Бас кеңсесі Алматыда орналасқан Қазақстандағы жетекші финтех-компания Solva жарғылық капиталының компания акционерлері тарапынан 2024 жылдың қыркүйек-қазанында 7,4 миллиард теңгеге толықтырылғандығын хабарлады. Қосымша капитализациядан кейін капиталдың жалпы көлемі 22,7 миллиард теңгеге жеткен. Solva-ның негізгі акционерлері өзгермеді.
Бүгінгі таңда Solva-ның жарғылық капиталы банк капитализациясына қойылатын минималды талаптардан екі есе артық және 22,7 млрд теңгені құрайды, Solva капиталының көлемі Қазақстандағы бірқатар екінші деңгейдегі банктердің (ЕДБ) жарғылық капиталымен салыстырмалы деңгейге жетті, кей жағдайда асып түседі. Қосымша капитализацияның соңғы раундын есепке алумен, Solva акционерлері жыл басынан бастап жарғылық капиталды 11,8 миллиард теңгеге толықтырды. Нәтижесінде 2024 жылы жарғылық капитал екі есе өсті. Осы жағдайда ШОБ (микро және шағын кәсіпорындар) кредиттік портфелінің көлемі 2024 жылдың 30 қазанында 65 миллиард теңгеге жетті, 10 айдағы өсім 28% құрады. Барлығы кредиттік портфель гросс 113 миллиард теңгеге жетті.
Константин Барабанов, Solva Group Ltd. бас директоры:
“Капиталды толықтырудың мақсаты – Solva-ның ЕДБ-ға айналуы қарсаңында капиталдың жеткілікті болуын қамтамасыз ету. Solva-ның негізгі акционерлері – компанияның негізін қалағандар Борис Батин мен Александр Дунаев, сонымен қатар Савиристер отбасының мүддесіне өкілдік ететін Neo Crystal компаниясы небәрі бір аптада шешім қабылдап, жарғылық капиталды арттырды. Елеулі өтімділікті жедел шоғырландырып, қаражатты Қазақстандағы қаржы институттың дамуына жұмсау негізгі акционерлердің Solva-ның ЕДБ мәртебесінде жұмыс істеуіне дайын екендігін көрсетеді”. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Жарғылық капиталдың өсуін халықаралық институционалдық кредиторлар – Solva серіктестері жақсы қабыл алды. Компания төрт импакт-қормен жалпы сомасы 25 млн доллардан асатын мәмілелерді аяқтау үстінде. Бұл қаражат Қазақстандағы микро кәсіпкерлерді қаржыландыруды одан әрі дамытуға бағытталады.
Solva туралы
2023 жылы Қазақстанда “Жыл финтехі” атанған, Solva (“ОнлайнҚазФинанс” МҚҰ АҚ) – кепілсіз банктік емес қаржыландыру нарығында көшбасшы, ол микро, шағын және орта бизнеске, сондай-ақ жеке тұлғаларға арналған цифрлық қаржылық өнімдерді ұсынады. Компания машиналық оқытуды және заманауи data science құралдарын қолданып, микро, шағын және орта бизнеске (“МШОБ”) айналымдағы капиталды толықтыруға және инвестициялық мақсаттарға қаржыландыруды ұсынады. Бұрынғы инвестициялық банкирлер Борис Батин мен Александр Дунаев негізін қалаған, Solva Қазақстандағы ШОБ клиенттеріне жалпы алғанда 85 млрд теңгеден астам сомаға қаржыландыру жасады. 2023 жылдың соңында Solva $20 млн көлемінде инвестицияларды тарту бойынша мәмілені жапты. Негізгі инвесторлар – ZCP қорынының серіктестерімен бірлесіп, Orascom халықаралық конгломератының иелері Савиристер.