Connect with us

IN-THE-NEWS

Астаналық әйел Перизат Қайраттың екі жыл бұрын уәде еткен пәтерін әлі алмағанын мәлімдеді

Published

on

By

Елорда тұрғыны Әсел Омарова редакциямызға хабарласып, осыдан екі жыл бұрын “BIZ BIRGEMIZ” қорының атынан өзіне Перизат Қайрат шыққанын, әйелге пәтер берілетінін мәлімдеп, үміттендіріп қойғанын жеткізді. Тіпті бұл “сыйлық” сертификат түрінде галоконцертте  ресми түрде табысталған екен. Дегенмен арада қаншада уақыт өтсе де, желіде баласымен такси жүргізіп танылған автоледи уәде етілген пәтердің кілтін қолына ұстай алмапты. 

Фото: Әсел Омарованың жеке мұрағатынан

Естеріңізде болса, 2 жыл бұрын бес айлық құндақталған сәбиін ұстап, бір қолымен рульді басқарып, такси қызметін атқарған астаналық әйел желі жұлдызына айналған еді. Оның әрекеті көпті таңғалдырып, желіде қызу талқыға түсті. Қазақстандықтар бірауыздан қолдап, Әсел Омароваға 1,7 миллион теңге жинап беріпті. Осы жағдайдан соң әйелмен Перизат Қайрат байланысқа шығып, үйіне барған. Сол кезде отбасыға пәтер сыйлауға уәде еткен, тіпті көптің алдында сертификат табыстаған. Бірақ сол күйі үй берілген жоқ дейді.

“Жамандыққа қимаймын, дегенмен “барды бар, жоқты жоқ” деп айтар сәт келгендей. 2022 жылы қарашада Перизат үйіме келіп, “үй табыстаймыз” деп айтып кеткен еді. Кейін Жаңа жылдық мерекеге орай үлкен галаконцерт болып, сол жерде сертификат ұстатқан. Бірақ үй берілмеді”, – деді астаналық Әсел Омарова.



Әсел Омароваға белгілі бір тұрғын үй комплексінен үй беріледі деп айтылған. Бірақ кейін хабарсыз кетті дейді. Айтуынша, өзі хабарласқан кезде “күнде ертең” деп түрлі сылтаумен Әселді ұзақ күттіріп қойған.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: Әсел Омарованың жеке мұрағатынан

“Үміт деген қиын екен, “әне, міне беріп қалар” деп күтіп жүр едім. Соңғы рет 4-5 ай бұрын хабарластық, сол кезде “1-2 айдан соң беріледі” деді. Бірақ қайтадан үнсіз қалды”, – деді ол.

Әсел балаларымен әлі де пәтер жалдап тұрады. 

Stan.kz тілшісі оқиғаға байланысты Biz Birgemiz қорына қоңырау шалды, алайда қордың көрсетілген телефон нөмірі өшірулі болды. Жағдайға қатысты әлі де қоры өкілдерінен жауап күтеміз.

Бұған дейін бес айлық құндақталған сәбиін ұстап, бір қолымен рульді басқарып, такси қызметін атқарған астаналық әйелдің көпті тәнті еткені айтылды. Қазақстандықтардың 1,7 миллион теңге жинап бергені, сондай-ақ полицейлердің әйелге балалар креслосын сыйлағаны жазылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Назым Қызайбай өзіне Димаш Құдайберген хат жазып жүргенін жасырмады

Published

on

By

Бокстан Париж Олимпиадасының қола медаль иегері Назым Қызайбай танымал әнші Димаш Құдайбергенмен хат алмасып тұратынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Спортшы тележүргізуші Динара Сәтжанның “Late night show with Dinara Satzhan” бағдарламасында қонақ болды. 

Бағдарлама барысында Динара Сәтжан фотошоп арқылы Назым Қызайбайдың Димаш Құдайбергенмен бірге тұрған фотосын көрсетті. 

“Ооо, әдемі жарасады екенбіз, иә!?” – деп таңғалды Назым Қызайбай.   READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Одан кейін халық әртісімен не байланыстыратынын жасырмады. 

“Димаш екеуміздің арамыз бір жас. Ол менен кіші. Ешқандай да қорқынышты емес. Одан да кішкентай балалар жазады. Димаш екеуіміз Instagram-да бір бірімізге тіркелгенбіз. Жарыстарда жеңіске жеткенде құттықтап тұрады. Мен де оның Stories-теріне анда-санда жазып тұрамын. 2017 жылы қысқы Универсиада  өткенде оффлайн көріскенбіз”, – деді спортшы. 

