Connect with us

IN-THE-NEWS

Өзбекстаннан қалып қойды: Қазақстан әскер жағынан әлем бойынша нешінші орында екені белгілі болды

Published

on

By

Әскери күші бойынша елдердің рейтингінде Қазақстан үздік отыздыққа енді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

.

Фото: Ұлттық ұлан

Рейтингте 89 ел бар. Соның ішінде Қазақстан Ливан мен Кувейт арасында 22-орынға жайғасты. Ал Орталық Азия елдері арасында екінші орында. Орталық Азия бойынша Өзбекстан көш бастады. Өзбекстан әскері 19-орында.

Қазақстанда міндетті әскери қызметті жою туралы петиция пайда болды Әскерге көшеден күштеп алып кетсе, сотқа беруге бола ма: Қорғаныс вице-министрі жауап берді READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бірінші орында Ресей Федерациясының қарулы күштері тұр, одан кейін АҚШ әскері, ал үздік үштікті Израиль аяқтап тұр.

Рейтингтің соңғы орнында Сингапур тұр екен.

Еске салсақ, Қазақстанда әскерге шақырылғандарды мемлекет есебінен сақтандыру ұсынылған еді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Бокстан Олимпиаданың алтын жүлдегері Иман Хелифтің медициналық құжаты жарияланды

Published

on

By

2024 жылы Париж олимпиадасында алтын медаль жеңіп алған Алжир боксшысы Иман Хелифтің медициналық қорытындысы жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Sportbox басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: sport.ru

Ұсынылған медициналық қорытындыларға сәйкес, спортшының жатыры мен аналық бездері жоқ болып шықты. Сонымен қатар шап өзегінде аталық бездердің және үлкейген клиторға ұқсайтын микропенис бары анықталды.



Басқа сынақ нәтижесіне сәйкес, Хелифте қалыпты еркек 46 XY хромосомалары жиынтығы бар екені расталды. Гормоналды зерттеу нәтижесінде алжирлік боксшыдан 14,7 нмоль/л “ерлердегі тестостеронның әдеттегі деңгейі” анықталды. Бұл әйелдердегі ең жоғары тестостерон деңгейінен бірнеше есе жоғары.

Еске салайық, 2023 жылы Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) Хелифті Үндістандағы әлем чемпионаты кезінде жарамдылық критерийлеріне сәйкес келмегендіктен ойыннан уақытша шеттеткен. Гендерлік тест нәтижесінде спортшының XY хромосомалары бар екені дәлелденген.

Фото: Скрин READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

2024 жылы Парижде өткен Олимпиадада Хелиф 66 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алған. Ол Олимпиада ойындарының финалында қытайлық Ян Люден басым түскен еді. Төрешілер бірауыздан жеңісті алжирлік боксшыға берді.

Айта кетейік, Иман Хелифтің Париж Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегі мерзімінен бұрын аяқталған болатын, өйткені итальяндық Анджела Карини жекпе-жекті жалғастырудан бас тартты.

Жартылай финалда Хелиф 5-0 есебімен тайландтық Джанджай Суваннапхенгті жеңді.

Хелифтің Олимпиадаға қатысуының өзі сан алуан пікір туындатты, өйткені ол 2023 жылы әйелдер арасындағы бокстан әлем чемпионатында гендерлік тест сынағынан өте алмай, жарыстан шеттетілген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстан президентінің атынан мемлекеттік награда таратқан алаяқ енді абақтыға қамалады

Published

on

By

Алматы соты өзін мемлекеттік қызметкермін деп таныстырған алаяқ Арнұр Әпсейітовті  бас бостандығынан айыру жазасына кесті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот

Бұған дейін ол алаяқтық үшін шартты түрде сотталған еді.

Қазанда Илон Масктың анасы Мэй Маск, Wildberries негізін қалаушы Татьяна Ким және журналист Ксения Собчак сөз сөйлеген Орталық Азия әйелдерінің “BeWoman” форумы өтті. Ер адам жақында форумда олигарх Сергей Канның әйеліне медаль табыстады.

Ол өзін “Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жәрдемдесу орталығы” төрағасының кеңесшісі, Қазақстан Республикасының құрметті азаматы деп таныстырады. Сөйтсе ол президент жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл комиссиясының жоқ марапаттарын бірнеше рет тапсырған. Берілген “мемлекеттік белгі” де жалған болып шықты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Басылымның мәліметінше, 2022 жылдың мамыр айында Арнұр Әпсейітов өзін “жастар ісі жөніндегі сенатор” ретінде таныстырып, “Evergreen” ЖШС жоба жетекшісінен алаяқтық жолмен 20 миллион теңге алған. 2023 жылдың қарашасында Әпсейітов Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігі 2-бөлігі “Алаяқтық” бойынша кінәлі деп танылып, бес жылға шартты түрде бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

4 қарашада Түрксіб аудандық соты пробация қызметінің Апсейітовтің шартты жазасын нақты жазаға ауыстыру туралы ұсынысын қарады.

“Оның уәкілетті органды ескертпестен, әкімшілік-аумақтық бірліктің шегінен тыс жерлерге шығып, ол жерде ойын-сауық мекемелеріне барғаны және өзін “Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатына жәрдемдесу орталығы” АҚ төрағасының кеңесшісі ретінде таныстырғаны анықталды. Іс-шараларға қатысып, телеарналарға сұхбат берген”, – деп мәлімдеді Алматы соты.

Еске салсақ, бұған дейін алаяқтықпен сотталған азамат Қазақстан президентінің атынан мемлекеттік награда таратқаны айтылды.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Баян Алагөзова жолдасының жаңалығын бөлісті

Published

on

By

Белгілі продюсер Баян Мақсатқызы күйеуі Тұрсен Алагөзовтің тағы да қандай кәсіп бастайын деп жатқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/bayanmaxatkyzy/

Айта кетейік, Тұрсен Алагөзов Шымкент сыра зауытын 12 миллиард теңгеге сатып алғанын айтқан еді.  

“Менің күйеуім Шымкент сыра зауытын толығымен жаңғыртып жатыр. Ал тағы бір зауыттың құрылысы Алматыда жүріп жатыр. Онда алкогольсіз сусындар шығарылады. Осының барлығы бір мезетте іске асырылып жатыр. Менің жолдасым – талантты кәсіпкер”, – деп жазды Баян Алагөзова.



Бұған дейін кәсіпкердің әкесі Тұрым Алагөзов шымкенттіктерді жұмыс істеуге үндеген еді.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Соңғы кезде теледидардан да, әлеуметтік желіден де менің ұлымның атақты сыра зауытын сатып алғанын жарыса жазды. Кәсіп иесінің жеке табысы да біраз талқыға түсті. Оның бәрі рас. Ұлым зауыттың иесі болды. Бірақ қандай зауыт дерсің?! Кезінде Кеңес одағы үшін маңызға ие өнеркәсіптің бүгінде хәлі мүшкіл. Зауытты жемқорлардың кесірінен қайта салуға тура келіп тұр. Аяусыз қанау, ұрлықтың салдарынан толығымен қайта құруға мұқтаж”, – деп жазған болатын дирижер. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!