Connect with us

IN-THE-NEWS

Енді қазақстандықтар коммуналдық қызметтерді кім және қанша тұтынатынына байланысты төлейді

Published

on

By

Қазақстанда коммуналдық қызметтерді тұтынудың әлеуметтік нормалары бекітілді. Енді ел тұрғындары коммуналдық қызметтерді кім және қанша тұтынатынына байланысты әртүрлі төлейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Finprom сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Фото: stavropol.ldpr.ru

Президент Тоқаев биыл халыққа жолдауында жыл соңына дейін энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту жөнінде ұлттық жобаны бекіту қажетін айтқан еді. 

“Коммуналдық ресурстарды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Келесі жылдан бастап “көп тұтынсаң — көп төлейсің“ қағидатын басшылыққа алып, тұтынудың нақты нормаларын енгізу қажет”, – деді президент. 

Қазақстанда коммуналдық қызметтердің төмен тарифтерін ескергенде, энергия мен суды тұтынудың деңгейі әртүрлі. Артық көлемде тұтыну — бұл ресурстарды ысырап ету. Ендеше әлеуметтік нормаларға толығырақ тоқталайық. Сумен жабдықтау саласында тұтыну лимитіне байланысты төрт деңгейлі тарифті қолдану көзделген. Мұнда экономикалық шығындар былайша бөлінген:

  • айына 3 текше метрге дейін тұтынатын бірінші топ — халыққа арналған тариф деңгейінде;
  • айына 3-тен 5 текше метрге дейін тұтынатын екінші топ — халыққа арналған тариф деңгейіне 20% қосылады;
  • айына 5-тен 10 текше метрге дейін тұтынатын үшінші топ — халыққа арналған тариф деңгейіне 50% қосылады;
  • айына 10 текше метрден көп тұтынатын және есептеу құралдары жоқ төртінші топ — халыққа арналған тариф деңгейіне 100% қосылады.

Жылумен жабдықтау саласында тарифтерді саралау тұрғын үй алаңының бір абонентке шаққандағы шамасы бойынша жүзеге асырылады: READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

  • тұрғын үй ауданы 100 шаршы метрге дейінгі бірінші топ — бекітілген тариф бойынша;
  • тұрғын үй ауданы 100-ден 200 шаршы метрге дейінгі екінші топ — бекітілген тарифке 10% қосылады;
  • тұрғын үй ауданы 200 шаршы метрден асатын үшінші топ — орташа тариф бойынша.

Айта кетерлігі, табиғи монополиялар субъектілері қосымша алған табыс Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басым міндеттерді шешуге көмектеседі. Сондай-ақ реттеліп көрсетілетін қызмет бойынша жабдықтар мен желілерді жаңартуға, қайта құрылымдауға, негізгі құралдарды сатып алуға бағытталады. Бұл қаражат ұсынылатын коммуналдық қызметтердің сапасын жақсартуға жұмсалады.

Әрине, тұтынудың әлеуметтік нормаларын енгізу үшін бөлінетін қосымша қаражатты мақсаты бойынша пайдалану қатаң бақыланады. Бұл тұрғыда коммуналдық қызметті ақылға қонымды тұтыну туралы ойлану қажет. 

Төменде берілген ақпараттық кестеде жылу мен суды ұқыпты әрі үнемдеп тұтыну жөнінде ұсыныстар көрсетілген.

Фото: Finprom

Фото: Finprom

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading
Click to comment

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *

IN-THE-NEWS

Блогер 100 мың лайк үшін әкесін соққыға жықпақ болды

Published

on

By

Өзбекстандық блогер 100 мың лайк үшін әкесін соққыға жығатынын айтқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Gazeta.uz басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

.

Фото: Ташкент облысының Ішкі істер басқармасы 

Ташкент облысы Шыршық қаласының 24 жастағы тұрғыны 100 мың лайк үшін әкесін ұрып-соғатынын айтқан видеосы үшін жауапкершілікке тартылды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

“Шыршық қалалық қылмыстық істер жөніндегі соты істі қарап, ер адамды Өзбекстанның Әкімшілік жауапкершілік кодексінің 183-бабы (Ұсақ бұзақылық) бойынша кінәлі деп таныды. Сот ер адамды 15 тәулікке қамауға алу туралы шешім шығарды”, – делінген хабарламада.

