Connect with us

IN-THE-NEWS

Алматыда ауруханаға ауыр хәлде жеткізілген науқасқа дәрігерлер алғашқы көмек бермеген: Емхана басшылығы мән-жайды түсіндірді

Published

on

By

Алматылық Эдуардтың айтуынша, 4 қарашада қант диабетімен ауыратын 75 жастағы әкесін жедел жәрдем қызметі №7 қалалық ауруханаға жеткізген. Алайда қария 3 сағат бойы қараусыз жатқан. Қарияның тамырына дәрі егу мен инсулин салу мүмкін болмаған екен. Баласы тек бір кезекші терапевт медбике жүргенін және оның бос емес болғанын айтып шағымданды. Stan.kz ақпарат агенттігі емхана әкімшілігіне хабарласып, істің жай-жапсарын сұрап білді. 

Фото: Геннадий Мурашовтың жеке архивінен

Науқас Геннадий Мурашевтің жасы 75-те. Баласының айтуынша, жекеменшік емханалардың бірінен тексеруден өткен. Алайда анализдерінде глюкоза деңгейі 23,8 екені айтылған. Бұдан кейін дәрігер дереу жедел жәрдем шақыру керек екенін айтқан.

“Эндокринологқа барғанда ол ешқандай ем тағайындамай, 7-ауруханаға жолдама берді. Тұрғылықты мекенжай бойынша бақылауға алынуы керек екенін айтты. Сол жерде дереу жедел жәрдем шақырыңыз деді. Біз жедел жәрдем шақырдық, олар әкемдегі қант деңгейі 27-ге көтерілгенін көрді. Жедел жәрдем қызметкерлері ерітінді егіп, көмек берді. Алайда Қалқамандағы №7 қалалық ауруханаға алып кетеміз деп айтты”, – деді баласы Эдуард.

Баласының айтуынша, әкесін жеткізген соң терапевт қарап, анализ бен кардиограмма алынған. Бірақ кезекте тұрғанда бір жарым сағат уақыт кеткен.

“Әкемді кушеткаға жатқызып, ерітіндімен тамызғыш қойды. Жарты сағаттан кейін барып қарасам, тамызғыш қосылмаған екен. Медбикеге айтқан соң ғана ол басқа ерітінді құтысын алды. Сөйтіп құрылғыны ауыстырып, қосып кетіп қалды. Шамамен бір сағаттан кейін дәрі тамызғыштағы сұйықтық таусылды. Бірақ медбике келмеді. Тағы бір сағаттай күттік, бірақ ешкім келген жоқ. Содан кейін дәрігерді іздей бастадым. Медициналық қызмет көрсетілмегені туралы шағым жазатынымды ескерттім. Дәрігер барлық қажет нәрсені жазып қойғанын, бірақ медбикенің жоқ екенін айтты да, оны іздеуге кірісті, бірақ нәтиже болмады”, – деді Эдуард.

Оның айтуынша, біраз уақыттан кейін медбике келіп, жаңа ерітіндіге инсулин салған. Тамызғышта сұйықтық аяқталғаннан кейін қантты қайта тексерген. Онда 17 деп көрсетіп тұрған. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Инсулин егілді, содан соң бізді үйге жіберді. Әкем тамызғышта жатқанда маған кардиограммасын берді, бірақ ешнәрсе айтпады. Кардиологқа өзім кірдім. Ол маған “үстелге қойып кетіңіз, кейін сараптаманы аласыз” деді. Яғни өзім не істеу керек екенін болжауым керек пе?! Жедел жәрдемді шамамен таңғы 10:30-да шақырдық. Ал ауруханадан 18:00 шамасында шықтық. Қантты төмендететін дәріні тек 17:00 шамасында ғана салды”, – деп ашуланды науқастың баласы.



Аурухана әкімшілігі науқас Геннадий Мурашовтың 4 қарашада жедел медициналық көмек беру бригадасымен аурухананың қабылдау бөлімшесіне жеткізілгенін растады. Мекеменің мәліметінше, анализ бірден талдауға алынып, 1 литр ерітінді тамшылай бастаған. 

“Науқас пен оның туыстары анализ нәтижесі болмаса да бірден инсулин тамызуды талап етті. Кезекші терапевт пациентке инсулин анализ талдауларының нәтижесінен кейін салатанын түсіндірді. Талдау нәтижелерінен кейін пациентке инсулин тағайындалды. Сол кезде 1-посттағы медбике қан кабинетінен басқа ауыр науқасқа қан әкелуге барған. Кезекші дәрігер 2-посттағы медбикеге инсулин салу туралы айтты. Кейін медбике инсулин салып берді”, – делінген аурухана жауабында.

