Connect with us

IN-THE-NEWS

Мақпал Исабекова әріптесі Дильназ Ахмадиевамен не үшін араласпай кеткенін айтты

Published

on

By

Танымал әнші Мақпал Исабекова әріптес-құрбысы Дильназ Ахмадиевамен не үшін араласпай кеткенін жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Өнер иесі оқырмандарының қойған сұрағына жауап берді. 

“Диля екеуміз ешқашан ұрысқан емеспіз. Өкінішке орай, өмірде мұндай жағдайлар болып тұрады. Адамдар түрлі себептермен бір-бірінен алыстап кетеді. Ол маған істеген жақсылығын ешқашан ұмытпаймын, алғысым шексіз. Мен өзім жеке әнші ретінде шыққанда оның қолдауы ерекше болды. Ол сөзімен ғана емес, ісімен де қолдады. Оның қолдауы мені алып қалды десем де болады. Ол өте жомарт жан. Менің жүрегім әрқашан да оны қолдайды. Бірақ қазір біздің жолымыз екіге айырылды. Бұл уақытша ма, мәңгіге ме білмеймін. Уақыт өзі бәрін реттейді”, – деп жазды Исабекова.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Алайда Дильназ Ахмадиева құрбысының сатқындық жасағанын айтқан болатын. 

“Араласпай кеткенімізге төрт жыл болды. Біз енді жақын құрбы емеспіз. Солай болып қалды. Жолымыз бөлек екен. Екеуміздің достыққа деген көзқарасымыз да әртүрлі екен. Жаман ештеңе болған жоқ. Көрген жерде амандасып тұрамыз. Бір-бірімізді көрместей болып кеткен жоқпыз. Маған манипуляция жасады, алдады, сатқындық жасады. Осының бәрін құрбыларым жасады. Енді ондай құрбылардың болғанын қаламаймын”, – деп ағынан жарылған еді әнші. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Алматыда белгіленбеген жерде темекі шеккен ер адамға ескерту жасаған бақылаушыны пышақтап кетті (видео)

Published

on

By

Алматының Наурызбай ауданында автобус бақылаушысы белгіленбеген жерде темекі тартуға болмайтынын ескертемін деп пышақ жарақатын алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Қайғылы жағдай Наурызбай ауданындағы соңғы аялдамалардың бірінде болған.

“Автобус бақылаушыларының бірі өтіп бара жатқан ер адамға белгіленбеген жерде темекі тартуға болмайтынын ескерткен. Оның соңы жанжалға ұласқан. Сөйтіп ер адам автобусқа кіріп бақылаушыны пышақпен екі жерден жарақаттап, қашып кеткен”, – деді Алматы қалалық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары, полиция полковнигі Қуатбек Науатов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жәбірленуші жедел жәрдеммен шұғыл түрде ауруханаға жеткізілді. 



“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті ізін суытпай ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Асүй пышағы қылмыстық қару ретінде тәркіленді”, – делінген хабарламада.

Бұған дейін емтиханнан өте алмай қалған студент оқу орнында адамдарды пышақтап тастағаны туралы жазған едік.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Доллар 600 теңгеге дейін өсе ме – Ұлттық банк өкілі жауап берді

Published

on

By

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының көтерілуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Сенат кулуарында Виталий Тутушкин доллар бағамының болашағы жөнінде айтты. 

“Меніңше, біз сандарға көбірек мән береміз. Бірақ біз үшін валютаның серпіні маңызды”, – деді ол.

Өз кезегінде журналистер Ұлттық банк өкілінен доллардың 600 теңгеге дейін қымбаттау мүмкіндігін сұраған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біз болжам жасамаймыз. Бізде айырбас курсы еркін режимде. Номиналды курс бағамы бойынша болжам жасамаймыз”, – деді ол.

Сондай-ақ Тутушкин доллар бағамының көтерілуіне әсер ететін факторларды да атап өтті. 

“Ең басты фактор – әлемде доллардың нығаюы. Доллар дамушы және дамыған елдердегі барлық валютаға қатысты қымбаттап келеді. Егер біз теңге мен еуроның қатынасын алып қарасақ, ол берік және тұрақтырақ. Ал долларға қатысты тұрақсыз. Себебі америкалық валюта әлемде нығайып келеді”, – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Тізімге қос қытайлық марка енді

Published

on

By

“Қазақстанның автокөлік одағының” мамандары Қазақстанда ең танымал бес көлік маркасын атады. 2024 жылдың алғашқы он айының қорытындысы бойынша тізімге қос қытайлық бренд енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: hyundai.com

Одақ дерегіне сәйкес 2024 жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында экспортты қоса есептегенде Hyundai маркасы ең танымал деп танылды. Бұл марканың елде 31 957 көлігі сатылған.

Келесі орында Chevrolet маркасы орналасты, биыл алғашқы он айда 24 957 бірлік көлік сатылды. Ал үшінші орында Kia маркасының 20 135 бірлік көлігі сатылды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Төртінші және бесінші орында қытайлық көлік маркалары тұр. Алғашқы 10 айда Jac маркасының 10 772 бірлігі сатылыпты. Ал Jetour маркасының 8 680 көлігі өз иесін тапты.

Модельдер арасында Chevrolet Cobalt (21 126 бірл.), Hyundai Tucson (16 401 бірл.), Kia Sportage (7 452 бірл.), Hyundai Elantra (4 606 бірл.) және Jetour X70 (4 275 бірл.) көліктері көп сатылған. 

Ұлттық статистика бюросының берген мәліметі бойынша, қазан айында Қазақстанда жалпы құны 189,8 миллиард теңге болатын 14 885 бірлік көлік құрастырылған. Өндіріс көлемі 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 2,8% ұлғайды. Жалпы он айда елдегі зауыттар 107 128 бірлік техника құрастырды, оның ішінде жеңіл автомобиль саны – 96 554 (-14,4%), жүк көліктері – 6 404 (-14,7%), автобустар – 2 207 (-3,1%). Сонымен қатар жалпы құны 1,39 трлн теңге болатын 1 504 бірлік тіркеме мен жартылай тіркеме және 459 бірлік басқа арнайы техника жасалды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!