Connect with us

IN-THE-NEWS

Жетісу облысында әкім балабақша тәрбиешісіне жоқ үйдің кілтін салтанатты түрде табыстаған

Published

on

By

Жетісу облысындағы Кербұлақ ауданының әкімі Қанат Есболатов балабақша тәрбиешісі Галина Деминаға жоқ үйдің кілтін салтанатты түрде табыс еткен. Қазір тәрбиеші уәде етілген үйдің берілмегенін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Нalyqstan порталына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Желі кадрларынан 

Республика күніне аудан әкімі оған 8,7 миллион теңгеге сатып алынған үйдің кілтін тапсырған кезде, әйелдің қуанышында шек болмаған.

Бірақ оның қуанышы ұзаққа созылмады. Себебі кілт тек кәдесый ретінде берілгені белгілі болды. Себебі үй жоқ болып шықты.

“Мерекелік іс-шарада маған кілт табысталды. Көзіме жас алып, оларға алғыс айта бастадым. Бақыттан тұрғандардың бәрін сүйуге дайын болдым. Бірақ мерекеден кейін маған үйдің жоқ екенін айтты. Әкімдік бастапқыда айтылғандай 8,7 миллион теңгеге емес, 3,8 миллион теңгеге тұрғын үй табуды ұсынды. Бүкіл ауылды араладым, бірақ мұндай ақшаға ештеңе таппадым”, — деді Галина тілшісіне. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>



Деминаның айтуынша, әкімдік тұрғын үймен “мәселені шешемін” деп уәде берген. Бірақ содан бері екі апта өтсе де ешкім көмеккқрсетуге тырыспаған. 

Қазір Галина апаттық үйде тұрып жатыр. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Облыс басшысы желіде “ақылды болма” деп кеңес берген Қарағанды әкіміне қатысты пікір білдірді

Published

on

By

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде Қарағанды басшысының желідегі айтқанына пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Ермағанбет Бөлекпаев қала әкімі өз пікірін білдірді дейді. 

“Қарағанды әкімі белсенді жұмыс істейді. Арыз түскен жоқ. Егер арыз түссе, бізде Мемлекеттік қызмет комитетінің аймақтық департаменті бар. Ол жерде тәртіптік кеңес отырады, солар қарайды. Бірақ бұл жағдайда ол тек өз пікірін білдірді”, – деді Бөлекпаев.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды әкімі Мейрам Қожықов желі қолданушысына грамматикалық қатемен жауап беріп, сынға қалған еді. Дегенмен желіде әкімге қарсы пікір жазғандар да болады. Солардың біріне жауап берген ол “ақылды болмай, көлігіңді басқарғаның жөн” деп жауап берді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ашқан мейрамханадағы баға көпшіліктің ашуын туғызды

Published

on

By

ҚР халық әртісі Димаш Құдайбергеннің ата-анасы ашқан “Дайдидау” мейрамханасындағы тамақтардың бағасы белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скриншот

Белгілі журналист Ақбаян Сапарбай жеке парақшасында видео жариялап, қызмет көрсету пайызы қосылмайтынын айтты. 

“Міне, маркетинг! Дайдидау мейрамханасында тамақтанып болған соң, таза қазақы жазылған және қызмет көрсету пайызы қосылмаған түбіртекті көріп риза болдым да, тик-токқа жүктей салдым. Сөйтсем, сол сәтте 2500 адам өз парақшасына алып кетіпті. 1 миллионнан астам адам қарап шықты. Маркетолог жалдап, арнайы жарнама жасасаң да кейде осындай нәтиже бермейді. Сондықтан, шынайылық қашан да құнды. Өз бизнесін дамытқысы келетіндер осыны ескеру керек!”, – деп жазды журналист. 



Алайда желі қолданушылары мейрамханадағы тамақтардың қымбат екенін жарыса жазып жатыр. 

“Шай бағасы 3 мың теңге болатындай, неғылған шай ол?!”, Қуырдақ бағасы – 7500 теңге”, “3 мың теңгеге бір келі шай аламын”, “Димаштың отбасы да ақшаға құныққан екен”, “Бағасы өте қымбат, бірге бірді қосыпты”, “Үндістаннан шайды өздері өндіріп әкелетін шығар?!”, – деп жазды көпшілік.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Еске салайық, мейрамхана әншінің қарындасы Раушан Құдайбергенге тиесілі екенін жазған едік. 

 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қарағанды облысының әкімі “Шахтер” клубында легионерлердің саны азаятынын айтты

Published

on

By

Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде “Шахтер” клубының болашағы туралы айтып, алда клубтың жекенің қолына өтетінін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Орталық коммуникациялар қызметі

Облыс әкімі “Шахтер” клубында Қазақстан азаматтары ойнауы керек екенін атап өтті. 

“Клубқа қатысты қолдау менің тарапымнан болды. Бұған қатысты әңгіме болмайтын шығар. Берекшектер де болды, демеушілер арқылы қарыздарын да жаптық. Менің ойымша, клубта өзіміздің футболшылар, жергілікті азаматтар ойнауы керек. Сараптау кезінде клубта өзіміздің жастардың аз екені анықталды. Осы туралы жиын өтті. Сол кезде мамандармен Қарағанды, Теміртау, Балқаш және т.б. қалаларда балаларға арналған клуб-академия бөлімдерін ашамыз. Келесі кезекте бапкерлерді де үйретеміз. Үшіншіден, бізге стадион керек. Алдағы уақытта екі стадион салынады. Кіші стадионның жобалық сараптамасын күтіп отырмыз. Одан кейін 10-15 мың адамды қабылдайтын үлкен стадион салынады. Қазір біздің стадионның салынғанына 60 жылдан асып кетті, тозды деуге болады”, – дейді ол. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Әкім аталған жұмыстар істелген соң аймақтан талантты футболшылар шығады дейді. Сондай-ақ алдағы уақытта “Шахтер” клубын жекенің қолына беру мәселесін де айтып өтті. 

“Легионерлерге келсек, олар бізді көтеруі керек. Біздің футболшылармен бір деңгейде ойнап жүрген легионердің керегі қанша? Клубты жекенің қолына беру мәселесі әлі талай қаралады. Сенімгерлік басқаруға да берілген еді бұған дейін. Енді бизнес ретінде қарастырылып жатыр”, – деп қосты ол. 

Айта кетейік, бұған дейін Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев “Шахтер” клубын “легионерлерлі қолдау қорына айналып кетті” деп айтқан еді. Оның сөзінше, клубтағы 25 ойыншының 12-сі легионер екен. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!