Connect with us

IN-THE-NEWS

Рэпер Snoop Dogg отандық өнімді бірден таныды

Published

on

By

Америкалық рэпер Snoop Dogg “Қазақстан” шоколадын көріп, бірден таныды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Көк туымыз бейнеленген шоколад шетелдіктерге қатты ұнайды. 

“Бұл – “Қазақстан” шоколады. Қазақстан деген елде шығарылады. Өте дәмді”, – деп мақтады Snoop Dogg.

Видеоны қазақстандық продюсер Баян Алагөзова жариялады.

Бұған дейін, продюсердің KeshYOU тобы Snoop Dogg-пен бірлесіп дуэт жазған еді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Еске салайық, KeshYOU тобы мен Snoop Dogg-тың коллаборациясы көпшілік көңілінен шықпаған еді. 

“Сөздері түсініксіз екен”, “Жастарға ұнайтын шығар, маған ұнамады”, “Продюсерге атақ, әншіге ақша керек болды”, “Мархаба Сәби сөзін жазған әннің әлсіз болуы мүмкін емес”, “Махі шайдың жарнамасы болып кеткен”, “2008 жылы Snoop Dogg-тың әні осындай еді, ештеңе өзгертпеген”, “Енді Шымкент сырасын клипке түсіру қалды”, “Клип пен ән хит болады деп ойламаймын, бірақ шоу-бизнеске серпіліс әкелді”, – деп жазған еді оқырман қауым. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ресейге соғысқа аттанған қазақстандық уәде етілген азаматтықты ала алмай жүргенін айтты (видео)

Published

on

By

Қазақстанның 50 жастағы тумасы Олег Соколов Украинаға соғысқа кетіп, уәде етілген Ресей азаматтығын алмағанына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ер адамның үндеуін журналист Лұқпан Ахмедьяров жариялады. Ресейге соғысуға кеткен қазақстандық бір жылдан бері уәде етілген Ресей төлқұжатын ала алмағанын айтты.



“Есімім Олег Георгиевич Соколов. 1974 жылы дүниеге келгенмін. Қазақстан азаматымын. Солтүстік әскери округте жүргеніме бір жыл болды. Әлі азаматтық ала алмай жүрмін”, – дейді ол.

Ер адам енді Қазақстанға орала алмайтынын, өйткені оған жалдамалылық бабы бойынша айып тағылатынын айтты.

“Ресей қауымдастығына өтініш білдіргім келеді. Өйткені мен Қазақстанға, өз үйіме орала алмаймын. Өйткені “Арнайы әскери операция” мүшесі ретінде жалдамалылығы үшін бірден түрмеге жабылады. Бірақ азаматтығым жоқ, Ресейде тұра алмаймын. 2023 жылы келісім шартқа отырғанымда, азаматтықты еш қиындықсыз алатынымды айтты. Біреуі үш айдан кейін аласың деді. Енді бірі мемлекеттік наградаларды алғаннан кейін беріледі деп айтты”, – деді ол.

Желіге ер адамның үндеуі жарияланған соң ол қатаң сынға ұшырады. Көпшілік бұған оның өзін жазғырды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қалай бермейді? Сен Ресейдің батырысың ғой”, “Елімізде біреуі болса да азайғаны жақсы!”, “Үйім Қазақстанда деп, өзі Ресей үшін соғысып жатыр ма? Болды досым, енді сенің үйің Ресей”, “Олар тарихи отанына кетсін. Бізге олардың қажеті жоқ!”, – деп жазды олар. 


Айта кетейік, бұған дейін Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасағаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сарапшылар Қазақстанда ең арзан пәтерлері бар қалаларды атады

Published

on

By

2024 жылдың қарашасында Қазақстанның төрт қаласында тұрғын үй құны еліміздің басқа елді мекендеріне қарағанда арзанырақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, бұл тізімде Қызылорда көш бастап тұр. Сонымен қатар бұл барлық форматтағы пәтерлерге қатысты, яғни бір бөлмелі пәтерлерден үш бөлмелі пәтерлерге дейін.

  • 1 бөлмелі – 7,5 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 12 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 16 миллион теңге.

Сондай-ақ ең қолжетімді жылжымайтын мүліктер Тараз, Талдықорған және Жезқазған қалаларына тиесілі.

“Бұл өңірлерде бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 9,5 миллионнан 10,5 миллионға дейін. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 21 миллионнан 23 миллионға дейін барады”, –делінген хабарламада.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сарапшылардың пікірінше, елде әртүрлі бөлмелі пәтерлердің бағасы 13-тен 25 миллионға дейін өзгереді.

  • 1 бөлмелі – 13 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 19 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 25 млиллион теңге.

Ал еліміздегі ең қымбат баспана Алматыға тиесілі. Онда бір бөлмелі пәтердің құны орта есеппен 24 миллион теңге. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 36 миллион және 44 миллион теңге. 

Тұрғын үй бағасының қымбаттығы бойынша Астана екінші орында. Ал Шымкент үшінші орында.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Букингем сарайы алдағы үш жылда мемлекеттік сапарларды қабылдамайды

Published

on

By

Букингем сарайы жөндеу жұмыстарына байланысты алдағы үш жылда мемлекеттік сапарларды қабылдамайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Times басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: uz.m.wikipedia.org

2027 жылға дейін барлық мемлекеттік сапарлар Виндзор қамалында өтеді. Букингем сарайының жабылар алдындағы соңғы қонағы желтоқсан айында баратын Катар әмірі болмақ. 



Сарайдың қалпына келтіру жұмыстары жүріп жатыр және он жылға созылады. Жөндеуге 369 миллион фунт стерлинг (230 миллиард 427 миллионға жуық теңге) жұмсалмақ.

Жөндеу кезінде ең сәнді залдардың кейбірі жабылады. Басылым мәліметінше, жөндеу жұмыстарына байланысты британ королі Чарльз III жеке кабинеті мен тамақтану орнын ауыстарған. 

Лондондағы Букингем сарайы Британдық тәждің негізгі ресми резиденциясы саналады.  Ғимаратта 775 бөлме болса, оның 19-ы мемлекеттік қабылдаулар мен іс-шараларға арналған.

Сонымен қатар Букингем сарайында 92 оқу бөлмесі мен 78 әжетханасы, монархқа, корольдік отбасы мен қонақтарға арналған 52 жатын бөлме және қызметкерлердің 188 жатын бөлмесі бар. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Виндзор сарайы ағылшын округі Беркширде орналасқан. Готикалық стильдегі тас ғимаратты 11 ғасырда сәулетші Хью Мэй салған.

Фото: drive2.ru

Сарай бірнеше рет қайта салынды. Соңғы рет 1992 жылы өрттен кейін қалпына келтіріліп, заманауи келбетке ие болды.

Айта кетейік, бұған дейін Букингем сарайы король Чарльз III жаңа суреттерін жариялағаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!