Connect with us

IN-THE-NEWS

Actress Bimpe Akintunde Calls Out Exes For Taking Her Love For Granted

Published

on

By


 

Actress Bimpe Akintunde aka Wasila Coded has taken to her social media to call out her exes.

 

She slammed them for taking her love for granted.

 

She also shared a movie scene photo of herself holding a gun. She expressed disappointment towards those who pretended to love her but failed to reciprocate her genuine affection and support. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

Celebrating her first anniversary and expressing gratitude to her husband’s family, Bimpe declared that she “married right.”

 

Her caption combined Yoruba curses and gratitude, highlighting her relief at finding true love and her commitment to her current marriage.

 

“This is for every fake lovers that come my way , that I ever loved genuinely, showed real love, supported in my own little way, and E o ni gbadun, Asiri yin ko nibo!!!!! Special thanks to all the Ganiyu Family E ku ife mii. E o ni fota’sore, E o ni teni’tika lola Oluwa Oba Alhamdulilai I Married Right. God Bless my Husbbyyyyy more n more. Thank you all, my True Lovers, for the congratulatory messages for our 1year anniversary. 1 year down forever to go Insha Allah cc @king_yog1″, she wrote on Instagram.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Өрт шыққан үйдің мұржасынан баллон табылды

Published

on

By

Төтенше жағдай министрі Шыңғыс Әрінов Жітіқарадағы 5 баланың өліміне не себеп болғанын айтты. Министрдің айтуынша, үйдің мұржасынан бөгде зат табылған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Видеодан скрин

Өрт шыққан үйдің мұржасынан кішкентай баллон табылған.

“Көмір пеші болған. Мұржа жүйесі тазартылмаған екен. Сондай-ақ мұржаның ішіне баллон салып жіберген. Баллон кішкентай. Ол сондай екен… Салдарынан жарылыс болып отыр”, – дейді Шыңғыс Әрінов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Баллонның мұржада қалай пайда болғаны белгісіз. “Балалар салып жіберуі мүмкін бе?” деген сұраққа төтенше жағдай министрі тергеу жұмыстары аяқталған соң жауап беретінін айтты.



Еске салсақ, бұған дейін Қостанай облысында үйден өрт шығып, бес бала тірідей жанып кеткені туралы жазған едік. Кейіннен өрт кезінде балалардың анасының достарына қонаққа кеткені, ал әкелерінің түрмеде екені анықталды. 5 баланың анасының үстінен қылмыстық іс қозғалды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Украинадағы жағдайға байланысты министрлермен шұғыл жиын өтті

Published

on

By

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты министрлермен жедел кеңес өткізді. Бұл туралы  Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өтті.

Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады. Бектенов оған мемлекеттік органдардың іс-қимылдарын күшейтуге бағытталған бірқатар міндеттер қойды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Тұрақтылық пен қоғамдық тәртіпті сақтау, көлік қатынасының қауіпсіздігі, денсаулық сақтау объектілерінің қызметі туралы айтылды.

Уәкілетті құрылымдардың басшылығына президенттің қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларының орындалуын ерекше бақылауда ұстау және жағдайдың өзгеруі туралы шұғыл режимде баяндау тапсырылды.

Бұған дейін Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

22 жастағы Қазбек қалай баспаналы болды?

Published

on

By

Мақсатына берік болған боз бала Қазбек Жұмағали жасына қарамастан, өз үйінің керегесін кең, терезесін тең етті. Ол небәрі 22 жасында “Отау” бағдарламасы арқылы жап-жаңа пәтер алып, баспаналы болды. Stan.kz ақпарат агенттігінің журналисі Қостанай тұрғыны Қазбек Жұмағалимен сөйлесіп, осы жасында қалай ақша жинай алғанын, оған не көмектескенін сұрады.  

Ауыл мен қаланың ортасында жүрдім

Қостанай қаласының маңындағы Алтын дала деген ауылданмын. Жасым 22-де. Ата-анам, ата-әжем – бәріміз бір шаңырақта тұрамыз. Үйдің жалғыз баласымын. Мектепті тәмамдаған соң, Қостанайдағы колледжге оқуға түстім. Алғашқы жылы сабаққа ауылдағы үйімізден барып-қайтып жүрдім. Дегенмен қыстыгүні ауыл мен қала арасында қатынау қиындай түсті. Сөйтіп жатақханаға көшуге бел будым. Пәтер жалдап та тұрдым, кейде тіпті достарымның, таныстарымның үйіне қонып қалған кездерім болды. Осы уақытта, 2-курс оқып жүргенімде “Шіркін, қалада өзімнің бір үйім болса ғой” деп армандайтын едім. Дәл сол кезде бір туысымнан кездейсоқ Отбасы банк туралы, одан депозит ашып, ақша жинау тиімді екенін естіп қалдым. Осы сәтте әлгінде ғана ойлаған арманымды орындауға таптырмас құрал екенін түсінгендей болдым. Сөйтіп әке-шешеммен ақылдасып, Отбасы банкінен шот ашып, ақша жинай бастадым. 

Студент кезімнен-ақ 3,5 миллион теңге жинай алдым

Қаражатты 18 жасымнан бастап жинадым. Ол кезде 16 мың теңге шәкіртақы алатынмын. Сабақтан соң, бос уақытымда жұмыс істеп, ақша таптым. Таңертең сабаққа барсам, түстен кейін, кешке даяшы болып жұмыс істедім. Даяшылық қызметім үшін 4000-5000 теңге төлейтін. Шәкіртақымды күнделікті күнкөрісіме жұмсап, ал жұмыстан түскен табысымды депозитке салдым. Кейде шотыма айына 1000-2000 теңге ғана салған кездерім болды. Бірақ мен “бастысы ақша соммасында емес, тұрақтылықта” деген ойды миыма әбден құйып алдым. 

Оған қоса мүмкіндік болса, алғашында көп сома қаражатты салып, кейін аздан салса да, бағалау көрсеткіші өседі екен. Сол себепті жаздық каникулымда жұмыс істедім. Әжептәуір жалақы алып жүрдім де, соның 50%-ын шотыма аударып отырдым. Күннен-күнге жинағымдағы қаражаттың өсіп жатқанын көрген сайын, одан әрі құлшынысым арта түсті.  Себебі мақсатыма ақырындап жақындап келе жатқанымды түсіндім. Сөйтіп үш-төрт жылда 3,5 миллион теңге жинадым. Кейін бір танысымнан Отбасы банкінің “Отау” деген бағдарламасы туралы естідім де, интернеттен ақпарат іздедім. Бағдарламаның шарттары өзіме ыңғайлы болды: алғашқы жарнасы, пайыз мөлшерлемесі, банктың беретін несие соммасы тиімді екен. Сөйтіп көктемде бағдарламаға өтініш беріп көрдім. Міне, биыл күзде баспаналы болдым. 

Арманымды орындағым келетінін түсінетінмін 

Өмірдің ең қызық сәтінің бірі – студенттік шақ. Бұл уақытымды, сол кездегі қаражатымды тиімді қолдандым деп есептеймін. Достарыммен қыдырып та, ақша жинап та үлгердім. Мәселен, жалақым мен шәкіртақым 54500 теңге болса, оның 4500 теңгесін депозитке салып қоятынмын. 5400 теңгеден күнделікті күнкөрісім аса өзгеріп кетпейді. Есесіне, депозиттегі қаржым көбейетін. 

Оның үстіне, мен әлі де жап-жаспын. Ерте әрекет еткенімнің арқасында 22 жасымда баспаналы болдым. Колледжде электрик мамандығын меңгердім, бірақ кейінгі уақытта педагогтың қызметіне қызығып жүрмін. Сол себепті қазір дене шынықтыру пәні мұғалімі мамандығын оқып жатырмын. Жас болған соң, түрлі саланы көріп, өзіме ұнайтын сүйікті ісімді тапқым келеді. Бастысы кез келген салада, істе бір орында тоқтамау керек әрі тәуекел ете білу керек екенін түсінемін.  

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Үйімнің кілтін дәл анамның туған күнінде алдым

Үйімізде бір күнде екі дүбірлі той болды: анамның туған күнін атап  өттік, жаңа баспанамның кілтін алдым. Бұл кездегі қуанышымды сөзбен жеткізе алмаймын. Барлық туыстарымыз да хабарласып, қуанышты хабарымызды бөлісті.

Ес білгелі ауылда жер үйде тұрдым. Ауылым – туған жерім, оның әр топырағы мен жері ыстық. Десе де ауылдың тірлігі көп қой. Өзім, ата-анамның, ата-әжемнің барлық жағдай жасалған қалада, іші жөнделген, кең әрі жайлы көпқабатты үйдегі пәтерде тұрғанын қаладым. Қазір сатып алған үйім дәл өзім қалағандай. Сапасы жоғары, кең бір бөлмелі үй алдым. Аулада да балаларға ойнауға арналған алаң бар. Ипотеканы 8 жылға рәсімдедім. 8 жыл лезде өтіп кетеді деп ойлаймын. Ай сайын ақысын төлеп отырамын. Бұрын жалдамалы пәтерге ақысын төлегенімде “ақшам ауаға кетіп жатқандай” болатын. Ал қазір ай сайын ақысын төлесем де, болашақта бұл үй өзіме қалады. Десе де мен мұнымен шектелмеймін. Ата-анамның жағдайын жасап, бұдан да кең үй алғым келді. 

Қанша теңге жинап жатқаныңыз емес, ай сайын тұрақты түрде ақша салғаныңыз маңызды: Қазбектен кеңестер

Негізі қазір баспаналы болам деген адамға түрлі мүмкіндік бар. Өз басым, үй алғысы келетіндерге мынадай кеңес берер едім:

Біріншіден, әуелі адамның мақсаты айқын болуы керек және өзі сол арманын іске асыра алатынына сенуі қажет. 

Екіншіден, көп ақша тапқан адам емес, оны дұрыс жұмсайтын адам бай. Адам табысын дұрыс бөлсе, жеткізуге болады. Мұны қаржылай сауатты болудың бір жолы дер едім. 

Үшіншіден, тұрақтылық маңызды. Сіздің қанша теңге жинап жатқаныңыз емес, ай сайын тұрақты түрде ақша салып отырғаныңыз, қорыңызға бес теңге болсын түсіп тұрғаны маңызды екенін ұмытпаған жөн. 

Төртіншіден, екі қолға бір күрек демекші, еңбек еткен адам арман-мақсатына жылдам жетеді. Оған қоса қазір пәтер алуға мүмкіндік беретін Отбасы банкінің түрлі бағдарламалары бар. Адам өзіне ыңғайлысын, қалтасы көтеретінін таңдап алуына болады. Ең бастысы бағдарлама шарттарын мұқият түсініп оқыса, оның еш қиындығы жоқ. 

Бесіншіден, депозитке ақша жинаған сайын үлкен арманыңызға бір қадам жақындағаныңызды ұмытпаңыз. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!