Connect with us

IN-THE-NEWS

Елдос Сметов Тоқаевпен бірге Франция президентінің қабылдауда болды

Published

on

By

Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бірге Францияға мемлекеттік сапары аясында арнайы шараларға қатысты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Франция президентінің атынан ұйымдастырылған Мемлекеттік қабылдауға Францияның Үкімет мүшелері, белгілі саясаткерлер, іскерлік топ, ғылым және дипломатия өкілдері, сондай-ақ екі елдің көрнекті мәдениет және спорт қайраткерлері шақырылды. Оның ішінде Париж олимпиадасының чемпионы Елдос Сметов, Паралимпиаданың екі дүркін чемпионы Давид Дегтяров, Лондон Олимпиадасының чемпионы Александр Винокуров бар. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік,  биыл Парижде өткен олимпиада ойындарында Елдос Сметов финалда француз дзюдошысы Лука Мхидземен күресіп, олардың өнерін Эммануэль Макронның өзі келіп тамашалаған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Solva компаниясының жарғылық капиталы финтехтің ЕДБ-ға айналу процесі барысында 22,7 миллиард теңгеге жетті

Published

on

By

Бас кеңсесі Алматыда орналасқан Қазақстандағы жетекші финтех-компания Solva  жарғылық капиталының компания акционерлері тарапынан 2024 жылдың қыркүйек-қазанында 7,4 миллиард теңгеге толықтырылғандығын хабарлады. Қосымша капитализациядан кейін капиталдың жалпы көлемі 22,7 миллиард теңгеге жеткен. Solva-ның негізгі акционерлері өзгермеді. 

Бүгінгі таңда Solva-ның жарғылық капиталы банк капитализациясына қойылатын минималды талаптардан екі есе артық және 22,7 млрд теңгені құрайды, Solva капиталының көлемі Қазақстандағы бірқатар екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) жарғылық капиталымен салыстырмалы деңгейге жетті, кей жағдайда асып түседі. Қосымша капитализацияның соңғы раундын есепке алумен, Solva акционерлері жыл басынан бастап жарғылық капиталды 11,8 миллиард теңгеге толықтырды. Нәтижесінде 2024 жылы жарғылық капитал екі есе өсті. Осы жағдайда ШОБ (микро және шағын кәсіпорындар) кредиттік портфелінің көлемі 2024 жылдың 30 қазанында 65 миллиард теңгеге жетті, 10 айдағы өсім 28% құрады. Барлығы кредиттік портфель гросс 113 миллиард теңгеге жетті.  

Константин Барабанов, Solva Group Ltd. бас директоры:

“Капиталды толықтырудың мақсаты – Solva-ның ЕДБ-ға айналуы қарсаңында капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету. Solva-ның негізгі акционерлері – компанияның негізін қалағандар Борис Батин мен Александр Дунаев, сонымен қатар Савиристер отбасының мүддесіне өкілдік ететін Neo Crystal компаниясы небәрі бір аптада шешім қабылдап, жарғылық капиталды арттырды. Елеулі өтімділікті жедел шоғырландырып, қаражатты Қазақстандағы қаржы институттың дамуына жұмсау негізгі акционерлердің Solva-ның ЕДБ мәртебесінде жұмыс істеуіне дайын екендігін көрсетеді”. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жарғылық капиталдың өсуін халықаралық институционалдық кредиторлар – Solva серіктестері жақсы қабыл алды. Компания төрт импакт-қормен жалпы сомасы 25 млн доллардан асатын мәмілелерді аяқтау үстінде. Бұл қаражат Қазақстандағы микро кәсіпкерлерді қаржыландыруды одан әрі дамытуға бағытталады.  

Solva туралы

2023 жылы Қазақстанда “Жыл финтехі” атанған, Solva (“ОнлайнҚазФинанс” МҚҰ АҚ) – кепілсіз банктік емес қаржыландыру нарығында көшбасшы, ол микро, шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жеке тұлғаларға арналған цифрлық қаржылық өнімдерді ұсынады. Компания машиналық оқытуды және заманауи data science құралдарын қолданып, микро, шағын және орта бизнеске (“МШОБ”) айналымдағы капиталды толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға қаржыландыруды ұсынады. Бұрынғы инвестициялық банкирлер Борис Батин мен Александр Дунаев негізін қалаған, Solva Қазақстандағы ШОБ клиенттеріне жалпы алғанда 85 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыру жасады. 2023 жылдың соңында Solva $20 млн көлемінде инвестицияларды тарту бойынша мәмілені жапты. Негізгі инвесторлар – ZCP қорынының серіктестерімен бірлесіп, Orascom халықаралық конгломератының иелері Савиристер.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қарағанды облысында ауыл медицинасының даму әлеуеті жақсарды

Published

on

By

Қарағанды облысында ауыл тұрғындары үшін медицина қолжетімді бола бастады. Биыл ауылдарда 14 жаңа медициналық нысан ашылды.

Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев баяндады.

“Президент медициналық қызмет көрсету сапасы арттырып, әр науқасқа ерекше көңіл бөліп, денсаулық сақтау жүйесін қайта құру міндетін қойды. Жыл соңына дейін ауылдық жерлерде тағы 27 медициналық нысан ашылады. Ал келесі жылы 51 денсаулық сақтау мекемесі бой көтереді. Теміртау мен Балқаш қалаларындағы екі аурухана қайта жаңғыртылғаннан кейін ауданаралық ауруханаға айналады. Бұл облыс тұрғындарына медициналық көмек қолжетімді болады деген сөз”, –деп атап өтті Ермағанбет Бөлекпаев. 

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Аймаққа білікті медициналық кадрларға қолдау көрсетіліп жатыр. Соңғы екі жылда 236 медицина қызметкер баспаналы болды.  Мемлекет тарапынан берілген жәрдемақы көмегінің мөлшері 1,5 миллионнан 8,5 миллион теңгеге дейін артты. Бүгіне 63 маманға қолдау көрсетілді. Жыл соңына дейін тағы 20 медицина қызметкерге көмек көрсету жоспарланып отыр.

Пульмонология, комбустиология және кардиологияға арналған құрал жабдықтар сатып алу үшін   “Қазақстан халқына” қоры қаржыландырады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Облыс басшысы желіде “ақылды болма” деп кеңес берген Қарағанды әкіміне қатысты пікір білдірді

Published

on

By

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қарағанды басшысының желідегі айтқанына пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ермағанбет Бөлекпаев қала әкімі өз пікірін білдірді дейді. 

“Қарағанды әкімі белсенді жұмыс істейді. Арыз түскен жоқ. Егер арыз түссе, бізде Мемлекеттік қызмет комитетінің аймақтық департаменті бар. Ол жерде тәртіптік кеңес отырады, солар қарайды. Бірақ бұл жағдайда ол тек өз пікірін білдірді”, – деді Бөлекпаев.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды әкімі Мейрам Қожықов желі қолданушысына грамматикалық қатемен жауап беріп, сынға қалған еді. Дегенмен желіде әкімге қарсы пікір жазғандар да болады. Солардың біріне жауап берген ол “ақылды болмай, көлігіңді басқарғаның жөн” деп жауап берді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!