Connect with us

IN-THE-NEWS

I’m Ready For Marriage, I Don’t Mind The Gender

Published

on

By


Mercy Eke

 

BBNaija Season 4 winner, Mercy Eke has stated that she is ready to get married.

The entrepreneur shared her wish via Snapchat while attending the wedding of actress Sharon Ooja. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

A follower wrote to Mercy,  “marry me.”

And she replied, “I’m so ready… I don’t mind the gender like this. Love is sweet. I’m so so ready.”

post

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Абай Бегейдің әйелі туған-туыстың сөздерінен шаршағанын айтты

Published

on

By

Танымал әнші Абай бегейдің әйелі, блогер Фариза Жұманова ел алдында жан сырын ақтарып, жылап қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/fari___za____zhan/

Абай Бегейдің 16 жастағы қызының тұрмысқа шыққанына көпшілік оның әйелінің діни көзқарасын айтып, кінәлаған еді. Жақында Абай Бегейдің үлкен ұлы келіншегімен бөлек шықты. Осы жағдайға да туысқандары әйелін кінәлаған. Әншінің жұбайы жеке парақшасында жылап, жан сырын ақтарды.  

“Қасқырдың ауызы жесе де, жемесе де қан. Қаншалықты осыған шыдар екем?! Қашып кететін жер бар ма?! Мені барлық нәрсеге кінәлау жеңіл шығар. “Сымбатты кетірдің, Жалғас пен келінді сыйдырмадың” деп ойлауға миы жеткен туыстар, аман болыңдар. Басқа айтарым жоқ. Менің естіген рақметім осы болса, жақсы. Бүгін өзіме қатты жылап, ішкі дүниемді шығаруға рұқсат бердім. Әлеуметтік желі аздай, бүгін жақын адамым мені қатты сындырды. Әр нәрсеге қайыр бар, енді мен одан да мықты боламын”, – деп жазды Фариза Жұманова.



Еске салайық, блогер әншіге тұрмысқа шығарда қыздарының да қарсы болғанын жасырмаған еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қыздар екі жылдай менімен сөйлескен жоқ. Әкелерін қызғанып, маған да реніштері болды. Қазіргідей қарым-қатынас құру үшін көп уақыт керек екен. Әркімнің өз аналары бар. Мені “Апа” деп атады”, – деген еді блогер келіншек. 

Фото: https://www.instagram.com/fari___za____zhan/

Бұған дейін, Абай Бегейдің әйелі балаларын шариғат жолымен ғана тәрбиелейтінін жасырмаған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбе облысында жолдарды қыста күтіп ұстауға 43 мердігер ұйым міндеттелді

Published

on

By

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровтың төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде өңірдегі автомобиль жолдарын қысқы күтіп ұстауға дайындық шаралары қаралды.

Ақтөбе облысының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Айбек Қайыр жергілікті жолдарды күтіп ұстау үшін 2025 жылға 2,7 млрд. теңге қарастырылғанын хабарлады. Бұл сома облыстық мәслихаттың таяудағы сессиясында бекітіледі.

Облыстағы жолдардың жалпы ұзындығы – 4 440 шақырым, оның ішінде облыстық маңызы бары – 1 265 шақырым және аудандық маңызы бары – 3 175 шақырым. Бұл жолдарды қыста күтіп ұстауға 43 мердігер ұйым жауапты. 401 бірлік техника, бес мың тонна инертті материал, 965 тонна дизель отыны әзірленді. Айбек Қайыр атап өткендей, жылу пункттерін дайындау және оларды қажетті азық-түлік қорымен қамтамасыз ету, сондай-ақ жол бойындағы су өткізу құбырларын тазалау жұмыстары аяқталып қалды.

“ҚазАвтоЖол” ҰК” АҚ облыстық филиалының директоры Айбол Данағұлдың айтуынша, компания республикалық маңызы бар 1869 шақырым жолға қызмет көрсетеді. Оның 117 шақырымы қазір жөнделуде. Жұмысты аяқтау процесін жеделдету үшін қосымша техника тартылды. 

“Жолдарда 101 қарлы учаске бар. Оның 28 учаскесінде 86 шақырым темірбетон қоршаулар орнатылды. Қалған учаскелерге уақытша ағаш қалқандар қойылады. Сондай-ақ, қар құрсауында қалған жүргізушілер мен жолаушылар үшін 15 жылыту пункті дайындалды. 28 арнайы техника жұмылдырылды. Жетіспейтін техника жалға алынады. Қазір инертті материалдар дайындалуда. Жалпы 9400 тонна құм мен 2020 тонна тұз дайындау жоспарлануда”, – деді Айбол Данағұл.

Қыста көлік кептелісін болдырмас үшін “Самара-Шымкент” республикалық маңызы бар автожолының “Ақтөбе-Хромтау-Қарабұтақ” бағытындағы учаскелерде айналма жолдар жасалды. Сонымен қатар, қарлы боран болған жағдайда көлік үшін қосалқы тұрақтар дайындалады. Олардың бірі – Хромтау ауданы Ақжар ауылының тұсында ашылған.   READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қала әкімінің орынбасары Жұлдызбек Бисембин өз кезегінде облыс орталығындағы жолдарды күтіп ұстау мәселесі туралы баяндады. Қала 24 учаскеге бөлінген, олардың әрқайсысын қыста күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйым бекітілген. Қыста көшелерді тазалауға 350 бірлік техника шығады. Қаланы қардан тазарту үшін күндізгі ауысымда 30 бригада (40 тиегіш, 150 жүк көлігі) және түнде 20 бригада (20 тиегіш, 60 жүк көлігі) жұмылдырылады. Мердігерлер қазірдің өзінде 1250 тонна тұз, 1830 тонна құм-тұз қоспасы және 2000 тоннадан астам құм жинаған.

Дайындық шаралары туралы айта келе, қала әкімінің орынбасары ел бойынша ең төмен саналатын жолдарды қысқы күтіп ұстау тарифтерін қайта қарау қажеттігін атап өтті. 

Асхат Шахаров облыста жолдарды қысқы күтіп ұстауға дайындық туралы баяндамаларды тыңдап болған соң, толық дайындықты, ауа райы жағдайларына уақытылы ден қоюды және қозғалыстың барлық қатысушылары үшін қауіпсіздікті қамтамасыз етуді тапсырды.

“Жолдарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қыс мезгілінде жүргізушілер үшін тәуекелдерді азайту қажет. Жолдарды жөндеуді уақытылы аяқтауға және қолайсыз ауа-райына жедел ден қоюға ерекше назар аудару маңызды. Барлық жұмыс ауа райы жағдайлары мен халықтың қажеттіліктерін ескере отырып жүргізілуі тиіс. Қардың салдарын тез арада жою ғана емес, сонымен қатар алдын-ала дайындалу – жылу пункттерін, құм мен тұз қорын ұйымдастыру, қоршаулар мен арнайы техниканың болуын қамтамасыз ету керекпіз. Жолдарда қауіпсіз жүру үшін жағдайлар барлық негізгі учаскелерде қамтамасыз етілуі тиіс”, – деп атап өтті әкім.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Зейнетақы жинақтарын шоттан шешіп алу қартайғанда алатын төлемге қалай әсер етеді

Published

on

By

Зейнетақы жинақтарын шотынан үнемі алып отыратын қазақстандықтар қартайған шағында ең төменгі төлем алуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші жартыжылдықта ел азаматтары тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін айына шамамен 16-26 миллиард теңге алып отырған. Шынар Оразова екі жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан. Әйелдің міндетті зейнетақы жарналарын алатын бірнеше компанияда 37 жыл жұмыс өтілі болған.



“Зейнетақы шотыма көп қаржы жинадым. Сондықтан да зейнетақым жоғары. Ынтымақтастық құрамдас бөлігі үлкен рөл атқарды, бірақ зейнетақы жарналары да тұрақты болды. Зейнетақыма ризамын”, – дейді зейнеткер. 

Сарапшылардың пікірінше, кейбір қазақстандықтар тек бүгінгі күнмен өмір сүреді. Бұл нәтижесінде қосымша жинақтардың мүлде қалмауына әкеледі. Дегенмен, көпшілігі “қауіпсіздік жастығына” алаңдап, зейнетақы жарналарын жасайды.

“Зейнетақы жинақтарын алған кезде жинақтардың мөлшері және төлемдер мөлшері азаяды. Өйткені төлемдердің мөлшері жинақтардың мөлшеріне пропорционалды түрде анықталады. Ал егер адам үнемі алып отырса онда төлемдер мөлшері ең төменгі деңгейде болады”, – деді  “БЖЗҚ” АҚ стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары Азат Сапин.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сарапшылар артық ақшаны алатын кезде ақылмен ойлануға кеңес берді. Сөздерінше, көптеген қазақстандықтар инфляция жинаған ақшасын жойып жібереді деп ойлап, қаржысын денсаулығын жақсартуға немесе баспана сатып алуға жұмсайды. Бұл жағдайда инвесторлардың жасы мен тәжірибесі де маңызды рөл атқарады дейді.

“Адамның жұмыс мансабының басында тәбеті және тәуекелге төзімділігі төмен болады. Біріншіден, ол максимализмнің арқасында үлкен тәуекелге баруға дайын болады. Ал жұмыс мансабын дұрыс аяқтауға жақын адамның айтарлықтай зейнетақы жинақтары бар және тәуекелге баруға дайын емес”, – деді экономист Жәнібек Айғазин. 

Заң зейнетақы төлемдерінің белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауына кепілдік береді. Ал БЖЗҚ сайтында жинақтарды болжау және жоспарлау үшін қазақстандықтар “Зейнетақы калькуляторы” мен “Жеке зейнетақы жинақ жоспарын” пайдалана алады. Бұл қызметтер зейнетақының күтілетін мөлшерін бағалауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын төлемдерге  салынатын жеке табыс салығы алынып тасталғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!