Connect with us

IN-THE-NEWS

FDA темекі мен түтінсіз өнімдердің тәуекелдерін салыстырды

Published

on

By

АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (Food & Drug Administration – FDA) жанбайтын темекі өнімдерінің денсаулыққа қауіпті төмендетуге көмектесетінін анықтады.

Көптеген дәрігер мен сарапшылар зиянсыз темекі өнімдері болмайтынына және темекіні толық тастау денсаулыққа ең тиімді таңдау екенімен келіседі. Дегенмен, темекі шегуге тәуелділік үлкен кедергі тудырады. Сондықтан мамандардың көмегінсіз оны тастау бәріне қолжетімді емес. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының деректері бойынша, темекіні бірінші әрекетте тастағандар саны 4-7 пайызды ғана құрайды.

“Тәуелділік – бұл, шын мәнінде, ауру. Сондықтан денсаулығына алаңдайтын темекі шегетіндер үшін тәуекелдер жайлы ақпарат алу және мамандарға жүгіну маңызды. Әртүрлі ғылыми зерттеулер мен дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, темекінің ең зиянды түрі – жанатын темекіден бас тарту арқылы тәуекелдерді төмендетуге болады. Оларға қарағанда, түтінсіз баламаларда зиянды заттар аз, және бұл туралы зерттеулер жыл сайын артып келеді”, – деп атап өтті онколог-гастроэнтеролог, “Еуразиялық онкологтар, хирургтар және оңалту мамандары қауымдастығы” қоғамдық ұйымы төрағасының орынбасары Гаухар Исақова.

Тәуелділікке никотин себеп болатыны ғылыми дәлелденген. Дегенмен, темекімен байланысты аурулардың барлығын тек никотин туындатпайтыны да ғылыми дәлелденді. Ауруға шылым шегу кезінде бөлінетін түтін себеп болады. Онда көптеген зиянды зат бар. Сол себепті зиянды азайту тұжырымдамасы (ЗАТ) зияны азырақ баламаларды қолдап, денсаулыққа зиянды әсерлерді азайту тәсілі ретінде шылым шегушілерге жанбайтын баламаларға көшуді ұсынады. Англия, Швеция, Жапония, Жаңа Зеландия және басқа елдерде зиянды азайту қағидаттары темекі шегушілердің санын азайтып, халықтың денсаулығына келетін зиянды төмендетуге көмектесуде.

Осындай ғылыми негізделген тәсілдің тиімділігін АҚШ-тың Азық-түлік және дәрі-дәрмек сапасын бақылау басқармасы (FDA) жүргізген тәуелсіз зерттеуі де растады.

Бұл АҚШ Денсаулық сақтау министрлігінің құрылымына жататын беделді агенттік “Темекі өнімдерінің тәуекелдерін салыстыру” атты құжат жариялады. Онда темекі өнімдерінің ешқайсысы қауіпсіз болмағанымен, әртүрлі темекі өнімдерімен байланысты денсаулық тәуекелдерін жіктеуге болатыны мойындалған. Жанбайтын темекі өнімдері, мысалы, қыздырылатын темекі мен басқа да түтінсіз баламалар, әдетте, жанатын темекілер мен жану процесін қажет ететін басқа темекі өнімдеріге қарағанда денсаулыққа азырақ қауіп төндіреді.

FDA атап көрсетеді: ешбір темекі қауіпсіз емес, сондықтан темекі шекпейтін жастар мен ересектер электрон темекілерді тұтынуды әу бастан бастамағаны жөн. Бірақ темекі шегетін ересектер үшін жанатын темекіден толықтай түтінсіз баламаларға ауысу көптеген зиянды химиялық заттардың әсерін азайтуы мүмкін.

