Connect with us

IN-THE-NEWS

Украинаның Ресейге ATACMS зымыранымен шабуылдауы, Нетаньяху қамауға алуға ордер, Солтүстік Корея генералының Курскта жаралануы: Әлемде не болып жатыр

Published

on

By

Коллаж Stan.kz

Байден Украинаға ATACMS ұзақ қашықтықтағы зымырандарын қолдануға рұқсат берді

17 қараша күні кешке АҚШ президенті Джо Байденнің Украинаға Ресей аумағына терең соққы беру үшін ATACMS ұзақ қашықтықтағы зымырандарын қолдануға рұқсат бергенін хабарланды. Басылымның мәліметінше, зымырандар “бірінші кезекте” Курск облысындағы ресейлік және солтүстік кореялық әскерлерге қарсы қолданылады. Ракеталардың негізгі нысанасы Ресейдегі әскери шоғырланулар, әскери техника, логистикалық тораптар, оқ-дәрі қоймалары екені айталды.

Фото: tass.ru

Артынша, Украина алдағы бірнеше күнде Ресейге терең соққы беру үшін ATACMS қолдануы мүмкін екені айтылды.

Сарапшылар бұл қадам ұрыс даласындағы жағдайға айтарлықтай әсер етпейтінін, бірақ Солтүстік Корея билігіне бұдан былай өздерінің әскерлерін Ресейге жібермеу керектігі туралы ескерту болады деп болжады.

Мамыр айында Байден Киевке АҚШ-тан жеткізілген HIMARS бірнеше зымырандық жүйелерін “Харьков аймағындағы соғыс үшін” пайдалануға рұқсат берген. Соққы аумағына Белгород, сондай-ақ Курск және Воронеж облыстары да кірген. Осыған дейін Курск облысына басып кіру кезінде украин әскерилері британдық Challenger 2 танктерін пайдаланғаны айтылған еді.

13 қараша күні АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Брюссельде НАТО және ЕО өкілдерімен шұғыл келіссөздер жүргізген. Ол Солтүстік Корея әскерлерінің ұрыс аймағында болуына Солтүстік Атлантикалық альянс пен оның серіктестері “қатты жауап қайтарады” деп уәде берген еді.  

Еске салайық, қазіргі АҚШ президенті Джо Байден 20 қаңтарда қызметінен кетеді. Сарапшылар Байденнің Украинадағы қақтығысты тоқтатуға уәде берген жаңа президент Дональд Трамп билікке келгенге дейін жағдайды өз бақылауында ұстайтынын айтады.

Путин: Мұны НАТО елдерінің Ресеймен соғысы деп атауға болады

Фото: kremlin.ru

Ресей президенті Владимир Путин Киевке батыстық алыс қашықтықтағы қаруды қолдануға рұқсат беру қақтығыстың мәні мен сипатын өзгертетінін мәлімдеді. Ол мұндай жағдайды “НАТО елдерінің Ресеймен соғысы” екенін мәлімдеді. Ол Мәскеу бұл жағдайда әлемнің басқа аймақтарына қару-жарақ жеткізетінін, ол нүктелерден Киевті қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырған елдердің нысандарына да шабуыл жасалатынын атап өтті.

Оған қоса Путин Ресейдің ядролық доктринасын өзгертуді ұсынды. Түзетулер арасында ядролық емес мемлекеттің ядролық мемлекеттің қатысуымен немесе қолдауымен жасалған агрессиясын бірлескен шабуыл ретінде қарастыру туралы шешім бар.

Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасады

Фото: itc.ua/ATACMS зымыраны

Украина әскері 18 қарашаға қараған түні Ресей аумағына соққы беру үшін американдық алыс қашықтықтағы ATACMS зымырандарын қолданды. Зымырандар Брянск облысының Карачев қаласының маңындағы оқ-дәрі қоймасына түскен.

Ресей әскери департаменті бес зымыранды атып түсіріп, біреуі зақымданғанын мәлімдеді. Зымыран түсуі салдарынан әскери нысанның техникалық аумағына өрт шыққан.

Карачев қаласы Украина шекарасынан шамамен 130 шақырым жерде орналасқан.

