Connect with us

IN-THE-NEWS

Father’s Day: You Are The Exact Kind Of Papa I Prayed My Children Would Have

Published

on

By



Popular Nigerian actress, Adesua Etomi has taken to her Instagram page to celebrate her husband and singer, Banky W, on Father’s Day.

She posted a video of Banky W, who had just undergone his fourth surgery to remove a cancerous tumor, swinging with their son.

She praised him as the greatest father, the best dad in the world, and the ultimate role model. The actress stated that she adores Banky not only as a husband but also as a father because he is everything she prayed for.

She wrote: “To the best to ever do it, the blueprint, the best papa in the entire universe. You are indisputable evidence of God’s love for us. I thought I loved you as a husband, but my goodness, do I love you even more as a father. You are the exact kind of Papa I prayed my children would have. Words will never be enough to hype you or thank you for the deliberate, consistent, unquestionable devotion that you have towards your family. Thank you, Papa Z, for unknowingly healing my inner child. We love you beyond words, and we are so blessed to call you our own. To the best to ever do it, the blueprint, the best papa in the entire universe, we honour you and will be loving on you for all time. We love you. Truly, madly, deeply. HAPPY FATHERS’ DAY. @bankywellington. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Love always,

Zaiah & Susu”

SEE POST:

 




READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Айгүл Иманбаева анасына жантебірентерлік жазба жариялады

Published

on

By

ҚР мәдениет қайраткері, әнші Айгүл Иманбаева анасына арнап жазба жариялап, көпшілікті жылатты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/aigul_imanbayeva/

Өнер иесі бала күнінде нағашыларының қолында өскенін айтты. 

Менің анашым – тәтем. Ана туралы әңгіме болғанда, жүрегі елжіремей сөйлей алатын жан жоқ шығар?! Анамды “тәтем” деп атаймын. Кішкентайымыздан анашымның бауыры, інісі бізге солай айтыңдар деген. Тәтем өте еңбекқор, шыншыл, мінезі тік, тазалыққа тастай, өзі өмір бойы есепші болып үкіметте жұмыс істеген. Көзі ашық, көкірегі ояу, өзіне де, бізге де қойған талабы жоғары, кезінде адуынды айел болды. Үйде үш баламыз, үшеуімізге де екі жоғары оқуды оқытып, алдымызға мақсат қоюды үйреткен. Талай жетістігіммен қуанттым. Жастықпен талай ренжіттім. Ал қазір жасы ұлғайған сайын көз алдымда кішкентай балаға айналып барады. Жүрегім ауырады. Қолымнан келгенше көбірек қуантуға, еш ренжітпеуге тырысамын. Барынша батасын алып, мүмкіндігінше көбірек қасында боламын”, – деп жан сырын ақтарды әнші. 



Сондай-ақ өнер иесі оқырмандарына үндеу жасап, ананы құрметтеуге шақырды. 

“Тәтем менің – мотиваторым! Биік қорғаным! Тағынатын тұмарым!Тірелетін тірегім! Достар, аналарыңыздың көзі тірісінде ренжітпеңіздер, ауыр сөз айтпаңыздар, ақыл да айтпаңыздар! Батасын көбірек алып, көбірек қуантыңыздар! Оларға зәулім сарай да, байлық та керек емес. Тек жылы сөз бен мейірім ғана керек. Күніне тым болмағанда бір рет телефон шалып жағдайын сұраңыз. Ертең жағдайын сұрайтын анаң болмай қалса, кімге еркелейсің?! Даусына зар боларсың”, – деп жазды өнер иесі.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, Айгүл Иманбаева алғаш рет енесін көпшілікке көрсеткен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Пентагон бір жылда 700-ден аса беймәлім нысан туралы хабарлама алды

Published

on

By

Американың терминдер сөздігінде белгісіз аномалды құбылыстар түсінігі жақында пайда болды. Бұрын көбіне “беймәлім ұшатын объектілер” (НЛО) деген тіркес қолданылатын. Алайда ғалымдар мен шенеуніктер белгісіз шығу тегі бар объектілердің бірден бөгде ғаламдық тіршілікпен байланыстырыла бастауына жол бермеу үшін жаңа аббревиатураны қолдана бастады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Golosameriki.com порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AFP

Деректер осы мақсатта 2022 жылы АҚШ қорғаныс министрлігі құрамында құрылған аномалияларды зерттеу институтында өңделді.

