Connect with us

IN-THE-NEWS

Жан Мұқанов әнші Төреғали Төреәлімен араласпай кеткенін мойындады

Published

on

By

Белгілі продюсер Жан Мұқанов әнші Төреғали Төреәлімен араласпайтынын растады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Жеке парақшалардан алынды

Медиа маманы Виктория Новичковаяға берген сұхбатында өнер иесімен жұмысты тоқтату себебін түсіндірді. 

“Онымен танысқан кез күні кешегідей есімде. Төреғали маған әкесімен келген еді. Ол кезде тек айтыскерлердің арасында танымал болды. Өзінің алғашқы жеке концертін бермекші болған. Бірақ эстрадада аса танымал болмады. Мен бұл жобаны қолыма алдым және оны “Ұлы дала баласы” деп атадым. Оның әкесі маған “еті сенікі, сүйегі менікі” деді. Бұл терең мағынасы бар сөз. Бұл оның маған деген үлкен сенімін білдірді. Сондықтан мен онымен шынайы жұмыс істеуге бекіндім. Оның гонорары бастапқыда 200-500 доллар болды, шамамен 2-2,5 жылда 8 000 – 10 000 долларға дейін көтердік. Ол өте танымал болды. Эстрадаға келіп жолы ашылды. Тіпті жарты жылда бір күні де бос болмады.  Соңғы концерт Талдықорғанда өтті. Онда біз 36 мың көрермен жинадық”, – деп бастады әңгімесін продюсер.



Продюсердің сөзінше, өнер иесі сатқындық жасағанымен бірдей сөз айтып, кетіп қалған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біз өте нашар қоштастық. Ол кезде оның жасы бар болғаны 24-те еді. Қазан айында 25 жасқа толатын. Бес күн қатарынан Республика сарайында концерт бердік. Содан соң бірден оның туған күні, тойға дайындық, оның тойы, бал айы болатын болды. Мен оған Дубайдағы қонақүйдің президенттік нөмірін алдым және тікұшақпен серуендеуді ұйымдастырдым. Оған жұлдыздар қандай болатынын көрсеткім келді. Алайда концерттер ойдағыдай болмады, тек 50-60% билет өтті. Ақшасын өтемеді, сондықтан өз қалтамнан төледім. Ол қарызды жабу үшін оның 10-12 рет өнер көрсетуі жеткілікті болды. Той күні бәрін дайындап қойдым. Ол таңертең сағат 11:00 шамасында нөмірінен шықты, мен оған 10-12 рет өнер көрсетіп, өтеу керек болатынын айттым. Ол өте шаршап тұрды және мас күйде болды. Ол маған “Жан, ол сенің проблемаң” деді. Ол мені ешқашан олай атамаған, мен ол үшін әрқашан “Жан аға” болдым. Бұл мен үшін маңызды. Ол маған “сен” деп сөйледі. Мен оны қатты жақсы көрдім, әлі де жақсы көремін. Бірақ оның сол кездегі сөздері мені сындырып жіберді. Мен сөйлемей, кетіп қалдым. Тойға қатысқан жоқпын. Кеудемнен итергендей болды. Мен үшін бұл сатқындықтың шегі болды. Содан кейін Төреғали Төреәлімен жанжалдар басталды. Сахнаға мас күйінде шығу ол үшін қалыпты дүниелерге айналып жатты”, – деді Жан Мұқанов. 

Еске салайық, Төреғали Төреәлі өнерден алыстаған себебін “Көшеде талай концерт қойдым” деп әзілмен жеткізген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қарағандыда оқытушының студенттерге шапалақ тигізген сәті видеоға түсіп қалды

Published

on

By

Әлеумттік желіде Қарағандыдағы жоғары политехникалық колледжінің төртінші корпусында оқытушының студенттерді ұрыс-соғу әрекеті түсірілген видео таралды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Tengrinews.kz  порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Видеода оқу орнының оқытушысы құтқарушы формасын киген студенттерге жақындап, шапалақ тигізгені және жұдырығымен іштен ұрып жатқаны көрінеді. Сонымен қатар оның жәбірленушілерден енді шу шығармайтындарын сұрап жатқаны естіледі.

