Connect with us

IN-THE-NEWS

Депутат мүгедектігі барлардың зейнет жасын төмендетуді сұрады

Published

on

By

Депутат Динара Наумова мүгедектігі бар адамдардың зейнет жасын төмендетуді талап етіп, премьер-министрдің орынбасары Тамара Дүйсеноваға тиісті депутаттық сауал жолдады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: Pexels.com

Наумова зейнетке ерте шығатындардың ішінде мүгедектігі барлардың, олардың қамқоршыларына жоқ екенін атап өтті. 

“Қазіргі уақытта Қазақстанда зейнетақы ерлерге 63 жасқа толғанда, ал әйелдерге 61 жастан бастап тағайындалады. Ол 2031 жылға дейін 63 жасқа жетеді. Азаматтардың жекелеген санаттары үшін зейнетке шығудың ерекше шарттарына қатысты жеңілдіктер қарастырылған. Дегенмен қазіргі жеңілдіктер мүгедектер мен мүгедек балаларды бағып отырған ата-аналарға қолданылмайды”, – деді депутат.

Наумова созылмалы аурулар адам жасына қарай дамитынын, 63 жасқа дейін жұмыс істеу қиын болатынын түсіндірді. Мәжілісменнің айтуынша, мұндай қиындықтар ерекше балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналар арасында да кездеседі. Ерекше қажеттіліктері бар балаларға мамандандырылған күтім мен қосымша уақыт, эмоционалдық энергияны қажет етеді. Олардың шығыны үлкен болғандықтан, ата-аналар жұмыстан шығып кете алмайды. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Осыған байланысты азаматтардың осы санатын қолдау үшін зейнет жасын төмендету бойынша жеңілдіктер енгізу мүмкіндігін қарастыру маңызды. Бұл шара мүгедектерге ертерек зейнетке шығуға және денсаулығына көбірек көңіл бөлуге мүмкіндік береді, өйткені олар өмір бойы көптеген кедергілерге тап болады, физикалық және психоэмоционалдық жағдайына теріс әсер етеді. Ерекше қажеттіліктері бар балалардың ата-аналары үшін зейнет жасын төмендетумен қатар, олардың күш-қуатын қалпына келтіру және психо-эмоционалдық жағдайын жақсарту үшін қосымша демалыс беру мүмкіндігін қарастыру қажет”, – деді Динара Наумова.

Ол еңбек ететін ерекше азаматтардың зейнет жасын 53-ке белгілеуді сұрады. 

Бұған дейін депутат Қарақат Әбден Қазақстанда әйелдер үшін жұмыс күнін қысқартуды ұсынғаны айтылды. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Павлодар облысында қатты желден әйелдің үстіне ағаш құлап қайтыс болды

Published

on

By

Павлодар облысында қатты жел соғып салдарынан әйелдің үстіне ағаш құлады. Көптеген жарақат алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: pixabay.com

Естай көшесіндегі үйдің ауласында 67 жастағы әйелді ағаш басып қалды. Оқиға орнына жеткенше 6 минут уақыт кетті. Өлімге әкелетін жарақаттар алған әйел оқиға орнында көз жұмды. Марқұмның екі аяғы, кеудесі, жамбас сүйектері мен омыртқасы сынған. Сондай-ақ ішкі ағзаларына зақым келіп, 3-4 дәрежелі травматикалық шок алған”, – делінген хабарламада.

Жедел жәрдемге 7 қараша күні сағат 9.37-де қоңырау түскен. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Синоптиктердің хабарлауынша, 7 қарашада Павлодар облысында желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Жел екпіні 23-28, кей жерлерде 30 және одан да көп болады.

Айта кетейік, Павлодарда бірінші және екінші ауысымдағы мектепке дейінгі білім беру, 1-11 сынып оқушылары, сондай-ақ колледждің 1-2 курс студенттері қашықтықтан оқыту форматына көшірілді.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Мақпал Жүнісова күн режимін баяндап берді

Published

on

By

Танымал әнші Мақпал Жүнісова бір күнінің қалай өтетінін айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: жеке парақшадан алынды

Өнер иесі үнемі тойға шығатынын жасырмады. 