Украина қарулы күштері бас штабының мәліметінше, сейсенбіге қараған түні Брянск облысындағы Карачев маңында 1046-шы жабдықтау орталығының арсеналына соққы берілген. Соққы нәтижесінде 12 жарылыс болған.

“Украинаға қарсы қарулы агрессияны тоқтату үшін Ресей әскерінің оқ-дәрі қоймаларын жою жалғасады”, – делінген хабарламада.

Алайда Украинаның бас штабы Ресейге қарсы соққыларда ATACMS зымырандары қолданылғаны туралы ақпарат бермеді.

Storm Shadow 

Фото: iStock.com / Storm Shadow зымыраны

Киев АҚШ-тың ATACMS зымырандарын қолданғаннан бір күннен кейін британдық Storm Shadow қанатты зымырандарын да Ресей аумағына ұшырды.

Ұлыбритания премьер-министрінің баспасөз хатшысы Кир Стармер жағдайға түсініктеме беруден бас тартты.

Украина үкіметі Батыстық серіктестерінен Ресейдегі әскери нысандарға соққы беру үшін аталмыш қаруларды қолдануға ұзақ уақыт бойы рұқсат сұрап келген еді.

Ұлыбритания алғаш рет 2023 жылдың мамырында Киевке Storm Shadow максималды қашықтығы 250 км болатын қанатты зымырандарын жеткізгені туралы хабарлаған. Украина нақты қанша зымыран жеткізілгені белгісіз, алайда Ұлыбританияда мұндай қарудың 700-1000 бірлігі болған. Бұған дейін Storm Shadow зымыранын Украина аумағында қолдануға ғана рұқсат бар еді.

“Ұлыбритания билігі Украинаға өздері жеткізген ұзақ қашықтыққа ұшатын Storm Shadow зымырандарын пайдалануға рұқсат берді, біз қазір ол зымырандарды сәтті пайдаланып жатырмыз”, – деді Украинаның стратегиялық өнеркәсіп министрінің кеңесшісі Юрий Сак.

Зымырандарды қолдануға қатысты шиеленіс күшейіп жатқан тұста АҚШ ірі әуе шабуылы қаупіне байланысты сәрсенбі күні Киевтегі елшілігін жапты. Кейін елшіліктің бейсенбі күні жұмысын жалғастыратыны белгілі болды.

Сондай-ақ Байден әкімшілігі Ақ үйде басшылықтың ауысуы алдында Киевті қолдау шаралары аясында АҚШ-тың Украинаға берген 4,7 миллиард доллар несиесін есептен шығару туралы шешім қабылдады.

Ресей “Орешник” жаңа баллистикалық зымыранын қолданды

Фото: inforesist.org/Орешник зымыраны

Владимир Путин Ресей әскерлері Солтүстік әскери округ аймағында жаңа “Орешник” баллистикалық зымыранын сәтті сынақтан өткізгенін хабарлады.

“Жауынгерлік жағдайда жаңа орта қашықтықтағы баллистикалық зымыран сынақтан өтті. Ғалымдарымыз оны “Орешник” деп атады”, – деді Путин.

Соққы Киевтің ұзақ қашықтықтағы ATACMS және Storm Shadow снарядтарын қолдануына жауап ретінде Украинаның Днепропетровск қаласындағы әскери кәсіпорынға жасалғаны хабарланды.

Сонымен қатар Путин заманауи әуе қорғаныс жүйелері Орешник зымырандарын ұстай алмайтынын атап өтті, өйткені олар нысанаға секундына 2,5-3 шақырым жылдамдықпен шабуыл жасайды. Оның айтуынша, қазіргі уақытта мұндай қаруларға қарсы тұрудың ешқандай құралдары жоқ. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Президент “Орешник” жүйесі НАТО елдерінің Ресейге қарсы агрессивті әрекеттеріне жауап ретінде ұрыс жағдайында сынақтан өтіп жатқанын атап өтті.

“Жаңа зымырандық жүйелерімізді одан әрі сынау кезінде жойылатын нысандарды Ресей Федерациясының қауіпсіздігіне төнген қатерлерді ескере отырып анықтайтын боламыз”, – деді ол.

