақстан бойынша 5G базалық станцияларының саны 1040-қа жетіп, жаңа стандартты станциялар үлесі елдегі барлық базалық станциялардың үлесінен 25 пайызға артты. Бүгінде 20 қалада миллионнан астам қазақстандық 5G телеком-қызметтерін белсенді түрде пайдалануда. Сондай-ақ, біз Алматы метрополитенінде жаңа технология негізінде байланыс орнатқан елдегі алғашқы оператор болдық”, – деп атап өтті Кселл АҚ-ның бас қаржы директоры Сабиғат Рахметов қаржылық есепке түсініктеме бере отырып.

3-тоқсанның нәтижелеріне келсек, 2023 жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда компанияның табысы 7,5 пайызға өсіп, 60,4 миллиард теңгені, сервистік табыс 2,8 пайызға артып, 51,1 миллиард теңгені құрады, ал EBITDA 22,3 миллиард теңгеге жетті. Компанияның абоненттік базасы 2 пайызға жуық ұлғайып, 7,7 миллион пайдаланушыны құрады. Бұл көрсеткіштер Кселлдің нарықтағы орнының беріктігін, ақша ағынын жоғары деңгейде ұстап тұруын және операциялық, қаржылық көрсеткіштердің оң динамикасын сақтап отырғанын көрсетеді.

“Ағымдағы жылы компания өз желісін дамыту әрі жаңғыртуға, оның ішінде телеком-қызметтер мен цифрлық сервистердің сапалық сипаттамаларын арттыру үшін 5G құрылысына күрделі шығындар мен инвестицияларды ұлғайтуды жалғастыруға ниетті. Біз компания менеджменті ретінде жыл қорытындысы бойынша кіріс деңгейін 240-250 миллиард теңге “дәлізіне”  жеткізуді болжап отырмыз. EBITDA бойынша рентабельділік 36-37% деңгейінде сақтап, табысқа шаққандағы капиталдық шығындарды 30-35% шегінде ұстап тұрамыз деп жоспарлап отырмыз”, – деді “Кселл” АҚ-ның Бас коммерциялық директоры Ольга Цой. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ, компания 3-тоқсанда республикадағы 123 ауылда жаңа байланыс орнатып, интернетке қолжетімділікті жақсартты. Бұл үшін ауылдық жерлерде 277 базалық станция (серіктестердің базалық станцияларын қоса алғанда) іске қосылды. Компанияның тағы бір қызықты жобасы – Cruise Data теңіз кемелері мен круиздік лайнерлерде роуминг-пакетін іске қосу болды. Сонымен қатар, жазда оператор әртүрлі клиенттік категорияларға бағытталған бірнеше жаңа тарифтік жоспарларды іске қосты: “Имба” – балалар мен мектеп оқушыларына, “Студент” – ЖОО мен колледж студенттеріне, сондай-ақ, “Отбасы” – 7 адамға дейін қосылуға мүмкіндік беретін отбасылық тариф. Кселл әр тарифтік жоспарды қажетті әрі қызықты мазмұнмен қамтамасыз етуге тырысты, және бұл абоненттердің көңілінен шыққаны байқалады. 

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Баян Мақсатқызы қыздарының қалай өсіп жатқанын айтты

Published

on

By

50 жасында екі мәрте ана атанған Баян Мақсатқызы қыздарын қалай өсіріп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Өнер иесі ешқашанда декреттік демалысқа шықпағанын мойындады. 

“Бала туып үйде отыратын әйелдерді түсінбеймін. Олар үнемі шаршап жүреді. Бала мен күйеудің жағдайы немесе үйдің тірлігінен қолдары босамайды. Менің балаларым ешқашанда мазамды алған емес. Түнімен ұйықтамай болмаса жылап мазалаған емес. Екі қызымда да декреттік демалыста отырған емеспін. Қазір Тұрсен декреттік демалыста отыр. Ол тіпті үйден шықпайды. Алғашқы 15 күн мүлдем үйден шықпай қойды. Ал мен екінші күн киноға түсіп кеттім. Менің амалым болмады. Ол үнемі қорған болғысы келеді. Барлық әкелік қасиеттерін көрсетіп жатыр. Біресе әңгіме айтады, біресе әзілдеп қояды. “Олар менің әкесі екенімді білуі керек, иісімді, дауысымды тануы керек” деген уайыммен жүреді”, – деп ағынан жарылды продюсер.