“Алайда, олардың кәдімгі темекіден толықтай түтінсіз баламаларға ауысуы маңызды. Өйткені темекіні түтінсіз өнімдермен ұзақ уақыт бірге қолдану денсаулыққа тек темекі шегуге ұқсас зиян келтіруі мүмкін”, – делінген құжатта. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Қазіргі таңда FDA темекі және ментол дәмі бар электронды темекінің 34 өнімін және құрылғысын мақұлдады. Бұл өнімдер токсикологиялық бағалауды қоса алғанда, қатаң ғылыми тексеруден өтті, және FDA олардың қоғамдық денсаулық сақтау стандарттарына сәйкес келетінін анықтады.

FDA-да арнайы Темекі өнімдері орталығы (CTP) бар. Ол темекіден бас тартуға арналған ақпараттық материалдар әзірледі. Тәуекелдерді төмендетіп, зияны аздау темекі өнімдеріне көшуге шешім қабылдаған адамдарға қолдау көрсететін Ұлттық онкология институтының Smokefree.gov сайтымен серіктестік орнатты.

CTP мәліметінше, темекі өнімдерін тұтынатын көптеген адам никотин туралы және әртүрлі темекі өнімдерінің тәуекелдері туралы қате түсінікте. Ғылыми деректер түтінсіз баламаларда әдеттегі темекіге қарағанда зиянды заттар аз екенін айқын көрсетсе де, көптеген темекі шегетіндер оларды кәдімгі темекіден зияны аз емес немесе тіпті зиянды деп санайды.

“Салыстырмалы тәуекел ұғымы күрделі және темекі шегушілерді осы тақырып бойынша хабардар ету әрекеттері нақты деректерге негізделуі маңызды. CTP білім беру стратегиялары мен тәсілдерін әзірлеуге негіз болатын ғылыми білімді зерттеулер арқылы жинақтауды жалғастыруда”, – деп FDA зерттеуінде атап өтілген.

Counterfactual Consulting компаниясының басшысы және Ұлыбритания үкіметінің денсаулық сақтау саласындағы кеңесшісі Клайв Бейтс те темекі түтінінде шамамен 6 мың зат пен қосылыс бар екенін, олардың шамамен 70-і улы және канцерогенді екенін атап өтеді.

“Қазіргі технологиялар жану процесінен аулақ болуға мүмкіндік берді. Мысалы, темекіні қыздырып, бірақ жақпайды. Зерттеулер қыздыру кезінде бөлінетін аэрозольде темекі түтініне қарағанда зиянды заттардың 90-95%-ға аз екенін көрсетті”, деп түсіндіреді Бейтс.

Ол сондай-ақ АҚШ-тағы зерттеулерді мысалға келтіріп, темекі өнімдерін бұрын темекі шеккен, бірақ кейіннен түтіннің зиянын түсінген адамдар жиі қолданатынын көрсетті.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Путин Украинадағы қақтығыстың жаһандық деңгейге өткенін мәлімдеді

Published

on

By

Ресей президенті Владимир Путин шұғыл мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: kremlin.ru

Оның айтуынша, Украинадағы қақтығыс “жаһандық сипаттағы элементтерге” ие бола бостады.

Путин 19 қарашада Украина қарулы күштері Брянск облысындағы нысаналарға алты ATACMS зымыранымен және 21 қарашада Курск облысында Storm Shadow жүйелерімен шабуыл жасағанын айтты.

Путин Украинадағы қақтығыс осы шабуылдардан кейін жаһандық сипаттағы элементтерге ие болғанын атап өтті. Оның айтуынша, Ресейге соққы жасау үшін ұзақ қашықтықтағы снарядтарды олар жасалған елдердің мамандарынсыз ұшыру мүмкін емес.

“Біз өзімізді қаруларын бізге қарсы қолдануға мүмкіндік берген елдердің әскери нысандарына қарсы шабуыл жасауға құқылымыз деп санаймыз. Ал агрессивті әрекеттер күшейген жағдайда біз де батыл жауап береміз”, – деді Путин.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сондай-ақ Путин Мәскеудің орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды одан әрі орналастыру мәселесі АҚШ пен серіктестерінің әрекетіне байланысты шешілетінін мәлімдеді.