Бір жылда зерттеу институтына кемінде 757 есеп келіп түскен. Мамандар тек 118 есептің шығу тегін анықтады. Бұл есептердің 70%-ы әуе шарлары мен аэростаттармен байланысты. Қалған анықталған объектілердің 16%-ы дрондар, 8%-ы құстар болып шықты. Басқасы спутниктер немесе ұшу аппараттары ретінде анықталған. Осы кезеңде көбі – 708 жағдай әуе кеңістігінде, ал тағы 49 жағдай ғарышта тіркелген. Ғарыштағы объектілер орбиталық құрылғылар емес, ұшақ пилоттары мен жерден бақылаушылардың көзіне түскен.

Пентагонның айтуынша, ешбір анықталған объект ғарыштық технологиялардағы революциялық жетістіктерді немесе АҚШ-тың шетелдік бәсекелестері тарапынан жасалған құрылғыларды дәлелдемейді.

“Беймәлім нысандардың ешқайсысы қауіп төндірген жоқ, тек біреуі ғана ерекшеленеді. Бір есепте Атлант мұхиты үстінде коммерциялық ұшақпен соқтығысуға жақын “цилиндрлік объект” туралы айтылады. Институт бұл оқиға бойынша тергеуді әлі де жалғастырып жатыр”, – деп жазылған мақалада. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Пентагон құрылымындағы бөлімше ретінде жұмыс істейтін зерттеу институты географиялық қателерді мойындайды. Өйткені деректер тек АҚШ әскерилері орналасқан жерлерде жиналған. Мысалы, 100 есеп Шығыс Азияда орналасқан америкалық әскерилерден, тағы 57 есеп Таяу Шығыстағы АҚШ әскери қызметкерлерінен келіп түскен.

“Барлық беймәлім нысанның нақты шығу тегі анықталған жоқ. Дегенмен институт көпшілікті қызықтырған сұраққа жауап беріп, онда мүлдем бөгде ғаламшарлық өмір немесе инопланеталық технологиялар туралы ешқандай дәлелдер табылған жоқ”, – деп түсіндірді ғалымдар.

Еске салайық, бұған дейін Ұлыбритания мен Германияның астрономдары Құс жолынан жаңа жұмбақ белгісіз нысанды тапқанын жаздық. Ол барлық белгілі нейтрондық жұлдыздардан ауыр және ең жеңіл қара құрдымдардан да жеңіл. Бұл нысан миллисекундтық нысанды (айналу периоды 1-ден 10 миллисекундқа дейінгі диапазондағы пульсар) маңында айналады және бізден 40 мың жарық жылы қашықтықта орналасқан. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстан Халықаралық қайта құру және даму банкінен 271 миллиард теңге қарыз алады

Published

on

By

Үкімет экономиканың тұрақтылығын қолдау үшін халықаралық қайта құру және даму банкінен (ХҚДБ) жаңа несие тартуды жоспарлап отыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Депутат Татьяна Савельеваның мәлімдемесіне сәйкес, несиелік келісімге Астанада 11 қазанда қол қойылған. Оның сомасы – 84,9 млрд иен 270,7 млрд теңге), ал өтеу мерзімі – 11 жыл.

Жиналған қаражат республикалық бюджеттің бекітілген тапшылығы шегінде экономикалық тұрақтылықты сақтауға бағытталады.

Тиісті заң жобасы мәжілістің қарауына жіберілді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұған дейін Ислам даму банкі (ИДБ) Қазақстанның су секторын дамыту жобаларына 1,15 миллиард доллар инвестициялайды деген ақпарат пайда болған. Қазақстанның Даму Банкі (ҚДБ) Италияның Cassa Depositi e Prestiti ұлттық даму институтымен 200 миллион еуро сомасына несиелік келісімге қол қойды. Бұл ретте Қытай Даму банкі де 282 миллион доллар қарыз береді.

Қазақстанның үш банктен алған несиелерінің көлемі 636 млрд теңгеге дейін өседі.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!