Connect with us

IN-THE-NEWS

Lady Claims She Spent Over N300k to Fix Her Phone Screen

Published

on

By


 

A Nigerian lady has left tongues wagging on social media after claiming to have spent over N300k to fix the screen of her Samsung S22 Ultra phone.

 

The lady, Julie made the claim on her Facebook.

 

In her words;

 

“Just spent ₦310K to fix my Samsung S22 ultra screen.”

“This country is a mess.”

 

The Facebook post quickly gained traction, with users expressing shock and disbelief at the exorbitant repair cost.

 

Netizens Reactions:

 

Bolaji Olaloye said; “As at last year my iphone 13 pm screen went blank. I was charged 310k for it,crazy how i switched to apple from Samsung hoping apple screens would cost less only to be faced with that rude shock.”

  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Sampson MacAya said; “Omó that’s really expensive o. Just screen alone.” Hossana Chikwado said: “That’s quite cheap. They made a greater mess when I went to fix my 13pm screen. “Just be thankful you got it fixed and try not to drop it again.”

 

Olugesin Folu Opeyemi said; “Oops…. too bad. That’s over $200. Samsung gadgets are generally expensive but the quality is there. You’d make the money in no time.”

 

Yuyu Odukoyas said; “That’s about $200. I think it’s not bad considering that the phone itself is now worth over a million. Also, the fingerprint technology is also embedded on screen.”

 

Tobechukwu Starz Nwachukwu said; “The way I hold this my Samsung tight. “I no fit even hold my babe tight like this.”

 

Emmanuel David said; “Paste Aza let me do you 1.5 Million.

 

“Or wait small first. Make I check my Hamster…Combat balance…

 

“Hardluck Momma ♥.”

 

See below;

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Ауыл шаруашылығына арналған тиімді несиенің барын білесіз бе?

Published

on

By

Ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлер агронесие алып, өз кәсібін дамыта алады. Stan.kz агенттігі мен Центр Кредит Банкі бүгінгі материалында агронесиенің кәдімгі несиеден қандай айырмашылығы барын және оның несімен тиімді екенін түсіндіреді. 

Иллюстрация: Stan.kz

Агронесие деген не?

Агронесие –  ауыл шаруашылығын дамытатын, жоғары әрі сапалы бәсеке тудыратын, кәсіптің қаржылай жағдайын тұрақты ететін маңызды құралдың бірі. Бұл несиені банк пен басқа да қаржы ұйымдары береді. Агронесиенің арқасында фермерлер мен агроөнеркәсіп иелері қаржылай қолдауға ие болып, кәсібіне тыңайтқыш, тұқым, техника сияқты қажет заттарын ала алады, фермасын жөндеуге мүмкіндігі бар. Мәселен олар агронесие арқылы: 

  • Ауыл шаруашылығы кәсібін модернизациялай алады. Кәсіпкер ауыл шаруашылығын дамыту үшін қажет жаңа техникаларды, құрылғыларды сатып алып, шығынын азайтып, жұмысының өнімділігін арттырады.
  • Кәсібін кеңейте алады: Қосымша қаражат өнеркәсібінің ауқымын көбейтуге көмектеседі. Мәселен, адам несиеге жер сатып алып, онда егін егіп, шаруасын дөңгелете алады. 
  • Жаңа бағыт қоса алады: Фермерлер жаңа тұқым түрін егіп немесе ірі қара малдың басқа түрін бағып, кәсібін кеңейтуге мүмкіндігі бар. Оған қоса фермерлер агротуризмге немесе өнімді өңдеуге инвестиция салуына болады.

Агронесиенің кәдімгі несиеден қандай артықшылығы бар?

Агронесие кәдімгі несиелерге қарағанда ұзақ мерзімге беріледі. Оған қоса мемлекет елдегі ауыл шаруашылығын дамытуға үлес қосу үшін түрлі қайтарымсыз гранттар, субсидия бөледі. Соның арқасында агронесиенің пайыз мөлшерлемесі әлдеқайда төмен болады. Дегенмен агронесиені алған адам қаржыны тек сол ауыл шаруашылығының қажеттіліктері үшін ғана жұмсауы керек. Бұл мақсатты несие түрі болып саналады. Сол себепті агронесиені алам дейтіндердің тіркелген шаруа қожалығы, бизнес жоспары болуға тиіс. 

