Connect with us

IN-THE-NEWS

Белгілі журналист Қайрат Әділгерейдің фильмін көрмеуге кеңес берді

Published

on

By

Белгілі журналист Диас Нұрақын әзілкеш Қайрат Әділгерейдің су жаңа фильмін сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kino.kz

БАҚ өкілі туындыны жеке парақшасында аяусыз сынап, текке қаржы жұмсамауға шақырды. 

“Күйбең тірлік бітпейді, “кеттік бәрін таста” деп келіншегімді ертіп киноға бардық. Енді алтын уақытымды, билетке төлеген 5400 теңгемді ойлап ішім ашып отыр. Жарнамасы жер жарған “Кеттік, бәрін таста” деген кино нағыз қырт екен. Қайрат Әділгерей мен Қанат Әлжаппаровтан шедевр күтіп жүрген мен де жынды. Ерлан Біләл мен “Шаншардағы” Уәлибек көкем де кредиттерін төлей алмай қиналып жүрген сияқты. Әйтпесе мән-мағынасы, езу тартар тұсы, тіпті мазмұны жоқ мұндай киноға түспес еді. “Жәй жүрсіңдер ме, шәй ішесіңдер ме?” деген қырық жылғы қыртымбай әңгімелерін әлі айтып жүр. Бұл фильмнен рухани азық аламын, ішкі мәдениетімді көтерейін деп жүрген мен жоқ. Жай әшейін жеңіл әзіл көріп, қазақы қалжың естіп, ми тынықтырайын дегенмін. Қысқасы, қырттардан қырт фильм туады, қырттың жолын қырт қуады екен. Ақшаңды аямасаң да, өзіңді аяп бұл киноға бармай-ақ қойыңыздар. “Базар жоқтың” деңгейінен әрі аспаған әртіссымақтардың фильмінен “Не шутите с Зоханом” деген кино әлдеқайда қызық, –  деп жазды журналист.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Айта кетейік фильмге түскен актер Уәлибек Әбдірайымов продюсердің алдап кеткенін айтқан еді. 

“Сценарий ұнады. Маған “құлдардың атаманы боласыз” деді. “Былапыт сөздер, орысша сөздер жоқ па?” деп сұрадым. Маған ондай болмайды деді. Сосын келістім. Бірақ мен түскен жерлерде ғана болмапты ондай сөздер. Оңбағандар, мені алдап кетті. Мен бұл киноға бір сөз айтуға ғана бардым. “Шаншарда” хит болған сөзіме бола түсіріпті ғой. Бір сөз үшін ғана түсірді”, – деген еді әзілкеш 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Дәрігерлер қателігі үшін шығынды өз қалтасынан төлемейтін болды: Министр түсіндірді

Published

on

By

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрігер қателесіп пациенттің денсаулығына залал келтірсе, шығынды кім өтейтінін мәдімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұрынғы заңда медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру мәселесі қарастырылмаған еді.

“Дәрігер пациенттің денсаулығына түрлі залал келтіріп, оның қателігі дәлелденген жағдайда, оның үстінен қылмыстық іс қозғалатын. Бұл жағдайда дәрігерлер пациенттің денсаулығына келтірген залалы үшін материалдық және моральдық шығында өз қалтасынан өтеп келді. Биылдан бастап президенттің тапсырмасымен алғаш медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруды енгізіліп отыр”, – деп жауап берді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Министрдің айтуынша, ендігі уақытта пациент пен дәрігердің арасында дау-дамай туындаған жағдайда істі сотқа жеткізбей қаралады. Мәселені қарау үш деңгейден тұрады, алдымен медициналық мекеме ішінде қарастыруы, екінші денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде, мәселе оң шешімін таппаған жағдайда медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті деңгейінде қарастырылады.

“Үш деңгейлі қараудың нәтижесінде дәрігердің қателігі дәлелденген жағдайда пациентке немесе оның жақындарына залал шығыны сақтандыру жарна есебінен өтеледі, осылайша дәрігерді жұмыс беруші сақтандырады. Ол үшін жыл сайын медицина қызметкерлеріне жұмыс берушілерге сақтандыру жарнасы бөлінеді”, – дейді ведомство басшысы. 

Айта кетсек, кеше елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру туралы заң күшіне енді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Еліміздегі адал кәсіпкерлерді мүлікті қайта бөлуден қорғау керек – Депутат

Published

on

By

Мәжіліс отырысында депутат Азат Перуашев шенеуніктердің мүлікті қайта бөлу және бизнесті рейдерлік жолмен басып алуы күшейгенін жеткізді. Айтуынша, адал кәсіпкерлерді қайта бөлуден қорғау керек. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Азат Перуашев Telegram арнасынан

Депутаттың премьер-министр Олжас Бектеновке жолдаған сауалында қазір кәсіпкерлердің мүлкін заңсыз тартып алынып жатқаны айтылды.

“Сорақы мысалдың бірі – Түркістан облысы Сарыағаш ауданының әкімдігі кәсіпкерлерден 2017 жылы Қаржы министрлігінің ашық аукционынан бірыңғай лотпен сатып алынған шипажай нысандарының бір бөлігін тартып алған. Бұл мәселені біз бұған дейін де көтергенбіз. Бірақ компания нысандарын Болат Назарбаевтың өзіне қайтарып берді. Алайда адал кәсіпкерлердің нысандары тәркіленген күйінде 2 миллиард теңге шығынға ұшырады.  

