Connect with us

IN-THE-NEWS

Cali Parent Council Criticizes Sussexes for Exploiting Child for Profit Following Failed Million-Dollar Project

Published

on

By

 

Amidst the fallout from their unsuccessful million-dollar venture, the Sussexes find themselves facing scrutiny from the Cali Parent Council. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

It appears that when their own endeavors falter, they resort to using their children as a potential solution. It has recently come to light that the Sussexes arranged for their children to make an appearance at the Independence Day parade in the United States, a stark departure from their previous decision to keep their children shielded from the public eye…Click Here To Continue Reading>> …Click Here To Continue Reading>>

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Қазақстанда биыл онлайн саудаға қатысты шағымдар саны 130% өсті

Published

on

By

Өткен жылмен салыстырғанда онлайн саудаға қатысты шағымдар саны 130% өсті. Бұл көрсеткішке әлеуметтік желі арқылы сауда жасайтын алаяқтар да кіреді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Pexels.com

Шыңғыс Жағыпаров жұбайымен жақында Алматыдан Астанаға көшіп келген. Елордадан жаңа пәтер сатып алып, жиһаз таңдауды бастаған. Instagram желісіндегі компаниялардың бірінен тапсырыс алыпты. Жәбірленушілердің айтуынша, олар кездесіп, миллион теңгеден астам ақша төлеген. Бірақ уәде етілген жиһаз жоқ.

“Әдемі жарнама шыққасын толығырақ сөйлестім, біз келісім жасадық. Қазір ақшаны жоқ зат үшін төлеп жатырмыз, өйткені бір айдан кейін жиһаз да, бұл компания да мүлдем жоқ екенін білдік”, – деді астаналық Шыңғыс Жағыпаров.

Шымкентте де осындай жағдай болды. Тәртіп сақшылары интернеттегі алаяқтыққа қатысты күдіктілерді ұстады. Полицейлер ұсталғандардың әлеуметтік желіде фирмалық тауарлар дүкенін құрып, миллиондаған теңгеге жоқ тауарларды сатқанын айтты.

“Олар сатып алушыларға жеткізу шарттарын түсіндірді және төлемді ақша аударымдары немесе қашықтағы шоттары арқылы алды, тапсырысты ала алмаған тұтынушылар полицияға арыз берді”, – деді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сауда және интеграция министрлігінің мәліметі бойынша, биыл 9 айда онлайн саудаға қатысты 43 мыңға жуық шағым түсті. Өткен жылмен салыстырғанда мұндай өтініштер саны 130% артқан. Көбінесе тұтынушылар тауар мен сатушы туралы ақпараттың жоқтығына, ұсынылған тауар мен сипаттаманың сәйкес келмеуіне немесе интернет сайттарының тауар мен ақшаны қайтарудан бас тартуына шағымданады.

Мамандар жалған саудагерлерді қалай тануға болатынын айтып берді. Біріншіден, мемлекеттік кірістер комитетіне хабарласып, сатушылардың электронды коммерция тізімінде бар-жоғын тексеруге болады. Сонымен қатар мамандар көп жазылушылар мен әдемі жарнамаларға алданып қалмауға және дүкендердің беделін мұқият тексеруге кеңес береді.

“Тұтынушылардың құқықтары тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы заңның 7-бабында көрсетілген, тұтынушы толық ақпаратты сұрауға құқылы. Бұл сатушыға да, өнімге де қатысты. Интернет арқылы сатып алу кезінде тұтынушыларға фискалдық түбіртек сұрау ұсынылады. Сатушының аты-жөні мен Instagram лақап атын пайдалана отырып, электрондық коммерция тізілімін жүргізетін мемлекеттік кірістер комитетіне сұраныс жіберуге болады”, – деп мәлімдеді бақылау және үйлестіру департаментінің бас сарапшысы Жансая Дадын.

Полицейлер тауарды алғаннан кейін төлем жасауға кеңес береді. Сондай-ақ сатушымен видеоқоңырау арқылы хабарласып, тауардың бар-жоғын тексерген жөн. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматыда тұрғындар қаланың қақ ортасында салынып жатқан құрылысқа наразы болды

Published

on

By

Алматының қақ ортасында тоғыз қабатты үйдің салынуы тұрғындардың ашуын туғызды. Қала орталығындағы тығыз құрылысқа шектеу қою туралы жылдар бойы айтылып келсе де, “Поток 8” құрылыс компаниясы Алматыны жоспарлау және урбанистика басқармасымен соттасып жүріп, үй салуға рұқсат алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Ктк” арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: сюжет кадрларынан

Қоршаудың ар жағында бұған дейін жер үйлер болған. Алайда бір ай бұрын олар сүріліп, аумақта аяқасты құрылыс басталған. Бірақ тұрғындар бұл туралы қарашаның басында ғана білген. Айтуларынша, құрылыс аумағынан олардың ауласына дейінгі қашықтық бар-жоғы жеті метр. 

