Connect with us

IN-THE-NEWS

Талғарда уақытша ұстау изоляторының басшысы күдіктінің қашуына байланысты қызметінен босатылды

Published

on

By

Талғардағы уақытша ұстау изоляторының басшысы мен қызметкері полиция қызметінен босатылды. Олар туыс қарындағыс зорлады деген күдікке ілінген Бекарыс Қалмырзаевтың қашуына жол бергені үшін жазаланды. Алматы облысының полициясы күдіктіні бірнеше күн бойы іздестірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Алматы облысы полиция департаменті

Мәліметтерге сенсек, Талғар аудандық полиция басқармасының қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК 371-бабы (“Мемлекеттік немесе құқық қорғау органының басшысының қызметтегі әрекетсіздігі”) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

“Бұл қылмыстық іс аясында қызметкерлердің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі. Сонымен қатар, қызметтік тексеру нәтижесінде 12 қызметкер қатаң тәртіптік жауапқа тартылды. Оның ішінде уақытша ұстау изоляторының басшысы мен жауапты қызметкер ішкі істер органдарынан теріс себептермен жұмыстан босатылды”, – делінген ішкі министрлігінің жауабында.

Бұдан бөлек, күдікті Бекарыс Қалмырзаевтың қашу фактісі бойынша да Қылмыстық кодекстің 426-бабы “Қамаудан, тұтқыннан немесе күзеттен қашу” бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: Алматы облысы полиция департаменті



Еске салайық, бұған дейін Талғарда 26 жастағы жігіт өз жиен қарындасын зорлағаны үшін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған. Қашқын күдікті Тереңқара ауылында тұрып, оның қашып кетуі 17:00-де тіркелген. Күдікті қашу кезінде қара киім мен аяқ киім киген. Оған қатысты қызметтік тергеу басталды. Бұрын да осындай жағдайлар болған, бірақ полиция қашу мән-жайын түсіндіре алмай отыр.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Доллар 600 теңгеге дейін өсе ме – Ұлттық банк өкілі жауап берді

Published

on

By

Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин доллар бағамының көтерілуіне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Сенат кулуарында Виталий Тутушкин доллар бағамының болашағы жөнінде айтты. 

“Меніңше, біз сандарға көбірек мән береміз. Бірақ біз үшін валютаның серпіні маңызды”, – деді ол.

Өз кезегінде журналистер Ұлттық банк өкілінен доллардың 600 теңгеге дейін қымбаттау мүмкіндігін сұраған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біз болжам жасамаймыз. Бізде айырбас курсы еркін режимде. Номиналды курс бағамы бойынша болжам жасамаймыз”, – деді ол.

Сондай-ақ Тутушкин доллар бағамының көтерілуіне әсер ететін факторларды да атап өтті. 

“Ең басты фактор – әлемде доллардың нығаюы. Доллар дамушы және дамыған елдердегі барлық валютаға қатысты қымбаттап келеді. Егер біз теңге мен еуроның қатынасын алып қарасақ, ол берік және тұрақтырақ. Ал долларға қатысты тұрақсыз. Себебі америкалық валюта әлемде нығайып келеді”, – деді Ұлттық банк төрағасының орынбасары. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Тізімге қос қытайлық марка енді

Published

on

By

“Қазақстанның автокөлік одағының” мамандары Қазақстанда ең танымал бес көлік маркасын атады. 2024 жылдың алғашқы он айының қорытындысы бойынша тізімге қос қытайлық бренд енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: hyundai.com

Одақ дерегіне сәйкес 2024 жылдың қаңтар мен қазан айлары аралығында экспортты қоса есептегенде Hyundai маркасы ең танымал деп танылды. Бұл марканың елде 31 957 көлігі сатылған.

Келесі орында Chevrolet маркасы орналасты, биыл алғашқы он айда 24 957 бірлік көлік сатылды. Ал үшінші орында Kia маркасының 20 135 бірлік көлігі сатылды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Төртінші және бесінші орында қытайлық көлік маркалары тұр. Алғашқы 10 айда Jac маркасының 10 772 бірлігі сатылыпты. Ал Jetour маркасының 8 680 көлігі өз иесін тапты.

Модельдер арасында Chevrolet Cobalt (21 126 бірл.), Hyundai Tucson (16 401 бірл.), Kia Sportage (7 452 бірл.), Hyundai Elantra (4 606 бірл.) және Jetour X70 (4 275 бірл.) көліктері көп сатылған. 

