Connect with us

IN-THE-NEWS

Chioma’s Engagement Ring Can Buy 2 or 3 Rolls Royce

Published

on

By


Popular Afrobeats star, Davido has opened up on how much the engagement ring of his fiancee, Choma Rowland, costs.

The couple have pleased many netizens with their plans to get traditionally hitched on the 25th of June in Lagos.

The ceremony is getting closer and the two have been captured meeting up with other influential celebrities just before the big event.

In a recent video, the pair were sitted in a car and Cubana Chief Priest who was making the video hailed them for their ‘steeze’, particularly in relation to their upcoming nuptials. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Chioma kept flaunting her engagement ring, which was when Davido revealed that it was expensive and worth the equivalent of 2 or 3 Rolls Royce.

Chioma

See Video Below;




READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Депутат Бапи Назарбаева мен “Ескі Қазақстанды” сағынғандарды тексеруге шақырды

Published

on

By

Бірмандатты округ бойынша сайланған мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаевқа, мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваға әлеуметтік желілердегі ақпараттық шабуылға қатысты депутаттық сауал жолдады. Онда ол Ескі Қазақтанды аңсаушылар желіде үгіт-насихат жүргізіп, қоғамдық санаға іріткі салып жүргенін айтып, үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Депутат Ермұрат Бапи, ең әуелі, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзін еске салып, желідегі “әдемі өмірдің” қандай екенін айтып берді.

“Қасым-Жомарт Тоқаев ауыл шаруашылығы еңбекерлерінің бірінші форумында “Бүгінде әлеуметтік желілердегі әдемі өмір мен “сәтті жетістік” деп аталатын агрессивті жарнама адамдарда бәріне қол жеткізу оңай және қарапайым деген ой тудырады. Кейбір жастар осыған сеніп, қымбат уақыттарын босқа өткізеді. Шыны керек, кез келген жетістіктің артында тынымсыз еңбек жатыр” деді. Міне, осы “сәтті жетістік” бүгінде қоғамдық пікірге, ықпал ету саясатына ауыз сала бастады”, – деді Ермұрат Бапи.

Ермұраттың Бапидің айтуынша, таяуда әлеуметтік желілер арқылы парламент сенатының бұрынғы басшысы Дариға Назарбаеваны жер-көкке сыйдырмай мақтаған видео тараған. 

“Әлбетте, тақырыпқа желеу болған персонаждың басқалардан адами артықшылығы болса, оған мүлдем дау жоқ. Бірақ, бұл адам, Дариға ханым… Кешегі елдегі екінші басшы ретінде жоғары саяси лауазымды адам болғанын ұмытпауы керек. Сондықтан мұны бұрынғы саяси режимнің артықшылығын дәріптеуге арналған, қоғамдық санаға сіңірілмек саяси монипуляция деп қабылдау керек. Әсіресе қазақ қоғамына. Іріткі салуға астыртын бағытталған, “ескіні” аңсау үрдісі сипат ала бастаған сияқты. Желі арқылы тарап жатқан мұндай монипуляцияға, Жаңа Қазақстанды саяси жік-жікке бөлу, өш алу, есе қайтару, қайтып келу әлпетін сезіну қиын болмаса керек”, – деп түсіндірді депутат.

Депутат Қаңтар оқиғасындағы қантөгіске тікелей қатысы бар теріс діни ағым иелері ендігі жерде қоғамның саяси санасына қиқым салуға белсенді түрде кірісіп жатқанын мысалға келтірді.

“Бұған “сәтті жетістікке” жеткендер мұрындық болып отыр. Қаңтар кезінде қашып кеткендер, қазір біртіндеп оралып жатыр. Енді олар ел ішіне ұлттық мұра мен салт-санаға қарсы идеологияны үйіріп, реваншистік саясатты қоғамға сіңіруге қам жасап жатыр. Мақсат – онсызда әзірге ала-құла қоғамға әлеуметтік протестік теңсеріспен толқылулар тудыру. Тараламы, оқырманы миллионға жуық желілерге, ресурстарға қаржылай көмек беру арқылы оларды өз бауырларына басып, ашық платформалар арқылы ашық саяси теңсерістер тудыруға ниетті”, – деді мәжілісмен.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

Бұдан бөлек Ермұрат Бапи оған дәл осындай инсайдерлік ақпараттың бірнешеуі жеткенін атап өтті. 