 “Олар біздің трансформаторға электр желісін қосып, электр энергиясына қосымша қысым болғандықтан, бізде жарық өшіп қалды. Қатты қысымнан тұрмыстық техниканың бәрі істен шықты”, – деді Жандос Тұрдәлиев.

Тұрғындардың айтуынша келісім алмақ түгілі, құрылыс туралы ескертілмеген. Олар құзырлы орындарға шағымданғаннан кейін ғана мұнда нысанның төлқұжаты ілінген. Алайда нысанның мекенжайы құжатта басқаша көрсетіліпті. 

“Сағат сегізден басталып, қараңғы болса да, жарық жағып істей береді. Мына жерде у-шу. Терезені ашуға болмайды. Ауа жоқ. Үй салса, таулар түк көрінбейді. Жарық мүлдем болмайды. Бұл не сұмдық!”, – деді Ләтипа Смағұлқызы. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Құрылыс компаниясындағылар, керісінше, электр трансформаторын жаңалап жатқанын жеткізді. Тіпті құрылыстың тұрғындарға еш зияны жоғына сенімді.

“Бәрі заңды. Біріншіден, мына жерге бізге әкімдік рұқсат берген жоқ. Бірақ сот арқылы шешіп, рұқсат алдық. Барлық құжатымыз бар, заң бойынша салынып жатыр”, – деді “Поток 8” құрылыс компаниясының атқарушы директоры Ардақ Рысқұлбеков. 

Алматы сәулет және құрылыс басқармасындағылар бастапқыда құрылысқа рұқсат бермегенімен, қазір сот шешіміне қарсы келе алмайтынын жеткізді.

Тұрғындар құрылысты тез арада тоқтатып, оның орнына саябақ салып берсе деген өтінішпен сотқа жүгінбек.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Атырау әкімдігі жол бойындағы екі жарым мыңға жуық жасыл желекті отап тастады

Published

on

By

Атырау әкімдігі жол жиегінде өсіп тұрған екі жарым мыңға жуық ағашты отап тастаған. Белгілі болғандай оталған 2 гектар жер кәсіпкерге беріледі екен. Қоғам белсенділері жасыл желектің оталып кеткеніне наразы.Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 31 арнаның “Информбюро” жаңалықтар қызметіне сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ағаштар оталған қала сыртындағы А-28 деп аталатын аумаққа жанармай бекеті салынайын деп жатыр. Қоғам белсенділері тал-теректі отап тастағандардың жауапкершілікке тартылуын талап етіп отыр.

“Атырау экологиясы нашар қалалардың қатарына кіреді. Тұрғындар жыл сайын зауыттардан шығатын жағымсыз иіске тұншығып отыр. Бұл әрекеті барып тұрған бассыздық деп санаймын. Масқара ғой. Мен ағашты кесуге қарсымын. Өйткені қаланың экологиясы өте нашар. Жол бойында жанармай бекеттері көп қой. Олардың санын көбейтудің қажеті жоқ. Керісінше, тал-терктерді отырғызып, табиғаты аялау керек”, – дейді қоғам белсендісі Нұрлан Жунасов. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бір кездері жасыл желектен көрінбеген жер енді тегіс алаңқайға айналған. 2 гектар бос жер енді кәсіпкерге беріледі. Бұл аймаққа жанармай бекеті салынғалы жатқаны расталды. Шенеуніктер де құрылысқа рұқсат қағазы берілгенін айтады. Ал мамандар оталған ағаштар басқа жерге отырғызылатын айтты.

“Жерді әу баста архитектура бөлді. Бәрі заңды. Рұқсаттары бар. Сол орынға қағазын алды. Барлық оталған ағаштар қала аумағына қайта отырғызылды. Саябақ пен қоғамдық орындар әрі сауда ойын-сауық орталықтардың алдына отырғызылды”, – дейді Атырау облыстық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясының бас маманы Ерболат Айтқалиев.

Кәсіп иесі өз кезегінде әкімдікке 300-ден аса тал-теректі сыйға берген. Сондай-ақ оған бекеттің айналасына ағаш егу міндеттелді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!