Connect with us

IN-THE-NEWS

Қызылордалық 57 жастағы студент білім алудың ерте-кеші жоғын айтты

Published

on

By

Қызылорда қаласының 57 жастағы тұрғыны Қорқыт Ата атындағы университетте құрылыс мамандығы бойынша білім алып жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Кендебай Ыдырысовтың жеке дерекқорынан 

Кендебай Ыдырысовтың сөзінше, білім алу қай кезде де кеш емес. 

“Мен 1967 жылы көрші Өзбекстанның Науаи облысында дүниеге келдім. Ол жақта салт-дәстүр сақталған, қазақтар тұратын Тамды ауданы бар. Қазақ халқының батыры Бауыржан Момышұлы сонда болған сапарында: “Нағыз қазақтарды Тамды ауылынан көрдім” деген екен. Ал, атақты сазгер Шәмші Қалдаяқов “Тамды аруы” әнін шығарып, туған жерімізді жоғары бағалады. Ал кешірек білім алуымның өз сыры  бар. Кішкентай кезімнен ізденімпаз болдым, әлі де солай. Біліктілігімді арттырып, білімімді көбейтуге тырысамын. Менің ойымша, жас ерекшелігіне қарамастан, жаңа білім алуға талпыну маңызды. Әр адам өз арманына ұмтылуы керек. Қазір заман басқа. Жас кезімізде оқығанымыз қазіргі уақытта өзекті бола бермейді”, – дейді ол. 

Білім алушы Кендебай Ыдырысов 1988–1991 жылдары Ташкент қаласындағы құрылыс техникумында оқыған екен. Ал 2006 жылы “Тау-кен ісі” мамандығы бойынша жоғары оқу орнын бітіріпті. Өмірімнің 12 жылын білім ошағында ұстаздыққа арнадым дейді.

“2004 жылы Қызылорда қаласына көшіп келгеннен кейін құрылыс компанияларында жұмыс істедім. Бригадир қызметінен жоба директорына дейін көтерілдім. 2013 жылы жеке кәсіпорнын ашып, өз ісімді бастады. Алайда қиындықтар туындап, кәсіпті уақытша тоқтатуға тура келді. Содан біраз уақыт бұрын денсаулығым сыр беріп, жұмыстан кетуге мәжбүр болдым. Емделгеннен кейін құрылыс мамандарын іздейді деген хабарландыруды көрдім. Мен оған түйіндемемді жібердім. Менің жұмысымды көріп, бағалаған олар сол күні кешке жұмысқа шақырды”, – дейді ол.

Фото: Кендебай Ыдырысовтың жеке дерекқорынан  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Содан бері өнеркәсіптік құрылыспен айналысатын 57 жастағы білім алушы, “Ақмарал” ЖШС-де жұмыс істейді екен. 

“Осыған байланысты құрылыс саласындағы білімімді кеңейтуді жөн көрдім. Келесі жылы дипломымды аламын. Егер оқып жүрген болсаңыз, бұл білім сізге өмірлік сапарыңызда пайдалы болады. Құрылыс саласында мамандық таңдауыма осы себеп болды”, – дейді ол. 

Сондай-ақ ол ізденімпаз адам бір кәсіппен шектеліп қалмауы керегін айтты.

“Адам үнемі ізденіс үстінде болуы керек. Әр адам өз мамандығын бағалай білсе, биік белестерді бағындырады. Үздіксіз білімге ұмтылу жоғары табыс әкеледі. Ол үшін уақытты дұрыс пайдалана білу керек”, – дейді ол.  

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

ТЖМ желіде тараған ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады

Published

on

By

Төтенше жағдайлар министрлігі әлеуметтік желілерде тараған Алматы қаласы мен Алматы облысында жойқын жер сілкінісі болатыны туралы ақпаратқа қатысты мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: shutterstock.com

Алматы облысында мектеп оқушыларының ата-аналарына арналған чаттарда 6 қараша күні “6 баллдық жер сілкінісі болады” деген қауіпке байланысты балалардың сабақтан босатылғаны туралы ақпарат тараған. 

Төтенше жағдайлар министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды. Министрліктің мәліметінше, Алматы қаласы мен Алматы облысында 6 баллға дейінгі жер сілкінісі болады деп болжанбаған. 

“Сейсмологиялық байқау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының мәліметтеріне сәйкес, жыл соңына дейін жойқын жер сілкінісі күтілмейді. Ресми ақпарат көздеріне ғана сенуді сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Алматы облысы білім басқармасы да бұл ақпараттың жалған екенін хабарлады. Аудандық білім басқармаларына Алматы облысының аумағында жойқын жер сілкінісі күтілмейтіні, екі рет жер сілкінісі тіркелгені және жер сілкінісі ошағында әлсіреу процесі байқалатыны туралы ақпарат жіберілген.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Облыстағы барлық білім беру мекемелерінде төтенше жағдайлар кезінде қалай әрекет ету керектігі жөнінде алдын ала оқу жұмыстары жүргізілді. Жер сілкінісі кезінде мекеме басшылығы белгіленген хаттамаларды орындады.