Бұл жағдай қоғамның наразылығын тудырып, тиісті органдардан шара қолдануды талап етуге себеп болды. Қарағанды облысының полиция департаменті баспасөз қызметі бұл жағдай бойынша алдын ала тергеу басталғанын хабарлады. Оқиғаның мән-жайы анықталады.

Облыстық білім басқармасы бұл мұғалімнің жұмыстан босатылатынын хабарлады.

“Бұл оқытушы зейнеткер, бірақ колледжде аздаған сағаттарымен жұмыс істеп жүр. Ол балалардан және ата-аналардан кешірім сұрады және оны жұмыстан шығарады. Колледж атынан полиция департаментіне арыз беріледі. Ертең колледж басшылығы ата-аналармен кездеседі”, – деп мәлімдеді басқарманың баспасөз қызметі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>




Еске салайық, бұған дейін 16 қазан күні Семейдегі №38 мектеп-лицейде оқушылар мұғалім тарапынан қысым қысым көргенін жаздық. Сұмдық жағдай туралы оқушының ата-анасы айтып берді. Ата-ананың сөзінше, 7-сынып оқушысының дәптері жоғын білген тарих пәнінің мұғалімі оны жеке сөйлесуге дәретханаға алып барған. Кейін оған тағы бір баланы ертіп алып келуге жіберген. Сөйтіп 13 жастағы балаларды әжетханада біраз уақыт ұстап, балағат сөздер айтып, белгілі бір “түсініктер” туралы әңгіме қозғаған. Мұғалім айғайлап, бұл жағдай туралы ешкім білмеу керегін айтып, қорқытқан. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Бокстан Азия чемпионатында бақ сынайтын қыздар құрамасы анықталды

Published

on

By

Бокстан 2024 жылғы Азия чемпионатына қатысатын Қазақстанның әйелдер құрамасының құрамы анықталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҚБФ

Қазақстан әйелдер құрамасының бапкерлік кеңесі Таиландтың Чиангмай қаласында өтетін Азия чемпионатына қатысатын боксшылардың құрамын жасақтады. 29 қараша күні басталатын дүбірлі додаға ел чемпионатында үздік шыққан боксшылар аттанады. Назарларыңызға сарықұрлықтың басты додасында сынға түсетін спортшылардың тізімін ұсынамыз:

48 келі. Әйгерім Сәттібаева 

50 келі. Алуа Балқыбекова

52 келі. Жазира Орақбаева

54 келі. Сымбат Әлиасқар

57 келі. Ұлжан Сәрсенбек

60 келі. Виктория Графеева 

63 келі. Аида Әбікеева 

66 келі. Милана Сафронова 

70 келі. Наталья Богданова 

75 келі. Диана Мағауияева 

81 келі. Гүлсая Ержан 

+81 келі. Елдана Талипова  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Азия чемпионаты 30 қараша мен 11 желтоқсан аралығында Таиландта өтеді. Қазіргі уақытта әйелдер құрамасы Алматы облысында біріншілікке дайындығын дайындауда.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстандық теннисшілер әлем кубогінің іріктеу кезеңіне шықты

Published

on

By

Теннистен Қазақстан құрамасы Билли Джин Кинг кубогінің іріктеу кезеңіне жолдама алды. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Астанада өтіп жатқан Билли Джин Кинг кубогі аясында Қазақстан және Оңтүстік Корея арасындағы плей-офф матчында есеп 3:0-ге тең болды. Сайыстың екінші күні кортқа Елена Рыбакинаның орнына әлемнің 29-ракеткасы Юлия Путинцева шығып, дүниежүзілік рейтингіде 418-орында тұрған Ку Ен Вуды 6:4, 7:5 есебімен тізе бүктірді.

Осылайша, Қазақстан құрамасы қалған ойындардың нәтижесіне қарамастан, алдағы жылы сәуірде өтетін Билли Джин Кинг кубогының іріктеу кезеңіне жолдама алды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!