Еске салайық, ұйғыр биін билеген Назым Қызайбай көпшілікті таңғалдырған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Черчесов Ұлттар лигасында Қазақстанның жеңілуіне байланысты пікір білдірді

Published

on

By

Қазақстан құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов командасы жеңілуден УЕФА Ұлттар лигасының рекордын орнатқаннан кейін мәлімдеме жасады. Айтуынша жаттығуға дұрыс жағдай болмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Meta-ratings.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Черчесовтың Instagram желісінен

Маманның айтуынша, оған дейін ұлттық команда басшысыз болған. 

“Сылтау емес әрине, бірақ бізде бұған дейін бірде-бір плюс болған жоқ. Астанада синтетикада ойнамадық, міне артықшылық”, – деді Черчесов.

Бас бапкер күнтізбені де сынға алды.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бізде дайындыққа қосымша күндер жоқ. Бұған дейін ондай уақыттар болған еді”, – деді Черчесов.

Ұлттар лигасының алты матчында да Черчесов командасы бірде-бір гол соқпай, бірде-бір матчта жеңіске жетпеген. Бұл ретте қазақстандықтар 15 голды қақпасына жіберіп алды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әйел қызы жол апатынан қаза тапқан жерден оның елесін байқаған

Published

on

By

2018 жылдың 15 наурызында 16 жастағы Изабель Гонсалес үш досымен бірге Калифорния штатының Сан-Хосе қаласының көшесімен көлікпен келе жатқан. Марихуана шегіп, қатты алкогольдік мас күйінде болған олар жол апатына ұшырайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Dailymail.co.uk порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: 1. San Jose Police Department / 2. Мелинда Мартинестің жеке архивінен

Мәліметтерге сенсек, топтағы ең үлкені 22 жастағы Брэндон Гомес еді. Ол көлікті басқарған. Алайда көліктегі барлық жолаушы, тіпті, жүргізушінің өзі де, марихуана шегіп, қатты алкогольдік мас күйінде болған.

Сондықтан Брэндон бір сәтте рөлге ие бола алмай, көлік жол шетіндегі ағашқа соғылған. Брэндон мен Изабель оқиға орнында қаза тапты. Ал екі жасөспірім жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Жол апаты болған жерді полицейлер суретке түсіріп, суреттер есепке енгізілген. Кейін Изабельдің анасы, 43 жастағы Мелинда Мартинес апат болған жерде түсірілген суреттер мен есепті көруге рұқсат сұрайды.

Фотосуреттердің бірінде ол ағаштың жанында, көлік қалдықтарының арасында тұрған, адамға ұқсас ақшыл, жартылай мөлдір пішіндерді байқайды.

“Мен оның не өткергенін, жақсы ма, әлде жаман ба – бәрін білгім келді. Олар маған бірнеше суретті берді. Соларды қарап отырып, “Құдайым-ай, бұл періштелер ғой” деп айттым. Менің қызымның ерекше болғаны соншалық, Құдай бізге осы сәтті көруді нәсіп етті деп ойлаймын. Егер бұл суреттерді көрмесем, қазір мұнда болмас едім. Өйткені қызыммен бірге болғым келетін”, – деді Мелинда. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Суреттің үлкейтілген фрагментінде, шынымен де, жақын тұрған екі-үш адамның бейнесіне ұқсайтын, ақ жамылғыдағы бұлдыр фигуралар көрінеді.

Желіде кейбіреулер мұны оптикалық иллюзия деп есептесе, басқалары періштелерге сенеді. Үшінші топ бұл фотода періштелер де, иллюзия да емес, қаза тапқан Изабель мен Брэндонның жандары деп ойлайды.



Еске салайық, бұған дейін колумбиялық Паола Флорес есімді әйел 20 жыл бойы елеспен жыныстық қатынасқа түскенін және оның азу тістері мен жүзі гаргойлға ұқсас түрін көргенде ғана тоқтатқанын айтты. Әйел оның қорқынышты жүзін көргеннен кейін қорқып кеткенін айтып, перімен қарым-қатынасын тоқтатуға бел буады. Психолог Мартиза Монтеалегре әйелдің бұл әрекеті көп адамда кездесе бермейтінін айтады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!