Connect with us

IN-THE-NEWS

Ақтөбеде 337 миллион теңгеге тұруға жарамсыз үй салған төрт адам сотталды

Published

on

By

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша тұруға жарамсыз үйлер салған төрт адам сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ақтөбеде төрт қабатты екі үй сапасыз салынып, тұрғындарды шұғыл көшіруге тура келген. Жанжал өткен жылдың көктемінде болған. Үйдің жертөлесін көрген тұрғындар,  іргетастың тігісінен жарылғанын байқаған. Нәтижесінде мердігерлер мен техникалық қадағалау өкілдері сотқа тартылған.

“Сараптама нәтижелері көрсеткендей, іргетас беріктігі 2018 жылғы мемлекеттік стандарт 13 758-ге сәйкес келмейді. Мұның бәрі үйлердің қауіпті деп танылуына әсер еткен”, – деді Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі Осман Орынбасаров. 

Бүгінгі күнге дейін төрт күдікті де бостандықта жүрген. Бірақ үкім жарияланғаннан кейін олардың қолдарына бірден кісен салынды. Олар кінәсін мойындамағанымен, сот оларды 48 отбасын қауіпті үйге көшіргені үшін кінәлі деп тапты.

“Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің жауабы кезінде және сараптама қорытындысы негізінде дәлелденді. Сот үкімімен сотталушылар Ф. Жанпейісов С. Аяпбергеновтің мүлкі тәркіленіп, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар 10 жыл құрылыс саласында жұмыс істей алмайды. Техникалық бақылаушылар Ж. Кенжебаев, Р. Досовтың мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар 10 жыл инженерлік қызметтер саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды”, – делінген хабарламада.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетерлігі, әкімдік зардап шеккендерге басқа үй бергенімен, апатты жағдайдағы төрт қабатты үйлер әлі тұр. Олардың қашан сүрілетіні әзірге белгісіз. 

“Жоғарыда аталған апатты үйлерді құрылыс бөліміне береміз. Олар болашақта әкімдік есебінен сүріледі. Бірақ құрылыс бөлімі бұл үйлерді бөлшектеуге кеткен шығынды өндіру туралы азаматтық талап қоюы мүмкін”, – деді Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Мадияр Қабыл.

Екі төрт қабатты үйдің құрылысына қазынадан 337 миллион теңге бөлінген екен. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Саяхатшыларға әуе билетін қалай арзан бағаға алуға болатыны айтылды

Published

on

By

Мамандар саяхатшылар үшін әуе билетін арзанға алудың жолын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: stock.adobe.com

Business Insider мамандары алдымен билет аларда VPN қолдану жайлы лайфхакты тексеріп көрген. Дегенмен бұл әдіс ешқандай нәтиже бермепті. Тіпті VPN қосқан кезде де билет бағасы өзгермеген.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Дегенмен билетті апта ортасында (сәрсенбі күні) брондау тиімді екені анықталған. Ал билет ең қымбат болатын күн жексенбі екен. 

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанда қайтарымсыз әуе билеттерін сатуға тыйым салу мәселесі қаралып жатқаны туралы хабарлаған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды

Published

on

By

23 қарашада Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Видеодан скриншот

Прокуратура дерегіне сәйкес күдікті Бас прокуратураның Ішкі қауіпсіздік департаменті мен Жамбыл облысының прокуратурасы, Жамбыл облысы бойынша ҰКК қызметкерлерінің қатысуымен жүргізілген жедел шаралар нәтижесінде ұсталған.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Сотқа дейінгі тергеп тексеру Бас прокуратураның арнайы прокурорымен жүргізілуде. Тергеу мүддесінде басқа ақпарат жариялануға жатпайды”, – делінген бас прокуратура хабарламасында. 

Еске салайық, Алматы облысында арнайы прокурорлар мен Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері №14 түзеу мекемесі басшысының орынбасарын ұстаған еді. Оған бірнеше рет пара алды деген айып тағылған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Маман тоңазытқышта тұрса тез бұзылып кететін өнімдерді атады

Published

on

By

Каталония ашық университеті медицина факультетінің профессоры, тамақтану бойынша сарапшы Ампаро Гамеро кей өнімдерді тоңазытқышта сақтамауға кеңес берді. Сөзінше, суықтың әсерінен өнімдердің дәмі бұзылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gloucestershire Live басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Гамероның сөзінше, сарымсақты тоңазытқышта сақтауға болмайды. Себебі суықта сарымсақ өніп кетеді. 

“Сақтау мерзімін ұзарту үшін тазартылған сарымсақты зәйтүн майына салып, шыны ыдыста сақтауға болады. Тіпті кесіп немесе бүтіндей қатырып тастаған жөн”, – дейді маман.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сонымен қатар ол нанды тоңазытқышқа салмауға кеңес берді. Өйткені суық жерде нанның құрылымы мен дәмі бұзылып кетеді. Дәл солай шоколадты да салқын жерге салуға болмайды екен. 

Гамеро тоңазытқышқа толық піспеген бананды салса, қатайып, дәмі бұзылатынын айтады. Бұдан бөлек кофені тоңазытқышқа салмаған жөн., себебі ылғалды сіңіріп, дәмі мен иісі жоғалады дейді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!