Аурухана әкімшілігі науқасқа тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде толық көлемде алғашқы медициналық көмек берілгенін айтады.

“Шұғыл түрде көмек көрсететіндей көрсеткіштер болған жоқ. Науқасқа алғашқы медициналық көмек берілгеннен кейін ол тіркелген жері бойынша амбулаториялық емделуге жіберілді”, – делінді №7 қалалық аурухананың жауабында.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Астанада қатты желден кран құлап кетті (видео)

Published

on

By

Астанада қатты желдің салдарынан мұнара краны құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Оқиға “Рио-де-Жанейро” тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Әлеуметтік желіде құлаған кранның видеосы тарады. Видео авторы құрылыс алаңындағы басқа крандардың да құлау қаупі бар екенін айтып, шара қабылдауды сұраған. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кранның құлауы желдің күрт күшеюі мен кранның уақтылы күшейтілмеуі салдарынан болған.


Астанада қатты соққан жел жаңа аялдаманы ұшырып әкете жаздады (видео) READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Сарыарқа ауданы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 25/4, “Рио-де-Жанейро” құрылыс алаңында (бас мердігер “G-park” ЖШС) КБ-405 мұнара краны дауылды желдің салдарынан құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себеп – желдің күрт күшеюі және кран рельс жолдарында кранның уақтылы күшейтілмеуі”, – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда қатты жел аялдаманы ұшырып түсіріп, адамдардың үстіне құлағаны туралы жазған едік. 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады

Published

on

By

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Америка халқының өсіп-өркендеуі жолындағы, сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметіне табыс тіледі.

Еске салсақ, осыған дейін АҚШ-тағы сайлаудың алдын ала нәтижелері бойынша Трамп көш бастағанын жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Депутат Бақытжан Базарбек мәжіліс отырысында Қорғаныс министрінің орынбасарына килікті

Published

on

By

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевқа “патриот” ұғымы туралы сұрақ қойып килікті. Базарбек кейін оның жауабына көңілі толмай “өзіңіздің заң жобаңызды өзіңіз түсінбей тұрсыз” деп сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Мәжілістен

Депутаттың айтуынша қазіргі жастар патриоттыққа жақын емес, ал үкіметтің бұл бағыттағы түсіндірме жұмысы шикі. 

“Жастармен көп араласамын. Солардың ішінен шыны керек, “мен патриотпын” деген адамды өз көзіммен көрмеппін. Жастардың өздері патриот деген сөзді білмейді. Оның мәні неде? Идеологиялық тұрғыда үлкен қателіктер кетіп отыр. 

Патриот деген кім? Ол уақытында салығын төлеп жүрген кәсіпкер ме? Патриот деген ел ақшасын жымқырмаған шенеунік пе? Әлде суға құлаған итті құтқарған жас па? Жоқ, TikTok-та жақсы нәрсе таратып жүрген жігіт пе? Кім ол патриот? Әлде ол үкімет пен депутаттарға ұрысып жүрген оппозиционер ме?

2023 жылғы үкіметтің қаулысы бар. Жастарды әскери патриоттыққа тәрбиелеу туралы 2030 жылға дейінгі концепция. Ол жерде елді сүю, елге адал еңбек ету, заңды қатаң сақтау деген принцип жоқ! Тек жалпылама төрт принцип бар. Неге мынадай принциптер жоқ? Сіз Қорғаныс министрлігінің орынбасары осыны маған айтыңызышы? Патриот дегеніміз кім?”,- деп сұрады ол  Қорғаныс министрінің орынбасарынан.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұл сауалға Шайх-Хасан Жазықбаев былай жауап берді:

“Менің ойымша патриот деген өте үлкен ұғым. Тек әскерде ғана емес патриот барлық салада бар. Мысалы өзінің еңбегін дұрыс атқарған дәрігер, мұғалім, әскери қызметкер. Керек кезінде отанымызға қауіп-қатер төнгенде соңына дейін өзінің міндетін атқаруға дайын адам. Президент айтқандай адал еңбектегі адал адам. Осы ұғымдарды патроит деген кең ұғымға қосуға болады”,-деді.



Алайда бұл жауап Бақытжан Базарбектің көңілінен шықпады.

“Сонда сіздің сөзіңізге қарағанда дәрігер, оқытушы өз қызметін атқарса патроит болып есептеле ме сонда? Патриот деген сөздің өзі мәні басқаша. Өзіңіздің заң жобаңызды өзіңіз түсінбей тұрсыз! Міне патриот дегеніміз ең бірінші заңдарды сақтау. Заңды сақтап қана адамдарды елді сүюге тарта аламыз. Жобада елді сүю деген сөз жоқ. Ал адал атқару ол басқа нәрсе!”, – деп қосты ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!