Connect with us

IN-THE-NEWS

Woman Married To An Only Child Reveals What Her Relationship With Her Mother-in-law Is Like

Published

on

By


A woman has taken to the X platform to open up about what it’s like to be married to a man who is an only child of his parents.

She spoke about the awesome treatment she receives from his mother.

She revealed that the woman sends her money monthly and also refers to her husband as her “brother” because he never had a sister.

She wrote: “My mother in law sends me pocket money every month. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Anytime she wants to talk about my partner she’d say “your brother” I put two and two together and I realized it’s because I’m married to her only child and he always wanted a sister.”

post

 

post

post

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Түркістан облысында жүк көлігі мен жеңіл көлік соқтығысып, 4 адам қаза тапты

Published

on

By

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты орын алып, салдарынан төрт адам қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

. Фото: Видеодан скрин

Түркістан облысы полиция департаментінің мәліметінше, жеңіл көлік жүргізушісі мен үш жолаушы қаза тапқан. 

Қазақстанда сақтандыру компаниялары жол апатында қаза тапқан адамдардың мұрагерлеріне өтемақы төлеуге міндеттелмек Алматыда автобус пен жүк көлігі соқтығысты (видео) READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“ВАЗ көлігінің Volvo жүк көлігімен соқтығысуы салдарынан жүргізуші мен үш жолаушы қаза тапты”, – делінген хабарламада. 

Құқық қорғау органдары оқиғаның барлық мән-жайын анықтау үшін тергеу жүргізіп жатыр.

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысында көктайғақ салдарынан көлік жол жиегіне шығып кетіп, жеті адам қаза тапқан еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Перизат Қайрат колледжде ұрлыққа түсті деген желіде тараған ақпаратқа қатысты оқу орындары түсініктеме берді

Published

on

By

Cу тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінген “Biz birgemiz” қорының негізін қалаушы Перизат Қайратты қаралайтын деректер әлеуметтік желіде таралып кетті. Соның бірі Қайраттың өзі оқыған колледж жатақханасында телефон ұрлап, оқудан шыққаны туралы ақпарат болды. Stan.kz тілшісі Перизат Қайрат оқыған “Маңғыстау өнер колледжі” мен Эстрада-цирк колледжіне желіде тараған ақпараттың рас-өтірігін анықтау үшін хабарласты. 

Фото: instagram.com/01pk

“Маңғыстау өнер колледжі” МКҚК Қасенғалиева Перизат Қайратқызының оқу орнына 2006-2007 оқу жылы “Хорда дирижерлік ету” мамандығы бойынша 1-курсқа қабылданғанын мәлімдеді. Кейін 2008 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжіне ауысып кеткен.

Алайда оның басқа оқу орнына не себепті ауысып кеткенін айтудан бас тартты. 

Екі оқу орнында да Перизат Қайрат бір жыл, бір жылға жетпейтін уақыт оқыған. 

Сондай-ақ Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжі Перизат Қайраттың оқудан шығып қалғанын растады.

“Колледж мұрағатынан Перизат Қайрат (Қасенғалиева) туралы келесі мәліметтер табылды. Қасенғалиева Перизат – 2008 жылы ақпан айының екінші жарты жылдығынан бастап, Маңғыстау өнер колледжінен ауысуына байланысты 1-курс “Жеке ән салу” бөліміне бюджеттік оқу түріне қабылданған. “Жеке ән салу” бөлімінің 2-курс студенті Қасенғалиева Перизат 2008 жыл қазан айының 24-нен бастап өз еркімен оқудан шығарылған. П. Қасенғалиеваға академиялық анықтама берілген”, – деп мәлімдеді колледжінің баспасөз қызметі.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Фото: Stan.kz

Айта кетейік, желіде Перизат Қайратпен бірге бұрын бір колледжде оқыдым деген бейтаныс қыздың видеосы тарады. Ол өзінің эстрада-цирк колледжінде Перизат Қайратпен бірге оқығанын алға тартты. 

“Сол кезде Ақтаудың колледжінен 2-курсқа Қасенғалиева Перизат деген қыз ауысып келді. Бір жарты жылға жетпейтін аз уақыт ішінде оның артынан жатақханада телефон, камераларды ұрлап, соның ақшасымен күн көретіні туралы әңгіме тарайды. Ол қызды кейін тіпті оқудан шығарып жіберді. Кейде сол қыз қайда кетті екен деп ойлайтын едім”, – деді ол видеода.

Ж.Елебеков атындағы Эстрада-цирк колледжі желіде тараған ұрлыққа қатысты ақпаратты жоққа шығарды.  

“Колледж мұрағатында П. Қасенғалиеваның ұрлық жасағаны үшін оқудан шығарылғаны туралы мәліметтер жоқ”, – делінген жауапта.

Еске салсақ, бұған дейін ерікті Перизат Қайрат су тасқынынан зардап шеккендерге жиналған 1,5 миллиард теңгені жымқырды деп күдікке ілінгенін жаздық. Ведомство оның заңсыз әрекетінің тағы бір эпизоды анықталғанын алға тартты. Ол Палестинаға жиналған қаражаттан тағы 200 миллион теңге жымқырған. Осылайша Перизат Қайрат 2 айға қамауға алынды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жан Мұқанов әнші Төреғали Төреәлімен татуласқан кезін есіне алды

Published

on

By

Белгілі продюсер, медиаменеджер Жан Мұқанов экс-жобасы, әнші Төреғали Төреәлімен даулы жанжалдан кейін кай кезде жолыққанын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://vk.com/photos76185951

Шоу-бизнес өкілінің сөзінше, әншімен ат құйрығын кесісіп, араласпай кеткен. 

“Араға үш жыл салып, Шымкентте көрісеміз. Ол кезде Шымкентке көшіп кеткенмін. Кеңсемде отырдым. Екеуміздің ортақ танысымыз бар. Ол кісі де танымал той-мереке ұйымдастырушысы. Ол менен бір әртіске өнер көрсетуге домбырамды бере тұруын сұрайды. Менің домбыралар коллекциям бар. Артық ойсыз, өтінішін қабыл алдым. Домбырамды бердім. Өзі келіп, алып кетті. Бірақ бірнеше сағаттан соң маған хабарласып, “Сен ренжімейсің деп ойлаймын. Бұл домбыраны мен Төреғалиге бердім” дейді. Мен ренжіген жоқпын. Ол кезде мен бәрін ұмытып, ренішім басылған”, – деп әңгімесін бастады продсюер.



Айтуынша, әнші экс-продюсерімен өзі жолығуды қалап, кешірім сұрағысы келген. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Сөйтіп үш жылдан кейін кездестік. Мен оған шапалақ берем деп ойладым. Ол да мені ұратын шығар деп ойлағанын айтты. “Сіз мені ұрсаңыз да, мен соған лайық едім” деді. Соңында құшақтасып, жыладық. Шынымды айтсам, мен оны қатты жақсы көрдім, жақсы көремін де. Мен продюсерлік еткен жұлдыздардың арасында Төреғали бірегейі еді. Мен бұл жобамды мақтан тұтамын. Біз тарих жасадық. Аз уақыт ішінде 10, 20, 30 мыңдық стадиондарды жинау кез келген әртістің қолынан келе бермейді”, – деді Жан Мұқанов.

Еске салайық, “Өте нашар қоштастық” деп Жан Мұқанов әнші Төреғали Төреәлімен араласпай кеткенін мойындаған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!