Connect with us

IN-THE-NEWS

Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қоятын талабын айтты

Published

on

By

Белгілі продюсер, медиаменеджер Гүлзира Айдарбекова келіндеріне қоятын талабын жасырмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Медиа менеджер үйдің тамағын сағынатынын айтты. 

“Нұрекең үйді әбден сағынады-ау. Ерте бастан келіп алдық. Жолға шығатын болсақ, көз ілмейтін әдетіміз. Қанша жерден түрлі тағам жет жатсақ та, өз үйіңнің дәмі бөлек қой?! Аңсап келесің. Келіндерді қолдан нан жабуға, етті сүрлеп, иісін бұрқыратып асып қоюларына о бастан үйретіп тастаймын. Ертең өз келіндері де осылай күтетін шығар?! Қай жаққа кетсем де, осы сәтті сағынамын. Отбасымен ыстық ұямызда жиналып, қалған бар тадқылауды ақылдасамыз”, – деп жазды продюсер. 



Айта кетейік, Нұртас Айдарбеков келініне салоннан Lexus NX250 көлігін сыйға тартқан еді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Баяғыда әкем мен анам айтушы еді “Балам, ата сыйласаң, алдыңа келеді” деп. Сол айтқандай ата мен ене сыйлап жүрген келініме шамамның келгенінше осы бір көлікті сыйға тарттым. Құтты болсын деп қойсаңыздар марқайып қалар еді ағайын”, – деп жазған болатын жұлдызды әке. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Астана аспанында жойғыш ұшақтар ұшып өтті (видео)

Published

on

By

Астанада аспаннан жойғыш ұшақтар ұшып өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Куәгерлер ұшақты видеоға түсіріп алған. Желіде тараған кадрлардан ұшақтың соңынан түтінді байқауға болады. 

Айта кетейік, бұған дейін Қорғаныс министрлігі 23 және 24 қарашада Астанада қарулы күштер авиациясының жоспарлы ұшулары өтетінін мәлімдеген еді. Министрлік мәліметінше аталған іс-шара кезінде арнайы түтін қолданылады. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Іс-шара Қазақстан Республикасы Әуе қорғанысы күштерінің оқу-жаттығу ұшулары шеңберінде өткізілмек. Авиацияның ұшуы қауіпсіз биіктікте өтетіндіктен, қала өмірінің әдеттегі қалпын бұзбайды. Іс-шара ұшу қауіпсіздігі шараларына сәйкес ұйымдастырылатындықтан, тұрғындарға ешқандай қауіп төндірмейді. Қолданылатын түрлі-түсті түтіндердің экологиялық зияны жоқ”, – дейді министрлік өкілдері. 

Айта кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Украинадағы жағдайдың ушығуына байланысты қауіпсіздік шараларын қабылдауды тапсырған еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ресейге соғысқа аттанған қазақстандық уәде етілген азаматтықты ала алмай жүргенін айтты (видео)

Published

on

By

Қазақстанның 50 жастағы тумасы Олег Соколов Украинаға соғысқа кетіп, уәде етілген Ресей азаматтығын алмағанына шағымданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ер адамның үндеуін журналист Лұқпан Ахмедьяров жариялады. Ресейге соғысуға кеткен қазақстандық бір жылдан бері уәде етілген Ресей төлқұжатын ала алмағанын айтты.



“Есімім Олег Георгиевич Соколов. 1974 жылы дүниеге келгенмін. Қазақстан азаматымын. Солтүстік әскери округте жүргеніме бір жыл болды. Әлі азаматтық ала алмай жүрмін”, – дейді ол.

Ер адам енді Қазақстанға орала алмайтынын, өйткені оған жалдамалылық бабы бойынша айып тағылатынын айтты.

“Ресей қауымдастығына өтініш білдіргім келеді. Өйткені мен Қазақстанға, өз үйіме орала алмаймын. Өйткені “Арнайы әскери операция” мүшесі ретінде жалдамалылығы үшін бірден түрмеге жабылады. Бірақ азаматтығым жоқ, Ресейде тұра алмаймын. 2023 жылы келісім шартқа отырғанымда, азаматтықты еш қиындықсыз алатынымды айтты. Біреуі үш айдан кейін аласың деді. Енді бірі мемлекеттік наградаларды алғаннан кейін беріледі деп айтты”, – деді ол.

Желіге ер адамның үндеуі жарияланған соң ол қатаң сынға ұшырады. Көпшілік бұған оның өзін жазғырды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қалай бермейді? Сен Ресейдің батырысың ғой”, “Елімізде біреуі болса да азайғаны жақсы!”, “Үйім Қазақстанда деп, өзі Ресей үшін соғысып жатыр ма? Болды досым, енді сенің үйің Ресей”, “Олар тарихи отанына кетсін. Бізге олардың қажеті жоқ!”, – деп жазды олар. 


Айта кетейік, бұған дейін Украина Ресейге ATACMS зымыранымен алғашқы шабуылын жасағаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Сарапшылар Қазақстанда ең арзан пәтерлері бар қалаларды атады

Published

on

By

2024 жылдың қарашасында Қазақстанның төрт қаласында тұрғын үй құны еліміздің басқа елді мекендеріне қарағанда арзанырақ болған. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды. 

Фото: Stan.kz

Танымал жылжымайтын мүлік сайтының мәліметінше, бұл тізімде Қызылорда көш бастап тұр. Сонымен қатар бұл барлық форматтағы пәтерлерге қатысты, яғни бір бөлмелі пәтерлерден үш бөлмелі пәтерлерге дейін.

  • 1 бөлмелі – 7,5 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 12 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 16 миллион теңге.

Сондай-ақ ең қолжетімді жылжымайтын мүліктер Тараз, Талдықорған және Жезқазған қалаларына тиесілі.

“Бұл өңірлерде бір бөлмелі пәтерлердің бағасы 9,5 миллионнан 10,5 миллионға дейін. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 21 миллионнан 23 миллионға дейін барады”, –делінген хабарламада.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Сарапшылардың пікірінше, елде әртүрлі бөлмелі пәтерлердің бағасы 13-тен 25 миллионға дейін өзгереді.

  • 1 бөлмелі – 13 миллион теңге;
  • 2 бөлмелі – 19 миллион теңге;
  • 3 бөлмелі – 25 млиллион теңге.

Ал еліміздегі ең қымбат баспана Алматыға тиесілі. Онда бір бөлмелі пәтердің құны орта есеппен 24 миллион теңге. Ал екі бөлмелі және үш бөлмелі пәтерлер сәйкесінше 36 миллион және 44 миллион теңге. 

Тұрғын үй бағасының қымбаттығы бойынша Астана екінші орында. Ал Шымкент үшінші орында.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending