Connect with us

IN-THE-NEWS

Ақтауда мектеп оқушысын бір топ бала жасөспірім соққыға жықты

Published

on

By

Ақтаудағы №24 мектептің оқушысын қатарластары жабылып соққыға жыққан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz порталынан сілтеме жасап хабарлайды. 

видеодан кадр

Оқиға туралы видео Instagram-дағы парақшалардың бірінде жарияланған. Кадрлардан бірнеше бастауыш сынып оқушысының қатарластарына қол жұмсап, аяқпен тепкені көрінеді. Оқиға 19А ықшам ауданындағы №24 жалпы білім беретін орта мектептің шешіну бөлмесінде болғанға ұқсайды. 

Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр.

Балаларын тәрбиелеудегі міндеттерін орындамағаны үшін ата-аналар жауапкершілікке тартылады. Жасөспірімдер профилактикалық есепке алынды. ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 435-бабы (Кәмелетке толмағандардың бұзақылығы) бойынша хаттама толтырылды. Бұл бап бойынша ата-аналарға 7 АЕК (25 844 теңге) көлемінде айыппұл салу қарастырылған READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сонымен қатар жасөспірімдер ісі жөніндегі комиссияға тиісті ұсыныс енгізіліп, профилактикалық шаралар жүргізілуде.

Ювеналды полиция болашақта осындай жағдайлардың алдын алу үшін жұмыстарын жалғастыруда. 

Ақтау қаласының білім бөлімі өкілдерінің мәліметінше, оқиға 15 қарашада №24 мектепте болған. 

Қазіргі уақытта мектеп директоры мен тәрбие ісі жөніндегі орынбасары полицияға шақырылып, болған жағдайға байланысты түсініктеме беруде. Барлық қатысушылар анықталып, олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме өткізілуде. Оқиға бақылауға алынғанын ведомство өкілдері мәлімдеді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Алматы облысында балабақшада бүлдіршінді күтушінің көзінше құрдасы ұрып-соққан (видео)

Published

on

By

Алматы облысында балабақшада балалар күтушінің көзінше бір-бірін соққыға жыққаны туралы видео тарады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Стопкадр: @zhuldyz.zhumabekkyzy

Балабақшалардың бірінде баланы өз құрдасы ұрып, тістеген. Ал тәрбиеші бұл жағдайды көріп тұрып, ешқандай әрекет жасамаған. Видеоны зардап шеккен баланың анасы жариялады. Оның айтуынша, оқиға таңертең болған, бірақ оған тек түске қарай хабарлаған. 

Видеода баланы ұрып-соғып, тістеп жатқанын көруге болады. Ол жылап, айқайлап жатыр. Ал бөлмедегі тәрбиеші бала жылағанына қарамастан оған көңіл аудармайды. Бұл жағдай 13 қарашада сағат 11:15 шамасында Алматы қаласының Алатау ауданындағы “Тамирлан” балабақшасында орын алған.

Алматы облысының әкімдігі баспасөз хатшысы Жанна Арынбеков ішкі тексеру қорытындысы бойынша, тәрбиеші сол уақытта жұмыс орнында болмағанын хабарлады. Ал бөлмеде болған тәрбиеші емес, тәрбиешінің көмекшісі. Ол қызметінен босатылды. 

“Балалардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік, олардан осындай жағдайлар қайталанбас үшін жазбаша міндеттемелер алынды. Мұндай оқиғалардың алдын алу үшін білім басқармасы профилактикалық шаралар жоспарын әзірлеп, бекітті”, — деді Жанна Арынбекова. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

@zhuldyz.zhumabekkyzy

Бүгін сағат 11 де болыпты , менімен 1 жарымда хабарласты , няня жаңадан келген екен , воспитательница ата ана келіп шығып кеткен екен , няня жылап жатсада мән бермеді ұлыма ,не істеу керек мындай ситуацияда ? няняны жұмыстан шығарамыз деп айтты , қалдыра салайық па, менің ұлым қарадағы


♬ оригинальный звук – Zhuldyz

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада мектеп директоры оқушылардың тәртібіне көңілі толмай бүтін бір сыныпты жабуға шешім қабылдаған

Published

on

By

Астанадағы №25 мектепте дау туды. Ата-аналардың айтуынша, мектеп директоры жоғары сынып оқушыларының сабаққа қатысуы, тәртібі және оқу үлгеріміне көңілі толмай, оқу жылының ортасында сыныпты жауып тастайтынын айтып қорқытқан. Қиын жағдайға тап болған балалардың ата-аналары журналистерге шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі  Atameken Business арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