Ақтөбеде жасөспірімдер итті аяусыз пышақтап, әрекеттерін видеоға түсірген (видео) Өзбекстанда квадроберлерге айыппұл салынбақ

Бұған дейін Ақмола облысында ер адам ҰОС жауынгерлеріне арналған ескерткішті бүлдіріп кеткен еді. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Қазақстан алдағы уақытта несие берушіден қарыз алушы елге айналмақ – Қаржы сарапшылары

Published

on

By

Қазақстан үкіметі салық түсімдерінің азаюына және Ұлттық қордан түсетін трансферттерді ұлғайту қажеттігіне байланысты 2024 жылға арналған бюджетті қайта қарап жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Түзетулер туралы заң жобасы жарияланып, 9 қарашаға дейін қоғамдық талқылауға жіберілді. Құжатқа сәйкес, республикалық бюджет кірісі 2 триллион теңгеге қысқарып, 14 триллион 124 миллиардқа жетеді.

Салық тапшылығы 3 триллион теңгеден асады. Бұл салықтық емес түсімдердің өсуі мен жекешелендіру есебінен ішінара өтеледі.



Заң жобасына түсіндірме жазбада экспорттық тауарлар бағасының төмендегені де айтылады:

“2024 жылы қаңтар-тамызда негізгі экспорттық тауарлардың бағасы (қорғасын, мырыш және т.б.) орта есеппен 5,1% төмендеді”, – делінген жазбада. 

Негізгі соққы Қосылған құн салығына түсіп отыр. Оның жетіспеуі 931,6 миллиард теңге болды.  READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Жағдай мамандарды қатты алаңдатып отыр. BCC Invest сарапшылары Қазақстанның кредитор ел мәртебесінен қарыз алушы ел мәртебесіне өтуі мүмкін екенін ескертеді:

“Трансферттердің рекордтық көлемі, шикізаттық емес тапшылықтың Жалпы ішкі өнімінің 7,8%-ға дейін ұлғаюы және бюджет кірістерінің төмендеуі бюджеттің Ұлттық қор ресурсына тәуелділігі артып келе жатқанын көрсетеді. Бұл ұзақ мерзімді перспективада елдің қаржылық тұрақтылығын төмендетуі мүмкін”, – дейді сарапшылар.

Олар Ұлттық қордың резервтерінің сарқылу қаупін атап өтіп, қалпына келтірудің нақты стратегиясы жоқ екенін айтты.

“Басқа факторлармен бірге ел несие берушіден қарыз алушыға айналуы мүмкін”, – дейді олар. 

Айта кетейік, бұған дейін Қаржы министрлігі республикалық бюджет шығынын 62 млрд теңгеге арттыруды жоспарлап отырғаны туралы жазған едік. 

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

IN-THE-NEWS

Трамптың кеңесшілері Украинаның НАТО-ға кіруін 20 жылға кейінге қалдыруды ұсынды

Published

on

By

Трамптың кеңесшілері Украинаның НАТО-ға кіруін 20 жыл кейінге қалдыруды ұсынды. Осылайша екі ел арасындағы соғысты тоқтатпақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі The Wall Street Journal басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AP/Evan Vucci

Басылым АҚШ-тың жаңа сайланған президентіне жақын үш адамға сілтеме жасайды. Жоспарға сәйкес, Украина мен Ресей ұзындығы шамамен 1300 шақырым болатын майдан сызығының бойында қарусыздандырылған аймақ құруға келісім жасасды. 

Трамптың айналасындағылар жоспарлағандай, еуропалық әскерлер бітімгершілік ретінде әрекет етуі керек. Ал америкалықтар бұған қатыспайды, ақша да төлемейді. READ FULL STORY HERE>>>CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>

Киев кем дегенде алдағы 20 жылда НАТО-ға кіру жоспарынан бас тартуы керек. Ал АҚШ өз кезегінде Ресейдің ықтимал екінші шабуылын болдырмау үшін Украинаны қару-жарақпен қамтамасыз етуді жалғастырады.

Трамп Ресей мен Украина соғысын реттеудің нақты бейбіт жоспарын әлі бекіткен жоқ. Ол кеңесшілердің бұл нақты ұсынысына құлақ аса ма, жоқ па, белгісіз.

READ FULL STORY HERE>>...CLICK HERE TO CONTINUE READING>>>
Continue Reading

Trending

error: Content is protected !!