Connect with us

IN-THE-NEWS

Жәния Бекмұхамбетова Венгриядағы турнирдің чемпионы атанды

Published

on

By

Қазақстандық теннисші Жәния Бекмұхамбетова Венгрияда үстел теннисінен өткен чемпионатта алтыннан алқа тақты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: ҰОК

Венгрияның Сомбатхей қаласында өткен WTT Youth Contender Szombathely 2024 турнирінде U13 жас санатында қола жүлде иеленген 11 жастағы қазақстандық үстел теннисшісі Жәния Бекмұхамбетова қатарынан екінші медалін жеңіп алды. Бұл жолы ол 11 жасқа дейінгі санатта алтын медаль иеленді. Турнир барысында Жәния Венгриядан келген Сара Сондиды 3:0, испаниялық Лора Урияны 3:0, украиналық Александра Бецті 3:0 есебімен сондай-ақ, испаниялық Джулия Фернандесті 3:1, Кармен Гоместі 3:0 және румыниялық Бьянка Томуды 3:0 есебімен жеңді.

Айта кетсек, бұған дейін Сомбатхейде Бекмұхамбетова U13 жасқа дейінгі спортшылар арасында үшінші орынды иеленген еді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Астанада қатты желден кран құлап кетті (видео)

Published

on

By

Астанада қатты желдің салдарынан мұнара краны құлады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скрин

Оқиға “Рио-де-Жанейро” тұрғын үй кешенінің құрылыс алаңында болған. Әлеуметтік желіде құлаған кранның видеосы тарады. Видео авторы құрылыс алаңындағы басқа крандардың да құлау қаупі бар екенін айтып, шара қабылдауды сұраған. 

Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, кранның құлауы желдің күрт күшеюі мен кранның уақтылы күшейтілмеуі салдарынан болған.


Астанада қатты соққан жел жаңа аялдаманы ұшырып әкете жаздады (видео) READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


“Сарыарқа ауданы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 25/4, “Рио-де-Жанейро” құрылыс алаңында (бас мердігер “G-park” ЖШС) КБ-405 мұнара краны дауылды желдің салдарынан құлағаны туралы ақпарат келіп түсті. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ. Алдын ала себеп – желдің күрт күшеюі және кран рельс жолдарында кранның уақтылы күшейтілмеуі”, – делінген төтенше жағдайлар министрлігінің хабарламасында. 

Еске салсақ, бұған дейін Ақтауда қатты жел аялдаманы ұшырып түсіріп, адамдардың үстіне құлағаны туралы жазған едік. 


READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады

Published

on

By

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Ақорда

Қазақстан президенті қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, инвестиция салаларындағы екіжақты ынтымақтастық дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампқа Америка халқының өсіп-өркендеуі жолындағы, сондай-ақ жаһандық тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі қызметіне табыс тіледі.

Еске салсақ, осыған дейін АҚШ-тағы сайлаудың алдын ала нәтижелері бойынша Трамп көш бастағанын жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Депутат Бақытжан Базарбек мәжіліс отырысында Қорғаныс министрінің орынбасарына килікті

Published

on

By

Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбектің Қорғаныс министрінің орынбасары Шайх-Хасан Жазықбаевқа “патриот” ұғымы туралы сұрақ қойып килікті. Базарбек кейін оның жауабына көңілі толмай “өзіңіздің заң жобаңызды өзіңіз түсінбей тұрсыз” деп сынады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Мәжілістен

Депутаттың айтуынша қазіргі жастар патриоттыққа жақын емес, ал үкіметтің бұл бағыттағы түсіндірме жұмысы шикі. 

“Жастармен көп араласамын. Солардың ішінен шыны керек, “мен патриотпын” деген адамды өз көзіммен көрмеппін. Жастардың өздері патриот деген сөзді білмейді. Оның мәні неде? Идеологиялық тұрғыда үлкен қателіктер кетіп отыр. 

Патриот деген кім? Ол уақытында салығын төлеп жүрген кәсіпкер ме? Патриот деген ел ақшасын жымқырмаған шенеунік пе? Әлде суға құлаған итті құтқарған жас па? Жоқ, TikTok-та жақсы нәрсе таратып жүрген жігіт пе? Кім ол патриот? Әлде ол үкімет пен депутаттарға ұрысып жүрген оппозиционер ме?

2023 жылғы үкіметтің қаулысы бар. Жастарды әскери патриоттыққа тәрбиелеу туралы 2030 жылға дейінгі концепция. Ол жерде елді сүю, елге адал еңбек ету, заңды қатаң сақтау деген принцип жоқ! Тек жалпылама төрт принцип бар. Неге мынадай принциптер жоқ? Сіз Қорғаныс министрлігінің орынбасары осыны маған айтыңызышы? Патриот дегеніміз кім?”,- деп сұрады ол  Қорғаныс министрінің орынбасарынан.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Бұл сауалға Шайх-Хасан Жазықбаев былай жауап берді:

“Менің ойымша патриот деген өте үлкен ұғым. Тек әскерде ғана емес патриот барлық салада бар. Мысалы өзінің еңбегін дұрыс атқарған дәрігер, мұғалім, әскери қызметкер. Керек кезінде отанымызға қауіп-қатер төнгенде соңына дейін өзінің міндетін атқаруға дайын адам. Президент айтқандай адал еңбектегі адал адам. Осы ұғымдарды патроит деген кең ұғымға қосуға болады”,-деді.



Алайда бұл жауап Бақытжан Базарбектің көңілінен шықпады.

“Сонда сіздің сөзіңізге қарағанда дәрігер, оқытушы өз қызметін атқарса патроит болып есептеле ме сонда? Патриот деген сөздің өзі мәні басқаша. Өзіңіздің заң жобаңызды өзіңіз түсінбей тұрсыз! Міне патриот дегеніміз ең бірінші заңдарды сақтау. Заңды сақтап қана адамдарды елді сүюге тарта аламыз. Жобада елді сүю деген сөз жоқ. Ал адал атқару ол басқа нәрсе!”, – деп қосты ол.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!