Connect with us

IN-THE-NEWS

Дәрігерлер қателігі үшін шығынды өз қалтасынан төлемейтін болды: Министр түсіндірді

Published

on

By

Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова дәрігер қателесіп пациенттің денсаулығына залал келтірсе, шығынды кім өтейтінін мәдімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұрынғы заңда медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру мәселесі қарастырылмаған еді.

“Дәрігер пациенттің денсаулығына түрлі залал келтіріп, оның қателігі дәлелденген жағдайда, оның үстінен қылмыстық іс қозғалатын. Бұл жағдайда дәрігерлер пациенттің денсаулығына келтірген залалы үшін материалдық және моральдық шығында өз қалтасынан өтеп келді. Биылдан бастап президенттің тапсырмасымен алғаш медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыруды енгізіліп отыр”, – деп жауап берді Ақмарал Әлназарова Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Министрдің айтуынша, ендігі уақытта пациент пен дәрігердің арасында дау-дамай туындаған жағдайда істі сотқа жеткізбей қаралады. Мәселені қарау үш деңгейден тұрады, алдымен медициналық мекеме ішінде қарастыруы, екінші денсаулық сақтау басқармасы деңгейінде, мәселе оң шешімін таппаған жағдайда медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті деңгейінде қарастырылады.

“Үш деңгейлі қараудың нәтижесінде дәрігердің қателігі дәлелденген жағдайда пациентке немесе оның жақындарына залал шығыны сақтандыру жарна есебінен өтеледі, осылайша дәрігерді жұмыс беруші сақтандырады. Ол үшін жыл сайын медицина қызметкерлеріне жұмыс берушілерге сақтандыру жарнасы бөлінеді”, – дейді ведомство басшысы. 

Айта кетсек, кеше елімізде медицина қызметкерлерінің кәсіптік жауапкершілігін сақтандыру туралы заң күшіне енді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Трамп өзін екінші рет АҚШ президенті деп жариялады

Published

on

By

АҚШ президенттігіне Республикалық партиядан үміткер Дональд Трамп Флоридадағы жақтастары алдында жеңіске жеткені туралы мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлады.

Фото: Getty Images

Трамп барлық соғыстарды, соның ішінде Украинадағы соғысты да тоқтататынын айтты.

“Менің қызметім кезінде соғыс болмайды. Мен соғысты тоқтатамын. Мен осыған дейін президент болған 4 жыл ішінде соғыс болған жоқ. Сонымен қатар, біз ДАИШ-ті жеңдік. Соғыс бастамаймын, мен соғысты тоқтатамын”, – деді Трамп.

Трамп заңсыз көші-қонмен күресіп, шекараларды нығайтуды көздеп отыр.

“Біздің ел шұғыл көмекке мұқтаж. Біз шекараларды түзейміз, барлығын реттейміз. Біз тарихымызда көптеген кедергілерден өттік, ешкім мұның мүмкін екеніне сенбеді. Мен уәделерімді орындап, Американы әрбір америкалық үшін қауіпсіз, бай және мықты ел ету үшін тырысамын”, – деді АҚШ-тың бұрынғы президенті. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Трамп АҚШ бағыты 180 градусқа өзгеретінін мәлімдеді.

“Біз барлық жерде, барлық салаларда өзгеріс енгіземіз. Американдықтар қайтадан өз елдерінде бақылау орнататын болады. Елімізде Сауд Арабиясы мен Ресейден гөрі көбірек мұнай бар”, – деп атап өтті саясаткер.

Бүгін АҚШ-та 47-президентін тағайындау үшін сайлау өтті. Трамп Флорида, Оңтүстік Каролина, Алабама, Миссисипи, Индиана, Теннесси, Оклахома, Арканзас, Оңтүстік Дакота, Луизиана, Кентукки, Батыс Вирджиния, Вайоминг, Огайо, Солтүстік Дакота, Небраска, Флорида және Техас штаттарында көп дауыс жинап, жеңіске жеткен.

Еске салсақ, осыған дейін әлем көшбасшылары Трампты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтағанын жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әлем көшбасшылары Трампты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Published

on

By

Әлем көшбасшылары Дональд Трампты АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Reuters 

Трампты Латвия, Литва және Эстония президенттері алғашқылардың бірі болып құттықтады. Олар әлеуметтік желідегі парақшаларында жазба қалдырған.

“Мен екіжақты қарым-қатынас пен трансатлантикалық серіктестікті нығайту үшін бірлесіп жұмыс істей ін уақытты асыға күтемін. Еуропаға үшін АҚШ-тың күшті болғаны, ал АҚШ үшін Еуропаның күшті болғаны маңызды. Латвия Америка Құрама Штаттарының сенімді серіктесі болып қала береді”, – деді  Латвия президенті Эдгарс Ринкевич.

Эстония президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.

“Эстония Америка Құрама Штаттарымен ортақ демократиялық идеалдарға және жаһандық қауіпсіздікке негізделген одақтастығын ерекше бағалайды. Біз алдағы жылдары ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта түсеміз деп үміттенеміз”, – деді Эстония президенті Алар Карис.

Литва прежиденті Трансатлантикалық бірліктің маңыздылығын алға тартты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Дональд Трампты АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтаймыз! Америка Құрама Штаттары Литваның стратегиялық одақтасы болып табылады және екі ел де өз қауіпсіздігіне үлкен мән береді. Литва қазір қорғанысқа ішкі жалпы өнімнің 3,5% жұмсайды және қаржыландыруды ұлғайтпақ. Трансатлантикалық бірлік өте маңызды”, – дейді Литва президенті Гитанас Науседа.

Украина президенті Зеленский де Трампты “сайлаудағы әсерлі жеңісімен” құттықтады.

“Біз президент Трамппен қыркүйекте кездескен кезде Украина-Америка қарым-қатынасын, стратегиялық серіктестік, “жеңіс жоспарын” және Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын тоқтату жолдарын туралы талқылаған болатынбыз. Маған оның жаһандық істерге қатысты “күш арқылы бейбітшілік” көзқарасын ұстанғаны ұнайды. Дәл осы принцип Украинада әділетті бейбітшілік орната алады. Біз мұны бірге жүзеге асыра аламыз деп үміттенемін “, – деп жазды ол.

Сонымен қатар Зеленский Трампты жеңісімен жеке құттықтап, Украина мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту жолдарын талқылау мүмкіндігін асыға күтетінін айтты.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Астанада қатты желден кран құлап кетті (видео)

Published

on

By

Астанада қатты желдің салдарынан мұнара краны құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Оқиға “Рио-де-Жанейро” тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Әлеуметтік желіде құлаған кранның видеосы тарады. Видео авторы құрылыс алаңындағы басқа крандардың да құлау қаупі бар екенін айтып, шара қабылдауды сұраған. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кранның құлауы желдің күрт күшеюі мен кранның уақтылы күшейтілмеуі салдарынан болған.


Астанада қатты соққан жел жаңа аялдаманы ұшырып әкете жаздады (видео) READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Сарыарқа ауданы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 25/4, “Рио-де-Жанейро” құрылыс алаңында (бас мердігер “G-park” ЖШС) КБ-405 мұнара краны дауылды желдің салдарынан құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себеп – желдің күрт күшеюі және кран рельс жолдарында кранның уақтылы күшейтілмеуі”, – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда қатты жел аялдаманы ұшырып түсіріп, адамдардың үстіне құлағаны туралы жазған едік. 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!