Путин Ресей Украинадағы бейбіт тұрғындарға және басқа дос мемлекеттердің азаматтарына Орешник сияқты жүйелермен соққы беру кезінде қауіпті аумақтан шығу туралы ескертетіндерін айтты.

Солтүстік Корея әскерінің генералы Курск облысында жараланды

Фото: AP/Wong Maye-E

Аумағының бір бөлігін Украина қарулы күштері бақылайтын Курск облысында Ресей әскерлерінің құрамында соғысқан Солтүстік Корея әскерінің генералы жараланды. Генералдың қалай жараланғаны туралы әлі нақты ақпарат жоқ. Алдын ала болжам бойынша ол Курск облысына украин әскерлері жасаған шабуылдар кезінде жараланған болуы мүмкін.

Бұл ақпаратты The Wall Street Journal жариялады. Батыс шенеуніктері Солтүстік Кореяның жоғары шенді әскери офицерінің Украина қарулы күштеріне қарсы соғыс қимылдарына қатысу кезінде Ресей аумағында жараланғанын растады.

Бір күн бұрын The Wall Street Journal Курск аймағындағы солтүстік кореялық әскерилерді КХДР бас штабы бастығының орынбасары генерал Ким Ён Бок басқарады деп хабарлаған. Генералға Солтүстік Корея әскерлерін Ресей армиясына біріктіру және соғыс жүргізудің заманауи әдістерін зерттеу міндеті жүктелген. Ким Ён Бок бұған дейін КХДР арнайы жасағын басқарған.

Еске салсақ, барлау мәліметтері бойынша, Украинаға қарсы соғыс үшін Солтүстік Кореянның бірнеше мың әскери қызметкері Ресей аумағына орналастырылған. Пентагон Ресей аумағында 11 мың Солтүстік Корея әскері бар деп есептейді.

Халықаралық қылмыстық сот (ХҚС) Биньямин Нетаньяху қамауға алуға ордер шығарды

Фото: Reuters/Биньямин Нетаньяху мен Йоав Галант

Халықаралық қылмыстық сот Беньямин Нетаньяху мен Йоав Галантты 2023 жылдың 8 қазаны мен 2024 жылдың 20 мамыры аралығында жасаған адамзатқа қарсы жасаған қылмыстар мен соғыс әрекеттері үшін қамауға алу туралы ордер шығарды.

Израиль премьер-министрнің кеңсесі Халықаралық қылмыстық соттың шешімін “антисемиттік” деп атап, Израиль өз азаматтарын қорғайтынын және жасалып жатқан қысымға қарсы тұратынын мәлімдеді.

“Израиль халықаралық қылмыстық соттың өзіне қарсы жасаған абсурдтық және жалған әрекеттерін қабылдамайды”, – делінген кеңсе мәлімдемесінде.

Сондай-ақ халықаралық сот ХАМАС-тың аға қолбасшысы Мұхаммед Дейфті тұтқындауға ордер шығарды, дегенмен израильдік әскерилер оның Газада шілде айындағы әуе шабуылынан қаза тапқанын хабарлады.

“2024 жылдың 21 қарашасында Халықаралық қылмыстық соттың сотқа дейінгі палатасы бірауыздан Рим статутының 18 және 19-баптары бойынша Израильдің шағымдарын қабылдамау туралы екі шешім шығарды”, – делінген халықаралық соттың мәлімдемесінде.

Сот екі айыпталушы да “Газаның бейбіт тұрғындарын өмір сүруге қажетті заттардан, соның ішінде азық-түліктен, судан, дәрі-дәрмек пен медициналық құралдардан, сондай-ақ отын мен электр энергиясынан қасақана және саналы түрде айырғаны” үшін айыптады.

“Бұл қорытынды Нетаньяху мен Галанттың халықаралық гуманитарлық құқықты бұза отырып, гуманитарлық көмек көрсетуге кедергі жасағандары үшін көмек көрсетуге тырыспағандары үшін қабылданып отыр”, – делінген ХКК мәлімдемесінде.

Мәлімдемеде айыпталушылардың Газаға медициналық заттар мен дәрі-дәрмектердің, әсіресе анестетиктер мен наркоз аппараттарының жеткізілуін қасақана шектелгенін атап өтілді.