Сол сияқты “ҚТЖ” АҚ сот арқылы “АНГРЕНСОР Ltd.” ЖШС-ны 2011 жылы осы ЖШС салған құны 1,5 миллиард теңгеден астам Павлодар облысы Атығай станциясындағы ғимарат пен темір жолдарды тегін беруге міндеттеген.  

Осыған ұқсас жағдай Маңғыстау облысында да болды. Мұнда Көлік министрлігі тіпті сот арқылы емес, өз бұйрығымен 90-жылдардан бері “Каскор-Транссервис” АҚ-на тиесілі кірме теміржол жолдарын “ҚТЖ” АҚ-ның магистральдық желілері тізіміне енгізіп, олардың мемлекет меншігіне тегін өтуі туралы шешім қабылдаған”, – деді депутат.

Перуашев Жамбыл облысы, Меркі ауданында да аудан прокуратурасы 2007 жылдан бері ауыл шаруашылығы өнімдерін дамытып келе жатқан “Жеміс-Жидек” ЖШС-нің 200 гектар жерін тегін тартып алғанын алға тартты.

“Бұл тенденция қарқын алып, мемлекеттік органдар ғана емес, өзге монополистер де басқа кәсіпорындардың меншігіне “қол салуға” әрекет етіп жатыр. Мәселен, жақында Таразда “Жамбыл электр желілері” ЖШС жүн өңдеу фабрикасынан (“ПОШ-Тараз” ЖШС) осы фабрикаға тиесілі электр қосалқы станциясын монополистке арыздану құқығынсыз тегін беруді талап еткен. Әр түрлі аймақтардан келетін басқа да шағымдар бар. Қазірдің өзінде мүлікті қайта бөлудің тұтас тәжірибесі байқалып отыр. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Бұл ретте заңда мемлекеттік және жеке меншік бірдей танылады және бірдей қорғалады деп тайға таңба басқандай көрсетілген. Ешкімді жеке мүлкінен айыруға болмайды. Тәркілеу қылмыстық құқық бұзушылықтар болған кезде сот үкімі шеңберінде ғана жасалады. Бірақ біз көрсеткен жағдайлардың барлығында қылмыстық іс жоқ, тәркіленген мүлікті өтеу де жоқ”, – деп қосты ол.

Депутат рейдерлердің кейде ескі Қазақстан өкілдері мен олармен байланысы бар олигархтардың заңсыз активтерін қайтару әрекеттеріне де сілтеме жасайтынын жеткізді.

“Бүкіл өркениетті әлемде жеке меншікке қол сұғу – қылмыс болып саналады. Мысалы, АҚШ заңы бойынша мүлікті қару қолдану арқылы қорғауға да болады.

Президент жарлығында жеке меншікке қол сұғылмаушылықты қамтамасыз етуді басты бағыттардың бірі ретінде белгіледі. Себебі меншік құқығы кез келген экономиканың инвестициялық ахуалына тікелей әсер етеді. Біздің жағдайда аталған үрдіс конституцияға да, заңдарға да, президент жарлығына да қайшы келеді.

Ал бұл отандық инвесторлардың да, шетелдік инвесторлардың да сеніміне селкеу түсірері анық. Дәл осы ПОШ-Тараз фабрикасы қазір шетелдік серіктестермен келіссөздер жүргізіп жатыр”, – деп қорытты ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әскерге баруға жалтарғандар енді бір оқу орнында ғана білім ала алады – Қорғаныс министрлігі

Published

on

By

Мәжіліс депутаты Константин Авершин қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевқа оқуға шақырудан бірнеше рет кейінге қалдыруды шектеу керек екенін айтып,  азаматтардың әскери даярлығын қамтамасыз ету жөнінде сауал жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Мәжілістің баспасөз қызметі

Депутаттың сөзінше, қазір көптеген азамат әскерге барудан жалтарып, 27 жасқа дейін бірнеше оқудың дипломын алып алады.

“Қазір заңға сәйкес білімін жалғастыру мақсатында әскерге шақыруды кейінге қалдыру қарастырылған. Алайда көптеген азамат шақыру жасындағы кезеңде бір оқу орнын бітіріп, екіншісіне түсіп жатыр. Осылайша 27 жасқа дейін білім алуды жалғастырады. Олар автоматты түрде запастағы әскерилер тізіміне қосылады. Алайда оларда базалық әскери дайындық жоқ және қажет болған жағдайда тек өздерінің әскери міндеттерін орындап қана қоймай, өздерін қорғау да мүмкін болмайды. Осы ретте әскерге шақыруға кейінгі мерзімдерді беру тәртібін реттеу мәселесі қарастырылып жатыр ма?” – деп сұрақ қойды Константин Авершин.

Бұған Шайх-Хасан Жазықбаев әскерге кейін қайтарылу заң жобасы негізінде кешенді түрде қарастырылғанын айтты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Болашақта бұл заң жобасы қабылданғаннан кейін әр деңгейге бір ғана оқу орнында білім алуға рұқсат беріледі. Мәселен, бір магистратураны бітіріп, екінші магистратура түссе, ол кезде оған кейінге қалдырылуға рұқсат берілмейді”, – деп жауап берді қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаев.



Еске салайық, бұған дейін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова Қазақстандағы техникалық мамандардың тапшылығын еңсерудің жолы ретінде оларды әскерден босатуды сұрады. Сонымен қатар ол еліміздің колледждерінде сержанттар дайындауға болатынын жеткізді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!