Connect with us

IN-THE-NEWS

Әлем көшбасшылары Трампты президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады

Published

on

By

Әлем көшбасшылары Дональд Трампты АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Reuters 

Трампты Латвия, Литва және Эстония президенттері алғашқылардың бірі болып құттықтады. Олар әлеуметтік желідегі парақшаларында жазба қалдырған.

“Мен екіжақты қарым-қатынас пен трансатлантикалық серіктестікті нығайту үшін бірлесіп жұмыс істей ін уақытты асыға күтемін. Еуропаға үшін АҚШ-тың күшті болғаны, ал АҚШ үшін Еуропаның күшті болғаны маңызды. Латвия Америка Құрама Штаттарының сенімді серіктесі болып қала береді”, – деді  Латвия президенті Эдгарс Ринкевич.

Эстония президенті екі ел арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдірді.

“Эстония Америка Құрама Штаттарымен ортақ демократиялық идеалдарға және жаһандық қауіпсіздікке негізделген одақтастығын ерекше бағалайды. Біз алдағы жылдары ынтымақтастығымызды одан әрі нығайта түсеміз деп үміттенеміз”, – деді Эстония президенті Алар Карис.

Литва прежиденті Трансатлантикалық бірліктің маңыздылығын алға тартты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Дональд Трампты АҚШ-тағы президенттік сайлаудағы жеңісімен құттықтаймыз! Америка Құрама Штаттары Литваның стратегиялық одақтасы болып табылады және екі ел де өз қауіпсіздігіне үлкен мән береді. Литва қазір қорғанысқа ішкі жалпы өнімнің 3,5% жұмсайды және қаржыландыруды ұлғайтпақ. Трансатлантикалық бірлік өте маңызды”, – дейді Литва президенті Гитанас Науседа.

Украина президенті Зеленский де Трампты “сайлаудағы әсерлі жеңісімен” құттықтады.

“Біз президент Трамппен қыркүйекте кездескен кезде Украина-Америка қарым-қатынасын, стратегиялық серіктестік, “жеңіс жоспарын” және Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын тоқтату жолдарын туралы талқылаған болатынбыз. Маған оның жаһандық істерге қатысты “күш арқылы бейбітшілік” көзқарасын ұстанғаны ұнайды. Дәл осы принцип Украинада әділетті бейбітшілік орната алады. Біз мұны бірге жүзеге асыра аламыз деп үміттенемін “, – деп жазды ол.

Сонымен қатар Зеленский Трампты жеңісімен жеке құттықтап, Украина мен АҚШ арасындағы стратегиялық серіктестікті нығайту жолдарын талқылау мүмкіндігін асыға күтетінін айтты.

Еске салсақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттары президентінің сайлауында айқын жеңіске жеткен Дональд Трампқа құттықтау жеделхатын жолдаған болатын.

 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Рыбакина WTA қорытынды турнирінің жартылай финалына шыға алмады

Published

on

By

Фото: Ашық дереккөзден алынды

Елена Рыбакина Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткен WTA қорытынды турниріндегі соңғы кездесуінде әлемнің 1-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен жолығып, үш сетте 6:4, 3:6, 6:1 есебімен жеңіске жетті. Бірақ қатарынан екі ойында жеңіліске ұшыраған Рыбакина жартылай финалға жолдама ала алмады. Осылайша, Рыбакина маусым нәтижелері бойынша іріктелген әлемнің ең мықты деген сегіз теннисшісі қатысқан турнирді сәтсіз аяқтады.

READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетейік, Елена бірінші кездесуінде италиялық Ясмин Паолиниден (#4) ұтылса, сосын қытайлық Чжэн Циньвэньге 6:7, 6:3, 1:6 есебімен жол берген еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жасөспірім қыздарда генетикалық аурудың бар-жоғы тексеріледі

Published

on

By

Қазақстанда 2025 жылдан бастап жасөспірім қыздарда генетикалық аурудың бар-жоғы тексерілетін болады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: pixabay.com

Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мәлімдеді. Министрдің айтуынша, жыл сайын елімізде 4,5 миллионға жуық бала профилактикалық тексеруден өтеді. Атап айтқанда, ағымдағы жылдың 9 айында 3,8 миллион бала тексерілді.

“Сонымен бірге, 2025 жылдан бастап 16-17 жас аралығындағы жасөспірім қыздарды жұлын бұлшықет атрофиясы тасымалдаушыларына скринингтік тексеру енгізіледі”, – деді ведомство басшысы Үкімет отырысында сөйлеген сөзінде.

Оның айтуынша, балалардағы мүгедектіктің алдын алу мақсатында алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарында 1500 бала дамыту кабинеті және босану ұйымдарында 50 бақылау кабинеті жұмыс істейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>


Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктілік: Бұл көрсеткіш бойынша қай аймақ көш бастады


“Соңғы 7 жылда біз санат бойынша мүгедектіктің азайғанын байқадық. Туа біткен ақаулар, деформациялар және хромосомалық ауытқулар 5,2 пайызға, жүйке жүйесі аурулары 1,7 пайызға, сонымен қатар жүйке-психикалық аурулар алдыңғы қатарға шықты. Бұл аутизмді ерте анықтау үшін диагностикалық скринингті енгізу, аутизм спектрінің бұзылуын диагностикалау және емдеу бойынша клиникалық хаттаманы бекітумен байланысты”, – деп толықтырды Әлназарова.

Еске салайық, қыркүйекте Қазақстанда адам папилломавирусына (HPV) қарсы қыздарды жаппай егу басталды.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстанда бала тууды жоспарлаған әрбір әйел тексеруден өтуге міндеттелетінін жазғанбыз. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

“Менің атым Қожа” кітабы француз тіліне аударылды

Published

on

By

Парижде Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығы атап өтіліп, “Менің атым Қожа” кітабының француз тіліндегі аудармасы таныстырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: gov.kz

Парижде ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде белгілі жазушы, қазақ балалар әдебиетінің классигі Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған конференция өтті. Іс-шара аясында “Менің атым Қожа” кітабының француз тіліне аударылған нұсқасының тұсаукесері ұйымдастырылды.

Қатысушылар Бердібек Соқпақбаев кітабының аудармасы француз оқырмандарына қазақ мәдениетін танытып, Қазақстан халқының бай дәстүрлері мен құндылықтарын ашатынына сенім білдірді. Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығының ЮНЕСКО-ның атаулы даталар күнтізбесіне енгізілуі оның әлемдік мәдениетке қосқан үлесінің маңыздылығын көрсетеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазақстан тарабы ЮНЕСКО-ға іс-шараны ұйымдастырудағы қолдауы үшін алғыс білдіріп, қазақ халқының мұрасын халықаралық аренада насихаттайтын мәдени іс-шаралардың маңыздылығын атап өтті.

Еске салсақ, осыған дейін Қазақстан мен Франция президенттері Елисей сарайының бағында бейресми әңгіме өткізіп, тазылармен серуендегенін жазғанбыз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!