Абхазия президенті Аслан Бжания отставкаға кетті

Фото: tass.ru/Аслан Бжания

Абхазия президенті Аслан Бжания мен республика үкіметінің премьер-министрі Александр Анкваб отставкаға кетті.

Бұл туралы республика оппозициясы мен билігі арасындағы келіссөздердің қорытындысы бойынша қол қойылған хаттамада айтылған.

“Таяу минуттарда Бжания өзінің отставкаға кетуі туралы құжатқа қол қояды”, – деді Абхазия оппозициясының жетекшілерінің бірі Адгур Ардзинба Интерфакс агенттігіне.

Көп ұзамай Абхазия президенті Аслан Бжания республика парламентінің спикері Лаша Ашубаға отставкаға кету туралы өтініш жолдады.

“Елдегі тұрақтылық пен конституциялық құрылысты сақтау мақсатында Абхазия Республикасы Конституциясының 65-бабына сәйкес мен Абхазия Республикасының Президенті қызметінен кету туралы өтінішімді беремін”, – делінген құжатта.

Абхазия парламенті сейсенбі күні кезектен тыс отырысында республика президенті Аслан Бжанияның отставкасын қабылдады.

Шешім жасырын дауыс беру арқылы қабылданды. Президентті қызметінен босату туралы қаулыға 28 депутат дауыс берсе, біреуі қарсы дауыс берді. Екі бюллетень бүлінген.

Отырысқа барлығы 31 депутат қатысты.

Тараптар республика басшысының жаңа сайлауына дейін президенттің міндетін вице-президент Бадра Гунба атқаратыны туралы келісімге келді.

Келісімге сәйкес, премьер-министр Александр Анкваб отставкаға кетуі керек. Оның орнына парламенттің бұрынғы спикері Валерий Бганбу тағайындалады. Оның кандидатурасы келіссөздерге қатысқан тараптардың қарсылығын тудырған жоқ.

Келісімге сәйкес, қазіргі барлық министрлер жаңадан сайланған президент қызметіне кіріскенше қызмет етеді.

“Абхазиядағы президент сайлауының күнін республиканың парламенті, мүмкін, республиканың Орталық сайлау комиссиясымен кеңескеннен кейін, келесі аптада белгілейді”, –  деді халық жиналысының депутаты Левон Галустян.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Тәуелсіздік күніне орай қазақстандықтар қатарынан үш күн демалады

Published

on

By

Биыл Тәуелсіздік күніне орай отандастарымыз қатарынан үш күн демалады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Биыл Тәуелсіздік күні – 16 желтоқсан дүйсенбіге түсіп тұр. Аптасына бес күн жұмыс істейтіндер үшін 14, 15 және 16 желтоқсан демалыс болмақ. Ал аптасына алты күн жұмыс істейтіндер 15 және 16 желтоқсан демалады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, жаңа жыл қарсаңы, яғни 31 желтоқсан жұмыс күні болмақ. Жаңа жылдың алғашқы төрт күні — демалыс. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі үшінші қаңтар, яғни, жұмадағы жұмыс күнін жексенбіге ауыстыру туралы бұйрық шығарған. Ал 5 және 6 қаңтар — жұмыс күні.

Жетінші қаңтарда Рождество мерекесіне орай, тағы бір демалыс бар. Әрі қарай жұмыс кесте бойынша жалғасады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Оралда дәрігерлер науқастарды емдеудің орнына жалақыларын беруді талап етіп, бас көтерді

Published

on

By

Оралда ақ халаттылар бірнеше айдан бері жалақысыз жүр. Басшылықтың күнде ертең деген ертегісінен шаршадық деген жандар қосымша жұмыс үшін төленетін үстемақыдан да қағылдық деп отыр. Ал аурухана директорының айтар өз уәжі бар. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның “Информбюро” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Облыстық аурухананың дәрігерлері барлық жұмысты тоқтатып, талабын айтуға жиналды. Себебі, медицина мамандары бірнеше айдан бері жалақыға қол жеткізе алмай жүр. Ақ халаттылар қаржыдан қысылып, қадіріміз қашты деп қынжылады. 

