Connect with us

IN-THE-NEWS

Зейнетақы жинақтарын шоттан шешіп алу қартайғанда алатын төлемге қалай әсер етеді

Published

on

By

Зейнетақы жинақтарын шотынан үнемі алып отыратын қазақстандықтар қартайған шағында ең төменгі төлем алуы мүмкін. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Информбюро бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды.

Бірінші жартыжылдықта ел азаматтары тұрмыстық жағдайын жақсарту үшін айына шамамен 16-26 миллиард теңге алып отырған. Шынар Оразова екі жыл бұрын зейнеткерлікке шыққан. Әйелдің міндетті зейнетақы жарналарын алатын бірнеше компанияда 37 жыл жұмыс өтілі болған.



“Зейнетақы шотыма көп қаржы жинадым. Сондықтан да зейнетақым жоғары. Ынтымақтастық құрамдас бөлігі үлкен рөл атқарды, бірақ зейнетақы жарналары да тұрақты болды. Зейнетақыма ризамын”, – дейді зейнеткер. 

Сарапшылардың пікірінше, кейбір қазақстандықтар тек бүгінгі күнмен өмір сүреді. Бұл нәтижесінде қосымша жинақтардың мүлде қалмауына әкеледі. Дегенмен, көпшілігі “қауіпсіздік жастығына” алаңдап, зейнетақы жарналарын жасайды.

“Зейнетақы жинақтарын алған кезде жинақтардың мөлшері және төлемдер мөлшері азаяды. Өйткені төлемдердің мөлшері жинақтардың мөлшеріне пропорционалды түрде анықталады. Ал егер адам үнемі алып отырса онда төлемдер мөлшері ең төменгі деңгейде болады”, – деді  “БЖЗҚ” АҚ стратегиялық даму департаменті директорының орынбасары Азат Сапин.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сарапшылар артық ақшаны алатын кезде ақылмен ойлануға кеңес берді. Сөздерінше, көптеген қазақстандықтар инфляция жинаған ақшасын жойып жібереді деп ойлап, қаржысын денсаулығын жақсартуға немесе баспана сатып алуға жұмсайды. Бұл жағдайда инвесторлардың жасы мен тәжірибесі де маңызды рөл атқарады дейді.

“Адамның жұмыс мансабының басында тәбеті және тәуекелге төзімділігі төмен болады. Біріншіден, ол максимализмнің арқасында үлкен тәуекелге баруға дайын болады. Ал жұмыс мансабын дұрыс аяқтауға жақын адамның айтарлықтай зейнетақы жинақтары бар және тәуекелге баруға дайын емес”, – деді экономист Жәнібек Айғазин. 

Заң зейнетақы төлемдерінің белгіленген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызынан төмен болмауына кепілдік береді. Ал БЖЗҚ сайтында жинақтарды болжау және жоспарлау үшін қазақстандықтар “Зейнетақы калькуляторы” мен “Жеке зейнетақы жинақ жоспарын” пайдалана алады. Бұл қызметтер зейнетақының күтілетін мөлшерін бағалауға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан алынатын төлемдерге  салынатын жеке табыс салығы алынып тасталғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Жер сілкінген соң Талғар мектептерінде сабақтар тоқтатылды

Published

on

By

Жер дүмпуінен соң Алматы облысындағы Талғар мектептерінде сабақ тоқтатылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: Pixabay.com

Талғар қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі 5 қарашада қаладағы мектептер мен балабақшаларда сабақ тоқтатылғаны туралы ақпаратты растады. Барлық 1-11-сынып оқушылары үйлеріне жіберілді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сейсмологтар алматыда 7 балдан жоғары жер сілкінісінің болу ықтималдығын айтты Алматы маңында жер сілкінісі кезінде бас сауғалайтын шатырлы лагерь салынады

“Бүгін Талғар қаласындағы мектептер мен балабақшалардағы сабақтар тоқтатылды”, – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Еске салайық, алматылықтар магнитудасы 4,5 болатын жер сілкінісін сезген еді. Төтенше жағдай департаменті қазақстандықтарға не себепті жер сілкінісі туралы SMS-хабарлама келмегенін түсіндірді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Некесіз туған қызымен кездескен Дархан Жолшыбеков әйеліне қатысты сұраққа жауап берді

Published

on

By

Танымал блогер Дархан Жолшыбеков некесіз туған қызымен жолыққанда әйелінің қалай рұқсат бергенін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/darhanzholshybekov/

Айта кетейік, блогер кішкентай қызға Астанадан үй мен салоннан су жаңа көлік сыйлаған еді. 

“Барлығының басты сұрағы осы екен. “Дари қалай қабылдады?” деп менен сұрап жатқандар көп. Негізі ұзақ әңгіме. Бірақ қысқа-нұсқа айтып берейін. Қыз бала болғасын мұндай жағдайды қабылдау өте қиын. Бірақ Дари осы күнге дейін тек менің жағымда болды. Кітабымда жазамын ба, әлде роман жазу керек пе, ол жағын әлі ойланбадым. Бірақ бұрын да айтып жүрмін, қазір де қайталаймын, мені Дари секілді түсінетін адам жоқ?!”, – деді блогер. 



Блогердің араға бірнеше жыл салып, алғаш рет некесіз қызымен жолыққанын көпшілік екіұшты пікірмен талқылап жатқан еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бұған дейін оған жазылмаған едім. Тек қызын қалай тастап кеткенін оқыдым. Бірақ қазір осы бейнені көргеннен кейін жазылдым. Жарайсың, нағыз жігіттер осылай істейді”, “Ол көпшілікке өтірік ойнап отыр. Осы уақытқа дейін қабылдамай, енді бағдарламадан кейін көмектесе қалыпты”, “Жігіттің артында “ақылды” әйел тұр. Әйелі ақылды болып тұр, әйтпесе мұны істей алмас еді. Көп әйел бергізбейді де. Сондықтан Дара келінге рахмет”, “Бәсе, біздің жігіттер майдаланбаушы еді”, “Жарайсың, ештен кеш жақсы”, – деп оқырмандар жарыса жазды.

Еске салайық, жезқазғандық Айдана есімді ару блогер Дархан Жолшыбековтен қыз туғанын айтқан еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтаулықтар жаппай жарықсыз қалды: Мамандар себебін түсіндірді

Published

on

By

Ақтауда электр қуатының жаппай үзілуін коммуналдық қызметкерлер “МАЭК желісінен” туындаған мәселе деп түсіндірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

.

Фото: Pixabay.com

Ақтаудың барлық ауданында жарық өшті.

Ақтау электр желілері басқармасы МАЭК қалпына келтіру жұмыстарын бастағанын мәлімдеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бір айда электр қуатына 52 мың теңге төледім”: 2023 және 2024 жылдардағы электр энергиясының төлемін салыстырған алматылықтар ашуға булықты Таразда мемлекеттік бағдарламамен үй алғандар жоқ жылу мен жарыққа ақша төлеп отыр

Маңғыстау атом электр станциясында мамандар апат орнын іздеп жатқанын, электр желісіндегі ақаулардың себебі бүгін Ақтауда болған қатты жел болуы мүмкін екенін түсіндірді.

Компания қалада электр қуатын беруді қалпына келтіру басталып кеткенін атап өтіп, ресми хабарлама беруге уәде берді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!