Елімізде ауыл шаруашылығына арналған қандай несие бағдарламалары бар? READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстанда Аграрлық несие корпорациясы бар. Олардың мақсаты – қолжетімді және тиімді қаржыландыру жүйесін құру арқылы Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақты дамуына жәрдемдесу. Олар шаруа қожаларына қарызды несие серіктестері, микроқаржы ұйымдары, екінші деңгейлі банктер, аймақтағы инвестиция орталықтары арқылы береді. Аграрлық несие корпорациясы түрлі несие бағдарламасын ұсынады. Мәселен, олардың Кең дала, Кең дала 2, Іскер, Агробизнес, Жастарды шағын несиелеу деген бағдарламалары бар.

Агробизнес – ауыл шаруашылығына қажет негізгі құралдарды сатып алу, құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу, айналым капиталын қаржыландыру және инвестиция жобаларын іске асыру үшін несие беретін бағдарлама. 

Іскер – ауыл шаруашылығына қажет негізгі техникаларды сатып алуға және айналым капиталын қаржыландыруға несие беретін бағдарлама. 

Жастарды шағын несиелеу –  21 мен 35 жас аралығындағы жас кәсіпкерлерге ауыл шаруашылығын дамыту үшін несие беріп қолдайдын бағдарлама. 

“Кең дала” және “Кең дала 2” – көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін айналым қаражатын толықтыруға несие беретін бағдарлама. 

Центр Кредит Банк арқылы агронесиені қалай алуға болады?

Мәселен, Центр Кредит Банк арқылы “Кең дала” деген бағдарламасы бойынша агронесие алуға болады. Бұл несие көктемгі  егіс және егін жинау жұмыстарына айналым қаражатын толықтыру үшін беріледі. Бұл арқылы кәсіпкер 5 миллион теңгеге дейін несиені ешқандай кепілсіз әрі комиссиясыз ала алады. Банк небәрі бес минутта сізге несие беріп-бермейтінін айтады. Несиенің сыйақы мөлшерлемесі – 23,75%. 

Дегенмен агронесиені алғысы келетіндерге қойылатын бірнеше талап бар. Біріншіден, кәсіпкер қызметін кем дегенде 3 жыл жүргізген болуға тиіс. Екіншіден, бидай, күнбағыс, рапс, күнбағыс, қарақұмық өсіретіндердің әр дақылға 90 гектар алқабы болуы керек. Үшіншіден, статистикалық есептілік немесе ЖАО-дан егілген алқап туралы анықтама қағазы болуы қажет. Төртіншіден, бидай, күнбағыс, рапс, қарақұмық сияқты дақылдарды жинауы керек. Бағдарламаға Семей, Астана, Көкшетау, Өскемен, Қостанай, Павлодар, Петропавл сияқты қалаларда тұратын және ауыл шаруашылығымен айналысатын шаруа қожалары қатыса алады.

Несиені рәсімдеу үшін bbc.kz сайтына кіріп, төмен жақта орналасқан кесте аты-жөніңізді, нөміріңізді және ЖСН нөміріңізді жазсаңыз болғаны. Несиенің тәуліктің кез келген уақытында рәсімдеуге болады. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Елшілік қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берді

Published

on

By

Қазақстан елшілігі қазақстандықтарға Украинадан кетуге кеңес берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Pixabay.com

Украинадағы соғысқа байланысты елшілік ескерту жасады. 

“Украинада артиллериялық атқылау мен әуе шабуылдарының жиілігінің артуына байланысты қауіпсіздік мақсатында Қазақстанның Украинадағы елшілігі Қазақстан азаматтарына белсенді ұрыс қимылдары жүргізіліп жатқан жерлерден немесе Украинадан кету мүмкіндігін қарастыруды ұсынады”, – деп хабарлады елшілік.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Елшілік барлық азаматтарды әуе шабуылы туралы ескертуді елеп, өздерінің қауіпсіздік шараларын сақтауға және ресми органдардың ұсыныстарын орындауға шақырады.

