Connect with us

IN-THE-NEWS

Бай қазақстандықтар мемлекетке қандай қымбат бес сағат мен зергерлік бұйымдар қайтарды

Published

on

By

“Қайтарылған активтерді басқару компаниясы” ең қымбат бес аксессуар мен зергерлік бұйымды атады. Бай қазақстандықтар мемлекетке қайтарған төрт сағаттың құны 283 миллион теңге. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Кursiv.media порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: Кursiv.media

Компания мәлімдегендей, балансқа 254 актив тіркелген, олардың 196-сы – зергерлік бұйымдар. Құн салығын қоспағанда бағасы 98 миллион теңге. Соның ішінде ең қымбат жинақтың құны 85 миллион теңге. Бұйымдар аукционға қойылып, олардың сатудан түскен қаражаты әлеуметтік жобаларға арналған арнайы мемлекеттік қорға аударылады.

Алайда әлі күнге дейін осы бұйымдар бойынша аукцион өткізілген жоқ. Себебі қатысушылар болмаған. 

Ulysse Nardin Classic 789-80 сағатының құны 214,4 миллион теңге.

Бұл швейцариялық сағаттар лимиттелген сериямен шығарылған, жалпы саны – 30 дана. Сағаттың циферблаты авантюрин мен 18 караттық алтыннан қолмен жасалған фигуралармен безендірілген. Сағаттың корпусы платинадан, ал білезігі аллигатор терісінен жасалған.

Бұл сағаттардың ерекшелігі – жакемаралар қозғалысы Вестминстердің қоңырау соғу үнімен синхрондалған, ол төрт гонгпен шығарылады. Әрқайсысының тональдығы әртүрлі. Бағасы: 214,4 миллион теңге.

85 миллион теңгеге бағаланған зергерлік бұйымдар жинағы

Платинадан жасалған зергерлік бұйымдар, үлкен бриллианттармен, екі сырға, жіптегі кулон және екі сақинадан тұратын жинақ. 29,2 миллион теңгеге бағаланған Franck Muller Geneve сағаты. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сағаттың корпусы 18 караттық қызғылт алтыннан жасалып, сапфирлі әйнегі бар. Циферблат рубиндермен, сапфирлермен және цавориттермен безендірілген, ал сағаттың көрсеткіштері рубиндерден жасалған.

29 миллион теңгеге бағаланған Ulysse Nardin Archive Freak Cruiser сағаты.  

Сағат 18 караттық ақ алтыннан жасалып, бауында аллигатор терісінен алтын қосымша бөлшектермен жасалған. Су өткізбейтіні – 30 метр. Басылым мәлімдегендей, бұл сағатта корпусында сызат бар.

10,4 миллион теңгеге бағаланған Breguet 882U №3271 сағаты.

Алтын сағаттар сапфирлі әйнекпен жасалған. Корпус пен бауында аздаған зақымдар бар.

Компания бес ең қымбат аксессуарлар мен зергерлік бұйымдардың бұрынғы иелерінің аттарын ашпады. 

Айта кетейік, олар бұл шешімді “Мемлекетке заңсыз сатып алынған активтерді қайтару туралы” заңына және премьер-министрдің бұйрығымен бекітілген ережелерге сәйкес қабылдады. Компания заң бойынша қайтарылған активтер туралы мәліметтердің сақталуын және құпиялылығын қамтамасыз етуге міндетті.



Еске салайық, бұған дейін Маңғыстау облысы полиция департаменті құны екі миллион теңге тұратын алтын жалатылған әйелдерге арналған 80, ерлерге арналған 100 сағатқа тапсырыс берген. Хабарландыру мемлекеттік сатып алулар сайтында жарияланды. Сайтта жарияланған хабарландыруда тапсырысқа жасалып жатқан сағаттың қанедай болу керегі жазылған. Маңғыстау облысы полиция департаменті сипаттамада “сағат алтын жалатылған, суға төзімді болу керек, белбеуі бұзау терісінен жасалу керек” деген талап қойған.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлері жаңа атаққа ие болды

Published

on

By

Тиранада 23 жасқа дейінгі жастар және ересектер арасындағы олимпиадалық емес салмақ дәрежелері бойынша өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсеткен балуандар марапатталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Туризм және спорт министрлігі

Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов сол жарыстың жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады. Жиынға күрес федерациясының президенті Дәулет Тұрлыханов, еркін күрестен ересектер арасындағы жеңімпаз Нұрқожа Қайпанов (70 кг), еркін күрестен 23 жасқа дейінгі балуандар арасындағы әлем чемпионы Ризабек Айтмұхан (97 кг), грек-рим күресінен күміс жүлдегер Ержет Жарлықасын (63 кг), әйелдер күресінен күміс медаль иегері Жәмила Бақбергенова (72 кг) және жаттықтырушылар құрамы қатысты.

