Connect with us

IN-THE-NEWS

Тоқаев Мажарстан премьер-министрімен БАҚ брифингінде сөз сөйледі

Published

on

By

 Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік сапармен Мажарстанға барып, премьер-министр Виктор Орбанмен кездесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мажарстан премьер-министрі Виктор Орбан келіссөздер қорытындысы бойынша БАҚ өкілдерінің алдында бірлескен мәлімдеме жасады.

Мемлекет басшысы қазақ пен мажар тереңнен тамыр тартатын туыс халықтар екенін атап өтті. Президенттің айтуынша, әйгілі Дунай мен көне Алтайдың арасы алшақ болса да, тағдырлас екі мемлекеттің тілегі – ортақ, арманы – бір.

“Отыз жыл бұрын Қазақстан өз елшілігін Мажарстанға жіберді. Бұл еліміздің Орталық Еуропадағы тұңғыш елшілігі болды. Содан бері екі ел арасындағы қарым-қатынас ойдағыдай дамып келеді, арамызда тек достық, жақсы ниет қана бар. Елдеріміздің экономикалық әлеуеті мол, оны толыққанды игеру өте маңызды. Сондықтан бұл сапарымның басты мақсаты – ынтымақтастығымызға жаңа серпін беру”, – деді Тоқаев. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сөзінше, Мажар елі – Қазақстанның Еуропа Одағындағы сенімді стратегиялық әріптесі. Ол бірнеше келіссөздер жүзеге асқанын айтады.

“Премьер-министр былтыр Астанаға жасаған ресми сапарында көптеген уағдаластыққа қол жеткізген едік. Бүгін соны қайта пысықтап, жаңа бағыттар туралы әңгімелестік. Биыл екі елдің стратегиялық әріптестік орнатқанына – 10 жыл. Тиімді саяси диалог жүргізу және ортақ экономикалық жобаларды іске асыру – өте маңызды міндет. Сондай-ақ көпжақты ықпалдастықты нығайта түсу қажет. Осы орайда бүгін Бірлескен мәлімдеме қабылдадық. Қазақстан мен Мажарстан арасындағы санқырлы байланысты күшейту қос халықтың мүддесіне сай келеді”, – деді президент.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев қазақ-мажар инвестициялық дөңгелек үстеліне қатысқаны айтылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ішкі істер министрлігі желіде тараған ақпаратқа жауап берді

Published

on

By

Желіде бір топ адам пәтерлерді аралап, өзін полиция қызметкері ретінде таныстырып жүргені туралы ақпарат тарады. Аталған мәліметке Ішкі істер министрлігі пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Желіде тараған ақпаратқа сәйкес, өзін полиция қызметкерімін деген адамның жеке куәлігі барын тексеру керек. Егер ол құжатын ұсынса Ішкі істер министрлігінің белгісі бар жоғын анықтаңыз дейді. 



“Пәтерлерді аралап, өзін ішкі істер министрлігінің қызметкері ретінде таныстыратын бір топ адам барын ескеруіңізді сұраймыз. Олар Ішкі істер министрлігінің белгісі бар құжаттар мен бланкілерді ұстап жүреді. Сондай-ақ “халық санағы” қарсаңында барлық тұрғында жарамды жеке куәліктерінің бар-жоғын тексеріп, биометрикадан өту керегін алға тартады. Сымбатты әрі Ішкі істер министрлігінің формасын киіп алған”, – делінген желіде тараған ақпаратта. 

Сонымен қатар,  жазбада осындай әрекеттерге қатысы бар деген бірнеше ер адамның видеосы бар.

“Ұрылар жүр, абай болыңдар. Кеше олар Толстой-Кутузовты нысанаға алған”, – деп жазылған видеода. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Ішкі істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Ведомствоның мәліметінше, бұл тұлғалардың ешқандай қылмысқа қатысы жоқ.

“Көрсетілген тұлғалардың ешқандай құқық бұзушылыққа қатысы жоқтығы расталды”, – делінген хабарламада. 

Ішкі істер министрлігінің мәліметінге, фото мен видеода көрсетілген азаматтар жалған ақпарат таратқаны үшін полицияға арызданған.

Айта кетейік, бұған дейін Желіде жолбарыстың қала ішінде жүргені туралы жалған ақпарат таратқан теміртаулық жауапқа тартылғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтауда бұрынғы қызын ұрып-соққан ер адамға бір емес екі айып тағылды

Published

on

By

Маңғыстау облысы полиция департаменті Ақтауда көшеде бұрынғы қызын ұрып-соққан ер адам ұсталғанын мәлімдеді. Олардың сөзінше, ер адамға ұрлық жасау және дене жарақатын салу бойынша қылмыс жасады деген айтып тағылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Полиция департаментінің дерегіне сенсек, бұл оқиға барысында әйел адамды ұрып-соғып, оның жеке мүлкін тартып алған. Оқиға туралы ақпарат полицияға хабарланғаннан кейін жедел-іздестіру шаралары басталып, ер адам бірден ұсталды.

“Қазір ол уақытша ұстау изоляторында отыр. Ал тергеу жұмыстары жалғасып жатыр. Тергеушілер қылмыстың мән-жайларын анықтап, қосымша құқық бұзушылықтарды тексеріп жатыр”, – делінген полиция хабарламасында.




READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, желіде бұл жағдай сотталған экс-министрдің қылмысымен ұқсастығына байланысты ер адамды “Бишімбаевтың ізбасары” деп атаған.

Еске салайық, бұған дейін Ақтауда бір ер адам әйелді жұрттың көзінше ұрып-соққанын жазған едік. Бұл оқиға сыртқы бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Видеодан ер адамның қызды бетінен ұрып, құлатқаны көрінеді. 

Деректерге сүйенсек, жәбірленуші мен шабуылдаушы бұрын қарым-қатынаста болған. Бірақ ер адам үнемі сүйіктісіне қол көтере берген соң, онымен айырылысып кеткен. Жәбірленушінің достарының айтуынша, сонда да бұрынғы жігіті қызды үнемі соңынан аңдып, қорқытып, ұрып-соғады екен. Полиция бұл факт бойынша тергеу жүргізіп, оқиғаға қатысушыларды анықтап, сотқа дейінгі тергеу бастады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мәулен Әшімбаев елімізде тарифтерді өсіру керегін айтты

Published

on

By

Парламент сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев тарифтің жылдар бойы көтерілмеуінің салдарынан еліміздегі энергетика саласы қиын жағдайда екенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: instagram.com/maulen_ashimbayev

“Тарифтер жылдар бойы көтерілген жоқ. Салдарынан біздің энергетикамыз, бүкіл тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық кешеніміз біршама қиын жағдайда тұр”, – дейді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ ол мемлекет бюджетінің шығыны мен еліміздегі инфляцияны тежеу жолдарына тоқталды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қазір соңғы айлардың нәтижесін көріп отырмыз. 8,25%-ға дейін көтерілді емес пе? Меніңше, жылдық мәнде 8,5%-ға жетті. Біз бұған куә болды. Сол себепті инфляция өздігінен төмендей береді деген дұрыс емес. Ол өздігінен төмендемейді, оның өсуіне әсер ететін маңызды факторлар бар”, – дейді Парламент сенатының төрағасы.

Мәулен Әшімбаев бұл ретте Ұлттық банк пен үкіметтің қаржы блогы тез арада үйлесімді жұмыс істеп, елдің экономикалық өсімін қамтамасыз ету мақсатында келісілген бағытты ұстануы маңызды екенін атап өтті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!