сюжеттен скрин

Айгерим Аймағамбетова – мектептен шығару қаупі бар баланың анасы. Ол баласының оқу үлгерімі жақсы болғанына қарамастан, мектеп директоры білім алу процесіне қысым жасап жатқанын айтады. Тіпті, директор бүкіл сыныпты оқудан шығаратынын айтып қорқытқан, ал мұнда 30-ға жуық жасөспірім оқиды. Ата-аналардың айтуынша, бұл жағдайға тәртіпсіздік және оқушылардың сабаққа уақытылы бармауы себеп. 

“Менің балам ешқашан сабақтан қалған емес. Кейде кешігіп барады. Бар мәселе сол. Балам осы мектепте бірінші сыныптан бастап оқып келеді. Оның сыныптастары, достары бәрі осында. Ол:”Мен қайда барамын?” деп жатыр. Ал басқа мектепке ауысу мүмкін емес, орын жоқ”, – дейді Айгерім. 

Ата-аналардың айтуынша, балалар бұрын басқа мектепте оқыған, бірақ ғимаратты бұзу туралы шешімнен соң оқушыларды басқа мектепке ауыстырған. Оқушылардың жиі кешігуі мектептің қаланың басқа ауданында орналасқанына байланысты екенін айтады ата-аналар. 10-сынып оқушыларының кейбірін шығаруға шешім қабылдағаны туралы жаңалықты ата-аналар жақында естіген. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Мектеп директоры өзіне тағылған айыптарды жоққа шығарып, сыныпты қысқартуды жоспарламайтынын мәлімдеді. Дегенмен, тәртіпсіздік мәселесі бар оқушыларды басқа мектепке ауыстыруды ұсынған, бірақ ата-аналармен бұл мәселені жеке талқылауға дайын екенін айтты.

“Бұл сыныпта тәртіп жоқ. Олар сабақ жүргізуге кедергі келтіреді, мұғалімдерді мазақ етеді, боғауыз сөздер айтады. Бұл мәселе талқыланды, кейін ата-аналарға ескерту жасадық. Біз мектеп ретінде ата-аналарды жауапкершілікке тарту туралы хат жолдай аламыз. Бірақ ата-аналардың ешқайсысы мұғалімдерден кешірім сұраған жоқ”, – дейді мектеп директоры Алмаз Қиянов.

Сынып жетекшісі мен басқа да мұғалімдер сыныптағы тәртіптің жоқ екенін растады. Оқушылар сабақтарға қатыспайтынын және жиі кешігетінін, бұл жақсы оқитындарға да әсер ететінін айтады.

Директордың позициясы ата-аналарға түсініксіз болғандықтан, олар мемлекеттік органдарға хат жазып, білім беру мекемесінің әрекеттерінің заңдылығын сұрады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада тұрғын үй өртеніп, төрт бала қаза тапты

Published

on

By

Елордада жеке тұрғын үйден өрт шығып, төрт бала мерт болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: ТЖД

Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлайды.

“Бүгін таңертең Астанада екі қабатты жеке тұрғын үйде шатыр жартылай құлап, өрт болды. Құтқарушылар хабарлама келіп түскеннен кейін өрт орнына 6 минутта жетті. Өрт алдын ала 500 шаршы метр алаңда оқшауланып, толығымен сөндірілді. Өрт салдарынан 2011, 2015, 2021 және 2022 жылы туған төрт бала қаза тапты”, – делінген хабарламада. 

Фото: ТЖД READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазір өрттің себебі анықталуда. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

“Оқиға орнында өрт зерттеу зертханасы жұмыс істеуде, қаза тапқандардың жақындарына Апаттар медицинасы орталығының және Астана қаласы ТЖД психологтары көмек көрсетуде”, – дейді төтенше жағдайлар департаментінен. 

Астана әкімдігі зардап шеккен отбасыға көмек көрсетілетінін айтты. 

“Құрбан болған зардап шеккен отбасыға психологиялық көмек беріледі. Оларға материалдық, тұрғын үй және басқа да қажетті көмек көрсетіледі. Туыстарына қайғыра көңіл айтамыз. Құрбан болмаған екінші отбасы уақытша баспанаға орналастырылды. Әкімдік қызметкерлері отбасыларымен тұрақты байланыста, барлық қажетті көмек көрсетіледі”, – делінген хабарламада. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!