“Орешник” сияқты жүйелермен соққы жасалатын нысанлаларды таңдағанда, біз бейбіт тұрғындарға алдын ала хабарлап, сол жақта жүрген достас мемлекеттердің азаматтарынан қауіпті аймақтардан кетуді сұраймыз”, – деді Путин.

Сонымен қатар Путин ең жаңа орта қашықтыққа ұшатын “Орешник” зымыранының сәтті сынақтан өткенін хабарлады. Оның айтуынша, қазіргі заманғы әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелері бұл зымырандарды ұстай алмайды, өйткені олар нысанаға секундына 2,5-3 шақырым жылдамдықпен шабуыл жасайды.

“Орешник” зымыран жүйесі НАТО елдерінің Ресейге қарсы агрессивті әрекеттеріне жауап ретінде ұрыс жағдайында сынақтан өткізілген. Путин соңғы зымырандық жүйелерді одан әрі сынау кезінде соққы жасалатын нысаналар Ресейге төнген қауіп-қатерлерге байланысты анықталатынын баса айтты.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Роман Скляр жеке тұлғалардың елге көлік әкелу ережелеріне қатысты пікір білдірді

Published

on

By

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр жеке тұлғалардың елге көлік әкелу ережелеріне қатысты мәселеге пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: depositphotos.com

Роман Скляр кейбір блогерлердің ақпаратты бұрмалап жатқанын атап өтті. 

“Біз кейбір блогерлер айтып жатқандай, баждар мен салықтардың мөлшерлемелерін көтеру туралы айтып отырған жоқпыз, біз бірінші кезекте техникалық және кедендік процедураларды 2015 жылдан бері қолданыстағы заңнамаға сәйкес реттеп жатырмыз”, – деді Скляр.

Ол қазіргі заңнамаға сәйкес автокөлікті кедендік рәсімдеудің екі нұсқасы бар екенін атап өтті.

“Бірінші. Жеке тұлғаның жеке пайдалануы үшін әкелу кезінде – бұл жағдайда автокөлікке көлік құралының конструкциясының қауіпсіздік сертификаты беріледі, бірақ жылына бір автокөлікке ғана. Сонымен қатар 48%-дан аспайтын және қозғалтқыш көлеміне және автомобильдің жасына байланысты өзгереріп отыратын бірыңғай баж салығы төленеді. Жеке мақсаттар үшін екенін ескеру керек. Ауыр жүк көліктері мен сыйымдылығы 12 жолаушыдан асатын автобустарды жеке мақсатта, әсіресе жолаушылар мен жүктерді коммерциялық тасымалдау үшін пайдаланылатын көліктерді әкелуге болмайды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Екінші. Заңды тұлға әкелген кезде көлік құралын іскерлік мақсатта әкелген кезде көлік құралына көлік құралының түрін растау құжаты берілуі керек. Мұнда кедендік баж салығы 15%, ал импортқа ҚҚС 12%. Тағы да қайталап айтамын, бұл жаңалық емес, бұл Еуразиялық экономикалық одақ құрылғаннан бері, яғни 2015 жылдан бері қолданылып келе жатқан талаптар”, — деді премьер-министрдің бірінші орынбасары.

Роман Скляр көліктердің жеке мақсаттар үшін деп көрсетіп, іскерлік мақсатта пайдалатындарға мысал келтірді. 