Сондай-ақ, жолдасының бала күтушілерге қойылатын талабының қатал екенін де айтып берді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Тұрсен әлі маска тағып жүр. “Қыздар маскасыз жүрсең сені танымай қалады” деп қалжыңдап қоямын. Үйде кішкентай монитор бар. Сол жерде қыздарымыздың бөлмесі көрініп тұрады. Түні бойы соларға қарап жатады. Гипержауапкершілікті адам. Ол тіпті қызымызды бесікте қатты шайқаған күтушіні жұмыстан шығарып жіберді”, – деді Баян Мақсатқызы. 

Еске салайық, Баян Мақсатқызы екі қызына төрт бала күтушісін жалдағанын айтқан еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

АҚШ-та 120 мыңға жуық биткоинді ұрлаған ресейлік хакер бес жылға сотталды

Published

on

By

Ресей және АҚШ азаматтығын алған Нью-Йорк тұрғыны Илья Лихтенштейн ірі криптовалюта ұрлығынан түскен ақшаны жылыстатқаны үшін бес жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: BBC

Лихтенштейн 2016 жылы Bitfinex криптовалютасын бұзып, 120 мыңға жуық биткоинді ұрлағанын өткен жылы мойындады. Ол кезде ұрланған сома 71 миллион долларға (35 миллиард 333 миллионнан аса) бағаланған. Бірақ кейін Bitcoin бағасының күрт көтерілгенін ескерсек, ол 4,5 миллиард долларға дейін өсті. Қазіргі валюта бағамы бойынша бұл 10 миллиард доллардан асады.

АҚШ бас прокурорының орынбасары Лиза Монаконың айтуынша, бұл іс бойынша тәркіленген активтер АҚШ әділет министрлігі тарихындағы ең ірі тәркілеу болды.

Лихтенштейн 2022 жылдың ақпанында қамауға алынып, өз әрекетіне өкінетінін білдірді. Сондай-ақ ол жазасын өтегеннен кейін киберқылмыспен күресуде өз дағдыларын қолдануға дайын екенін айтты. 

Лихтенштейнмен бірге оның әйелі Хезер Морган да қамауға алынды. Ол өткен жылы ақшаны жылыстатуға қатысқанын мойындады. Оған қатысты үкім 18 қарашада шығады деп жоспарланған.

Фото: bfm.ru

Сот мәліметіне сәйкес, Лихтенштейн Bitfinex биржасын бұзу үшін озық хакерлік құралдарды пайдаланған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Оның құралдарына жалған сәйкестіктерді пайдалану, әртүрлі криптовалюталарға ақша аудару және алтын сатып алу кіреді.

Прокурорлардың хабарлауынша, Ресейде туып, АҚШ-та өскен Лихтенштейн отбасылық сапарларында курьерлермен кездесіп, жылыстатылған ақшаны еліне аударған.

“Алынған қаражаттың бір бөлігі әртүрлі сатып алуларға жұмсалған. Мысалы, 500 долларға (248 мың 825 теңге) Walmart сыйлық картасын алған. Бұл картамен сатып алу қылмыскерлердің ізіне түсуге септігін тигізді”, – дейді прокурорлар.

Шетелдік БАҚ мәліметінше, ерлі-зайыптылар Манхэттеннің Уолл-стрит аймағында тұрған. Хезер Морган Forbes журналымен бірлесіп жұмыс істеп, әндерінің бірінде өзін “Уолл-стрит қолтырауыны” деп атаған.

Морган қамауға алынғаннан кейін оның әндері мен бейнебаяндары әлеуметтік желіде тарап кетті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!