Connect with us

IN-THE-NEWS

Қазақстанда желтоқсаннан бастап тас жолдарда орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл салынады

Published

on

By

2024 жылдың 4 желтоқсанынан бастап Қазақстанда халықаралық және республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа жылдамдықты асырғаны үшін айыппұл төленеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев мәлімдеді.

Ол қазан айының басында Қазақстанда әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске және жол қозғалысы ережелеріне елеулі өзгерістер енгізетін заңнамалық актілерге қол қойылғанын, олардың кейбіреулері ағымдағы жылдың 4 желтоқсанында күшіне енетінін еске салды.

“Жаңашылдықтарға сәйкес, жолдардың түзу учаскелерінде жылдамдықты шектен асырған жүргізушілер әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Айыппұл мөлшері 5-тен 40 АЕК-ке дейін, яғни жылдамдықты арттыру дәрежесіне қарай 18 460 теңгеден 147 680 теңгеге дейін”, – деді Әлекешев.


Елімізде жол ережесін жиі бұзатындар енді сақтандыру үшін көбірек төлейтін болады READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Сондай-ақ Әлекешев жылдамдықты сағатына 60 шақырымнан асырғаны үшін 40 АЕК көлемінде айыппұл салынатынын айтты.

“Өзгерістер жүргізуші куәлігінсіз көлікті мас күйінде басқарғаны үшін ұсталған адамдарға қатысты. Мұндай адамдар жеті жыл бойына көлік жүргізу емтиханынан өте алмайды. Ұқсас ережелер медициналық тексеруден өтуден бас тартқандарға да қолданылады. Сондай-ақ жол жөндеу жұмыстарын бірнеше рет бұзғаны үшін жол жұмысшыларының жауапкершілігі күшейтілді. Мұндай бұзушылықтар үшін айыппұлдар кәсіпкерлік субъектісіне байланысты 15-тен 40 АЕК-ке дейін болуы мүмкін”, – дейді ол.

Еске салсақ, 1 желтоқсаннан бастап Қазақстанда шыққанына үш жыл болмаған көліктерді әкелуге жаңа ереже енгізіледі.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады (видео)

Published

on

By

Алматыда болған жаппай төбелес видеоға түсіп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скрин

Әлеуметтік желіде Алматыда болған жаппай төбелестің видеосы тарады. Кадрлардан екі ер адамның арасындағы жанжал жаппай төбелеске ұласып кеткенін көруге болады. 

Алматы қалалық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады. 


“Төбелес, пышақтасу және кісі өлімі”: Талғардағы Шерзаттың өліміне қатысты күдіктілердің бұған дейін не үшін сотталғаны анықталды READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Аталған факті бойынша Жетісу аудандық полиция бөлімі қылмыстық іс қозғады. Төбелеске қатысушылар анықталып, ұсталды”, – делінген полиция хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Алматыдағы төбелес кезінде полиция капитанын пышақтап кеткені туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Семейде мектеп мұғалімі 8-сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді

Published

on

By

Семейде мектеп мұғалімі сегізінші сынып оқушысын зорлады деген күдікке ілінді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Оқушысын зорлады деген күдікпен алғашқы әскери дайындық пәнінің ұстазы қамауға алынып, тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.

Білім бөлімінің мәліметінше, 32 жастағы мұғалім білім ошағында екі жылдан бері жұмыс істеген. Әріптестері мұғалімнің тек жақсы қырынан көрінгенін айтады. Жәбірленуші қыз сегізінші сыныпта оқиды. Ол қазір сабаққа келіп жүр дейді мамандар. 


Павлодарда қызын зорлағаны үшін сотталған ер адам түрмеде өз көзін ойып түсірді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Ол ұстаз 2016 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін бітірген. Аталған жағдай бойынша қазіргі уақытта құзырлы органдар тиісті зерттеп, тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Енді сол жұмыстардың нәтижесі ойынша қосымша ақпарат беріледі. Қазіргі уақытта жаңағы ұстаз уақытша ұстау изоляторында орналастырылған”, – дейді Семей қаласы білім бөлімінің басшысы Біржан Бұлабаев. 

Еске салсақ, бұған дейін Павлодар облысында өгей әке 15 жастағы қызын зорлады деген күдікпен ұсталғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстандық спортшы бадминтоннан Замбияда өткен турнирдің жеңімпазы атанды

Published

on

By

Париж олимпиадасының қатысушысы Дмитрий Панарин бадминтоннан Замбияда өткен турнирде алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

. Фото: ҰОК

Бадминтоннан Қазақстан құрамасының көшбасшысы Дмитрий Панарин Замбияның Лусака қаласында өткен Zambia International Challenge 2024 халықаралық турнирінің жеңімпазы атанды. Жарысқа әлемнің 25 мемлекет қатысқан спортшылардың ішінде Дмитрий Панарин жоғары деңгейде өнер көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғады.

. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Панарин биыл Парижде өткен олимпиада ойындарына қатысып, бадминтоннан олимпиадаға жолдама алған алғашқы қазақстандық спортшы ретінде тарихқа енді.

.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!