“Албаниядағы әлем чемпионатында біздің палуандар өздерінің шеберлігін, табандылығынәлемге паш етті. Бұл жеңіс тек сіздерге ғана емес, тұтас елге үлкен шабыт сыйлайды. Сіздердің жеңістеріңіз – жас ұрпаққа үлгі-өнеге, оларға биік мақсаттарға жетуге серпін беретін нағыз патриоттық тәрбиенің үлгісі. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Маңызды жеңістердің бірі ретінде Нұрқожа Қайпановтың алтын медалін ерекше атап өту керек. Сондай-ақ күміс медальға қол жеткізген Ержет Жарлықасын мен Жәмила Бақбергенова да мықты спортшы екенін дәлелдеді. Ризабек Айтмұханды айырықша атап өткім келеді. Ол бір жылда екі жас санатындағы әлем чемпионатында топ жарып, өз салмағында рекорд орнатты. Бұл оның 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиадада сәтті өнер көрсетуіне жол ашады деп сенемін”, – деді Ербол Мырзабосынов.

Кездесу соңында министр Ризабек Айтмұхан мен Ержет Жарлықасынға Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері атағын табыстап, спортшылар мен жаттықтырушыларды алғыс хатпен марапаттады.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

107 жастағы кейуана 10 сантиметрлік мүйізінің арқасында әлемге танылды

Published

on

By

107 жастағы Чэнь есімді әйел ерекше келбеті арқасында Қытайдың Douyin әлеуметтік желісінде танымал болды. Оның маңдайында эпителий жасушаларынан түзілген конус тәрізді 10 сантиметрлік өсінді өсіп кеткен. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі New York Post басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: NYP

Бастапқыда мүйіз кішірек болған және бірнеше жыл ішінде осындай мөлшерге жеткен. Чэньнің айтуынша, оның пайда болуы мүлдем қолайсыздық тудырмайды. Ол жасына қарамастан денсаулығына, тәбеті мен көңіл күйіне жақсы қарап жүр.

Douyin қолданушылары Чэньнің ұзақ өмір сүруінің құпиясы дәл осы мүйізде деп әзілдейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Дәрігерлер мұндай өсінділерді тері мүйізі деп атайды. Мұндай ісіктердің адам денсаулығына қатері жоқ. Дегенмен уақыт өте келе қатерлі ісікке айналу қаупі бар деді мамандар. Өкінішке қарай, олардың пайда болу себебі әлі анықталмаған.

Еске салайық, бұған дейін филиппиндік 2 жастағы Джарен Гамонган басқаларға ұқсамайтын, өзгеше кейіпте дүниеге келгенін жаздық. Джареннің анасы бүкіл денесін түк басқан баласының ерекше болып туылуына өзін кінәлі деп санайды. Әйел Джаренге жүкті кезінде жабайы мысық етіне жерік болған. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Nissan мыңдаған қызметкерлерін жұмыстан шығарып, өндірісті қысқартып жатыр

Published

on

By

Жапонияның Nissan Motor компаниясы шығындарды үнемдеудің түрлі шарасын қарастырып жатыр. Осылайша 9000 мың қызметкерді жұмысынан қысқартты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: autogoda.ru

Nissan Motor компанясы биыл екінші жыл қатарынан өзінің толық жылдық болжамын қысқартып, Қытай сияқты ірі нарықтардағы қиындықтармен күресіп жатыр. Сондай-ақ автокөлік өндіретін компания әлемдік өндіріс қуатын 20%-ға қысқартатынын мәлімдеді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Бұл шаралар компания қызметкерлерінің қысқарғанын білдірмейді. Nissan барынша тиімді және тұрақты болу үшін бизнесін қайта құрылымдайды. Сонымен қатар бизнес ортадағы өзгерістерге тез бейімделіп, икемді болу үшін менеджментті қайта ұйымдастырады”, – дейді бас директор Макото Учида.

Ixbt басылымының мәліметінше, компания қаржылық жылдағы операциялық пайда болжамын 974,98 миллион долларға дейін төмендетті. Шілде-қыркүйек кезеңіндегі операциялық пайда өткен жылмен салыстырғанда 85%-ға кеміді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!