“Бүгінгі билік отставкаға кетеді”, “мерзімінен бұрын өтетін сайлауға дайындық жүріп жатыр”, “Депутаттардан ұят кетті” деген сияқты жалаң трендтердің әлеуметтік желіде еркін тарауына, сол реваншистердің қолтыққа су бүрку әрекеттері себеп болып отыр. Мұның бәрі “бұрынғының кезінде мұндай болмаған”, “бұрынғының кезінде жақсы еді” деген тезисті тарату арқылы қоғамдық санаға солақай саңылау салудың саясат технологиясы деп қабылдау керек. Сонымен қатар бұрынғы билікті аңсаушылар ушықтырып, қазақтар мен жалпы мұсылмандар дүниесін Жаңа Қазақстанға айдап салып жүрген діни-саяси әрекеттер әшкереленуі керек. Қазақтың мыңжылдық ұлттық мұраттары мен дәстүрлері шариғатпен емес тиісті заң нормаларымен реттелуге тиіс”, – деп қорытындылады мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи.



Еске салайық, бұған дейін мәжіліс депутаты Никита Шаталов та ел экономикасын басқаруда  “Ескі қазақстанның” кейбір әрекеттері қайталанбауы қажеттігін айтқан еді. 

“Либерализация қитұрқы әрекеттерге төзбейді. Бұрын жекешелендіруді желеу етіп, инфрақұрылым, денсаулық сақтау мен білім беру нысандары, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар кім көрінгеннің қолына өте беріп, бекерге сатылды. Бұл үрдіс қайталанбауы керек”, – деді Никита Шаталов.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Данияр Елеусінов әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды

Published

on

By

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Данияр Елеусінов WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионын жекпе-жекке шақырды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: sportplustv.kz/

Рио олимпиадасының чемпионы, жеңілістің дәмін татпаған Данияр Елеусінов жартылай орта салмақтағы WBC чемпионы, америкалық Марио Барриосты жекпе-жекке шақырды.

“Өткен демалыс күндері WBC чемпионы Марио Барриос өте әлсіз өнер көрсетті. Оның қолынан Абель Рамосты екінші раундтың ортасында нокдаунға түсіру ғана келді. Марио, мен сені жеңетініме сенімдімін. Кез келген жерде, кез келген уақытта жекпе-жекке шығайық. Олимпиада чемпионы WBC чемпионына қарсы. Жанкүйерлерімізді қуантайық!” – деді Елеусінов әлеуметтік желідегі парақшасында. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Данияр Елеусінов 2025 жылдың ақпанында шаршы алаңға оралатыны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматы әкімдігі зағип жандарға кітапхана ашу үшін 892 миллион теңгеге кеңсе ғимаратын сатып алмақ

Published

on

By

Алматы әкімдігі көзі нашар көретін және зағип жандарға арналған кітапхана ашуға ниетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Алматы әкімдігі 892,8 миллион теңге тұратын тұрғын емес ғимаратты сатып алуға тендер жариялады. Қалалық мемлекеттік активтер басқармасының хабарлауынша, жаңа ғимарат көру қабілеті нашар адамдарға арналған мамандандырылған кітапханаға айналады.

Ғимарат Алматы қаласы Алмалы ауданында Төле би, Әди Шәріпов, Қарасай батыр және Есентай өзені көшелері алаңында орналасуы керек делінген.

Негізгі техникалық талаптар:

  • Салынған жылы – 1988 жылдан ерте емес;
  • READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

  • Ауданы – кем дегенде 3400 шаршы метр;
  • Қозғалысы шектеулі адамдар үшін пандустың болуы;
  • Төбенің биіктігі – 2,6 метрден кем болмауы керек.

Ғимарат барлық коммуникацияларға қосылып, коммуналдық қызметтерге қарызы болмауы керек. Өтінім 27 қарашада жабылады.

“Онда тактильді және дыбыстық технологиялары бар мамандандырылған жұмыс станцияларын орнату, қоғамдық өмірге интеграциялауға бағытталған білім беру және әлеуметтік бағдарламаларды ұйымдастыру және кәсіптік оқыту, кездесулер, консультациялар және басқа да іс-шаралар өткізу үшін кеңістік жасайды”, – делінген хабарламада.

Әкімдіктің мәліметінше, Алматыда 7 мыңға жуық көзі нашар көретін азамат тұрады және жоба соларға бағытталған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!