“Тексеру барысында биылғы жазда 80 жастағы бір әйелге 10-нан астам “Еуро-2″ экологиялық класындағы жүк көлігі тіркеліп, жеке пайдалану үшін әкелінгені анықталды. Немесе біздің жолдардағы танымал “Альфардтар”. Жолдарда құрбан болғандар мен қайғылы оқиғалар өте көп. Бұлар да біздің азаматтар. Сондықтан қолданыстағы заңнамаға сәйкес қатаң бақылауды күшейтіп жатырмыз”, – деді Скляр.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда 1 желтоқсаннан бастап көлік әкелу ережелері өзгеретіні туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Әскерде соққыға жығылып комаға түскен сарбаздың ісі бойынша сот басталды

Published

on

By

Алматы гарнизоны әскери сотында әскери борышын өтеп жүріп комаға түскен қостанайлық Нұржігіт Әбділпаттаға қатысты алғашқы сот отырысы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Нұржігіт Әбділпаттаның жеке мұрағатынан

Оқиға 2024 жылдың маусым айында Отардағы әскери бөлімде болған. Айыптаушы тараптың айтуынша, жігітке әлімжеттік көрсетілген. 

Сот жәбірленушінің, сондай-ақ куәгерлер, Нұржігіттің төрт әріптесі мен әкесі Тимур Жаналиннің айғақтарын тыңдады.

Бұған дейін президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли баланың ата-анасының видео үндеуінен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев істі тексеруді тапсырғанын мәлімдеген еді.

Жәбірленуші өзін кіші сержант Дастан Тұрланның сапта тұрған кезінде тамақ дәрісін қолданғаны үшін асқазан тұсынан ұрғанын айтты.

“Сержант байқамайды деп үмітпен, дәріні тамағыма шашып жібердім. Бізді әскери бөлімге апарар алдында военкоматта түнеп, аздап салқын тигізіп алған едім. Бірақ Тұрлан мұны байқап қалып, ішімнің оң жағынан ұрды, менің тынысым тарыла бастады”, – дейді жәбірленуші.

Сонымен қатар сержант сарбазды қатарластарының көзінше балағаттап, көпшілік алдында масқаралаған. Жәюірленуші бұл оқиғадан кейін өзін ұзақ уақыт өте нашар сезінгенін айтты, сарбазда бас айналу, мұрыннан жиі қан кету, жүрек айну және тәбетінің жоғалуы басталған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бір күні мен асханада ауыра бастадым. Дәретханаға жүгіріп барып, құстым, содан кейін әріптестерім мені медициналық бөлімшеге апарды. Сол жерден мені ауруханаға жіберді. Одан кейін ешнәрсе есімде жоқ, тек Қордайдағы аурухананың жансақтау бөлімінде оянғанымды білемін”, – дейді Нұржігіт.

Сотқа куәгер ретінде жәбірленуші сарбаздың әкесі Тимур Жаналин де келді. Оның айтуынша, әйеліне әскери бөлімнен телефон соғып, Нұржігіттің Қордайдағы ауруханада жатқаны хабарланған, ол кезде ұлдарыңызда бәрі жақсы, алаңдауға негіз жоқ деп сендірді. Алайда бірнеше сағаттан кейін олар қайта телефон соғып, сарбаздың жағдайы өте ауыр екенін айтқан.

Жәбірленушінің әкесі әйелі екеуі ауруханаға баласын көруге келгенде, оларды ұзақ уақыт бөлмеге кіргізбегенін айтты. Сонымен қатар Нұржігіт комада жатқанда әкесі оны өз бетінше тексеріп, Нұржігіттің ішінің көгергенін анықтаған. Мұны алғашқы сот-медициналық сараптамасын жүргізген сарапшы да растады. Сараптаманы бұған дейін Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты атышулы іс бойынша сот отырысында сөз сөйлеген белгілі Тахир Халимназаров жүргізген.

Жәбірленуші сержанттың соққысынан ауырып қалғанын соңғы сәтке дейін әскери бөлімде ешкімге айтпағанын да атап өтті. Оның айтуынша, ол буллингтен қорқып, сондықтан болған оқиға туралы ешкімге айтқысы келмеген.

Сарбаз екі айға жуық комадан соң есін жиды. Сотта ол тіпті клиникалық өлімді бастан өткергенін айтты. Оның үстіне Қостанайда ата-анасының бақылауында бір айға жуық үйде болып, тек мүгедектер арбасы арқылы ғана қозғалған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!