“Қызылордадағы Әділет деген інімде жеке нөмерім бар еді. Сол хабарласып, “тағы бір тойға жеңілдікпен кіріп беріңізші” деп өтініш айтты. Күні бойы тойда жүремін. Құдайдың бұйыртып тұрғаны шығар деп өтінішін жерге тастай алмадым. Той құтты болсын! Әлі тамағымды да ішкен жоқпын. Кеше тамақ та дайындамадым. Таңертең 10.30-да үйден шыққам, күндіз құранда аста болдым. Екі сағат ұйықтап, содан тойға екі сағат жиналып, екі тойға барып, үшінші тойға кіріп тұрғаным ғой”, – деп күлдірді әнші. 



Халық әртісінің шынайы болмысына көпшілік риза болып, ақжарма тілектерін жаудырып жатыр.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Қызымның есімін Мақпал деп қойдым”, “Қаншама сынаққа шыдаған төзімді адам”, “Шынайы болмысы бәрінен биік етіп тұр”, “тарс еткізіп қойып қалатыны ұнайды”, “Аллам мықты денсаулық пен ұзақ мұңсыз, бейнетсіз ғұмыр берсін иншалла! Халқыңызға еркелеп, жарқырап жүре беріңіз”, – деп жазды көпшілік.

Еске салайық, 59 мыңға жеке билет сатып алған Мақпал Жүнісова домбыраны бортқа кіргізбеген әуе компаниясына шүйліккен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Ақтөбеде 337 миллион теңгеге тұруға жарамсыз үй салған төрт адам сотталды

Published

on

By

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша тұруға жарамсыз үйлер салған төрт адам сотталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі КТК сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: Видеодан скрин

Ақтөбеде төрт қабатты екі үй сапасыз салынып, тұрғындарды шұғыл көшіруге тура келген. Жанжал өткен жылдың көктемінде болған. Үйдің жертөлесін көрген тұрғындар,  іргетастың тігісінен жарылғанын байқаған. Нәтижесінде мердігерлер мен техникалық қадағалау өкілдері сотқа тартылған.

“Сараптама нәтижелері көрсеткендей, іргетас беріктігі 2018 жылғы мемлекеттік стандарт 13 758-ге сәйкес келмейді. Мұның бәрі үйлердің қауіпті деп танылуына әсер еткен”, – деді Ақтөбе облысы прокурорының аға көмекшісі Осман Орынбасаров. 

Бүгінгі күнге дейін төрт күдікті де бостандықта жүрген. Бірақ үкім жарияланғаннан кейін олардың қолдарына бірден кісен салынды. Олар кінәсін мойындамағанымен, сот оларды 48 отбасын қауіпті үйге көшіргені үшін кінәлі деп тапты.

“Сотталушылардың кінәсі жәбірленушілердің, куәгерлердің жауабы кезінде және сараптама қорытындысы негізінде дәлелденді. Сот үкімімен сотталушылар Ф. Жанпейісов С. Аяпбергеновтің мүлкі тәркіленіп, 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар 10 жыл құрылыс саласында жұмыс істей алмайды. Техникалық бақылаушылар Ж. Кенжебаев, Р. Досовтың мүлкі тәркіленіп, 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Олар 10 жыл инженерлік қызметтер саласында жұмыс істеу құқығынан айырылды”, – делінген хабарламада.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Айта кетерлігі, әкімдік зардап шеккендерге басқа үй бергенімен, апатты жағдайдағы төрт қабатты үйлер әлі тұр. Олардың қашан сүрілетіні әзірге белгісіз. 

“Жоғарыда аталған апатты үйлерді құрылыс бөліміне береміз. Олар болашақта әкімдік есебінен сүріледі. Бірақ құрылыс бөлімі бұл үйлерді бөлшектеуге кеткен шығынды өндіру туралы азаматтық талап қоюы мүмкін”, – деді Ақтөбе қаласы әкімдігінің тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Мадияр Қабыл.

Екі төрт қабатты үйдің құрылысына қазынадан 337 миллион теңге бөлінген екен. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!