Ұлттық статистика бюросының берген мәліметі бойынша, қазан айында Қазақстанда жалпы құны 189,8 миллиард теңге болатын 14 885 бірлік көлік құрастырылған. Өндіріс көлемі 2023 жылғы көрсеткішке қарағанда 2,8% ұлғайды. Жалпы он айда елдегі зауыттар 107 128 бірлік техника құрастырды, оның ішінде жеңіл автомобиль саны – 96 554 (-14,4%), жүк көліктері – 6 404 (-14,7%), автобустар – 2 207 (-3,1%). Сонымен қатар жалпы құны 1,39 трлн теңге болатын 1 504 бірлік тіркеме мен жартылай тіркеме және 459 бірлік басқа арнайы техника жасалды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Енді қазақстандық дәріханаларға дәрі-дәрмектерді таңбалау үшін компьютер қажет емес

Published

on

By

Қазақстанда дәріханаларға үлкен көмек беретін NS Pharm тегін мобильді қосымшасы әзірленді. Бұл қосымша таңбаланатын тауармен жұмыс істеуді жеңілдетеді әрі тіпті шалғай ауыл-аймақтардағы шағын дәріханалар үшін де қолжетімді. Фармацевтикалық бизнеске арналған бұл заманауи цифрлық шешім барлық заңнамалық талаптарға сай келеді. Жабдық шығындарды азайтып, күрделі IT әдістерді қолдау қажеттігін жояды.

Фото: pixabay.com

“Енді телефон арқылы таңбаланған дәрі-дәрмектермен оңай жұмыс істей аламын. Телефоным Android, оған Ismet және NS Pharm қосымшаларын жүктеп алдым. Құжаттарды екі қосымшада да қабылдаймын. Күрделі ештеңесі жоқ. Енді таңбаланған дәрі-дәрмектермен жұмыс істеу үшін дербес компьютер қажет емес”, – деп бөлісті Қызылорда облысы Арал ауданы Сексеуіл ауылының фармацевті және дәріхана меңгерушісі Динара Төлегенова.

Мобильді қосымша (Play Market, App Store) енді компанияны толық тіркеуді, соның ішінде офертаға қол қою мүмкіндігін қолдайды. Қосымшаның кейінгі жаңартылған түріне пайдаланушы телефон арқылы тіркеле алады. Сондай-ақ сервисте есепке алу ыңғайлы болуы үшін тауарды айналымнан шығару туралы құжат жасауға болады.

“Біз интернеті жоқ, тек смартфон қолжетімді ауылдық округтердегі және шалғай елді мекендердегі дәріханалар үшін арнайы NS Pharm мобильді қосымшасын әзірлеп енгіздік. Оның көмегімен фармацевт тауарды қабылдап, құжаттарға тікелей жеке кабинетте қол қоя алады”, – деп түсіндірді Тауарларды таңбалау мен қадағалаудың бірыңғай операторы жобасының жетекшісі Анар Карибаева. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Тағы бір айта кететін маңызды жайт, қосымшада тауардың сәйкестігі мен таңбалау кодын тексеру мүмкіндігі бар. Кодты сканерлеу арқылы оның алынған немесе алынбаған өнім екенін бірден білуге болады. Бұл әсіресе дәрілік заттардың есебін жүргізу дәлдігі үшін өте маңызды.

“Мобильді қосымша үнемі жетіліп отырады. Енді дәріханада компьютер болмаса да, тауарды қабылдауға және таңбаны тексеруге мүмкіндік бар. Бұл жұмысты жеңілдетеді және процесті қолжетімді етеді”, – деп нақтылады Карибаева.

NS Pharm қосымшасы қазақстандық дәріханаларға тауарларды таңбалау мен қадағалау талаптарына оңай бейімделуге мүмкіндік береді. Тіркеуден бастап дәрі-дәрмектермен қосымша арқылы жұмыс істеудің барлық процесін мына жердегі видеолардан көріп үйренуге болады. Шифрлау саласындағы соңғы әзірлемелердің арқасында компаниялар мен пайдаланушылардың барлық дербес деректері қорғалады.

Еске сала кетейік, Қазақстанда дәрі-дәрмектерді таңбалау жүйесі енгізілген сәттен бастап төрт айда 66,2 миллион препараттың қаптамасына таңбалау кодтары жазылды. Оның ішінде 39,3 миллион қаптама импорттық препараттардың, 29,4 миллион отандық өндірістің үлесіне тиесілі. Қазір айналымда 28,5 миллион түрлі дәрі-дәрмек бар.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!