Еңбекшіқазақ ауданы Есік қаласындағы алты мектептен 6960 оқушы, сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендердегі мектеп пен балабақша тәрбиеленушілері үйлеріне жіберілді. Талғар ауданы Талғар қаласындағы 10 мектептен 12 529 оқушы мен балабақша тәрбиеленушілері үйлеріне қайтарылды”, – делінген хабарламада. 

Сараптама қорытындысынан кейін 6 қараша күні мектептерде сабақты оффлайн режимде жалғастыру туралы шешім қабылданған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Алматы маңындағы жер сілкінісінен соң үш рет афтершок тіркелген

Published

on

By

Төтенше жағдайлар министрлігінің Сейсмологиялық бақылаулар және зерттеулер ұлттық ғылыми орталығы Алматы маңындағы жер сілкінісінен кейін үш рет афтершок тіркелгенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агеттігі хабарлайды. 

.

Фото: Stan.kz

Ұлттық ғылым орталығы 5 қарашада сағат 10:01-де Алматы маңында тіркелген жер сілкінісінің дүмпулері туралы айтты.

Алматыда 7 баллдан жоғары жер сілкінісі болуы мүмкін бе – Сейсмологтар жауап берді 8000 афтершок: Сейсмолог Алматы қаласында неліктен жер сілкіністері жиілегенін түсіндірді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Афтершок кері процесс сезілген кезде пайда болады. Оның күші жер сілкінісінің өзінен әлдеқайда аз”, – дейді ғылым орталығы өкілдері. 

Ғалымдар жер асты дүмпулері туралы нақты болжам айта алмайтынын жеткізді. Алайда олар магнитудасы 5,5-тен асатын жойқын жер асты дүмпулері болмайтынын мәлімдеді.

Айта кетейік, 5 қарашада Алматыда тұрғындар жер сілкінісін сезінген еді. Кейіннен Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті жер сілкінгенде ескерту жүйесі неге жұмыс істемегенін мәлімдеді. Сөздерінше, хабарлама келу үшін жер сілкінісі 5,5 балдан жоғары болуы керек. 

Осыдан үш күн бұрын да Алматыдан 258 шақырым жерде жер сілкінген. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстан құрамасы семсерлесуден әлем кубогінде бақ сынайды

Published

on

By

Қазақстан құрамасы бірнеше Әлем кубогы кезеңдерінде өнер көрсетеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: ҰОК

Жаттықтырушылар штабы халықаралық жарыстарға қатысатын құрамды анықтады. Шпагашылар төрт Әлем кубогы кезеңіне және бір оқу-жаттығу жиынына қатысады.

Әлем кубогы кезеңі Бернде(Швейцария) 8-10 қараша аралығында өтеді.

Бұл жарысқа Эльмир Әлімжанов, Александр Федотов, Алексей Касаткин, Руслан Құрбанов, Богдан Лукин, Кирилл Павлов, Ерлік Сертай, Вадим Шарлаимов, Георгий Тинников, Никита Жулинский қатысады.

8-10 қараша аралығында әйелдер арасында Әлем кубогы кезеңі Фуджейрада (БАӘ) өтеді.

Бұл жарысқа Владислава Андреева, Каролина Фомина және Кристина Фомина, Виктория Кайдарова, сондай-ақ Лязат Карипова, София Николайчук, Наталья Зинякова қатысады. 

11-18 қараша аралығында Спалада (Польша) ерлер құрамасының оқу-жаттығу жиыны өтеді.

Ал, 21-24 қарашада Ванкуверде (Канада) ерлер арасында Әлем кубогы болады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Руслан Құрбанов, Эльмир Әлімжанов, Вадим Шарлаимов, Ерлік Сертай, сондай-ақ Кирилл Павлов сынды спортшылар Канадада өнер көрсетеді.

29 қараша – 1 желтоқсан аралығында Гонконгта жастар арасында Әлем кубогы кезеңі өтеді.

Оған қатысатын қазақстандық спортшылар тізімінде Нұржан Әбжанов, Алексей Касаткин, Касен Ансар, Богдан Лукин, Кирилл Проходов, Георгий Тинников, Уәлихан Нариман және Жанарбек Жанұзақов бар.

Сонымен қатар саблистерде Әлем кубогында өнер көрсетеді.

Қоса айтқанда, 7-10 қараша аралығында Алжирдің Оран қаласында ерлер мен әйелдер арасында Әлем біріншілігі өтеді.

Жарысқа шығатын сайыскерлер тізімі: Артем Саркисян, Назарбай Саттархан, Жанат Нәбиев, Бақдәулет Құралбекұлы, Қуаныш  Эргашбай, Карина Доспай, Әйгерім Сарыбай, Анастасия Гулик, Жасмин Капыджы.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!