“Негізі медициналық ұйымда жалақыны 20 мен 28 аралығында береді ғой. Ал бізде кешіктіреді. Бұл бірінші рет емес. Біз шаршадық, несие, бала-шаға бар. Ақшамызды берсін. Қарызға сұрап отырған жоқпыз. Бұл біздің еңбегіміз”, – дейді дәрігер Ақгүл Бұқарова. 

Емдеу мекемесінің қызметкерлері қосымша сағаттар үшін үстемақы да төленбеді деп отыр. Оған қоса, өзге медицина мекемелерінде еңбекақы көтерілгенде біз назардан тыс қалдық, дейді шағымданушылар. Сол кезде жанайқайын жеткізген мамандар басшылықтан қысым көргендерін жеткізді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“156 сағаттан асырып қосымша жұмыс істеген кездер болды. Бірақ ол қызметімізге көк тиын төленбеді. Тіпті еңбек демалысының ақысы да берілмейтін. Бұған дейін басқа салада жұмыс істедім, бірақ айлықты уақытында толық алып жүрдім. Мұндағы жағдай мүлдем басқаша”, – деп қосты дәрігер Каролина Мальченко. 

Өз құқықтарын айтып, адал ақыларын сұраған дәрігерлерді аурухана басшысы сабырға шақырды. Басшы келесі аптада жалақы дауына нүкте қоямын деп сендірді. 

“Біз тұрғындарға қосымша ақылы қызмет көрсетеміз. Содан түскен қаржыға мамандарымыздың жалақысын, науқастардың дәрі-дәрмегі мен тамағын, содан кейін коммуналдық қызмет ақысын төлейміз. Бюджеттен бөлінген ақша жеткіліксіз болғасын, әзірге уақытында есептесе алмай жатырмыз. Жеткізушілерге де қарызымыз бар”, – деді БҚО жұқпалы аурулар ауруханасының директоры Надия Ахметова. 

Айлыққа қол жеткізе алмай, салы суға кеткен жоғары білікті мамандар директор өз уәдесінде тұрмаса құзырлы органға шағымдануға бекініп отыр.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Атырауда Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен қасапшы ауруханаға жатқызылды

Published

on

By

Атырауда Сібір жарасын жұқтырды деген күдікпен бір адам инфекциялық ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК телеарнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Науқастың ауру малды сойған қасапшы екені анықталды.

“17 адам медицина қызметкерлерінің қадағалауында. Бір адамның қызуы көтеріліп, аурухағана жатқызылды. Сібір жарасына күдікті деп. Қазір науқастың жағдайы жаман емес. Зерттеуге алынды, анализ қорытындысын күтіп отырмыз”, – деді Атырау облысы денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Альмира Сабырғалиева.


Тұрғындар үйсіз қалуы мүмкін: Алматы облысында мектеп пен мыңнан аса үй Сібір жарасы бар аумаққа кіріп кеткен


Науқастың әзірге нақты Сібір жарасын жұқтырғаны расталған жоқ. Себебі зертханалық сынама нәтижелері әлі дайын емес. Бейресми ақпарат бойынша, науқас Өзбекстан азаматы. Ол мал базарында қасапшы болып жұмыс істеген екен.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сібір жарасы тараған бұл базарда тағы бір сиыр ауырып өлген. Өлекседен сынамалар алынып, зертханаға жолданды. 

Қазір Атырау аумағына Батыс Қазақстан облысынан және Құрманғазы ауданынан мал әкеле жатқан көліктер тоқтатылып тексеріліп жатыр. Анықтама қағаздары жоқтар кері қайтарылуда. Сонымен қатар мал соятын жерлердің бәрін жіті тексеріліп жатыр.

“Сібір жарасы анықталуына байланысты қаладағы 4 мал сою пунктінен және сауда орындарынан 55 сынама алынды. Қорытындысы 7-10 күн аралығында шығады. Кеше тағы бір мал өлімі тіркелді. “Асыл-Агро” базарында. Одан сынама алынды. Астанаға жіберілді. Қорытындысы бес күн ішінде шығуы керек”, – деді Атырау облысы ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Амангелді Саламат. 

Еске салсақ, бұған дейін Атыраудағы “Асыл агро” мал базарында өлген сиырдан Сібір жарасы анықталған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!