Украинадан Қазақстанға бару үшін Қазақстан Республикасының азаматтары Польша немесе Молдова арқылы ұша алады, одан әрі коммерциялық әуе қатынасын қолданады.

Польша арқылы кеткен жағдайда Қазақстан азаматтарында Шенген визасы болуы керек. Ал Молдоваға кіру үшін виза қажет емес.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Жалғызбасты ананың төрт баласы жалдамалы пәтердегі өрттен қаза тапты

Published

on

By

Астанада Сарыарқа ауданының Көктал шағын ауданында өрт салдарынан тағы да төрт бала қаза тапты. Қайғылы оқиға 2019 жылы өрттен бес бала көз жұмған дәл сол ауданда болған. Бұл жолы да жалғызбасты ана жұмысқа кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Informburo.kz порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Informburo.kz

Бесшатыр көшесіндегі көзге байқалмайтын бұрыштағы кішкентай баспананы төрт баласы бар жалғызбасты ана жалдаған. 

“Таңғы алтыда күйеуімді жұмысқа шығарып салдым. Ол кезде ештеңені байқамадым. Қызым екеуміз таңғы тоғызда өрт сөндіру көліктерінің дыбысынан ояндық. Сол кезде қалың түтінді көріп, жанып жатқан дыбысты естідім. Көршілердің төбесі өртеніп кеткен. Өрт сөндірушілер бізді үйден эвакуациялануымызды бұйырды. Олар оны сөндіргенше төбеміз өртене бастады”, – деді үйдің екінші жартысында тұратын үш баланың анасы Айнұр.

Айнұр көз жұмған балалардың анасын жақын танымайтынын жеткізді. Ол тек әйелдің балаларын жалғыз өсіретінін және бір айдан астам уақыт бұрын қала маңындағы Талапкер ауылынан көшіп, осында баспана жалдағанын алға тартты.

“Ол әйел жақсы адамдай көрінетін. Қызыл көлікпен тапсырыстарды жеткізіп жұмыс істеген сияқты. Сол күні таңертең ол балаларына есікті құлыптатып, өзі бір сағатқа бір затты жеткізуге кетіп қалған. Оған көршілері өрт туралы хабарлаған болуы керек. Балалары да сонда тұншығып қалды дейді”, – деп қосты ол.

Валентина көршілес екі қабатты апаттық үйде тұрады. Оның пәтерінің терезелері өрт болған үйге қарайды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Біздің ауданымыз жаман емес. Мұнда тұрған үш жылда қылмыстық ештеңе байқамадым. Пәтер жалдаушылар туралы білмейміз. Өрт қатты болды, бірақ біз оны тек дабыл дауысы естілгенде байқадық”, – деді Валентина.

Сондай-ақ, көршілер пәтерді жалға Рая есімді әйел бергенін айтты. Оның ұлы биыл үйдің екінші жартысын сатып алып, бір бөлігін екі отбасыға жалға берген. 

“Мен ештеңе көрмедім, ештеңе білмеймін, ештеңе айта алмаймын. Жалпы, ешқандай қатысым жоқ. Үй иесімен емес. Бұл Айдардың үйі. Біз де шошып кеттік! Басқа ештеңе айта алмаймын”- деді Рая.

Қазір әкімдік жерлеу рәсімін өткізу шығындарын өз мойнына алған. Ал қаза тапқандардың анасы уақытша баспанаға орналастырылды. Қазір онымен психологтар жұмыс істеуді. Астана әкімінің баспасөз қызметі материалдық көмектің мөлшері әзірге анықталып жатқанын мәлімдеді.

Астана ТЖД қылмыстық кодекстің 292-бабының 3-бөлігі “өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу” бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Еске салсақ, өрт 2024 жылдың 17 қарашасында Астана қаласындағы жеке екі қабатты тұрғын үйде болған. Өрт үйдің шатырын қамтып, оның бір бөлігі құлап кеткен. Оқиға салдарынан 2 жастан 13 жасқа дейінгі төрт бала қаза тапты. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!